Ертегілер әлемінде Мазмұны



бет32/41
Дата22.08.2020
өлшемі107,62 Kb.
#76415
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41
Байланысты:
ерегілер жинағы Байменова З.С.

Алтын балық

Баяғыда бір үлкен өзеннің жағасында, мыжырайған жаман күркеде шал мен кемпір өмір сүріпті. Өздері тақыр кедей екен: шал күнде өзенге барып, балық аулап әкеліп, сорпалап немесе отқа қақтап пісіреді де, соны талғажау етіп өмір сүріп жатады. Шалдың қармағына ештеңе ілінбеген күндері мүлде ашқарын отырады екен.

Сол өзенде су әміршісі, алтын дидарлы Жалал Камани мекендейді. Бір күні шал өзеннен ау тартса, ау зілдей ауыр екен, шал оны әрең дегенде өзен жағасына тартып шығарады.

Жалтылдаған алтыннан көзі қарығып, жұма қояды; көзін ашып қараса, ау ішінде жалт-жұлт еткен дәл бір саф алтыннан құйылғандай үлкен балық жатыр екен. Қанатын желбіретіп, мұртын жыбырлатып, көзі бажырайып, шалға тесіле қарайды. Алтын балық қарт балықшыға;

-Өлтіре көрме мені, қария, үйіңе де апарма. Жөніме қоя беріп, керегіңді сұрай бер, - дейді.

-Не сұраймын мен сенен, ғажайып балық? – дейді шал. – Басымда жөнді баспанам, ішер ас, киер киімім де жоқ. Егер рақымың түсіп, осының бәрін маған сыйласаң, саған өле-өлгенше риза болармын.

Балық шалдың сөзін тыңдап болып, құйрығын шолп еткізіп:

-Ештеңеге алаңдамай жүре бер, қария. Үйің де, тамағың да, киімің де болады, - дейді.

Шал балықты өзенге қоя береді де, үйіне қарай жөнеледі. Үйіне келіп, баспанасын танымай қалады: жаман күркесінің орнында бөренеден қиылған ғажап үй тұр, ішінде қонақтарға арналған орындықтар, табақ-табақ ақ күріш, мейрамдарда киетін сан алуан сәнді киім жайнап тұр. Бұны көріп, шал кемпіріне:

-Көрдің бе, кемпірім, қандай олжаға кенелгенімізді. Бүгін ауыма түскен алтын балыққа алғысыңды айт. Өзін босатып жібергенім үшін осылай жарылқай салды. Жоқшылықтың азабы осымен бітті, - дейді.

Шалының сөзін ақырына дейін тыңдаған кемпір, қатты күрсініп, басын шайқап:

-Әй, шалым-ай! Біраз жасқа жетсең де, ақылың жаңа туған нәрестенің ақылынан аспапты. Болымсыз нәрсеге мәзсің. Күрішті жеп, киімді тоздырамыз, әрі қарай не істемекпіз? Қайта бар да, балықтан патшаның сарайындай әдемі, кең үй, бес қызметші сұра. Іші алтынға толы болсын, күріш пен қарамыққа қамбалар толсын, есік алдында жаңа арбалар мен соқалар, қорада ондаған өгіз тұрсын... Бар, осының бәрін сұрап алмайынша үйге қайтпа! – дейді.

Шалдың мүлдем барғысы жоқ-ты? Бірақ кемпірімен де жанжалдасқысы келмейді. Өзеннің жағасына барып отырып, балықты шақырады:

-Шықшы бері, ғажайып балығым! Жағаға жүзіп келші, алтын балығым!

Біраздан соң су толқынданып, қанатын желбіретіп, мұртын жыбырлатып, бажырайған көзімен шалға тесіле қарап, алтын балық жағаға жүзіп келеді.

-Тыңдашы, ғажайып балығым, менің сенен сұрағаным аз көрінеді. Кемпірім разы болмай жатыр. Кең сарайдай үйіміз, бес қызметші, ондаған жегін өгіз, қамба толған күріш, түрлі алтын әшекей, мол ақша болсын дейді...

Бәрін тыңдап болған балық, құйрығын бұлғаң еткізіп:

-Жарайды, солай-ақ болсын! – деп қайтадан өзенге сүңгіп кетеді.

Шал үйіне қайтады. Қараса, айнала жол жағалай даңғыраларын соғып, сырнайларын тартып, қолдарына қымбат сыйлықтарымен гүлдерін ұстаған жұрт, біреуді күткендей орындарынан қозғалмай тұр.

Шаруалар шалды әдемі зембілге отырғызып, иықтарына салып көтеріп, үйіне алып келеді. Шалдың үйі бұрынғы үй емес – кең сарай, үй іші толған өзі балықтан сұраған жиһаздар.

Осыдан былай кемпір-шал уайым-қайғысыз, бақытты өмір сүреді, бәрі де жеткілікті сияқты, бірақ кмпір зарлауын қоймайды. Бір ай өтпей-ақ кемпір тағы да шалының мазасын алады...

-Осы да құрмет-сый болып па? Староста деген кімінің шікірәсі? Жоқ, болмайды, сен балыққа қайта барып, тағы да жақсылап сұрауың керек: сені күллі әлемге махараджа етсін. Бар, қартым, жалынып сұра, әйтпесе кемпірім күн көрсетпейтін болды де...

-Бармаймын, - дейді шал. – Аш-жалаңаш тұрғанымызды қалайша тез ұмыттың? Тамақ, жаңа үй, киім беріп жарылқаған осы балық емес пе! Бұдан артық не керек саған?

Шал қанша керісіп-таласса да, қарсыласса да, кемпірі бой бермеді: бар да бар деп болмайды. Бишара шал қайтсін, тағы да өзенге баруына тура келеді. Өзеннің жағасына отырып алып, балықты шақыра бастайды:

-Жүзіп шықшы, ғажайып балығым! Жағаға жақындашы, алтын балығым!

Бір рет шақырды балықты, екінші, үшінші рет шақырды... Бірақ су бетіне ешкім шықпады, бейне өзенде ешқандай алтын балық болмағандай. Шал көпке дейін тосып отырды, содан соң бір күрсінді де, үйіне қарай ілбіді.

Қараса, балық берген баяғы сәнді үйінің орнында бұрынғы жаман күркесі тұр, күркенің ішінде кемпірі отыр. Кемпірдің үстінде бұрынғы ескі-құсқы киімі, шашы жалбырап, көзі былшықтанып, қайғырып жылап отыр.

Шал оған қарап тұрып:

-Әй, кемпір, кемпір... Айтпадым ба мен саған: көп сұраймын деп, аздан айрыласың деп. Кемпірім, қолда барыңды қанағат қыл демедім бе? Сен мені тыңдадың ба, сол айтқаным келді емес пе! Енді несіне жылап отырсың? – дейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет