Маркетинг және өткізу. Жарнамаға ерекше көңіл бөлу керек. Алғашқы кезеңде жеке клиенттермен жұмыс жасайтындықтан жарнама оларды тарту үшін қолданылады. Сіздің кондиционерлер сататын, алайда орнату жағынан қызмет көрсетпейтін дүкендермен келіскеніңіз тиімді болады. Белгілі бір көлемдегі төлем үшін дүкендердің тапсырыстарды сізге беріп тұруы жөнінде келісіп алған да жөн. Сауда нүктелері қаншалықты көп болса, тапсырыстардың саны да соғұрлым артады. Баспада шыққан жарнама аз да болса өз көмегін тигізеді. Аймақтарда кейбір компаниялар өздерін теледидар арқылы жарнамалайды. Сонымен қатар Интернет арқылы, жеке интернет-сайт немесе блог ашып, клиенттерді тартуға да болады. Жарнамалық мәтін жазу барысында бәсекелестерде жоқ қызмет түрін жазуыңызға болады. «Арзан және тез» деген сөздер клиенттерді жалықтырды, сондықтан жарнаманың мәтінін құрастыру барысында оған үлкен мән беріңіз.
Болжамды есептеулер. Шығыстар:
Монтажға арналған құрал-саймандар– 200 000 теңгеден жоғары.
Жарнама – 3 000 теңге.
Басқа да қажетті материалдар – 40 000-50 000 теңге.
Барлығы: 250 000 теңге.
6.2. Табыс: Бір кондиционерді орнату (монтаж) 15 000 теңгеден жоғары, жұмыс көлемі мен қабатқа байланысты. Уақыт бойынша 2-3 сағат алады, яғни күніне 2-3 кондиционер орнатуға болады. Күн сайын 30 000-45 000 теңге таба аласыз. Бір айдан кейін-ақ сіз шығыстарыңызды ақтайсыз.
Пайдалы сілтемелер: