«Ерте жастан көмек көрсету жүйесі» пәніне кіріспе


Балаларды ерте жаста психологиялық зерттеу мен диагностикалық-кеңес беру жұмыстарының мазмұны



бет10/20
Дата08.02.2022
өлшемі287 Kb.
#118218
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
«Ерте жастан к мек к рсету ж йесі» п ніне кіріспе

4.Балаларды ерте жаста психологиялық зерттеу мен диагностикалық-кеңес беру жұмыстарының мазмұны
А.Қ.Ерсарина ПМПК-да балаларды ерте жаста психологиялық зерттеу мен диагностикалық-кеңес беру жұмыстарының мазмұны мен принциптерін анықтады. Бұл жұмыс мазмұны мен негізгі принциптері қазіргі кездегі Қазақстан республикасындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды ерте жаста айқындау жүйесінің негізі болды. ПМПК-ның диагностикалық-кеңес беру жұмыстары пәнаралық және отбасына орталықтанған бағыттар негізінде ұйымдастырылуы тиіс. Сонымен қатар А.Қ.Ерсарина «Бала дамуына ерте жаста скринингтік аттестация жасау» әдісін қарастырған. Аталған әдісті сынақтан өткізу барысында оның тиімділігі мен болжамдық құндылығы анықталды. Бұл әдіс бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелеріне ерте жастағы балалардың психофизикалық дамуындағы ауытқуларды анықтау үшін қолдануға берілді .
Соңғы жылдары түзету жұмыстарын ұйымдастырудың жаңа түрлері ұсынылуда. Атап айтқанда, А.Т.Баймұратова «дамытушы ойыншықтар қоры бар әлеуметтік-білім беру және ғылыми әдістемелік-кеңес беру мекемелеріндегі» лекотека моделін ұсынды. Автордың пікірінше лекотека мүмкіндіктері шектеулі балалардың даму барысындағы мәселелерін ойын арқылы шешуге болады. Себебі ерте жастағы оқытуда ойынның алатын орны зор. Яғни ойын баланың психикалық процесстері мен ақыл-ой қабілетін дамыту құралы ретінде қолданылады. Сонымен қатар А.Т.Баймұратова үй жағдайында сабақтар өткізу үшін ата-аналарға ойыншықтарды таңдап, қолдануды үйретудің маңыздылығын атап өткен. Қазіргі таңда лекотекалар мүмкіндіктері шектеулі балаларға қолдау көрсететін әр түрлі мекемелерде қолданылып келеді.
Б.С.Халықова арнайы білім беру саласының жаңа түрі – бейімдеу орталығының моделін жасады. Бейімдеу орталығының қызметі көп салалы болып табылады: диагностикалау, психолого-педагогикалық түзету, медициналық және әлеуметтік бейімдеу, мүмкіндіктері шектеулі балаларды қоғамға ендіру Орталықтың жұмысы кешенді болып, түзету жұмысының отбасына жұмылдырылған бағытын ұстанады. Орталықтың құндылығы оның жан-жақтылығында. Орталықта әр түрлі жастағы мүмкіндіктері шектеулі, оның ішінде ерте жастағы балалар қолдау ала алады. Аталған зерттеу барысында жасалған бейімдеу орталығының жұмыс мазмұны мен принциптерін мүмкіндіктері шектеулі балаларға көмек көрсетумен айналысатын психолого-педагогикалық түзету кабинеттер, бала бақшалар мен мемлекеттік емес ұйымдарда түрлендіріп қолдануға болады.
А.Қ. Жалмухамедова ерте жастағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беру процессін ұйымдастырушылық және әдістемелік қамсыздандырудың әр түрлі жолдарын ұсынды .
Ол ерте жастағы балалармен атқарылатын түзету жұмысының негізгі принциптерін атап өтті:
1. Ерте жаста кірігу бағдарламасын жобалау барысында баланың психикалық қызметтерінің әлеуметтік көрінісін, бала дамуының жүйелік құрылымы мен қарқындылығын есепке алу тиіс.
2. Бағдарламаның жобалау бірлігі іс-әрекет ерекшеліктерімен анықталған баланың стандартталған жас кезеңі болып табылады.
3. Педагогикалық түзету жұмысының құрылымы мен мазмұныны анықтайтын даму профилін қолдану жұмыстың негізгі принципі жеке-жіктеу бағытын ұстануға мүмкіндік береді. Яғни түзете-дамыту көмегі баланың жеке қажеттілігін өтеуге бағытталады.
4. Жеке дамыту бағдарламасы баланың жас ерекшеліктеріне сай аффективті, ақыл-ой және қимыл-қозғалыс қызметтерін ынталандыру арқылы онтогенездік реттілікті қамсыздандыру керек.
5. Ерте жаста кірігу бағдарламасы вариативті, пәнаралық және отбасына жұмылдырылған сипатта болуы тиіс.
Автор балалардың психофизикалық даму ерекшеліктерін анықтайтын Kent Infant of Development Skills (KIDS) және Child Development Inventory (CDI) ата-аналарға арналған саулнамаларды Қазақстанға бейімдеп, өңдеп шығарды, мүмкіндіктері шектеулі балаларды түзете-дамыту бағдарламасының үлгісін жасады, сонымен қатар ҚР-да ерете жастағы балаларға арналған Қызметтік бөлімшелерді дамыту қажеттілігін дәлелдеп берді (сурет №1).
Ерте жасатағы балаларға Қызмет көрсету бөлімшелері ана мен баланың денсаулығын сақтау және мүмкіндіктері шектеулі балаларға қолдау көрсетумен айналысады. Аталған мекеме денсаулықты сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салалары мен мемлекеттік емес ұйымдар жұмыстарын біріктіреді. Ол мүмкіндіктері шектеулі балаларды ерте анықтау мен бала дамуындағы ауытқулардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды қамтиды. Қызмет көрсету бөлімшелер мынадай мекемелерді қамтуы тиіс: бала денсаулығын сақтау кабинеттері, ПМПК, мемлекеттік арнайы білім беру мекемелері және мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсететін мемлекеттік емес ұйымдар.

Сурет № 1 – Ерте жастағы балаларға дамыту Қызметін көрсету бөлімшесінің құрылымы

5Мүмкіндіктері шектеулі балаларға ерте жастан түзете-дамыту көмегін ұйымдастыру


Мүмкіндіктері шектеулі балаларға ерте жаста түзете-дамыту көмегін әр түрлі мекемелер жүзеге асырады: психолого-педагогикалық түзету кабинеттері, бейімдеу орталықтары, жалпы және арнайы мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған мекемелер және мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсетумен айналысатын мемлекеттік емес ұйымдар.


Түзету-педагогикалық жұмыстың бұл бағытының мақсаты: мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім беру процессіне қосылып, қоғамға енуіне жағдай туғызу, сонымен қатар білім беру және әлеуметтендіру процессіне ата-аналарды қатыстыру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет