5. Болжамды есептеулер. 5.1. Шығыстар: Құрылғылары – 1 000 теңге.
5.2. Табыс: Сыпыртқы сату 1 тал - 250 теңге. 20 тал дайындасаңыз, сіз 5 000 теңге мөлшерінде пайда табасыз.
6. Пайдалы сілтемелер: http://vry.narod.ru/za.htm http://www.mukhin.ru/stroysovet/bani1/5_03.html http://www.hobiz.ru/ideas/medic/venik/ Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «монша», «сауна» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
5. Шөп әзірлеу мен оны сату
1. Жалпы ақпарат.Шөп – жануар тектілердің негізгі азығы. Ірі қара мал, қой мен жылқы үшін белгілі бір мерзім аралығында күнделікті пайдаланатын басты азық. Малға берілетін ең жақсы шөп – жайлау мен даланың түрлі шөптері. Алайда қазіргі уақытта шөпті көпжылдық дәнді және бұршақ дақылды шөптерден (сулыбас, жоңышқа, костер, клевер) дайындайды. Бұршақ дақылды шөптертің кальциі, дәнді дақылдылардың – фосфоры көп, сондықтан шөптің екі түрі де малға пайдалы. Әсіресе дәнді дақылды шөп жалпы азық көлемінің 70-75%-ын құрауы керек. Жоғары сапалы шөптің ылғалдығы 15%-ды құрап, жасыл түсті және жағымды иісті болады.
Жақсы шөп қыс мезгілінде дәрумендер, минералды заттар мен протеин көзі болып табылады. Шөптің құнарлылығы өсімдіктің ботаникалық құрамына, оны жинаудың мезгілі мен әдісіне, кептіру ұзақтығына байланысты.