1.Ойыншықтармен ойын көсету (қуыршақ театры).
Ойыншықтар ойынында ертегінің мазмұны қуыршақтар мен ойыншықтар арқылы қайталанады. Қажетті ойыншықтар тартымды, әрі сәнді болуы керек. Ертегі бойынша қажетті ойыншықтар бөлек үстел үстінде, беті орамалмен жабық болуы тиіс. Ертегіні ойыншықтармен айтып бергеннен соң, балаларға рөлге бөліп ойнауға ұсынуға
болады. Балалар ертегіні ерекше ықыласпен орындап шығады.
2.Көлеңке театры.
Ертегі мазмұнын көлеңке театры арқылы көрсетуден бұрын оқиғаға қажетті көріністі бейнелейтін суреттер картон қағаздан қиылып жасалынады. Олар қара бояумен боялып,төрт бұрышты кергішке керілген дәкенің сыртынан көрсетіледі.
3. Ертегіні сахналау.
Ертегі кейіпкерлерінің сөздерін жатқа айтып, мінез- құлқын, іс- әрекетін беруге тырысады. Ертегіні алдын- ала магнитафонға жазылған үнтаспа-
дан немесе теледидар арқылы көрсетуге болады.
Бала құлақпен естігеннен гөрі, көзбен көргенде тезірек меңгереді,мазмұнын тез түсінеді. Сол ертегінің кейіпкері болуға қызығып, рөлді дұрыс сомдауға тырысады. Сондықтан, ертегіні оқытуға ерекше көңіл бөліп, әрбір ертегіні оқыту алдында дайындық жұмыстарын жүргізіп отырамын.Ертегімен таныстырмас бұрын, балаларға ертегі айтып беретінімді,ертегі деп не себептен аталатынын түсіндіремін. «Оқиға өте ертеде болған, оқиғаны баяндаушы да өте ертеде өмір сүрген, сондықтан ертегілер көбіне « Ерте, ерте, ертеде»,деп басталады» деп ертегімді одан әрі жалғастырамын.
Мысалы, «Жеті лақ» ертегісін өткенде, теледидардан ертегіні көрсетіп, қуыршақ театрын пайдаландым.
Тақырыбы: «Жеті лақ»
Мақсаты:
Көрнекілігі: Ертегілерден суреттер, слайд.
Барысы: -«Ерте, ерте ертеде»,- деп не басталушы еді.
-Ертегілер.
-Балалар, біз қандай ертегілермен таныстық?
(Слайд арқылы ертегілерді көрсетіп, ол ертегі не туралы екенін сұраймын , балалар өздері білетін ертегілерді атайды.)
-Ертегімізді көрмес бұрын жұмбақ шешейік.
Жұмбақтар
1. Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Адам деуге
Иегінде сақалы бар.
(Ешкінің суретін көрсету)
-Ешкі қандай жануар, оның төлін қалай атаймыз?
2. Аузы бейне бір орақ,
Шөп ормайды, мал орады.
Қасқыр ( Суреті көрсетіледі)
Қасқыр қандай аң, оның баласын қалай атайды?
Ендеше, бүгінгі ертегіміз не туралы екен.
Ешкі мен қасқыр туралы.
Бүгін біз, «Жеті лақ» ертегісімен танысамыз.
Ертегіні теледидар арқылы көрсете отырып,баяндалу стилін сақтай отырып,
тартымды, қызғылықты етіп айтып беремін. Ертегіні көріп болған соң, ертегі желісі бойынша сұрақтар беремін.
-Ертегі не туралы?
-Ешкінің неше лағы болыпты?
- Ешкі қайда тұрады?
-Ешкі қайда кетті?
-Ешкінің үйіне не келді?
-Лақтар не істеді?
-Екінші келгенде қасқыр не істеді?
-Лақтарды табуға ешкіге кім көмектесті?
Топпен жұмыс
І топ
«Қатынас» саласы
Тапсырма:
1. «Лақ» сөзін жазу, дыбыстық талдау жасау.
2. «Лақ» сөзіне сөйлем құрау.
ІІ топ
«Шығармашылық» саласы
Тапсырма:
«Қасқырдың мекені» ермексазбен жұмыс жасау.
ІҮ. Қорытынды:
Ертегіні қуыршақ театры арқылы рөлге бөліп ойнау.
- Ертегі ұнады ма?
-Балалар, ертегідегі жағымды кейіпкерді атаңдар.
-Жағымсыз кейіпкерді ата.
Балалар, бұл ертегіде өз балаларын асырау үшін тамақ тауып, еңбек етіп қасқыр-
дың зұлымдығынан қорғап қалған ана туралы айтылған. Біздің аналарымыздың да еңбе
гін ешнәрсемен өлшеуге болмайды Түн ұйқысын төрт бөліп,баласын жамандықтан қорғап,азамат етіп тәрбиелейтін ананы сыйлауға, құрметтеуге тиіспіз.Зұлымдықтан, жамандықтан бойымызды әрқашан аулақ салуымыз керек.
Ертегіні сахналау, рөлге бөліп ойнау барысында балалардың сөйлеу тілі, ой- өрісі кеңейеді. Ертегіні барлық сабақтарда пайдалануға болады. Ертегіні ойдан құрастырып, ертегі желісі бойынша тапсырмалар беруге болады. Балалардың ойын, қиялын дамыту барысында, ертегіні бастап беріп, баланың өзіне аяқтатуға мүмкіндік беру керек. Сонда баланың сөздік қоры молайып,тілі дамып, еркін өз ойын айтуға дағдыланады .
Ертегі кейіпкерлеріне арнап сурет салу-ең қызықты тақырып. Әрбір бала ертегіні қызықтап оқиды, әңгімелеп береді және сол туралы сурет салуға құштар. Сурет салу кезінде ертегі баланың дүниетанымын, ақыл-ойын, шығармашылығын арттырады.
Б.Момышұлы: «Мен үш нәрседен қорқамын. Бірінші- баласына бесік жырын айтпаған анадан, екінші- немересіне ертегі айтпайтын әжеден, үшінші бір-бірімен қазақша сөйлеспеген қазақтардан»-дегендей балаларымызға, немерелерімізге ертігі айтуды ұмытпайық.
Достарыңызбен бөлісу: |