Есэдо го (версия 23. 0) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


III. ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫҒАН ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ ЭКОНОМИКА



бет10/18
Дата27.02.2020
өлшемі3,04 Mb.
#58698
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

III. ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫҒАН ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ ЭКОНОМИКА




  1. Шикізат менталитетінен шегіну және экономиканы әртараптандыру


  • Білім экономикасы

Білім экономикасы – инновациялық экономика дамуының жоғарғы кезеңі және оның дамуының негізгі факторлары білім мен адам капиталы болып табылада. Осындай экономиканың даму процесі адам капиталы сапасын жоғарлатуда, өмір сапасын жоғарлату, жоғары технология білімін, инновацияларды және жоғары сапалы қызметті шығаруда болып табылады. Бұл ретте әлеуметтік капиталдың жоғары дәрежелі дамуы қатар қажет.

Қазіргі күні «білім экономикасын» қалыптастыру мақсатында елде бірнеше «даму нүктелері», инновациялық даму орталықтары қалыптастырылуда:



  1. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері құрылуда.Инновациялық технологиялар паркінің негізгі мақсаты - 4.0 индустриясы, смарт-сити, интелектуалды жүйелер, жаңа материалдар мен аддитивті технологиялар, цифрлік қаржы технологиялары бағыттарында құзырет орталықтары бар технологиялық кластерлер жүйесін қалыптастыру болып табылады. Бұл орталықтар жаңа технологиялар иелері – ұлтаралық компаниялармен серіктестікте құралады.

2018 жылдан бастап, ҰАК бірлесе 3 Технологияларды дамыту орталықтары құрылды:

  • IntelliSense.io ҰАК (Ұлыбритания) бірлесе «Индустрия 4.0» орталығы;

–ТНК «Metalysis» ҰАК (Ұлыбритания) бірлесе жаңа материалдар мен аддитивті технологиялар орталығы;

–EcoDomus ҰАК (АҚШ) бірлесе « BIM+ лабораториясы».

Құзырет орталықтарының негізгі мақсаты – озат технологиялардың трансферлеу мен бейімдеу және жоғары технологиялық кластерді құру үшін меншікті технологиялық құзыреттері дамыту.


  1. Жаңа инновациялық компаниялардың шектік массасын құру мақсатында «Астана хаб»халықаралықIT-стартаптар технопаркі қалыптастырылуда.

Осыған байланысты, «Астана хаб» халықаралық технопаркінде барлық қолайлы жағдайлар жасалған – инновациялық компанияларға жеңілдікті салықтық, визалық және еңбек тәртіптері. Әртүрлі қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдары бар – инкубация, акселерация, экспортқа шығу қолдаулары, инвестерлері іздеу. Қазіргі мезетте 117 IT-компания (резидент) тіркелген. Астана хабта шетелдік және отандық жоғары технолгиялық компаниялардың 16 R&D орталықтары ашылған.

3. Нұр-Сұлтан қ. экожүйесіне 8 мектеп (446 профессор и 4600 студент), 2 зерттеу орталығы, технопарк, коммерциялау офисі, бизнес-инкубатор мен бизнес-акселератор кіретін Назарбаев Университетінің инновациялық кластері құрылуда.

50 астам стартап жобалары инкубация мен акселерацияның толық циклдерін өтті. Коммерциялау жағынан роботты техника, IT, биомедицина, энергетикалық тиімділік және жаңа материалдар саласындағы профессорлар, оқытушылар мен зерттеушілердің 25 жобасы қаржыландырылған.


  • Цифрландыру

Цифрлік технологияларды енгізу құқықтық реттеуді тек ақпараттандыру саласындағы заңнаманы уақтылы бейімдеу көзқарасында ғана емес, сонымен қатар цифрлік технологиялармен өзара қатынас кезінде пайда болатын қоғамдық қарым-қатынастарды қорғау үшін де талап етеді.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының «Цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленетін болады.

Заң жобасы цифрлік технологияларды енгізу кезінде қоғамдық қатынасқа әсер ететін жеке заңдардың ережелерін жетілдіруді ұсынады.

Заң жобасы блокчейн технологиясы, роботтау мен ұшқышсыз көлікті пайдаланумен, биометриялық түпнұсқаландырумен, оның ішінде клиенттерді қашықта сәйкестендіру, үлкен деректер, реттеуші құмсалғыш, Yellow Pages Rules бәсекелестік ортаны дамыту үшін құқықтық негізді қалау, елдің инновациялық дамуы саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыруға байланысты қоғамдық қатынастары реттейді.



  • 2020-2025 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

2010 жылдан бастап Қазақстанда жоғарры өндірістік және экспортқа бағытталған өндеу өнеркәсібін құруға бағытталған жаңа индустриалды саясат кезеңімен іске асырылуда.

Еңбек өнімділігін арттыру және қосылған құны жоғары экспортқа бағытталған тауарлар мен қызметттердің өндіруін өсіру жолдары арқылы жететін өндеу өнеркәсібінің тұрақты өсуі мен бәсекестілігі индустриалдандырудың екі бесжылдығы бойындағы негізгі түрткі болып табылады.

Тиісті вектор келесі жылдан басталатын индустриалды саясаттың үшінші кезеңінің аясында да сақтарлатын болады.

Үшінші бесжылдықтың мақсаты ретінде өндеу өндірісінің халықаралық бәсекелестігін ынталандыруды анықтау ұсынылады.

Осы мақсатқа жету үшін 2025 жылға таман келесі индикаторға жету қажет:

1) 2016 жылғы өндеу өндірісінің өнімділігінің деңгейінің 1,7 есе нақты өсуі;

2) 2016 жылғы өндеу өндірісінің экспорты көлемі деңгейінің 2,3 есе өсуі;

3) 2016 жылғы өндеу өндірісінің негізгі капиталына инвестиция деңгейінің 2 есе өсуі;

4) 2016 жылғы өндеу өндірісінің қолданыстағы өнеркәсіптер санын 1000, экономикалық белсенді халықтың санын 1,6 есе өсіру;

5) Экономикалық күрделілігі индексін (Гарвард) кері деңгейден (-0,37) оң дейгейге өткенде дейін жоғарлату.

Мемлекеттік ынталандыру шаралары Бағдарламаның мақсаттары мен тапсырмаларына сәйкес құрастырылатын болады және бәкеселестік басымдылықты және индустриалдық-инновациялық қызметтегі субъектілердің экспорттық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған.

Бұл шаралар:

- техникалық реттеу, метрология және стандарттау;

- өндеу секторының инвестициялық климатын жақсартуға;

- экспортты қолдау және ілгері бастыртуға;

- технологиялар мен иннованиялардың дамуына;

- өндірістік және цифрлік инфрақұрылымды дамытуға;

- сауда-өндірістік және интеграциялық саясатты;

- ішкі нарықты дамытуға;

- кадрлерді дайындауға бағытталатын болады.



2020-2025 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы негізгі тәсілдемелері

Қазіргі күні бизнес үшін жалғыз ынталандырма мемлекет тарапының көмекқаржы және басқа мемлекеттік шаралар болып табылады.



Жаңа реалияларды ескере отырып, біз қолдаудан ынталандыруға көше отырып, сапалы дамуды қамтамасыз ететін экономикалық саясатты қайта ретке келтірудің өте жақсы мүмкіндігіне иеміз (1-кесте).
1-кесте. «Қолдау» жүйесінен «Ынталандыру» жүйесіне көшу




ҚОЛДАУ




ЫНТАЛАНДЫРУ

Анықтама

Кәсіпорындардың қазіргі даму деңгейін сақтауға жәрдемдесу

Дамудың жаңа сатысына шығу үшін өнеркәсіптерді қысқа мерзімді шығыстар қабылдауға ынталандыру

Бағыттар

Жеңілдікті несие, өнімдерді сатып алу, дотация және т.б..

Жеңілдіктер мен жылжыту шараларын дамуға дербес қаражат бөлуге алмастыру

Беру тәсілі

Мәлімдеушілік сипат

(Біріншісі келіп-бірінші алу)

Байқаулық сипат

Міндеттер

Жоқ

Қарсы міндеттер қабылдауға дайындық

Тиімділік индикаторы

Сандық көрсеткіштер

(бөлінген және игерілген қаржыландыру қаражаты)

Сапалық көрсеткіштер

(экспортқа нақты шығу,жаңа тауарларды шығаруды бастау)

Нәтиже

Бейуәжді өнеркәсіп

Дамуға уәждемелі өнеркәсіп

ИИДМБ 3.0 жобасы жаңашылдықтарының бірі қуаттарды сандық өсірудік фокусін сапалық дамуға өзгерту болады, бұл болашақта өңдеуші өнеркіәсіптегі бәсекелестік артықшылықтардың орнықты дамуы үшін жүйелі жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. Осылайша, Қазақстан «өсу» жүйесінен «даму» жүйесіне көшеді.

Сонымен бірге, кәсіпорындарды іріктеудің мәлімдеушілік принциптерінен ынталандырудың конкурстық принципіне көші көзделген.

Кәсіпорындардың мемлекеттік ынталандыру шараларына жауап ретінде ыңғайласпа міндеттемелер қабылдауы және орындауы талаптары енгізіледі.

Мемлекеттік ынталандырудың жүйелі шаралары кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекелестік артықшылықтарын тұрақты дамутға бағытталатын болады.

Сондай-ақ экспортшылардың 4 тобы үшін ынталандырудың пакеттік принципі қарастырылған: әлеуметтік, жаңадан бастаушы, жұмыс істеуші және белсенді. Яғни, мысалға әлі экспорттық тәжірибесі жоқ әлеуетті экспортшылар үшін шетелдік нарықтардағы ақпаратты іздеу бойынша консультациялық қызмет көрсету және қолда бар қолдау шаралары туралы ақпарат беру жоспарлануда. Белсенді экспортшылар үшін олардың көлік шығыстарын өтеу, өңірлік брендтерді дамыту көзделуде. Бұл ретте әрбір кезеңде оқыту өткізілетін болады.

Үшінші бесжылдық мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ынталандыру шаралары

Бағдарлама шеңберінде қаржыландырудың келесі принциптері ескерілетін болады:

1) тиісті талдау мен бағалау жүргізу қорытындылары бойынша алынған нәтижелер негізінде қолдаудың тиімсіз және сұранысқа ие емес шараларын оңтайландыру;

2) мемлекеттік және квазимемлекеттік кәсіпорындар үшін бюджеттік қаржыландыруды азайту;

3) нарықтық бағаларды бұрмалайтын және жекеше сектордың дамуына теріс ықпал ететін қолдау бағдарламаларын қаржыландыруды қысқарту;

4) мемлекеттік қаражаттан қаржыландыру кезінде жекеше сектор қоса қаржыландыратын жобаларды басымырақ қолдау.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген мемлекеттік ынталандырудың барлық шараларын қолдану практикасы жалғаса береді.

Индустриялық саясат жүргізудің отандық және халықаралық тәжірибесін ескере отырып, ынталандыру құралдарын ағымдағы қаржыландыру жүйесін жетілдіру бөлігінде кеңейтуге болады.

Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын тікелей ынталандыру кәсіпорынның бастаушыдан табыстыға дейінгі барлық кезеңдерінде жүзеге асырылатын болады.

Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру жүйесінде қолдаушы шаралардын ынталандырушы шараларға көшу жүзеге асырылатын болады,

Мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде ресурстарды халықаралық бәсекегеқабілеттілік көзқарасы тұрғысынан барынша перспективалы тауарларға шоғырландыру мақсатында кәсіпорынның толысу деңгейіне қарай кәсіпорындарды іріктеудің теңгермелі (мәлімдеуші немесе конкурстық) принципі сақталатын болады.

Тікелей ынталандыру шаралары кәсіпорындардың төрт мақсаттық топтарына қолданылатын болады – «Жаңа индустриялық ойыншылар», «Берік тыл», «Өсу драйверлері» және «Ауырлық орталықтары».

Аталған мақсатты топтардың әрбірін ынталандыру Бағдарламаның маңызды міндеттерін шешуге бағытталатын болады. Топтың әрқайсысына қойылатын кәсіпорындарды іріктеу критерийлерін индустриялық даму саласындағы уәкілетті орган оларды ынталандыру мақсаттарына орай айқындайтын болады.

Тікелей мемлекеттік ынталандыру, соның ішінде Кәсіпкерлік кодексте көзделген шараларын көрсетудің маңызды шарты кәсіпорындар тарапынан оларды ынталандыру мақсаттарына орай ыңғайласпа міндеттемелер қабылдауы болып табылады.

Кәсіпорындардың мақсатты топтарының әрқайсысы үшін ыңғайласпа міндеттемелердің тізбесін индустриялық даму саласындағы уәкілетті орган айқындаған.

Сондай-ақ кәсіпорындар тарапынан міндеттемелерді сапалы және/немесе уақтылы орындамағаны үшін жауапкершілік (қаражатты кері қайтару, өтемақы, айыппұлдар, үстеме төлемдер) енгізу қарастырылатын болады. Бұл мемлекеттік ресурстарды дұрыс пайдаланудан қашуға, мемлекеттік ынталандырудың тиімділігін арттыруға және одан әрі мониторингтеуге мүмкіндік береді.

Тараптардың өзара міндеттемелер мен кепілдіктер орнату және іске асыру кезіндегі өзара іс-қимылы, соның ішінде ынталандыру шараларын ұсыну «Берік тыл» және «Өсу драйвері» топтарының кәсіпорындары үшін индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган тұлғасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағыхалықаралық бәсекегеқабілеттілікті арттыру туралы келісімдер шеңберінде реттелетін болады.

Өңдеу өнеркәсібінің «Берік тыл» және «Өсу драйвері» топтарына кіретін кәсіпорындары үшін жеке жасалатын келісімдер шеңберінде ыңғайласпа міндеттемеге жауап ретінде сатып алынатын шикізаттарды ішінара сиубсидиялау мүмкіндігі қаралатын болады.



ИИДМБ 3.0 жобасы Министрлік жанындағы жекеше кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес мүшелерімен келісілген.

Министрліктің қоғамдық кеңесінің ИИДМБ 3.0 жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобыныңкеңестері өткізілді.

Ашық НҚА интернет-порталында талқылау жүргізілді.

«Атамекен» ҰКП алаңшасында мүдделі мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен ИИДМБ 3.0 жобасын талқылау жөніндегі бірқатар кеңестер өткізілді.



Аталған кеңестерде сындарлы ескертулер мен ұсыныстар алынды, олар ИИДМБ 3.0 жобасының редакциясында міндетті түрде ескерілетін болады.

«Бизнес – мемлекет – бизнес» желісі бойынша өзара тиімді ынтымақтастық ағымдағы микро және макроэкономикалық кедергілерге көңіл бөлуге көмектеседі.

Одан әрі индустриялық-инновациялық саясатты жүргізу институционалдық жүйені келесі принциптерге сәйкес жетілдіруді талап етеді: нәтижелер үшін айқын жауапкершілік, жауапкершілікті айқын бөлу базасында бизнес пен жұртшылықтың күш-жігерін біріктіру, сондай-ақ қол жеткізуге құралдарды таңдаудағы белгілі бір еркіндікпен нәтижелерге көңіл бөлу. Сондай-ақ Бағдарламаның негізгі ережелері мен бастамаларын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында индустриялық саясаттың және кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдауды ұсыну мәселелерін қозғайтын заңнамалық және басқа да НҚА қолданыстағы жүйесі қайта қаралатын болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет