Абзац деп абзац белгілеру арасындағы мәтін бөлігін айтады. Enter пернесін басу арқылы мәтін абзацтарға бөлінеді.
абзацты белгілеңіз;
«пішімдеу» саймандар тақтасын қолданып, абзацты (оң жақ, орта, сол жақ, ені бойынша) тегістеңіз.
Абзацтың жаңа жол басын тағайындау:
тышқан көрсеткішін жатық сызғыштың (мәтін терезесінің жоғарғы жағындағы) жоғарғы үшбұрышына қойыңыз;
тышқанның сол жақ пернесін басып тұрып, жібермей, үшбұрышты керек жерге апарыңыз.
керек абзацты белгілеңіз;
тышқан көрсеткішін сызғыштың сол жақ төменгі үшбұрышына қойыңыз;
тышқанның сол жақ пернесін басып тұрып, жібермей, үшбұрышты керек жерге апарыңыз;
тышқан көрсеткішін сызғыштың оң жақ төменгі үшбұрышына қойыңыз;
тышқанның сол жақ пернесін басып тұрып, жібермей, үшбұрышты керек жерге апарыңыз.
Символдар аралығын және тік бағытта орналауыс тағайындау
Символдың тік бағытта орналасуы деп олардың жолдың табан сызығына қарағанда орналасуын айтады.
Жолдың табан сызығы деп жол әріптерінің ең төменгі нүктелері жататын, ойша жүргізілген жатық сызықты айтады («у», «д» т.б. әріптердің жолдан төмен жататын бөлігі саналмайды):
керек абзацты белгілеңіз;
пішім (Format), Қаріп (Font) командасын орындаңыз;
«интервал» (Сharacter Spacing) бөлігін шертіңіз;
«интервал» (Spacing) тізімдерінен Сирек (Разреженный-Expabded) немесе Тығыз (Уплотыный-Сondensed) опцияларының бірін таңдаңыз;
сирек немесе Тығыз мөлшерін тағайындаңыз;
«жылжыту» (Смещение-Position) тізімінен Жоғары (Вверх Raiced) немесе Төмен Ұвниз-Wowered) опцияларының бірін таңдаңыз;
жолдың табан сызығына қарағанда, символдардың қанша мөлшерге жылжитынын тағайындаңыз;
ОК батырмасын шертіңіз;
тағайындалған параметрлер «Үлгі» («Образец»- Prewiew) терезесінде «Интервал» бөлімінде көрінеді.
Жоларалық және абзац аралық қашықтықты тағайындау
Аралық деп абзацтар арасындағы қашықтықты айтады.
Аралық тағайындау келесі қадамдардан тұрады:
алдында немесе соңында аралық тағайындалатын абзацты белгілеңіз;
пішім (Format), Абзац (Paragraph) командасын орындаңыз;
«шегінулер және интервалдар» бөлігін шертіңіз;(«Отступы и интервалы»-Indents and Spacing).
«интервалдар» терезесінде;
«алдыңғы» («Перед»-Before) тізімнде абзац алдындағы аралық шамасын тағайындаңыз;
«кейінгі» (После-After) тізімінде абзац алдындағы аралық шамасын тағайындаңыз;
«жол аралық» («Межстрочный») тізімінде жол аралық қашықтық шамасын тағайындаңыз;
ОК пернесін шертіңіз;
Абазацты жиекпен және өрнекпен безендіру:
жиекке алынатын абзацты белгілеңіз;
пішім (Format), Көмкеру және бояу (Обрамление и заливка-Borders and Shading, кей версияларда Граница депте аталынады)-командасы мәтінді безендіру қызметін атқарады: құжатта белгіленген абзацты жиектеп, жиек ішіндегі ауданды керек түсті өрнекке толтыру үшін қолданылады (сол сияқты белгіленген сурет пен кесте ұяшығы безендіріледі);
«көмкеру және абзацты бояу» («Обрамление и заливка обзаца») сұхбаттық терезесі екі бөліктен тұрады;
көмкеру түрі: Жоқ, Жиек, Көлеңке (Нет, Рамка, Тень) опциялары;
көмкеруге қолданылатын сызық түрі (кең, тар, үзік т.б.);
«көмкеру» терезесінде мәтінмен жүргізілетін барлық амалдар көрсетіледі;
7) «бояу» («Заливка» -«Shading») бөлімі өрнекті, өрнек түсін, рең түсін таңдауға қолданылады;
8) «үлгі» («Образец»-«Preview») терезесінде мәтінмен жүргізіліп жатқан барлық амалдар көрсетіледі;
9) келтірілген режимдерді тағайындау үшін ОК батырмасын шерту керек.
Санағыш тізім құру
Санағыш тізімнің элементі кәдімгі абзац.
Санағыш тізім фрагментін көрнекті әрі безендіру үшін қажет. Ол үшін:
тізім элементтерін белгілеңіз. (Безендіруге керек абзацтарды);
пішім, Пішім командасын орындаңыз. (Орысша-Формат, Список, ағылшынша-Format, Bullets and Numbering);
«тізім» («Список») сұхбаттың терезесінде келесі үш бөлімнің біреуін іске қосыңыз. «Белгіленген» («Маркированный»), «Нөмірленген» («Нумерованный»), «Көпдеңгейлік» («Многоуровневый», ағылшынша-Ouline Numbered);
демонстрациялық терезеде көрсетілген нұсқатардың бірін таңдап шертіңіз.
№4 Зертханалық жұмыс
4.1 Келесі мәтінді қаріппен әшекейлеп (Кегль-12 бөлім) және абзацты безендіріп көшіріңіз.
Информатика-информация қасиеттері мен информацияны өрнектеу, сақтау, өңдеу, тарату және жинау әдістерін техникалық саймандар көмегімен зерттейтін ғылым саласы.
Батыс елдерінде компьютерлік ғылым (сomputer science) деген басқа термин қолданылады.
Информатика ғылымының ядросы-информациялық технологиялар болып табылады.
Информациялық технологиялар деп өмірдің түрлі саласында информация өңдейтін амалдарды орындауға арналған техникалық және программалық саймандар жиынтығын айтады.
Қолданбалы информатикада басты орынды компьютер атқарады (ағылшын сөзі compute-есептеу).
Компьютер информация өңдеуге арналған техникалық құрылғы. Компьютердің тарихи алғашқы кең қолданылған саласы есептеулер жұмысы болғандықтан біздің елде компьютерді электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ)-электронно-вычислительные машины. Біз соның ішінде ЭЕМ-нің кең тараған түрі-дербес компьютерлерді (ДК) және соған арналған программалық саймандарды қарастырамыз.
Мектептегі информатика курсында қазіргі кездегі информациялық технологиялар негіздерін, компьютерлік жүйелерде деректерді ұйымдастырудың және программалық-техникалық саймандар жұмысының негізін қалайтын принциптерді оқытып, үйретеді. Қазіргі кездегі информациялық технологиялардың базалық элементтері: суретті бейнелеу (графикалық редактор-Paintbrush), мәтіндік құжатты өңдеу (мәтіндік редактор Word), электрондық кестелермен жұмыс (электрондық кесте Excel), деректер қорымен жұмыс істеу принциптері оқытылады.
4.2 «Информатика» сөзін белгілеп, қаріпін жартылай қалың («полужирный») етіп өзгертіңіз.
Информатика анықтамасын белгіліп, қаріпін курсивке өзгертіңіз.
«Қолданбалы информатика» сөзін белгілеп, қаріпін жартылай қалың («полужирный») етіп және әріптер биіктігін (Кегль-14 бөлік) өзгертіңіз.
«Информатика ядросы» анықтамасын белгілеп, қаріпін асты сызылған курсив («Курсив с подчеркиванием») етіп және әріптер биіктігін (Кегль-14 бөлік) өзгертіңіз.
Жақша ішіндегі «ағылшын сөзі compute-есептеу» деген түсіндірмені белгілеп, қаріпін жартылай қалың курсивке ауыстырыңыз.
ЭЕМ және ДК сөздерін белгілеп, қаріпін жартылай қалың курсивке ауыстырыңыз.
Соңғы абзацты белгілеп, қаріпін асты сызылған жартылай қалың курсивке (полужирный курсив с подчеркиванием) ауытсрыңыз.
№5 Зертханалық жұмыс
5.1 Келесі мәтінді қаріппен безендіріп (Кегль-10 бөлік) және абзацтарын көрсетіп теріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |