«Ерте жастан көмек көрсету жүйесі» пәніне кіріспе


МШ балаларды ерте жастан әлеуметтік бейімдеу мәселесі



бет20/20
Дата08.02.2022
өлшемі287 Kb.
#118218
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
«Ерте жастан к мек к рсету ж йесі» п ніне кіріспе

МШ балаларды ерте жастан әлеуметтік бейімдеу мәселесі
Кез келген қоғамда, даму дәрежесі қаншалықты жоғарғы болғанына қарамастан әлуметтік қиндықтар болып тұрады. Әсіресе, біздің еліміз секілді даму жолында жаңа түсіп, қоғамдық құрылымы бір сипаттан екіншісіне ауысқан өтпелі кезеңде ондай мәселелер көбеймесе, азайған жоқ. Осындай себептердің салдарынан казіргі кезде әлуметтік көмекке мұқтаж болып отырған мүгедек және созылмалы ауруларға шалдыққан, күйзеліске душар болған балалар күннен- күнге көбейіп барады. Мемлекет тарапынан оларға көмек беру мақсатында ҚР 2002 жылы “ Мемлекеттік атаулы әлуметтік көмек туралы” заң, “Көп балалы отбасы және ана мен балаға көмек”(1997ж) бағдарламасы, “Неке және отбасы туралы” Қазақстан Республикасының заңы және басқада заңдар мен қаулылар қабылданды.
Бұлардан басқа түрлі қорлар, орталықтар, институттар мен мекемелер де әлуметтік мәселелерді шешуге атсалысуда. Мұндай кезде жәрдем және қатарға қосу шаралары жеткіліксіз, төтенше жағдайлардың алдын алу, болдырмау мақсатында әлуметтік педагогтың арнайы жүргізетін іс-шараларының өзіндік маңызы мен орны бөлек.
Қазіргі қоғамда демократизация және жаhандану үрдістері әрбір адам үшін білім алу, олардың жеке қабілеттерін дамыту,тұлғаны әлуметтік интеграциялау (әсіресе –бұл даму қабілеті шектеулі балаларға қатысты) мүмкіндігі мен тең құқықтың құрылуы қажет екені қарастырып отыр.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіруге, ынтымақтастық педагогикасын пайдалану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашылады – (“2030 – стратегиясын жүзеге асыру – жастардың міндеті” атты жолдауында) делінген болатын.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлуметтік педагогикалық түзету арқылы қолдау: тұрмыс тіршілігіндегі шектелуді жою және оның орнын толтыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету және оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін жасау, балалар мүгедектілігінің алдын алу үшін Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 қаңтарынан іске аса бастаған “Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлуметтік және медико- педагогикалық коррекциялық қолдау туралы ” Заңы арнайы білім беру жүйесін жоспарлы түрде кеңейтуді қамтамасыз етеді. Осы заң кемтар балаларды әлеуметтік, медициналық –педагогикалық тузету арқылы қолдаудың нысандары мен әдістерін айқындайды, дамуында кемістігі бар баларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеу,оқыту, еңбекке және кәсіби даярлау ісімен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектігінің алдын алуға бағыттылған. Жас ұрпақты тәрбиелеуде осы аталған заңның бірінші тарауының сегізінші бабында көрсетілген: ерте қолға алу (ерте қолдау) – психикалық – дене бұзылыстары скринингін, медициналық, психологиялық, педагогикалық диагностиканы, емдеу, дамыта оқытуды қамтитын, сәби жастағы (үш жасқа дейінгі) балаларды әлуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының аудандарында, қалаларында түзету ұйымдарының жаңа түрлері пайда болады: сауықтыру орталықтары, психологиялық – педагогикалық коррекция кабинеттері. Осы мақматта аудандық психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті дамуы мүмкіндігі шектеулі балалардың дамып жетілуіне жан – жақты ат салысып, өз міндетін атқарып келеді. Жылдан – жылға даму мүмкіндігі шектеулі балалар көбеюде, ал олармен жұмыс жасайтын мамандар тапшы.
Қазіргі уақытта республикалық арнайы (коррекциялық) мектептерде, бала – бақшаларда мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер тәрбиеленуде, осы топқа жататын арнайы мектептерде сырқаттары және басқа себептерге байланысты оқуға мүмкіншіліктері жоқ оқушылардың жалпы орта мектептерде білім алуы қиыншылық туғызады. Осы себепті ППКК ММ – де әлуметтік педагогикалық үрдістің теориялық негізін қалыптастыру, әлуметтік педагогиканың теориясын практикалық іс- шараларын, құралдары және әдіс тәсілдерін іс жүзінде қолдана отырып дамыту және оның тиімділігін тексеруді өз мақсатымызға алып отырмыз. Осы мақсатты орындау үшін әлуметтік тәрбиенің мәселелерін көре білу, сезіну және шешу жолдарын қарастыру, мүмкіндігі шектеулі баланы әлуметтендіруге қолайлы шарт жасау және кедергілерді жоя білуге баулуды және мүмкіндігі шектеулі баланы қатарға қосу және тәрбиелеуді жүзеге асыруды міндет етіп алға қойдық.
Егер әлеуметтік педагогикалық үрдісте мүмкіндігі шектеулі балаға алғашқы сәттерде көмек беру үшін оның отбасын, ол өмір сүріп отырған ортасын зерттеп, талдай алса, онда баланы өзі өмір сүрген әлуметтік ортаға араластыру, бейімдеу, әлеуметтендіру мәселелеріне белсенлі қатыстыру мүмкіндігі туады, өйткені әлуметтік педагогикалық үрдістің басты мақсаты баланы әлуметтендіру үрдісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі әлуметтік кедергілер қарсы тұра алатын тұлғаны қалыптастыру.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлуметтік бейімдеуде психолог, емдік физкультура, логопед, олигофренопедагог мамандарының түзету жұмыстары керек және әлуметтік бейімдеуден, тәрбиелеудегі кемшіліктерді жеңу үшін ертерек ата – аналармен бірлесе отырып түзету жұмысын ұйымдастыру қажет:
1. Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік бейімдеу үшін психолог, емдік физкультура, логопед, олигофренопедагог мамандарының зерттеуінің арнайы тапсырмалары қажет.
2. Әлеуметтік бейімдеудегі, тәрбиелеудегі кемшіліктерді жеңу үшін ертерек және ата – аналар тарапынан арнайы түзету жұмысын ұйымдастыру қажет.
3. Әлеуметтік бейімдеу, тәрбиелеу үшін әр түрлі режимдік сәттерді пайдалану қажет ( психолог, логопед, емдік дене тәрбиесі, олигофренопедагог мамандарының түзете дамыту бағдарламалары, экскурсиялар, сюжеттік ойындар, әңгімелер, аутотренинг жаттығулары).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет