Ертегілер әлемінде Мазмұны


Түйені көрсе, жылқы неге қалтырайды?



бет41/41
Дата22.08.2020
өлшемі107,62 Kb.
#76415
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
ерегілер жинағы Байменова З.С.
ерегілер жинағы Байменова З.С.
Түйені көрсе, жылқы неге қалтырайды?

Ертеде жылқы күнге қарап былай дейді:

-О, барлық жан-жануарларға тіршілік сыйлаған қайырымды күн, мені жануарлардың арасындағы ең сұлулардың бірі деседі жұрт. Солай екенін өзім де сеземін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемірек етуге болар еді-ау деп ойлаймын.

-Сонда қай жеріңді түзей түсуге болар еді деп ойлайсың? – деп сұрайды күн күлімсіреп.

-Егер, - дейді жылқы, аяғым ұзын болса мен тіпті алдына жан салмайтын жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік бітірер еді. Төсім жалпақтау келсе, қазіргіден де алымдырақ болар еді. Оның үстіне адамзатты арқалап жүру үшін жотамнан мәңгі алынбайтын ер болса, тіпті жарасып тұрар еді...

-Жақсы, қалағаның болсын, - дейді күн жайраңдап, - сәл күте тұр.

Соны айтады да, күн жерге түйені түсіреді. Денесі алпамсадай, тұрқы арбиған жануарды көрген жылқы әрі қорыққанынан, әрі жиіркенгенінен қалшылдап қоя береді.

-Міне, сен қалағандай ұзын да сидаң аяқ, аққудың мойнындай ұзын мойын, жалпақ кеуде, ері де дайын. Қалай, сенің де осындай болғың келе ме? – деп сұрайды күн.

-Жоқ-жоқ... – дейді тілі күрмеліп.

-Ендеше жөніңе жүр, - дейді күн жылқыға, - саған өз бойыңдағы да жетеді! Әркім өз қасиетін бағалауға тиіс.

Содан бері жер бетінде түйе де өніп-өсе бастады. Ал жылқы болса, түйені көрген сайын әлі күнге дейн денесі дір ете түсіп, қалтырай бастайды екен.

«Балаларды өз бетімен құмарландыратын, ынталандырып, ықыласын арттыратын сабақ, балаларға ана тілінде қарапайым тілмен қызықты ұғындырылса, әңгімелер мен ертегілер, мысалдар мен өлеңдер орынды пайдаланылса, олардың білім алуға деген қызығушылығы арта түседі»  Ы. Алтынсарин.    Мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу, дамытуды одан әрі жетілдіру жолдары қазіргі кезде мектепке дейінгі білім беру заңдарында айқындалып берілген. Бұрынғы қалыптасқан концепциялар, оның өзгешелігі тек оқыту, білім, білік дағдыларын қалыптастыру ғана емес, бүкіл оқыту үрдісін жан-жақты ұйымдастыру мақсатын көздейтіндігінде және баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуына бағытталады. Қазақстан Республикасында қазіргі мектепке дейінгі мекемеде жаңа өзгерістер мен әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған Республиканың «Білім туралы» Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген.     Әр елдің болашағы сол халықтың білім, ғылым деңгейімен анықталатындықтан, оқу жүйесін неғұрлым тиімді құра білу қажеттілігі қай кезде де өзекті мәселе болмақ. Танымдық қызығушылық оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбиелеп оқытудың ең көкейкесті проблемалары танымдық қызығушылық мәселелерін қарастырады. Бала өмірінде қызығушылықтың әр түрі (эстетикалық, көркемдік, музыкалық, т.б.) көрініс табады. Өскелең ұрпақ үшін танымдық қызығушылықтың маңызы өте жоғары. Танымдық қызығушылықты арттыру, дамыту туралы, бұдан басқа оның қоршаған ортамен тәрбиеге тәуелділігін Гельвеций атап көрсеткен болатын.    Сондай-ақ дамыта оқытудың әдістемесіндегі ең басты нәрсе мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылық әрекетін арттыру. Мұның өзі эвристикалық және зертттеу әдістеріне ерекше мән берілетінін көрсетеді. Бұл әдістер тәрбиешінің «дәстүрлі емес тапсырма түрлерін ізденудің объектісі» ретінде қоюы, «жекеліктен жалпыны тауып шығару» тағы басқа сияқты мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ізденісіне, танымдық қызығушылығына жетелейтін, іс-әрекетке қосатын , баланы «іс-әрекет біліктері мен дағдыларының шебері», «белсенді ізденгіш» ететін әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. 


Пайданылған әдебиеттер
1.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу

бағдарламалары:

«Алғашқы қадам»,

«Зерек бала»,

«Біз мектепке барамыз»,

«Қарлығаш»

2. Отбасы және балабақша журналы 2008ж. №5

3.Бала мен балабақша журналы 2012ж. №10

4. Қалиев С. «Халық ертегілері» // Тәрбие

5. Хайуанаттар туралы қазақ ертегілері Алматы «Ғылым» 1979ж.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет