Еркіндік феномені кең мағыналы, көп қырлы. Ол адамның жеке, сондай-ақ әлеуметтік өмірінің сан саласын қамтиды. Тіліміздің бай екені соншалық, еркіндіктің: бостандық, азаттық, дербестік, егемендік, тәуелсіздік, еріктілік секілді көптеген баламалары бар.
Еркіндік мәселесі – философия ғылымы ғасырлар бойызерттеп келе жатқан, әлі шешімі табылмаған, маңызы қазіргі заманда арта түсіп отырған “мәңгілік” мәселелердің бірі.
Философиялық ойлауға тән ашықтық, сыни верификация, реализм, скептицизм, өзін-өзі сынай білу философияны игеруші субъект – тұлғаның рухани дүниесінің қалыптасуына айқындаушы әсер етеді. Философия адамға өз өмірі мен тағдырын өзі айқындауға мүмкіндігі бар екендігін, таңдау еркіндігі адамның өз қолында екендігін түсіндіреді. Бұл жолдардан еркіндік сипатын көріп тұрмыз.