Күні:21.09.2020ж
Білім саласы: Қатынас.
Сабақ түрі: Ертегілер әлемінде.
Тақырыбы: «Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін....»
Мақсаты:Ертегіні зейін қойып тыңдай білуге, әртістік қабілетін дамыту.
Ертегінің желісі бойынша сұрақтарға жауап бере білуге,қысқаша мазмұндауға үйрету.Олардың дауысын салып қызыға ойнау дағдыларын қалыптастыру.Бір-бірлерін сыйлауға,көмектесуге,адамгершілік қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: аңқау, қорқақ, қу, ашулы.
Қостілдік компоненті:ертегі – сказка.
Қызмет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушы
|
Шаттық шеңбері.
- Балалар ертегілер еліне енеміз.
- Балалар сендер басқа қандай ертегі білесіңдер?
|
Тәрбиешінің айтқандарын тыңдай отырып, таныс ертегілердің кейіпкерлерін атайды.
|
Іздену-ұйымдастырушы
|
Тәрбиеші:
- Бүгінгі сендермен танысатынымыз “Бауырсақ” ертегісі. Ертегіні оқып отырып, балаларға түсіндіру.
- Балалар, осы “Бауырсақ” ертегісінде қандай кейіпкерлер бар?
-Ертегі не жайында екен?
-Бауырсақты кім пісіреді?
-Бауырсақ қандай әрекет жасады?
-Оның бұл ісі дұрыс па?
-Ол жолда кімдерге кез болады?
-Түлкі бауырсақты қалай жеп қояды?
-Балалар сендер басқа қандай ертегі білесіңдер?
Сергіту сәті:
Дидактикалық ойын
Ойынның шарты: үстел үстіндегі суреттер бойынша осы ертегідегі кейіпкерлерді құрастыру.
|
Ертегіні тыңдай отырып ертегі мазмұнына сәйкес жауап береді, ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін талқылайды.
Балалар жауабы: бауырсақ, ата, әже, қоян, аю, қасқыр, түлкі.
Балалардың жауабы: Ата-әжесінен қашып кетті.
Жаңа сөздердің мәнін түсініп естерінде сақтайды.
Әуенмен бауырсақты айналып билеу.
|
Рефлексивті-коррекциялаушы
|
Қорытынды. Балаларды мадақтау.
-Балалар, сендер де осы бауырсақтың ісін қайталамау үшін қандай
болуларың керек?
|
Балалардың жауабы:
- Ақылды болуымыз керек.
|
Достарыңызбен бөлісу: |