Ертеѕіѕ їшін аянба, ерім



бет235/351
Дата06.02.2022
өлшемі4,15 Mb.
#39125
түріБағдарламасы
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   351
Құрал-жабдықтар. Сізге керегі – монтаждауға арналған құрал-саймандар мен материалдар. Құрал-саймандардың бірінші тобы – бұл электр құралдары: перфоратор, штробкескіш, алмаз дискілерінің жиынтығы. Екінші тобы – тоңазытқыш құралы және тоңазытқыш контурын жұмысқа қосуға арналған жабдықтар. Үшінші тобы - құбырлық құралдар: құбыркескіш, вальцовкалар, шабровкалар. Төртінші тобы – жалғауға арналған жабдықтар.

  • Технология. Кондиционерді орнату үшін не істеу керек? Алдымен кондиционердің ішкі және сыртқы блоктарын орналастыратын жерді таңдау қажет. Кондиционерді бос қабырғаға орналастырған жөн, сонда ауа бөлме ішінде біркелкі таралады.

    Келесі кезең – кондиционердің ішкі және сыртқы блоктарын байланыстырушы құбырлар үшін қабырғаға тесік жасау. Кейде коммуникацияларды қабырға ішіне жібере алмаған жағдайда, оларды арнайы пластик қорапқа салып, қабырғаға жапсырып қояды.
    Кондиционерді орнатуға байланысты тағы бір айта кететін жайт – жиналып қалған суды шығаруға арналған дренаж жабдығы. Дренажды шланг басқа коммуникациялармен бірге монтажды қорапқа салынып, сыртқа шығарылады. Сонымен қатар, кондиционерді орнату үшін оған бөлек тоқ сұққыш жабдық керек және де электрқалқанға жеке автомат жасаған дұрыс.
    Сервистік қызмет қосымша табыс түсіре алады. Сервистік қызмет көрсету келісім-шартын бірнеше жылға жасауға болады, себебі кондиционерді, әдетте, жылына екі рет тексереді.
    Біраз уақыт өткеннен кейін, бизнес табыс әкеле бастаған кезде кондиционерлерді сатумен айналысуға да болады. Не болмаса инженерлік жүйелер күтімімен айналысуға болады. Мұндай бизнес өте табысты, кәсіпкер тапсырыстарды жыл бойы ала алады. Кондиционерлерді орнату бизнесі компанияның одан әрі басқа да салаларда дамуы мен өсуіне мүмкіндік береді.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   351




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет