Ек қаз,бір бақа.
Ертеде бiр бақа болыпты. Ол батпақта тұрыпты.
Бiр күнi ол өзен жағасында отырды. Бiр кезде жағаға үйректер қонды.
– Жол алыс, – дедi бiр үйрек. – Тез тамақ жеңдер, сосын ұшамыз.
Бұны бақа естiдi..
– Кешiрiңiз, қайда ұшасыздар? – дедi бақа.
– Оңтүстiкке ұшамыз, – дедi бiр үйрек.
– Оңтүстiк жылы ма?
– Иә, жылы.
– Онда маса, шiркей көп пе?
– Иә, көп, – дедi үйрек.
– Онда менi ала кетiңдер.
– Сенiң қанатың жоқ, қалай ұшасың?
– Бiлмеймiн, бiрақ тұра тұрыңдар, мен ойланайын, – дедi бақа..
Бақа бiраз ойланды, сосын::
– Таптым, таптым, – деп айқайлады. – Екi үйрек таяқтың екi ұшынан тiстейдi, мен ортасынан тiстеймiн. Бiрақ сендер қаңқылдамаңдар, мен бақылдамаймын.
– Жарайды, – дедi үйрек.
Сөйтiп олар ұшты. Екi жақта екi үйрек, ортасында бақа.
Бұл қызық көрiнiс болды.
Бұны балалар көрдi.
– Бақаны қараңдар, бақаны қараңдар! – деп айқайлады балалар. – Қызық-ай, бақа ұшып бара жатыр.
Бақа мақтанып кеттi.
– Бұны мен ойлап таптым, мен, – дегенде бақа шалшыққа құлап түстi.
Достарыңызбен бөлісу: |