Ерубаева Жансая 1-4 сынып оқушыларына оқУ Үрдісінде дидактикалық ойындарды пайдаланудың жолдары


-4 сынып оқушыларына сабақ түсіндіруде қолданылатын ойын түрлері



бет8/27
Дата05.05.2020
өлшемі1,55 Mb.
#65888
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Байланысты:
Ерубаева Жансая

1.21-4 сынып оқушыларына сабақ түсіндіруде қолданылатын ойын түрлері

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланылатын: ойын – сабақ, ойын – жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, дидактикалық ойындар т.б. Бұндай ойындар оқушыны жан – жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.

Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар сабақ мазмұнына аса назар аударып, тез қабылдап, ұғып алады.

С.А.Шмаковтың анықтауы бойынша ойын төрт түрлі қырымен сипатталады:

- еркін дамытушы іс-әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже үшін емес, баланың қанағаттануына байланысты.

- әрекеттің эмоционалды жағынан көтеріңкі болуы, яғни жарыстық орын алуы.

- ойынның мазмұнын сипаттайтын қағидалар.

Бастауыш сынып оқушылары еліктегіш, жаңаны жаны сүйгіш келеді. Сондықтан мұғалім сабақ барысында ойын түрлерін пайдалана отырса, оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана білу мен ізденімпаздық дағдылары жетіле түседі.

Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олар ойынға өте ынталы келеді. Ойын барысында балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам, дәл орындауға тырысады.

Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық “деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа” деген принципті негізге ала отырып, бірте – бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Мүмкіншілігіне қарай, әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып сабақ жүргізу, мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.

Ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушылардыөздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.

Оқу процесінде ойын түрлерін пайдалану – бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай – ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.

Ойынның міндеті баланың қызығуын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.

Ойын үстінде бала сұранысы мен мұғалімнің тапсырмасы өзара ұштасады. Балалардың сабаққа ынта – ықыласы артады. “Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, қиялсыз толық мәндегі ақыл – ой оқусі деген болмайды” деп атақты педагог Сухомлинский ойынға ерекше мән берген. Ойынның ой дамытатынын ескере отырып, сабақтың мақсаты мен мазмұнына қарай ойын түрін іріктеп, оны жүргізе білу мұғалімнен асқан шеберлікті қажет етеді. Ойынның түрі де көп, оны сабақтың барлық типтерінде ойнатуға болады. Осыған байланысты білім беру барысында оқыту әдісін пайдаланып, оқушылардың өздігінен жұмыс істеу қабілетін арттыру үшін аса тиімді жолдарын іздеу, соның нәтижесінде оқушылардың ойлау, ой қорытындысын шығара білу қабілетін дамытуға басты назар аударған жөн.Қызықты ойын түрлерінен кейін, олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойын арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі, ойлау қабілеттері дамиды. Ойын үстінде балалардың бойындағы барлық дерлік, психологиялық процестері, сезімдері, ерік – жігер қасиеттері шыңдалады, мінез – құлқы айқындалады, оқу – оқу ісін жүргізудің, тиімді - тәсілдерін қолдану мүмкіндіктері туады. Бала өзіне жаңалық болып көрінген әр қилы нәрселерге еліктегіш келеді. Осы қасиетімен бойындағы сезім мен қабілет ерекшеліктерін аңғартады. Балалардың мінезінің ұнамсыз жақтары да байқалады. Ойнағанда қойылатын үлгі ретінде ұсынған бастауыш сыныптарда оқытылатын математика сабағы олармен қоса мынадай аса маңызды міндеттерді шешеді:

1. Балалардың айналадағы дүние, адам, табиғат және қоғам туралы алатын нақты білімдерін байыту.

2. Логикалық және бейнелі ойлауды жетілдіру.

3. Сабаққа және білім көзі – кітапқа деген ынта – ықыласын дамыту.

Сабақ материалына лайықтаған ойынды алып, тек қана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз.

Ойын үстінде баланың сана – сезімі, еркі, өзін -өзі бақылауы, өзінің іс - әрекетімен салыстыру қасиеттері жетіледі. Сондай – ақ зейін, ес, қиял сияқты психикалық процестері қалыптасып, сөйлеу тілі дамиды.

Сабақ үстінде жүргізілген жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта – ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, мұғалім сабағын баланың қабілет – қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.

Егер мұғалім ойынды сабақтың басында қолданатын болса, онда ойын мақсаты оқушылардың ойын бір жерге жинақтау, жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру, сондай – ақ олардың белсенділігімен қабілетін арттыру. Егер ойын сабақтың ортасында қолданылатын болса, онда мұғалімнің мақсаты – оқушылардың шаршап – шалдығуына жол бермеу, көңіл күйлерін көтеру, олардың шаршағанын ұмыттырып, білуге деген ынтасын үстемелеу болуға тиіс.

Ойын сабақтың соңында оқушылардың алған білімін тиянақтау ретінде де пайдаланылады. Ойын элементтері сабақты түрлендіріп, мазмұнын кеңейте түседі.

Көптеген ойын түрлері балалар денесін шынықтырып жылдамдығын арттыруға, мергенділікке, қырағылыққа, тапқырлыққа, табиғатпен сырласуға шақырады. Икемділік, сергектілік, күш – қабілетін толықтыратын болса, мақал – мәтелдер, викториналық сұрақтар мен жұмбақтар шешу ой сергітіп, білімін байыта түсуге септігін тигізеді. Ең бастысы ойынды мазмұнды, қызықты ету, ой – санаға лайықты ету – ойыншының өз қолында.

Ойынның оқыту процесіндегі ерекше рөлі ерте кезден белгілі. Ұлы педагогтар мен ғалымдар баланы оқулеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған және өз жұмыстарында тиімді пайдалана білген. Ойын кезінде адамның толық және ойламаған жерден қабілеті ашылады.

Бала өмірге келе салысымен ойын арқылы өзін қоршаған ортамен, табиғатпен танысады және сол арқылы дамиды, өседі. Шетел тілі сабақтарында оқушының ақыл – ойын, танымдық процестерін жетілдіру және сабаққа деген қызығуын арттыруда ойынның рөлі зор. Ол сабақтың сапасын арттырады және оқушылардың белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады.

Ойын кезінде барлық оқушы бірдей, өйткені, барлығы да не істесем, қалай айтсам жеңемін, қалай нәтижеге жетемін деген мақсатта жұмыс істейді. Тақырыпты білмей отырған оқушының ойын кезінде қорқынышы, ұялшақтығы жойылып, басқа балалармен бірге бір деңгейде жұмыс істей алады. Тез тілдік материал жатталады, ол оқушы өзінің басқалармен бірге сабаққа қатысқанына көңілі толып отырады.

Балалармен әр түрлі ойындар ойнауға болады. Кейбір ойындар тілді жаттықтыру үшін қолданылады, ал енді біреуі арнайы бір жағдаятқа негізделіп келеді және ол бір драмалық шығармаға ұқсайды, өйткені, оның өзінің ой желісі, соған қатысты кейіпкерлері болады. Егер жағдаят балалардың өмірімен байланысты болса, онда олардың қызығуы артады, бір – бірімен сайысқа түсіп эмоционалдық көңіл күйге жағдай туады. Ойын кезінде белгілі бір нәтижеге жету үшін оқушылар тек қана сөзді ғана қолданып қоймай, сонымен қатар мимика, жест түрлерін де қолдана алады.

Ойын барысында орындалатын дидактикалық материалдар оқушыларға ыңғайлы, түсінікті болса, ойын нәтижелі болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет