8. Пайдалы сілтемелер: http://www.bi-plan.ru/catalog/uslugi/biznes_plan_detskogo_sada/ http://www.slotos.ru/detskij_sad.html http://www.e-ideas.ru/idea-258.html Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «жеке меншік балабақша» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
22. Науқас, қарт адамдарға көмектесу және оларға қарау
1. Жалпы ақпарат.Бүгінгі күні адамдар арасында жұмыс істеп жүріп, үнемі күтім мен қамқорлықты қажет ететін жақын адамдарына қарап қиналып жүргендер өте көп. Науқастар мен қарт адамдарға қарау олардың тыныштығын сақтау мен жақсы күтім көрсетуден тұрады. Отбасы қарт әрі науқас адамға өздері қарайды немесе үйге келіп тұратын адамдардың көмегін пайдаланады; әдетте мұндай күтім үйде жасалады. Науқас және қарт адамдарға көмек көрсету бойынша қызметтер қазіргі кезде жеткілікті түрде дамымаған. Сондықтан да мұндай істі ұйымдастыру өте жақсы бизнес болып табылады.
Басқа адамның көмегін қажет ететін, науқас қарт адамдарды күту үшін клиентпен жазбаша келісім-шарт жасасу керек, онда қызметті жүзеге асырудағы барлық мәселелер қаралуы тиіс. 2. Ғимарат.Бизнестің бұл түрі үшін арнайы ғимарат жалдаудың қажеті жоқ. Бұл қызмет толығымен клиенттің үйінде жүзеге асырылады. Ал мүмкіндік болып жатса, онда қарт адамдарға қамқорлық көрсететін шағын пансионат ашуға болады.