Есебі тақырыбы: «Сүрленген шошқа етін орау, белгілеу, тасымалдау және сақтау» Орындаған



бет5/6
Дата06.02.2022
өлшемі87,51 Kb.
#79359
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
САБЫР ГҮЛСЕЗІМ ОТЧЕТпрактика

Қорытынды

Шошқа шаруашылығы
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика қалыптасқан жағдайда еліміздің егемендігін қамтамасыз етудің басты мәселелерінің бірі-жеткілікті азық-түлік қорын құру болып табылады. Осы аса маңызды бағытқа негізгі күш-жігерді шоғырландыру қазіргі кезеңнің бірінші дәрежелі міндеті болып саналады.
Республикада азық-түлік проблемасын шешуде шошқа шаруашылығының алатын орны ерекше. Бұл еліміздің ет қорын жедел түрде толықтыруға мүмкіндік беретін мал шаруашылығының айрықша саласы.
Шошқа шаруашылығы дегеніміз-бұл елімізде ет қорын жедел толықтыра алатын мал шаруашылығының тез жетілетін саласы. Шошқа шаруашылығының шоғырлануы және оның өнеркәсіптік негізге көшірілуі шошқа етін өндірудің іс жүзіндегі бүкіл технологиясын қамтитын салаларды басқарудың бірқатар мәселелерін ғылыми тұрғыда жетілдіріп, өндірістік сынақтан өткізуді талап етті.
Өндіріс типті ірі шаруашылықтарда шошқа етін өндірудің осы заманғы технологиясы өндірістің тасқындылығы және ырғақтылығымен, барлық цехтар және звенолардың өзара байланыстылығымен, көп еңбек сіңіруді қажет ететін процесстерді жоғары дәрежеде механикаландыру және автоматтандырумен, табындарды стандарттап, біртектестендірумен сипатталады. Басқа үй малдарымен салыстырғанда шошқа буаздық кезеңінің қысқалығымен, көптөлділігімен, шап-шаң өсетіндігімен ерекшеленеді. Олардың тірілей салмағын арттыруға азық аз жұмсалады, сондай-ақ шошқа етін өндіруге көп еңбек жұмсалмайды. Қазіргі уақытта шошқа шаруашылығындағы етті бағыттағы анықтауға үлкен ғылыми өндірістік жұмыс жүргізілуде.
Шошқа шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40-ға жуығын береді, қазір оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда күй талғамайтындықтан және тез өсіп-өнетіндіктен бұл шаруашылықадамдар тығыз қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдыменғ Қытайға келді. Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы дамыған. Шошқа шаруашылығы-үй хайуанаттарының негізгі саласы. Шошқаның еті, майы тағам ретінде кеңінен пайдаланылады. Сонымен бірге терісі, басқа да өнімдері, халық қажетіне жаратылады. Шошқаның арғы тегі-доңыз. Қазақстанда жабайы қабан мен ақ шошқа мегежіндерін ұрықтандыру арқылы шошқаның етті-майлы жетісу шошқа қолтұқымы шығарылады. Ол еліміздің оітүстік-шығыс аймақтарының табиғи жағдайларына бейімделген. Өсімтал және тіршілік етуге өте бейім қолтұқым.
Мегежіндердің өнімділігі мына көрсеткіштер бойынша анықталады: көптөлділік, төлдің ірілігі, сүттілігі, үйшіктегі теңгермелік, енесінен айыру қарсаңындағы торайлардың тірілей салмағы. Көптөлділік туған кездегі тірі торайлар санымен анықталады. Шошқалардың көп төл бере алу шамасын анықтаған кезде үйшіктегі өлі торайлардың саны да ескеріледі. Мегежіннің орташа көптөлділігін анықтау үшін барлық торайлаулар санына бөледі.
Шошқа етін қалыпты жағдайда өндірген кезде барлық ақшалай шығынның 55% торайларды бордақылауға дейін өсіруге 45% оларды одан әрі бордақылауға жұмсалады деп есептеледі. 2-ден 4 айлыққа дейінгі торайлардың сүйек және бұлшықет ұлпалары қарқынды өседі, асқорыту мүшелері күшті дамиды, зат және энергия алмасуы қарқынды жүреді. Рациондарды кенеулігі бойынша теңестірген кезде қазіргі кезде азықтандыру нормасын басшылыққа алады. Ірі шошқа шаруашылық кешендерінде енесінен айырған торайларды полирациондық құрама жеммен жемдейді.
Шошқаларды бордақылау дегеніміз - бұл шошқа шаруашылығындағы соңғы операция. Бордақылаудың табысты болуына мына факторлар әсер етеді: бордақылау технологиясы, жемдеу деңгейі мен теңгермелік, жасы, қол тұқымы т.б. Шошқаларды бордақылау іс жүзінде барлық категориялардағы шаруашылықтарда өткізіледі.
Қазақстанда шошқа шаруашылығымен 15 облыс айналысады. Өсірілетін 13 тұқымның інінде ең көп үлес ірі ақ тұқымға тиеді, ал отандық селекционерлер шығарған жетісу тұқымы-4,5, ақсайдың қара-ала шошқасының тұқымды тобы-0,7% құрайды. Қалған тұқымдарының саны аз және олар негізінен өндірістік будандастыруда пайдаланылады.
Шошқа шаруашылығы республикамызда азық-түлік жоспарын шешуде өте маңызды рөл атқарады. Осы міндеттерді шешуде және халықты етпен қамтамасыз ету мәселесін шешу барысында, мал шаруашылығының ең тез жетілетін саласы ретінде шошқа өсірудің маңызы зор.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет