«Ерте жастан көмек көрсету жүйесі» пәніне кіріспе



бет17/20
Дата08.02.2022
өлшемі287 Kb.
#118218
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
«Ерте жастан к мек к рсету ж йесі» п ніне кіріспе
Disser Oralbekova, жаратлс шғару, жаратлс шғару, 253785.pptx 3, 253785.pptx
Қызмет көрсету кезеңдері




Ата-аналар
















Меңгеруші немесе
директор




1. Ұйымдастырушылық кезеңі. Қызмет көрсету туралы келісім шартқа тұру. Мамандарға жіберу.



















Пәнаралық топ




2. бала мен оның отбасының әлеуметтік, медициналық және білім беру салаларындағы қажеттіліктерін анықтау.
















Педагогтар




3. Жеке түзете-дамыту бағдарламасын құру.
















Медициналық қызметкерлер




4. Емдік-алдын алу көмек көрсету жұмыстарының жеке бағдарламасын құру.
















Әлеуметтік педагог, психолог




5. Бала мен оның отбасына әлеуметтік-психологиялық қолдаудың жеке бағдарламасын құру.













Пәнаралық топ




6. Кешенді жеке түзете-дамыту бағдарламасын жүзеге асыру.
















Әлеуметтік
педагог




Әлеуметтік-құқықтық кепілдіктер мен көмек пен қызмет түрлерін алу барысына мониторинг (тексеру) жасау.




Сурет №2 – Ерте жастағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға түзете-дамыту көмегін көрсетудің реттілігі.


Мүмкіндіктері шектеулі бала мен оның отбасына қолдау көрсетудің негізгі кезеңдерін қарастырып өтейік.


1 кезең - Ұйымдастырушылық кезеңі. Қызмет көрсету туралы келісім шартқа тұру. Мамандарға жіберу.
Бұл кезеңде ата-аналар білім беру мекмесінің құрылымы мен ресурстарымен танысады. Ата-аналар «Тапсырыс беруші» ретінде ПМПК қорытындысы мен оқу жоспарына сай көрсетілетін қызметтер көлемі туралы келісім шартқа тұрады. Бұл кезең міндеттерін мекеме жетекшісі атқарады.
2 кезең - Бала мен оның отбасының әлеуметтік, медициналық және білім беру салаларындағы қажеттіліктерін анықтау. Бұл кезеңде әр түрлі мамандар тобы бала қажеттіліктері мен оған көрсетілетін қызметтер көлемін анықтау мақсатында пәнаралық топтық бағалау өткізеді. Кезең әлеуметтік-психологиялық, медициналық және педагогикалық зерттеулерді қамтиды.
Ата-аналарға «Әлеуметтік, медициналық және білім беру қызметтер тізімі» бланкісі беріледі. Онда баламен атқарылатын түзете-дамыту іс-шаралары мен қатысушылардың аты-жөндері тіркеледі. (№2 кесте).

№2 кесте «Әлеуметтік, медициналық және білім беру қызметтер тізімі» бланкісі





Әлеуметтік, медициналық және білім беру қызметтер тізімі


Баланың аты-жөні: Алан К. келу уақыты: 4 наурыз 2005 жыл
Жетекші маман: Аты-жөні (педагог-дефектолог)
Меңгеруші ___________
(қолы)

N

Мамандарға баруы

Мамандар

Бөлме N

Жұмыс түрі

1-інші келу уақыты

Апта/ай барысындағы келу саны

1.

Әлеуметтік-психологиялық қызметтер

Әлеуметтік педа­гог




Кеңес беру







Әлеуметтік қызметкер













Психолог




Кеңес беру







2.

Білім беру қызме ттері

Педагог-дефекто­лог




Түзету сабақтары







Логопед




Кеңес беру







Сурдопедагог













Қысқа мерзімді келу тобы













3.

Медициналық қызметтер

Невролог




Кеңес беру







Емдік дене шынықтыру дәрігері













Ортопед




Кеңес беру







Офтальмолог













Сурдолог













Физиотера­певт дәрігері













Емдік дене шынықтыру инструкторы




Түзету сабақтары







Психиатр













4.

Топтық бағалау

Жетекші маман













Басқа мамандар:













Аталған және келесі жұмыс кезеңдерін бала көмек алатын мекеменің мамандар тобы атқарады.


Атқарылатын қызметтер тізімі белгілі мерзімге құрылады (3,6 немесе 12ай). Балаға көрсетілетін іс-шаралар тізімі түзете-дамыту көмегін көрсететін мекеменің оқу жоспарына, кешенді зерттеу нәтижелері негізінде жасалады. Бұл тізім түзете-дамыту процесін бақылап, тіркеуге қолданылады.
Әр түрлі сала педагог-дефектологтарының (сурдопедагог, олигофренопедагог, логопед пен тифлопедагог), әлеуметтік қызметкердің, невролог дәрігерінің (педиатр), емдік дене шынықтыру мұғалімінің кеңестері мен сабақтары міндетті қызмет тізіміне жатады. Басқа мамандар кеңестері мен сабақтары көрсеткіштерге сай белгіленеді.
3 кезең - Жеке түзете-дамыту бағдарламасын (ЖДБ) құру.ЖДБ кешенді әлеуметтік, медициналық және психолого-педагогикалық зерттеу нәтижелері негізінде жасалады.
Бала білім беру мекемесіне келгеннен 2 аптаға созылатын кешенді зерттеу нәтижелерін әр түрлі мамандар мен баланың ата-анасы топтық бағалау барысында талқылайды. Тотық бағалау барысында бала мен оның отбасының әлеуметтік, медициналық, психологиялық және білім беру қажеттіліктері анықталады. Сонымен қатар зерттеуді қажет ететін бала дамуындағы мәселелер мен түзету жұмыстарының бағыттары анықталады. Әр маман балаға жасаған өзінің жеке түзету бағдарламасын талқыға салып, бекітуге ұсынады. Ата-аналар бағдарламаны жүзеге асыру барысындағы өз құқықтары мен міндеттерімен танысып, кеңестер алады.
4 кезең – Жеке түзете-дамыту бағдарламасы Оқу жоспарына сай келесі бағыттарда жүзеге асырылады: үйде қызмет көрсету, түзете-дамытып оқыту (жеке және кіші топтық сабақтар), қысқа мерзімді келу топтары, балалар мен ата-аналарға арналған кеңес берулер.
Жеке және топтық (кіші топтық) сабақтар ұзақтығы – 30 минуттан кем болмауы тиіс, ал ата-аналарға кеңес беру және топтық бағалау уақыты 45 минутқа дейін болуы керек.
Ерте жастағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға түзете-дамыту көмегін ұйымдастыру түрлерін қарастырайық.
Қысқа мерзімді келу топтары. Балалар білім беру мекемесіне түске дейінгі немесе түстен кейінгі уақытта аптасына 3 рет келеді (12 сағаттық бағдарлама). Баланың топта болу уақыты күніне 4 сағатты (240минут) құрайды. Балалар тобы психофизикалық ауытқулар түрлері мен деңгейіне байланысты бір жастағылар немесе әр түрлі жастағы лар болып топтастырылады. Топқа келетін балалар санын жергілікті білім басқармасы анықтайды. Бұл жергілікті жердегі ерте жастағы түзету көмегін қажет ететін мүмкіндіктері шектеулі балалар санына қарай белгіленеді.
Топтағы бала саны 10 нан аспауы тиіс. Топта дамуында күрделі психофизикалық ауытқулары бар 2-3 бала болған жағдайда жалпы топ саны 6 ға дейін болуы тиіс. Қысқа мерзімді келу топтарында топтық, кіші топтық және жеке сабақтар өткізіледі, сонымен қатар ата-аналарға кеңестер беріледі.
Үйде қызмет көрсету. Түзету қызметін көрсетуге бағытталған мекеменің мүмкіндіктеріне қарай балаларға әр түрлі арнайы медициналық және түзету сала мамандары үйде қызмет көрсетеді. Үйде қызмет көрсету түрі 1 жасқа дейінгі дамуында күрделі психофизикалық ауытқулары бар балаларға белгіленеді. Кейбір жағдайларда отбасының білім беру мекемесіне баланы алып келуге мүмкіндіктері жоқ болса, мамандар медициналық және түзету қызметтерін баланың тұрғылықты жеріне барып көрсетеді. Үйде қызмет көрсету көлемі мекме мүмкіндіктеріне (транспорт, мамандар саны) және бала жағдайны байланысты болады.
Аталған ерте жастағы мүмкіндіктері шектеулі балалрға түзете-дамыту көмек көрсету түрлері түзету педагогикасының негізгі принциптері негізінде жүзеге асырылады. Жұмыс түрлерін таңдауда түзету процесінің мазмұны мен ұйымдасуы да түрленіп отырады.
Жеке сабақтар. Жұмыстың бұл түрі балаға арнайы ерте жаста кірігу кабинеттеріндегі түзете-дамыту сабақтарын беруді білдіреді. Кабинетте педагог оқу жоспарындағы мақсатқа бағытталған жеке және кіші топтық сабақтар өткізеді. Сабақ барысына ата-аналарда қатысып, үйде баланы дамытуға бағытталған сабақтарды өткізуге үйренеді. Бала дамуындағы күрделі тежелістер салдарынан ата-ананың өз бетінше дамыту жұмыстарын атқара алмағандықтарынан педагогтар осындай жеке түзету сабақтарын өткізеді. Жеке сабақтар баланың психофизикалық дамуын толық зерттеу мен түзетуге бағытталған іс-шараларды қамтиды.
Жеке сабақтар көлемі Оқу жоспары мен бала қажеттіліктеріне сай белгіленеді. Қысқа мерзімді топқа келетін балаларға да жеке түзету сабақтары өткізіледі.
Ата-аналарға кеңес беру. Кеңес беру жұмысы ата-аналар және балалармен кездесулерді білдіреді. Кеңес беру көлемі бала дамуындағы тежеліс күрделілігіне және ата-ананың педагогикалық біліктілік дәрежесіне байланысты болады. Сонымен қатар балаларын түзету кабинеттеріне әкелуге мүмкіндіктері жоқ ата-аналар бір реттік кеңес ала алады. Кейбір жағдайларда ата-аналарға баланың болашақтағы білім алуы туралы кеңес беріледі: психолого-педагогикалық зерттеу нәтижелері негізінде бала ПМПК немесе басқа мекемелерге жіберіледі. Ал кейбір ата-аналар бала тәрбиесі, мінез-құлық ерекшеліктері мен әлеуметтік проблемалар туралы бір реттік кеңес беруді қажет етеді.
Түзете-дамыту көмегі отбасындағы тұрмыстық тілге сай, әлде болмаса ата-аналардың сұранысы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде, мүмкіндік болған жағдайда басқа тілдерде де беріледі.
3 жасқа дейінгі түзету-педагогикалық көмегінің мерзімі аяқталысымен бала мектепке дейінгі жастағы балаларға қызмет ету бөліміне ауыстырылады.
Осылайша баланың жеке түзете-дамыту бағдарламасына сай мамандар тобы келесі бағыттағы іс-шаралар кешенін жүзеге асырады:

    • емдік-қалпына келтіру іс-шаралары (медикаментоздық және физиоте­рапевтік ем, емдік дене шынықтыру, массаж және т.б.);

    • түзете-дамыту сабақтары;

    • ата-аналарға әлеуметтік-құқықтық кепілдіктер, мүмкіндіктері шектеулі бала күтімі, емі және дамуы туралы сұрақтар бойынша кеңес беру.

ТП ҰҒПО-ның бейімдеу орталығындағы стационарлық және арнайы медициналық кеңестік-диагностикалық көмекті қажет ететін бала Емдік түзету бөліміне жіберіледі. Онда балаға қажетті медициналық қызметтер жасалады.


7Ерте жастағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға түзете-дамыт көмегін көрсету бағыттары

Ерте жастағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға түзете-дамыту көмегін көрсету процессінің тиімділігі оның кешенділік сипатына байланысты. Яғни түзете-дамыту жұмыстарының мазмұны келесі үш бағытты қамтуы тиіс:



  1. Медициналық бағыт. Мақсаты – баланың денсаулық жағдайын, алынатын емдік іс-шаралардың уақытылы, әрі сапалы болуын бақылау, білім беру мекемесіндегі белгіленген тәртіппен берілетін медициналық көмекпен қамсыздандыру.

  2. Әлеуметтік-психологиялық бағыт. Мақсаты – Мүмкіндіктері шектеулі бала мен оның отбасына әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық қолдау көрсету, әлеуметтік, медициналық және білім беру салаларындағы бала қажеттілігін анықтап, олардың қанағаттануын бақылауға алу.

  3. Білім беру бағыты. Мақсаты – балаларға түзете-дамыту көмегін көрсету, ата-аналарға балалардың дамуын бақылауға және үй жағдайында баланы дамытуға бағытталған ойындар мен сабақтар өткізуге қатысты кеңестер беру.

«Топтық жұмыс» негізгі әдіс болып саналады. Бұл әдіс негізінде пәнаралық бағыт ұсталынады. Яғни мамандар топ болып, өзара бірлесіп бір бағытта жұмыс атқарады. Топ құрамы баланың қажеттілігі мен жағдайына байланысты өзгеріп отырады.
Топқа әртүрлі сала мамандар кіреді. Олар: педиатр, невро­лог, физио­терапев, емдік дене шынықтыру дәрігері, ортопед, психиатр, сурдолог, офталь­молог, психолог, педа­гога-дефектолог, логопеда, әлеуметтік педагог, әлеуметтік қызметкер, емдік дене шынықтыру инструкторы, массажист және т.б. Топ құрамы мекеме мүмкіндігі мен бала қажеттілігіне байланысты болады.
Мамандар тобының жетекшісі маманы педагог-дефектолог немесе психолог болуы мүмкін. Мекемеде балаға қажетті маман қызметі берілмесе, оны жетекші маман немесе әлеуметтік педагог басқа мекемеге жібереді. Бала басқа диагностикалық орталық, балалар емханасы және гинетикалық кеңес беру мекемелерінде қажетті көмек ала алады
Топ құрамындағы мамандар баланың психофизикалық даму деңгейін, оның ата-аналарымен және отбасының басқа мүшелерімен қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтайды. Сонымен қатар бала мен оның отбасының әлеуметтік, медициналық және білім беру салаларындағы қажеттіліктері анықталады. Алынған мағлұматтар негізінде мамандар жеке дамыту бағдарламасын құрып, кешенді көмек көрсету қызметін ұйымдастырады
Ата-аналар жеке түзете-дамыту бағдарламасын құруға қатыстырылады. Олар мамандармен қатар бала қажеттіліктерін талқылап, жеке дамыту бағдарламаның орындалуын бақылауға қатысады, үй жағдайында әртүрлі түзете-дамытуға бағытталған ойындар мен сабақтар өткізеді.
Жеке дамыту бағдарламасының қызмет көрсету кезеңінде әлеуметтік қызметкер (мекеме штатында белгіленген жағдайда) бала мен оның отбасына тиісті әлеуметтік-құқықтық қолдауын көрсетеді. Ата-аналарға арналған кеңестер өткізіп, мүмкіндіктері шектеулі баланың әлеуметтенуіне қатысты іс-шаралар ұйымдастырады.


8Ерте жастағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға түзете-дамыту көмегін көрсету процессінде атқарылатын іс-шаралар

Балаларға ерте жаста түзете-дамыту көмек көрсету процессі мынадай іс-шаралардан тұрады:



    • баланың психофизикалық даму деңгейін пәнаралық бағалау. Бағалау қажеттіліктер мен кешенді әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету көмегінің бағыттарын анықтауға бағытталады;

    • жеке дамыту бағдарламасын құру;

    • жеке дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;

    • ата-аналарды бала дамуын бағалау мен бақылауға үйрету, үй жағдайында дамытуға бағытталған ойындар мен сабақтарды ұйымдастыруды үйрету;

    • ата-аналарға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету, мүмкіндіктері шектеулі балаларға мемлекет тарапынан көрсетілетін кепілденген әлеуметтік қолдаулар туралы және мемлекеттік және қоқамдық ұйымдарда көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат беру;

    • жеке түзете-дамыту бағдарламасының тиімділігіне мониторинг жасау (ата-анамен бірлесіп).

Түзете-дамыту процессінің негізгі құралдары ретінде мынадай материалдар қолданылады:

        1. Баланың психофизикалық даму деңгейін бақылау арқылы анықтау үшін ата-аналарға арналған сауалнама.

        2. Баланы психолого-педагогикалық зерттеу сұлбалары (топтық бағалау).

        3. Баланың ойын барысындағы мінез-құлқын бақылауға арналған сұлбалар.

        4. Жеке дамыту бағдарламасының барлық бөлімдеріне арналған анықтамалық-әдістемелік материалдар.

Түзете-дамыту жұмысын ұйымдастырушы топ мамандары әр түрлі көмекші техникалық компенсаторлы құрал-жабдықтарды, арнайы құралдар мен психофизикалық даму деңгейін бағалауға арналаған компьютерлік бағдарламаларды қолданады.
Жеке дамыту бағдарламасы келесі бөлімдерден тұрады: «Әлеуметтік-психологиялық қолдау», «Түзете-дамыта оқыту». Жеке дамыту бағдарламасын құрып, жүзеге асыру барысына жетекші маман педагог-дефектолог немесе психолог жауапты болып табылады.
Әр бөлім төрт кезеңнен тұрады. Бұл кезеңдер жеке дамыту бағдарламасының бланкісінде тіркеледі:

              1. Баланың даму жағдайы мен ерекшеліктері және қажеттіліктерін анықтау.

              2. Түзете-дамыту көмегін жоспарлау.

              3. Түзете-дамыту көмегін көрсету.

              4. Түзете-дамыту көмегінің тиімділігіне мониторинг жасау.

Баланың дамуын бақылау нәтижелері, түзете-дамыту жұмыстарының тиімділігі мен адекваттылығын бағалау және әлеуметтік-құқықтық кепілдемелері мен тиісілі қызмет түрін алу барысы үш немесе алты айда (бала аңғарымына байланысты) тіркеліп отырады. Мамандар жұмыс нәтижелерін «Жеке дамыту бағдарламсының тиімділігі» деген бөлімге жазып отырады. Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмысының бұл кезеңінде кешенді пәнаралық әлеуметтік, медициналық және психолого-педагогикалық зерттеу (топтық бағалау) жүргізіледі.
Нәтижелері жеке дамыту бағдарламасына тіркелетін баланың психофизикалық даму жағдайын топтық бағалау мазмұны мынадай:

        1. Баланы медициналық тексеруден өткізу.

        2. Бала мен оның отбасын әлеуметтік-психологиялық зерттеу.

        3. Ірі және ұсақ моторика қызметін зерттеу.

        4. Бала іс-әрекет ерекшеліктерін тексеру: заттық-ойын іс-әрекеті, танымдық, нәтижеге бағытталған және сөйлеу іс-әрекеттерінің алғышарттары.

        5. Мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу.

        6. Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын зерттеу.

Бұл әдістемелік құралда 3-6 бөлімі сипатталады.
Психолого-педагогикалық зерттеудің мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі бала дамуының жастық және жеке типологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Психолого-педагогикалық зерттеудің міндеттері:

              1. Дамудың негізгі бағыттарының қалыптасу деңгейін анықтау (танымдық және нәтижеге бағытталған іс-әрекеттің алғышарттары, сөйлеу және заттық-ойын іс-әрекеті, ұсақ моторика мен өзіне-өзі қызмет ету дағдылары).

              2. Дамудың негізгі бағыттарына сапалы сипаттама беру (даму дәрежесі).

  1. Түзете-дамыту жұмысының негізгі бағыттарын құру.

  2. Баланың даму қарқынын бақылау және жеке түзете-дамыту бағдарламасының тиімділігін тексеру.

Психолого-педагогикалық зерттеу барысында келесі әдістерді қолдануға болады: бала мінез-құлқын бақылау, ата-аналарға арналған сауалнамалар мен тікелей психолого-педагогикалық зерттеу әдістері. Алайда, түзете-дамыту жұмыс барысында әр балаға сай әдісті таңдап, оның жұмыс барысындағы тиімділігін бақылау педагогтың міндеті болып табылады. Жұмыс барысында баланың жеке типологиялық ерекшеліктеріне байланысты әдістемелік құралдар дұрыс таңдалып, олардың әр алуан болғаны, әрі бірін-бірі толықтырып тұрғаны дұрыс.
Психологиялық-педагогикалық зерттеу әдістері


Бақылау әдісі. Диагностикалық зерттеу барысында ресмиленген және ресми емес әдістерді қатар қолдану қажет. Олардың біріне бақылау әдісін жатқызуға болады. Зерттеудің бастапқы кезеңінде баықалау әдісі тиімді. Бала мінезін бақылаумен ата-ана да, педагогта айналыса алады. Даму барысында тежелістері бар балаларды мінез-құлқын бақылау олардың ауытқуларының ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.
Баланың даму деңгейін нақты анықтау үшін оның күнделікті үйреншікті мінез-құлқы туралы мағлұмат қажет. Яғни баланың мінез-құлық ерекшеліктері мен жеке тұлғалық құндылықтары анықталады. Мұндай толық ақпаратты күнделікті тұрмыс жағдайында, ойын немесе серуендеу кезінде алуға болады. Мағлұматты педагог ата-анамен әңгімелесу барысында ала алады. Алдын ала ата-анаға үйде бала мінез-құлқын бақылау тапсырмасы беріледі. Мысалы, анасы серуендеу кезінде баланың басқа балалармен қарым-қатынас ерекшеліктерін, жаңа орта адамдар мен жағдайаттарға баланың реакциясын біле алады.
Педагог баланың мінез-құлқын бақылау бойынша арқылы өңделген жүйе дамудың реттегіш және эмоциональдық-аффективті сала ерекшеліктерін, танымдық нәтижеге бағытталған іс-әрекеттердің алғышарттарын және қарым-қатынас дағдыларын анықтай алады. Зерттеу жүйесі мына блоктардан тұрады: тексерілетін көрсеткіштер, көрсеткіш сипаты және ескертулер. Төменде ерте жастағы бала мінез-құлқын бақылауға арналған сұлба үлгісі берілген.


9. Түзете-дамыту бағдарламасы

Баланың аты-жөні: Алан К. Аңғарымы: Даун Синдромы Жасы: 2 жас 10 ай Оқыту мерзімі: 6 ай





N


Мақсаттары



Міндеттері





+

Танымдық іс-әрекетінің алғышарттарын дамыту

1. Сенсорлық дамыту

1.1.

Көріп қабылдауы мен зейінін дамыту.

Пішіндерді қабылдауын дамыту.


Мөлшерлік қабылдауын дамыту.


Түстерді қабылдауын дамыту.
Кеңістік ұғымын дамыту.

Ересек адаммен көз қатынасын орнатуға ынталандыру: көз бен ауызға қарауға үйрету.
«Қайда?» деген сұраққа жауап беруді үйрету: өзін табу, таныс балалр мен ересектерді суреттен табу.
Таныс заттар мен ойыншықтарын бейтаныс заттар арасынан ажыратуды үйрету (Доп қайда?).
Үстел үстіндегі, бөлмеәр жеріндегі заттардың жұбын табуды үйрету.
Көлемді пішіндерді ажыратуға үйрету (шар, куб): қораптағы пішіндерге арналған ойыққа салу.
Бір-біріне ұқсамайтын геометриялық пішіндерді ажыратуды үйрету (дөңгелек, тік төртбұрыш): үлгімен сәйкестендіру.
Үлкен, кіші сияқты мөлшерлерді ажыратуды үйрету.
Түстерді ажыратуды үйрету: аталған түсті затқа біріктіру (қызыл, сары).
Өз дене мүшесінің сұлбасын үйрету.




1.2.

Естіп қабылдауы мен зейінін дамыту.
Есту зейінін дамыту.
Дыбыстау сипатын ажырату.



Дыбыс немесе дауысқа реакциясын шақыру.
Ересектің дауысын, ойыншықтың сыңғырын және музыкалық аспап сылдырын тыңдауды үйрету.
Дыбыс көзін табуды үйрету.
Музыкалық белгінің басы мен соңын ажыратуды үйрету.
Музыкалық ойыншықтар дыбысына жауапты қимыл-қозғалыс реакциясын дағдылау.
Ересек адам дауыс қарқынын ажыратуды үйрету (еркелетіп сөйлегені, қаталдық таныту, талапты дауыс, сұрақты дауыс).
Сыбырлап айтылған сөзді тыңдап үйрету.






2. Айналамен танысу

2.1.
2.2.



Баланы қоршаған адамдар туралы түсінігін қалыптастыру.
Қоршаған орта туралы түсінікті қалыптастыру.

Өз атын атағанда қарауды үйрету.
Баланың өз дене мүшелері туралы түсінігін қалыптастыру.
Қоршаған орта заттарымен таныстыру: ойыншықтар, тұрмыстық заттар (киім, аяқ киім, ыдыс-аяқ, жиһаз және т.б.).




3. Сөйлеу және қарым-қатынас дағдыларын дамыту

3.1.
3.2.

3.3.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет