Ертегілер әлемінде Мазмұны



бет17/41
Дата22.08.2020
өлшемі107,62 Kb.
#76415
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41
Байланысты:
ерегілер жинағы Байменова З.С.

Қасқыр мен ит

Ерте, ерте, ертеде, ешкi құйрығы бөртеде бiр шаруа өмiр сүрiптi. Оның күшiк күнiнен өсiрген жалғыз итi бар екен. Шаруа шалғымен шөп шауып,

қой бағып күнелтiптi. Ол ертеңгiсiн ерте тұрып қырға қой бағуға кетердiң алдында, үйiн, қора-қопсысын күзетудi итiне тапсырады екен. Итi де өзм iндетiне ұқыпты қарап, үй маңына ешкiмдi жолатпапты. Шаруа жұмыстан келгенiн деитiн еркелетiп, басынан сипап:

Итiм, итiм, итiм-ай,

Түн үресiң бiр тынбай.

Қожайынға адалсың,

Жақсы көрем ырысымдай.

Қамқорым да өзiңсiң,

Үйiмдегi көзiмсiң.

Қожайының демалып,

Бiрер уақыт көзiлсiн, – 

деп, үйiне кiрiп демалады екен. Осыны көптен сырттай бақылап жүрген бiр көкжал қасқыр иттi қожайынға мазақ етпек болып айлаға

көшедi. Оның бiр дамылдаған сәтiн пайдаланып, қорадағы қозыға түспекке ыңғайланады.

Бiр күнi түнгi күзеттен шаршап, күншуақта бойыжылып, мызғып кеткен иттiң мұрнына жағымсыз иiскеледi де, ұйқысынан шошып янады. Жан ұшырып қораны айналса, күнi бұрын қазылған iн арқылы қасқыр:

Жылы-жұмсақ қозылар,

Етiң дәмдi дертке нәр.

Бiр қолыма түсерсiң,

Қарнымда жатып пiсерсiң, –

деп, сiлекейiн шұбыртып қораға енiп бара жатыр екен.

– Әй, көкжал, тоқта! – дейдi жүнiн тiкiрейткен ит. – Қазiр «аттандап» үрсем, қожайыным оянады да, мылтығымен сенi атып салады. Саған анау даланың толып жатқан қоян-түлкiсi жетпедi ме? Нең бар мұнда?

– Ет тәттiлiгiн қойса, мен жегенiмдi қоямын, – дейдi қасқыр гүр етiп. – Қазiр мен сенiң қармағыңа түстiм. Не iстесең де қолыңдамын. Бiрақ мен бiр нәрсеге түсiнбеймiн. Қожайыныңа құйрығынды бұлғаңдатып, оған адал қызмет еткенде, iшiп-жейтiнiң қалған-құтқан бiрдеңелер. Өзiңдi аямайсың ба? Түнiмен ұйқы көрмей, шәуiлдеп үрумен боласың. Иең ашуланса, бұрышта бүк түсiп, iшiң бұратылып аш жатасың. Анау сала құлаш шынжырың мойныңды ауыртады. Сенi осыншама бейнетке салатындай адамның қандай құдiретi бар? Мен сияқты берсе – қолынан, бермесе – жолынандеп, жұлып жеп күнелтпейсiңбе? Өзiң туыссың. Бiрге өмiрсүрейiк.

Ит ойланған кейiп танытады. Қасқырдың көзi оттай жанып, iшiнен: «Әп, бәлем, қармағыма түстiңбе? Қарным ашқан күнi бiр-ақ бүктеп, тарамыс-тарамыс етiңдi талшық етсем», – деп зымияндана қарайды.

– Ау, Қасеке, мына сауалыңа мен жауапберейiн, – дейдi ит әңгiменi ұзаққа созғысы келiп. – Туыс екенiмiз рас. Енемнен туып, көзiмдi ашпай тұрғанда, осы адам менi есiгiнiң көзiне жатқызыпты. Қашып кетер қауқар қайда. Әттең, сол кезде өзiңе кездессем ғой. Бiрге iлесiп жүребер етiнедiм. Сонан соң көзiмдi ашып, еңсемдi көтерген кезде, темiр шынжырлы қарғы бау мойныма iлiндi. Қайтып құтыласың? Қараптан-қарапаштанөлесiңбе? Қораны айналып, қой күзеткен болып үрдiм келiп. Сонда өзiң маңайыма жақындамадың да ғой. Алыстан қарап, менсiнбедiң менi. Амалсыздан үйдiң күзетшiсi атандым.

Қасқыр мына сөзге мәз болып қалды. Шоқиып отырған күйiм ақтана жөнелдi.

– Әй, туысым-ай, ол кезде сенi көрдiм дейсiңбе? Әйтпесе бөлтiрiктерiме ертiпжүрiп, аңғасалатын едiм. Алтайдың қызыл түлкiсiнiң терiсiн паршалатып, етiн жегiзередiм. Құм қоянының су жүректiгiн бiлмейсiңғой. Түрiңдi көрсе, көзiбадырайып, алдыңа жата қаларедi. Бойыңжазылып, мына мен сияқты елiк атаулыны қадам бастырмас едiң. Алты қырдың астындағыны сезер ақылды болуың ғажап емес. Жауыңа кектi, жорыққа мойымас едiң.

Сол сәт қора iшiндегi қозылардың у-шу үнiн естiп, сiлекейi шұбырған қасқыр сөзiнен жаңылады. Ит асықпайды, оны тағы да әңгiмеге тартады.

– Ау, қасеке, сiздiң мiнезiңiзде мен түсiнбейтiн ғажап бiр қасиет бар, – дейдi қасқыр дымақтап.

– Ол қандай қасиет? – қасқыр ырза боп, тiсiн сақылдатты. – Әй, итiм-ай, туыстықты қадiрлейтiнiң бiлiнiп тұр. Менiң iшкi сырыма үңiлген сияқтысың ғой.

– Қасеке, ол қасиетiңiз өзгенiң де, мәселен, бiздiң де қамымызды ойлайтындығыңыз. Қазiр ғой, мына қораға кiресiз де, мен сияқты өзiме ғана жетедi деп бiр қойды теңдеп әкетпейсiз, түгел жусатасыз да саласыз. Өлек сенi адам атаулы жемейдi. «Арамдалды» деп отар маңынан аулақтау жерге тастайды. Ертелi-кеш тамағымыз дайын. Осындай ғажап мiнезiңiзге таңмын, – деп ит бiр тоқтады.

– Тауып айттың, итiм, бұл қасиеттi үйрену үшiн талай ақыл керек. Бабаларымыз: «Ақылмен жесең – асап жейсiң, ақылсыз жесең – аз-ақ жейсiң», – деп айтып кетiптi ғой, – дейдi қасқыр.

– Осы, Қасеке, аң атаулы ақыл жағынан сiзге тең келмейдi. Түйе үлкен болғанымен, оның түймедей ойы жоқ. Сiз оның шөгiп жатқан сәтiн аңдып, өркешiнен бiр аттап кетсеңiз, орнынан тұра алмай қалады. Шамасы, жүрегi жарылып кететiн болар. Жылқы атаулыны атама, ақымақ мал ғой.Құйрығынан жабыссаңыз, бiткенi, шiренетартып, жiбере салғаныңызда, өзiнен өзi омақаса құлайды. Арыстан мен жолбарыс күштiлiгiне, сiлеусiн шапшаңдығына сенедi. Түлкi тышқан аулағанға мәз. Шибөрiiнiңiзқойдың майлы құйрығын сорғанын мақтан етедi.

– Әрине, әрине! – деп қостады қасқыр мәз болып.

– Қасеке, осы сiз қойшыдан қорықпайсыз ба? – дедi ит сыр тартып.

– Әй, бауырым-ай, бiздiң туыстардың «Өгiздi қойшы – өлген қойшы, жеп болғанда көрген қойшы. Түйелi қойшы – тұрған қойшы. Жаяу қойшы – көңiлi қаяу қойшы», – деп, айтқандарын естiмеппе едiң? Жалғыз-жарымай далада кездессiншi, екi-үшеуiмiзжан-жағынанқардыборатыпберейiк. Сабазыңесiшығып, қойды тастай қашады.

– Адамнан да қорықпайтын жүрек жұтқан ағайынсыңғой. Бiзге ондай батырлық қайда? Рас, басқа түссе, қоянын аулап, түлкiсiн қырармыз. Сiз сияқты iн де қазармыз-ау, бiрақ ол бiзге ақпанның ақырған аязында пана болмайды ғой. Қарғыс атқыр аңшы атаулы жүйрiк атқамiнiп, шошақ мылтығын асынып, ойда жоқта кездесе қалса, саудамыздың бiткенi. Менен сорлы жоқ шығар бұл дүниеде, – деп, ит ұлып жата кеттi. Мұнысы иесiне берген белгiсi едi.

– Айтпақшы, Қасеке, ұлу демекшi, осы сiздер туыстарыңызды қалай ғана iздеп таба қоясыздар, – дейдi ит кенет басын көтерiп.

– Ұлудың да неше түрiбар-ау. Әлде қалай олжа кездесiп, жалғыз шамаң келмесе, ұлымағанда қайтесiң. Қазiр «У-у-у» дейiншi, туыс атаулы жан-жақтан сабылып жетедi. Бiрақ оңай ол жаға оларды ортақ қылып нем бар, – дейдi қасқыр бөсiп.

– Онда мен сенен қалмаймын, – дейдi ит. – Туып-өскен жерiңдi қимайды екенсiң. Қоштасып кетейiн. Көзiмдi ашып, күнде майлы жуынды iшкен жерiм, қош, у-у! Қарғы бау тағынып, шынжыр сүйретiп күзеткен қорам, қош, у-у! Тамақ бермей, таяқпен басыма ұрған қожайыным қош, у-у!

Қасқыр мәз болып, iшек-сiлесi қатқанша күледi. Итiнiң ауық-ауық ұлығанынан оянып кеткен кожайын қолына мылтығын алып, қораны айналады. Ұлып отырған итiнiң жанындағы касқырды атып алады. Ақылды ит қасқырды осылай қолға түсiрiптi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет