Түймеқыз
Байырғы бір замандарда өте қайырымды бір әйел өмір сүріпті. Бір балаға зар болған ол бірде сиқыршы кемпірге барып жалбарыныпты.
- О,құдіретті сиқыршы! Менің бір арманым бар -бала сүйгім келеді! Көмек бере гөр!
Сиқыршы кемпір әйелге жаны ашып, арпаның дәнін береді.
Әйел үйіне келіп,гүл өсіретін қыш құмыраға арпаның сиқырлы дәнін егіп, суара бастайды.
О, ғажап! Сиқырлы дәннен әп-сәтте гүл өсіп шығады.Қараса, гүлдің қауызында кіп –кішкентай әдемі қыз отыр –өзі түймедей ғана! Жүрегі жарылардай қуанған әйел кішкене қызына-Түймеқыз деп ат қояды.
Түймедей сұлу қыздың сыңғырлаған әсем дауысын естіген анасының қуанышында шек жоқ!
Күндіз Түймеқыз үстелдің үстінде су құйылған ыдысқа шомылып, жүзіп, ойнап-күліп, ән айтып жүреді. Ал түнде анасы Түймеқызды жаңғақтың қабығынан жасалған бесікке шегіргүлдің жапырағынан төсек салып, раушангүлдің күлтешесінен үстіне көрпе жауап, бесік жырын айтып, ұйықтатын болады. Түймеқыздың бақытты балалық шағы осылайша алаңсыз өтіп жатты.
Бір түні Түймеқыз өзінің бесігінде тәтті ұйқыда жатқанда, кенеттен ашық тұрған терезеден бөлмеге үлкен құрбақа қарғып кіреді. Түймеқыздың әдемілігі, сұлулығы туралы және нәзік дауыспен айтқан әндерін естіген құрбақа қызды өзінің баласына үйлендірмек болыпты. Ол үстелдің үстіне қарғып шығып, қызды ұрлап, бесігімен ала жөнеледі.
Қырбақа баласымен өзеннің жағасында, ми батпақта, балдыр арасында тұратын еді.
-Ба-а-ақ , ба-а –ақ!-деп құрбақаның баласы қызды көріп, қуанып кетті.
-Балам, Түймеқызды оятпайық! Оны әзірше үлкен жапырақтардың біріне орналастырайық, ал біз сендерге жеке тұратын үйді дайындауға кірісейік! –деп екеуі жаңа үй салуға батпаққа кетті.
Таңертең Түймеқыз оянып, қараса, өзі –тұңғиықтың жапырағында,айналасы -қоршаған су. Қыз қорқып кетеді. Құрбақа мұны өз ұлына ұйлендірейін деп алып келгенін құлағы шалғанда тіпті, қайғыдан қанқұса болады.
Түймеқыздың көзінен моншақтап аққан жаста шек жоқ. Қыздың жылағанын естіген балықтар су бетіне шығып, қызға көмек көрсетпек болды. Олар тұңғиықтың жапырағын сабағынан қырқып, оны ағыспен тез жылжыта жөнеледі.
Дәрменсіз кішкентай Түймеқызға инелік те, көбелектер де көмектеседі. Сүйкімді қыз белдігін шешіп, бір шетін жапыраққа байлап, екінші шетін инелікке ұстатады, ал ол шаршағанда көбелекке береді. Қайыққа айналған жапырақты тез ұшқан көбелек су бетінде зырылдатып жүздіріп келе жатады.Енді құрбақа баласымен маған жете алмас деп Түймеқыз іштей қуанады.
Бір кезде осылайша су бетінде жүзіп келе жатқан Түймеқызды зауза қоңыз байқап қалады. Тартымдылығы ынтықтырып, ол қыздың қыпша белінен іліп алып, аспанға ұша жөнеледі.
Өзеннің жағасында қоңыз Түймеқызды биік ағаштың жапырағына отырғызады. Бұрын мұндай биіктікке шығып көрмеген Түймеқыздың басы айналады. Осы кезде жан-жақтан көрші қоңыздар жинала қалды. Бейтаныс қызды көріп күле бастайды:
-Өзі адамға ұқсайды екен! Аяғы екеу ғой! Белді тым жіңішке екен!Мұртшалары қандай?
Зауза қоңыр мазаққа шыдамай, қызды түймедақ гүлінің үстіне апарып тастайды.
Сөйтіп, Түймеқыз орманда жаз бойы жалғыз тұрады. Ол гүлдердің тәтті тозаңымен тамақтанып, жапыраққа жиналған таңғы шықты ішіп, өмір сүреді.
Жаз кетіп,суық түседі. Түймеқыз өзіне жылы баспана іздеп, жүре-жүре дала тышқанның үйіне кез болады, есіген қағады.
-Тышқан, Тышқан! Көмектесіңізші! Суықтан тоңдым! Екі күн бойы нәр татпадым, аштан өлетін болдым!
Тышқан Түймеқызды өзіне қалдырады, қыз оған ертегі айтады, үйін жинайды. Екеуі тіл табысып, жақсы тұрып жатады.
Бір күні оларға көршісі көртышқан қонаққа келеді.Түймеқыздың сұлулығын көріп, нәзәк дауысын естіп, бай да кербез көртышқан қызды ұнатып қалады, өзінің үйіне қонаққа шақырады.
Түймеқыз көртышқанның үйіне бара жатып, жолда әлсіреп жатқан қарлығашты көреді.Құстың тірі екенін байқап, қыз оны бағып күтеді.Қарлығаш сауығып,көктемде ұшып кетеді.
Тышқан Түймеқызды көртышқанға күйеуге бермек болып, жаз бойы тойға дайындалады. Бірақ қыз соқыр көртышқанды қаламайды.
Жаз өтіп,той болар күн де жақындады. Бірде Түймеқыз далаға шығып, өзі қысқы суықтан, өлімнен құтқарған таныс қарлығашын көреді.
-Қарлығаш, сүйікті досым! Сені көргеніме қандай қуаныштымын! Жердің астында көк аспанды,таза ауаны, шалғын шөп пен гүлдерді,құстардың әнін сағынамын! Енді бұл сұлулықты көруге тіпті зар болып қалатын секілдімін!-деп қыз қарлығашқа өзінің мұнын шағады.
Қарлығаш қызды өзімен бірге алыс өлкелерге, жылы жаққа шақырады.Түймеқыз келіседі.
Міне, олар дала мен орманнан, ауыл мен қаладан асып ұшып барады.Ақыры қарлығаш жайнаған көгалға қонады. Бұл эльф дейтін, көргеннен-ақ ұнатып, оған сыйлыққа кішкентай қанат береді,енді ұша алатын болып қуанады. Бір –бірін бір көргеннен-ақ ұнатқан шаңырақ құрады. Олар осылай бақытты өмір сүреді, мейірімді қарлығаш мәңгі дос болады.
Түймеқыз қарлығашты өлімнен құтқарыпты,
Қарлығаш Түймеқызды ұшпаққа шығарыпты.
Достарыңызбен бөлісу: |