Ерте жастағы балаларға антропометриялық тексерулер жүргізу



бет1/23
Дата25.05.2022
өлшемі0,74 Mb.
#144967
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Педиатрия мейіргер ісі стандарттар



Ерте жастағы балаларға антропометриялық тексерулер жүргізу
Бір жасқа дейінгі баланың дене бойын өлшеу

Баланың бойын өлшеу үшін 1 жасқа дейін - көлденең, 1 жастан кейін - тік бойөлшегішқолданылады.


Мақсаты: физикалық дамуын бағалау.
Жабдықтар:

  1. Көлденең бойөлшегіш.

  2. Жөргек.

  3. Дезинфекциялық ерітінді, бір рет қолданылатын салфетка.

Орындалуы:

  1. Анасына мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріп, келісімін алады.

  2. Медбике қолын жуып, құрғатады.

  3. Бойөлшегіштің үстіне дезинфекциялық ерітіндіні сеуіп, бір рет қолданылатын салфеткамен сүртеді.

  4. Жөргекті төсейді.

  5. Баланың басын жылжымайтын планкаға қаратып, жатқызады. Басын көмекшіге ұстатып қояды.

  6. Баланың екі аяғының тізесін бір қолымен басып тұрады.

  7. Екінші қолымен жылжымалы планканы баланың табанына әкеліп тірейді.

  8. Шкаладан көрсеткішті анықтайды.

  9. Нәтижені анасына айтады.

Баланың кеуде айналымын өлшеу


Мақсаты: физикалық дамуын бағалау.


Жабдықтар:

  1. Сантиметрлік лента;

  2. 70 этил спирті;

  3. Дәке салфетка.

Орындалуы:

  1. Анасына мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріп, келісімін алады.

  2. Медбике қолын жуып, құрғатады.

  3. Сантиметрлік лентаның екі жағын салфетка арқылы спиртпен сүртеді.

  4. Лентаны екі жауырынның төменгі бұрыштарынан және емшек үстінен өткізеді.

  5. Баланың қолдарын төмен түсіреді.

  6. Сантиметрлік лентаның түйіскен жерінен кеуде айналымыныңкөрсеткішін анықтайды.

  7. Нәтижені анасына айтады.

Бас айналымын өлшеу


Мақсаты: физикалық дамуын бағалау.


Жабдықтар:

  1. Сантиметрлік лента;

  2. 70 этил спирті;

  3. Дәке салфеткасы.

Орындалуы:

  1. Анасына мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріп, келісімін алады.

  2. Медбике қолын жуып, құрғатады.

  3. Сантиметрлік лентаның екі жағын салфетка арқылы спиртпен сүртеді.

  4. Лентаны шүйде сүйегінің дөңесі және қас үсті дөңестері арқылы өткізеді.

  5. Сантиметрлік лентаның түйіскен жерінен көрсеткішін анықтайды.

  6. Нәтижені анасына айтады.

Медициналық электронды таразымен ерте жастағы балалардың


дене салмағын анықтау

Мақсаты: физикалық дамуын бағалау.


Жабдықтар:

  1. Медициналық электронды таразы.

  2. Жөргек.

  3. Дезинфекциялық ерітінді, бір рет қолданылатын салфетка.

Орындалуы:

  1. Анасына мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріп, келісімін алады.

  2. Жабдықтарды тексеріп, дайындайды.

  3. Медбике қолын жуып, құрғатады.

  4. Медициналық электронды таразының платформаға еш нәрсе тимеу үшін, таразыны қатты және тегіс жерге қояды.

  5. Таразының табағына дезинфекциялық ерітіндіні сеуіп, бір рет қолданылатын салфеткамен сүртеді.

  6. Арнайы кнопканы басып, таразды жұмыс жағдайына келтіреді: тараз панелінде өзгеріп туратын сандар шығады «888888» «000000» дейін.

  7. Платформаға жөргек төсеп, оның салмағын өлшейді. Панельде «kg»символ шығады.

  8. Т - деген кнопканы басады, баланың салмағын өлшегенде жөргек салмағы есепке алынбайды.

  9. Баланы платформаға жатқызады – таразының панелінде баланың дене салмағының көрсеткіші шығады.

  10. Баланы таразыдан алып, анасына береді.

  11. Нәтижені анасына айтады.

  12. Медбике қолын жуады, арнайы кнопканы басып, таразыны өшіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет