Ержанова нургуль аманбаевна ағылшын тілін оқытуда есте сақтау қабілетін дамытудың тиімді жолдары



бет2/3
Дата04.05.2017
өлшемі452,92 Kb.
#15542
1   2   3

Мақсаты: Білімділік-оқушының тілді меңгеру дағдысын ұлғайту, рөлдік ойындар арқылы есте сақтау қабілетін дамыту

  • Ауызекі сөйлеу және баяндау тәсілдері арқылы оқушының еркін сөйлеп, білімін шыңдау

  • Оқушыға кез-келген ситуацияда өз бетінше шешім қабылдап, тақырыпқа сай әңгімелесу дағдысын қалыптастыру

Дамытушылық - оқушыны толық психологиялық даму деңгейіне жетелеу

  • Ой-өрісін, шешім қабылдау дағдысын дамыту, кеңейту

  • Қоршаған ортаны танып-білуге жетелеу

  • Өзге елдің мәдениетімен таныстыру

  • Фонематикалық дағдысын қалыптастыру

Тәрбиелік- толеранттылыққа тәрбиелеу

  • өзге елдің адамдарының өмір сүру салтын сыйлауға тәрбиелеу

  • есте сақтау қабілетін дамыту барысында оқушының шет тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ауызекі сөйлеу деңгейін меңгерту

Мазмұны:

Фонетика- Ағылшын алфавиті. Дауысты дыбыстар. Дауыссыз дыбыстар. Дауыс ырғағын сақтау

Грамматика - Зат есім. Сын есім. Артикль. Есімдіктер. Етістіктің жіктелуі.

Лексика- Таныстыру. Сәлемдесу. Отбасы жайлы айту. Аңдар. Түстер.Менің үйім. Сүйікті асы. Менің қалам.




Бөлім

Жұмыс түрі

Әдіс-тәсілдер

Дидактикалық материалдар

1

1

Сәлемдесу


Дыбыстауды дамыту үшін тілдік жаттығулар жасау. Жаңылтпаштар тақпақтар, өлеңдер тыңдау, жаттау

Нәтижесін тест арқылы тексеру



Рөлдік ойындар қимыл ойындары

Суреттер Интерактивті тақта рифмовкалар

22

Танысу


Дыбыстауды дамыту жаттығулар. Жаңылтпаштар Өлеңдерді қосылып айту. Әріптер мен транскрипцияларды үйрену жаттау. Қимыл өлеңдері

Нәтижесін тест арқылы тексеру



Лексикалық ойындар Инсценировка (рөлдік ойындар)

Ағылшын алфавиті Рифмовкалар Суреттер Интерактивті тақта

3

3

Аңдар


Дыбыстауды дамыту. Жаңылтпаштар Өлеңдер айту. Flash cards- сөздер жазылған. Қимыл өлеңдері

Нәтижесін тест арқылы тексеру



Лексикалық ойындар

Рөлдік ойындарды сомдау



Ағылшын алфавиті Рифмовкалар суреттер Интерактивті тақта

44

Түстер


Суреттегі түстерді суреттеу жаңылтпаштар Өлеңдер айту. Flash cards- сөздер жазылған. Қимыл өлеңдері.Нәтижесін тест арқылы тексеру

Диктант жазу Лексикалық ойындар Тақпақтар айту

Түрлі түсті суреттер, Рифмовкалар

Интерактивті тақта



55

Отбасы


Суреттегі отбасын суреттеу жаңылтпаштар Өлеңдер айту. Flash cards- сөздер жазылған. Қимыл өлеңдері.Нәтижесін тест арқылы тексеру

Лексикалық ойындар

Рөлдік ойындарды сомдау, сурет диктанты



Отбасы бейнеленген суреттер, транскрипция,

интерактивті тақта,

рифмовкалар


66

Менің үйім



Суретті сөздермен сәйкестендіру,

жаңылтпаштар

Өлеңдер айту. Flash cards- сөздер жазылған. Қимыл өлеңдері

Нәтижесін тест арқылы тексеру



Сюжетті рөлдік ойындар, лексикалық ойындар

жиһазда

бейнеленген суреттер және макеттер транскрипция,

интерактивті тақта,

рифмовкалар



77

Сүйікті ас жайлы



Суретті сөздермен сәйкестендіру,

жаңылтпаштар

Өлеңдер айту. Қимыл өлеңдері

Нәтижесін тест арқылы тексеру



Лексикалық ойындар және тағамдардың дайындалуы жайлы айту

Тағамдар

бейнеленген суреттер және рецепттер транскрипция,

интерактивті тақта,


88

Менің қалам



Суретті сөздермен сәйкестендіру,

жаңылтпаштар

Өлеңдер айту. Flash cards- сөздер жазылған. Қимыл өлеңдері

Нәтижесін тест арқылы тексеру



Лексикалық ойындар және суреттер жайлы айту

Қаланың көрнекі жерлері

бейнеленген суреттер, транскрипция,

интерактивті тақта,

4 – кесте «Үйірме сабағына арнайы дайындалған материалдар»


Американ философы Дейль Карнеги «Ең бірінші адам бойындағы қажеттілікті туғыза білуі керек. Ондай іс қолынан келетін адам бүкіл әлемді мойындата алады» деген екен. Бала бойындағы қажеттілікті тудыру үшін бірінші міндет шетел тілін меңгертіп үйрету[13,13б.]. Осы орайда ағылшын тілін үйретуде оқушылардың тілді есте сақтауларында дұрыс әсер алуға алынатын материалдар тақырыпқа байланысты белгілі бір жүйеде оқытылып, тәжірибе жұмысы мынадай түрде жүргізілді. Тәжірибе жүргізілетін мектептің мультимедиалық кабинеті барлық дерлік жаңа оқыту технологиямен жабдықталған, аптасына бір рет ағылшын тілін 6 «б», 6 «г» сыныптарында жүргізілді. Жоғарыда айтып кеткеніміздей тәжірибе топқа жаңа сөздерді есте сақтауына байланысты тапсырмалар жаңа технологиялармен беріліп отырды. Алғашқы сабағымыздың жоспары мынадай:

The theme: Greeting

Aims: to introduce students with new words to develop speaking skills by playing role-games to improve memorizing habits

The outline of the lesson

  1. Greeting students

T: Good morning

Ps: Good morning, teacher



  1. Talk about the English club.

T: Dear students, today we’re going to start English club «English is a step for the future». Here we will do our best to improve our knowledge of English. We will gather once a week for an hour . I have prepared some exercises , games and different tasks in order to enlarge your skills. So, the theme of our lesson is “Greeting”

  1. Practice

  1. Phone drills

New words

To be good – жағдайы жақсы болу

To be great – жағдайы өте жақсы болу

To be wonderful – жағдайы керемет болу

To be tired – шаршау

To be hungry – қарны ашу



  1. Reading the dialogues.

New words

Nice – тамаша

Must be going –кету қажет

Has been nice talking to you – сенімен сөйлесу тамаша болды

See you – көріскенше

3.Role play.

IV. The end

6 «г» сыныбында сабақ мультимедиалық кабинетте жүргізілді. Алғашқыда сынып оқушылары сабағымызға таңырқай қарады. Бастапқы сабақта жаңа сөздерді есте сақтау үшін жаңа технологияны қолданудың көмегі зор екені байқалды. Жоспарланған жұмыстардың 100% орындалды. Тілді жаттықтыру бөлімінде өлеңді тыңдатып қана қоймай, интерактивті тақтаның көмегімен мәтінін және бейнесін көрсетіп, оқушылардың қызығушылықтарын арттырдық. Сабақ барысында есте сақтау қабілетінің типтері пайдаланылды, жаңа сөздерді таныстыру барысында көрнекі-бейнелік типін қолданылды. Оқушылар бойында ағылшын тіліне деген қызығушылық ынта пайда болды. Фонетикалық жаттығулар кезінде сөздік-логикалық типі орын алды. Оқушылар берілген тапсырмаларды ынталана орындады. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушыны қызықтыра және де уақытты тиімді пайдалана алуды. Көздедік.

Диалогтар мен таныстырып болған соң, қайталау үшін эмоционалды типтерін пайдаландық. Сөздерді оқып жаттап алғаннан гөрі іс-тәжірибе кезінде қолданса, есте жақсы сақталады. Сол себепті «Сәлемдесу» тақырыбын оқушыларға рөлдік ойындар арқылы меңгерттік. Жаңа сөздерді интерактивті тақтаға алдын ала жазып дайындап, керекті жерінде қайталау жұмыстарын жасаттық.

6 «б» сыныбында осы аталған жұмыстар суреттер мен таспаның көмегімен өтілді. Фонетикалық тіл жаттығуын оқушыларға бес рет бейнесіз тек тыңдатып, артынан қайталады. Өлеңді тыңдағанда қолдарына сөзі жазылған және аудармасымен парақтар таратып берілді. Жаңа сөздерді жаттап, оларды жаттығулар барысында қолдану, оқушыларға қиындықтар туғызды. Диалогты оқытып, әрі қарай рөлдік ойынды ойнату үшін, қиындау көрінді. Бұл сынып диалогты оқып шыққанымен, соны қайтадан сомдап айтуда оқыған сөздерін ұмытып қалып жатты. Қорытынды бөлімінде екі сыныптан тест жұмысы алынып отырды. Біздің негізгі мақсатымыз берілген сөздерді сабақ үстінде естерінде сақтату болғандықтан, тапсырмаларды мақсатымызға сай дайындадық.

Тәжірибе барысы мен нәтижесін көру мақсатында біз 6«б», 6«г» сынып оқушыларынан зерттеу жұмысы алдында бастапқы есте сақтау дағыдысының деңгейін анықтауды жөн көрдік.
Ол үшін 6 «б», 6 «г» сыныптарында айқындау жұмысының нәтижесін көру мақсатында дайындалған тест жұмысы жүргізілді


  1. Cive an English equivalent of these words.

  1. жағдайы жақсы болу

  2. шаршау

  3. қарны ашу

  4. тамаша

  5. тәте

  1. Complete the sentences

  1. My mother’s husband is my_____

  1. son

  2. grandfather

  3. father

  4. brother

  1. I am my father’s ________

  1. brother

  2. uncle

  3. mother

  4. son

  1. My mother’s sister is my______

  1. grandmother

  2. sister

  3. aunt

  4. sister-in-law

  1. My father’s father is my

  1. brother

  2. uncle

  3. friend

  4. grandfather

  1. Translate into Kazakh

  1. a camel

  2. a snake

  3. a hair

  4. a cow

  5. a hen

  1. Complete the sentences

1. The T - shirt is________

2. _______ are green

3. The skirt is ___________

4. The blouse is _________



V. Translate into Kazakh

  1. a living-room

  2. a cooker

  3. a chair

  4. a bed

  5. a sofa

Көріп отырғанымыздай, бақылау жұмысы оқушылардан өткен материалдары бойынша алынды. Ондағы мақсат - ағылшын тілін меңгеруде сөздерді қаншалықты деңгейде есте сақтайтындары анықталды. Айқындау кезеңіндегі сауал нәтижесі мен бақылау жұмысының нәтижесінен оқушылардың ағылшын пәніне деген қызығушылығы төмендігін, сөздерді жаттау қабілеттерінің төмен және сабақ соңына дейін үйретілген материалды ұмытып қалатынын көруге болады.

Қорыта келе, оқушылардан бақылау жұмысының екі топта жүргізілген экспериментке дейінгі зерттеу диагностикасы төмендегідей болды:


11-кесте 6 «б» сыныбындағы бақылау жұмысы ағылшын тілі пәні бойынша экспериментке дейінгі білімі мен есте сақтау қабілеттерінің зерттеу диагностикасы (бақылау тобы)


р/с

Оқушының

аты-жөні


Білімі

Есте сақтау қабілеті

1

Әбдраш Жомарт

4

3

2

Әнуарбек Назым

4

4

3

Алиасқар Айымжан

5

5

4

Байғут Айжан

3

4

5

Болат Аружан

4

3

6

Біләл Мақсат

5

4

7

Еркінұлы Нұржан

3

5

8

Ермек Аружан

4

3

9

Жаханша Нұрсұлтан

5

4

10

Сыздық Наргиз

4

3


12-кесте 6 «г» сыныбындағы бақылау жұмысы ағылшын тілі пәні бойынша экспериментке дейінгі білімі мен есте сақтау қабілеттерінің зерттеу диагностикасы (эксперименттік топ)


р/с

Оқушының

аты-жөні


Білімі

Есте сақтау қабілеті

1

Қадірбеков Жансерік

5

4

2

Молдабаев Айдын

4

4

3

Абат Мағжан

5

5

4

Әбжаппар Бағлан

4

4

5

Ерғали Ернұр

3

4

6

Қали Сабыржан

3

3

7

Мусаев Жан

3

3

8

Сәтке Бағдәулет

3

3

9

Серикова Аида

4

3

10

Сыздықова Аида

4

3

Эксперименттің айқындау кезеңінде екі топтың білімі мен есте сақтау қабілеттерін байқап, оларды пайыздық көрсеткіш арқылы толықтыратын болсақ, эксперимент тобының жоғары деңгейі-15%, орта деңгейі-40%, төмен деңгейі- 45%. Бұл топ төмен дәрежеде екендігін байқатса, ал бақылау тобының пайыздық көрсеткіші: жоғары деңгейде-25%, орта деңгейде-45%, төмен деңгейде-40% болды.


13- кесте Айқындау кезеңіндегі оқушылардың бақылау жұмысының нәтижесі бойынша білімі мен есте сақтау қабілетінің деңгейі


Мектебі

Оқушылар саны

Эксперименттік топ

Жоғары деңгей

Орта деңгей

Төмен деңгей

Қызылорда қаласы № 4 орта мектебі,

6-сыныптар



10

15%

40%

45%

10

Бақылау тобы

25%

45%

40%

Екі топтың білім және есте сақтау қабілетінің деңгейлік көрсеткішін салыстыра отырып, біз эксперменттік топ ретінде 6 «г» сынып оқушыларын қарастыруға шешім қабылдадық. Зерттеу жұмысына бөлінген сегіз сабақ ішінде 6 «г» сынып оқушыларының есте сақтау қабілетінің деңгейін 6 «б» сынып оқушыларының деңгейіне жеткізуді мақсат еттік. Ол үшін жоғарыда айтылғандай материалдарды жас ерекшеліктеріне, қабылдау деңгейлеріне, танымына сай жасадық. Сонымен қатар, зерттеу жұмыстарының негізінде мынадай болжам жасалынды: ағылшын тілін оқытуда жаңа ақпараттық технология, оның ішінде интерактивті тақта қолданылса, онда мынадай нәтижені байқауға болады:

-оқушылардың есте сақтау дағдысы дағдыланады;

-оқушылардың технология арқылы қызығушылықтары арта түсіп, тілді меңгереді;

- өзге тілді түпнұсқада ести отырып, түрлі эмоционалдық жолдар арқылы есте сақтау қабілеті пайда болады;

-оқушылардың танымдық қабылдау қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік беріледі;

Қалыптастыру кезеңінде әр сабақ соңында оқушылардың есте сақтау қабілетінің қаншалықты жақсарғаныдығын шағын тест түрінде тексеріліп отырды:

Көріп отырғанымыздай, қалыптастыру кезеңінде әр сабақтың соңында тест жұмысы тақырыпқа сай алынды және оны диаграмма түрінде екі сыныптың үлгірімі есте сақтау қабілеті көрсетілді. Сонымен қалыптастыру экспериментінің екі сыныптағы көрсеткіші мынадай болды:


14-кесте Қалыптастыру экспериментінің салыстырмалы көрсеткіштері


Мектебі

Оқушылар саны

Эксперименттік сынып

Жоғары деңгей

Орта деңгей

Төмен деңгей

Қызылорда қаласы № 4 орта мектебі,

6-сыныптар



10

43,7%

45%

17,5%

10

Бақылау сыныбы

38,7%

47,5%

18,7%

Кестеден байқағанымыздай, эксперименттік сынып оқушыларының білім деңгейлерінің төменгі дәрежесі 17,5%, орташа дәрежесі 40%, ал жоғарғысы 43,7% көрсеткішке өзгерген, ал бақылау сынып оқушыларының төменгі дәрежесі 18,7%, орта деңгей 47,5% ал жоғарғы деңгейі 38,7%-ды құрады.

Осы көрсеткіштерді салыстыра келе, ағылшын тілін оқытуда жүйелі түрде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы төмен деңгейдегі оқушылар санын біршама азайтып, олардың заман талабына сай жаңа технологиялар арқылы сыныптан тыс үйірме сабағында қосымша ретінде тілді меңгерулерін және ең бастысы оқуға деген тұрақты қызығушылықтарын ояту болып табылатындығы. Эксперименттік жұмыс жүргізу барысындағы оқушылардың әр сабақтағы іс-әрекеттері бақылауда болды.

Эксперименттік жұмыстың нәтижесі бойынша кезеңнен кезеңге өту барысында оқушылардың есте сақтау дағысының жоғарлауы және білім сапасы назардан тыс қалған жоқ. Оқушылардың ағылшын тілді қызыға меңгеруде күннен күнге өсіп 28,7%-ға өсті, орташа оқитындардың оқуға бетбұрысы 15%-ға өсті.

Зерттеудің соңғы кезеңдеріндегі алынған нәтижелерді талдау барысында экспериментке дейінгі және эксперименттен кейінгі көрсеткіштерді салыстыру нәтижесінде жүргізілген тәжірибелік эксперимент жұмысы ағылшын тілін оқытуда есте сақтау дағдысын дамытуға жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану және оқушылардың жан жақты дамуына тиімді ықпал етеді деген тұжырым жасауға мүмкіндік бері. Алынған нәтижелерді талдай келе, оқушылардың білім сапасы эксперимент жұмыстарын жүргізуден кейін төменгі деңгей 28%-ға төмендесе, орташа деңгей 5% -ға артты, ал жоғары деңгей 28%-ға жоғарылағанын байқадық.
ҚОРЫТЫНДЫ
Арнайы жүргізілген зерттеу барысында дайындалған теориялық қағидалар мен тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізу барысындағы қол жеткен нәтижелер мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді:

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамын жүзеге асыру мақсатында қойылған зерттеу міндеттері орындалды, яғни ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияны пайдалану мақсатты түрде жүргізілсе, оқушылардың есте сақтау қабілетін қалыптастыру деңгейін көтеруге мүмкін екендігі анықталды.

Эксперимент жұмыстарын қорытындылай келе, ағылшын тілін оқыта отырып, есте сақтау қабілетін жақсартуға жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, тиімділігін анықтау сатылы түрде кешенді дамып отыруы қажет. Әрбір оқушының тілге деген қызығушылығы, зейіні, танымдық әрекеті, шығармашылық белсенділігі, ізденімпаздық қасиетін дамытып отыру қажет. Заман талабына сай шет тілді меңгерудің кеңеюі, оның лексикалық және семантикалық тынысының мүмкіндіктері, білім беру орындарында жаңа типтік бағдарламалармен оқытудың ең озық жүйелері мен инновациялық технологиялары осы күндері басым болып келеді. Интерактивті, яғни жоғары белсенділікті арттыратын, жаңаша жаңғыртып оқыту (инновациялық) әдістің тиімді жақтарын есте сақтау қабілеттерін дамытуда пайдалану, шетел тілін типтік бағдарламаға сәйкес жасалған оқу-әдістемелік құралдарды басшылыққа ала отырып оқыту кең таралған.

Аталған зерттеу жұмысы оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту үдерісінде жаңа технологияны пайдаланудың өте тиімді екендігін көрсете келе өз ұсыныстарымды білдіргім келеді:



  • Мұғалімдердің жаңа технологиялар бойынша өзге тәжірибелермен танысуларына жағдай жасау;

  • Орта мектептердегі оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын жаңа қырынан ашу үшін сабақтан тыс үйірме жұмыстарын ұйымдастыру қолға алу.

  • Есте сақтау қабілетін кеңінен дамыту мақсатында тақырыпқа сай интернет желілерінен керекті материалдарды түпнұсқада дайындап, оқушыларға жаңа тұрғыдан мәліметтер беру.

Эксперимент тақырыбы күрделі болғандықтан зерттеу жұмысы сабақ барысында жүргізілген жоқ, сондықтан қарастырылып отырған мәселе толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Осы орайда ағылшын тілін үйрену барысында оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту бағытында жұмыс жасайтын ұстаздарға күнделікті қоғамда болып жатқан өзгерістерге сай, жаңа технологияларды пайдалана отырып, ізденіспен жұмыс жасауды қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет