7. Отбасына жұмылдыру принципі: ата-аналарды түзету жұмысын атқаратын мамандармен теңдей түзету-педагогикалық процессті жоспарлау, жүзеге асыру және тиімділігін бағалау барысына қатыстыру. Осылайша мамандар тобы балаға көмек берумен ғана шектелмей, ата-аналар мен бала жақындарымен тығыз қарым-қатынас орнатады. Ал бұл бала дамуын тездетуге септігін тиізізері сөзсіз.
Ерте жастағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға түзете-дамыту көмегін көрсету «Психолого-педагогикалық түзету кабинеттерінің жұмысын ұйымдастыру ережелеріне» сай жүзеге асырылады.
Ерте жастағы түзете-дамыту көмегі 3 жасқа дейінгі балаларға көрсетіледі. Олар: психофизикалық дамуында ауытқулары бар тәуекел тобына жататын балалар; мүмкіндіктері шектеулі балалар (психикалық дамуында ауытқулары бар балалар, қимыл-қозғалыстық ауытқулары, тілдік, есту мен көру мүмкістіктері бар балалар, аутизммен ауыратын, дамуында эмоциональдық-еріктік кемістіктері бар балалар, күрделі психофизикалық мүмкістіктері бар балалар және т.б.).
6. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға түзете-дамыту көмегін ұйымдастырудың түрлері мен реттілігі.
Ерте жастағы балаларға түзете-дамыту көмегі келесі реттілікпен жүзеге асырылады (Сурет №2):
Достарыңызбен бөлісу: |