Түлкі мен тырна..........................................................................................27
Масақ...........................................................................................................28
Айлакер түлкі.............................................................................................29
Алдар көзе мен Шықбермес шығай бай.................................................30
Не дәмді?................................................................................................32
Ертегіде қонақта..................................................................................32
Жеті лақ .....................................................................................................33
Алтын балта..............................................................................................33
Ең қымбат байлық..................................................................................34
Нан қайдан шығады?.............................................................................35
Жеті өнерпаз............................................................................................36
Алтын балық.............................................................................................38
Түйме қыз..................................................................................................40
Көлбақа мен құрбақа................................................................................42
Күн, Ай және қораз.................................................................................42
Айна..............................................................................................................43
Ағайынды екі қыз.......................................................................................43
Үш қыз..........................................................................................................44
Жалаңаяқ бақташы....................................................................................45
Кітап сөзі....................................................................................................46
Ақылсыз өгіз..................................................................................48
Жеті қазынаның бірі.............................................................................48
Мақта қыз бен мысық.............................................................................48
Түйені көрсе жылқы неге қалтырайды?.................................................51
Пайданылған әдебиеттер.......................................................................52
Кіріспе.
«Балаларды өз бетімен құмарландыратын, ынталандырып, ықыласын арттыратын сабақ, балаларға ана тілінде қарапайым тілмен қызықты ұғындырылса, әңгімелер мен ертегілер, мысалдар мен өлеңдер орынды пайдаланылса, олардың білім алуға деген қызығушылығы арта түседі» Ы. Алтынсарин.
Мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу, дамытуды одан әрі жетілдіру жолдары қазіргі кезде мектепке дейінгі білім беру заңдарында айқындалып берілген. Бұрынғы қалыптасқан концепциялар, оның өзгешелігі тек оқыту, білім, білік дағдыларын қалыптастыру ғана емес, бүкіл оқыту үрдісін жан-жақты ұйымдастыру мақсатын көздейтіндігінде және баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуына бағытталады. Қазақстан Республикасында қазіргі мектепке дейінгі мекемеде жаңа өзгерістер мен әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған Республиканың «Білім туралы» Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген.
Әр елдің болашағы сол халықтың білім, ғылым деңгейімен анықталатындықтан, оқу жүйесін неғұрлым тиімді құра білу қажеттілігі қай кезде де өзекті мәселе болмақ. Танымдық қызығушылық оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбиелеп оқытудың ең көкейкесті проблемалары танымдық қызығушылық мәселелерін қарастырады. Бала өмірінде қызығушылықтың әр түрі (эстетикалық, көркемдік, музыкалық, т.б.) көрініс табады. Өскелең ұрпақ үшін танымдық қызығушылықтың маңызы өте жоғары. Танымдық қызығушылықты арттыру, дамыту туралы, бұдан басқа оның қоршаған ортамен тәрбиеге тәуелділігін Гельвеций атап көрсеткен болатын.
Сондай-ақ дамыта оқытудың әдістемесіндегі ең басты нәрсе мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылық әрекетін арттыру. Мұның өзі эвристикалық және зертттеу әдістеріне ерекше мән берілетінін көрсетеді. Бұл әдістер тәрбиешінің «дәстүрлі емес тапсырма түрлерін ізденудің объектісі» ретінде қоюы, «жекеліктен жалпыны тауып шығару» тағы басқа сияқты мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ізденісіне, танымдық қызығушылығына жетелейтін, іс-әрекетке қосатын , баланы «іс-әрекет біліктері мен дағдыларының шебері», «белсенді ізденгіш» ететін әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.
Көркем әдебиет сабағында ертегілерді пайдалану арқылы балалардың танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру жүйелі жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде қалыптасады. Ертегілер – бұл мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі, яғни жағымды эмоциялық көзқарас - ертегіге әуестік. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан – ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді.
Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайына байланысты туған. Мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығының өзіндік ерекшелігіне психологиялық - педагогикалық тұрғыда мынандай мазмұндық сипаттама береміз.
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады:
Жағымды эмоциялық көзқарас (ертегіге әуестік) → мазмұнды эмоциялық көзқарас (ертегімен әуестенуі) → тұрақты танымдық қызығушылық (ертегіге деген )
2. Ертегілердің педагогикалық жіктемесі. Бұл біріншіден, мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мүмкіндіктерін анықтауға ықпал етеді; екіншіден, ертегілерді нақты өлшемдер бойынша сұрыптауға көмектеседі; үшіншіден, ертегілер құндылық көзқарасын бағдарлайды.
3. Мектепке дейінгі балалардың ертегіге деген қызығушылығын қалыптастыру моделі және оны жүзеге асыруда ықпал ететін педагогикалық шарттар. Модель құрылымы эмоционалдық, интеллектуалдық, еріктік компоненттер бірлігінде байқалады және нақты көрсеткіштер мен өлшемдер арқылы сипатталады.
Шығармашылық жұмысымды былай тұжырымдаймын:
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында жан-жақты білімі бар, тез дамыған, дүние жүзіне әйгілі және сыйлы мемлекеттің патриоттарын тәрбиелеу ісін педагогтар қауымына жүктеген. Сол ауырда, жауапты істердің нәтижелі болуы әрине біздерге байланысты, сондықтан да әр педагог балаға білімді беріп қана қоймай, сол білімді баланың бойына сіңіру жолында, баланың білімге деген қызығушылықтарын оята отырып, оның бойындағы қабілеттерін аша білу керек деген екен. Осы шығармашылық жұмысымның нәтижесі, қорытындысы ретінде мынандай ертегілер жинағын ұсынамын.
Шалқан
Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды.
Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта да алмайды.
Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суырып шығара алмайды.
Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етег інен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары жұлқиды, бері жұлқиды. Шалқан шықпайды.
Мысық болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры шалқанды суырып шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |