V. КҮШТІ АЙМАҚТАР, КҮШТІ ЕЛ
1. ЖАО жұмысының тиімділігін арттыру
- Пилоттық жобасы ретінде халықтың жергілікті билік жұмысының тиімділігін бағалау жүйесін енгізу
Жергілікті биліктің тұрғындармен жұмыс тиімділігін бағалау жүйесінің пилоттық жобасын енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында жыл соңына дейін пилоттық өңірлер мен бағалау әдістемесін анықтайтын жұмыс тобы құрылады.
Пилоттық жоба нәтижесі бойынша 2020 жылдың соңына дейін ҚР Президенті Әкімшілігіне жергілікті биліктің бүкіл еліміз бойынша жұмыс тиімділігін халықтың бағалауы енгізіледі.
2. Бюджетаралық қатынастар жүйесін реформалау
- Жергілікті бюджетті қалыптастыруға халықты шынайы жұмылдыру арқылы бюджет процесінің ұйымдастыруын қайта қарау
Халықты жергілікті бюджетті қалыптастыруға жұмылдыру тетігі «халық қатысатын бюджеттер» арқылы іске асырылады.
Ұлттық экономика министрлігі биыл Нұр-Сұлтан қаласында іске асырылған пилотты зерттедік.
«Халық қатысатын бюджеттерді» қалаларда 2020 жылдан бастап, қалалардағы аудандар деңгейінде енгізу ұсынылып отыр.
Осылайша, келесі жылы халықтың қатысуымен 55 бюджет енгізіледі (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды қалаларындағы аудандарда және облыстық маңызы бар қалаларда).
Жыл соңына дейін Жергілкті бюджеттер жобасын әзірлеу ережелеріне толықтырулар енгізіледі.
Ережелерде «халық қатысатын бюджеттерді» құрудың, халықтың ұсыныстар беру, дауыс беру және жобаларды іріктеуінің бірыңғай тәртібі белгіленеді.
«Халық қатысатын бюджеттер» арқылы бөлінетін шығын түрлері анықталады. Бұл негізінен абаттандыруға қатысты.
«Халық қатысатын бюджеттерге» бөлінетін бюджет қаражатының ең аз көлемін Министрлік белгілейді (мәселен, қалалардың, қалалардағы аудандардың бюджет шығындарының 1%-і).
«Халық қатысатын бюджеттерді» енгізу жергілікті биліктің жұртшылықпен өзара іс-қимылын күшейтіп, бюджет процесінің сапасы мен ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
Анықтама:Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде «халықтық қатысу бюджеті» жергілікті қоғамдастықтың жиындары мен жиналыстары арқылы іске асырылатын болады. Бұл жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті.
«Қатысу бюджетін» енгізу жергілікті биліктің жұртшылықпен өзара іс-қимылын күшейтеді және бюджет процесінің сапасы мен ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
- Бюджеттің 4-деңгейінің жергілікті кіріс көздерін ұлғайту бойынша ұсыныстарды дайындау
Қазіргі уақытта бюджеттің 4-деңгейінің жергілікті кіріс көздерін ұлғайту мақсатында талдау жүргізілуде.
Талдау қортындысы бойынша жыл соңына дейін мүдделі мемлекеттік органдар бюджеттің 4-деңгейіне беру үшін салық және төлемдер тізбесі белгіленеді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша ҚР Үкіметіне заңанамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша нақты ұсыныстар беріледі.
3. Басқарылмалы урбанизация және бірыңғай тұрғын үй саясаяты
- Қазақстан Республикасының заңнамасына ең ірі үш қала әкімшіліктерінің өкілеттерін, оның ішінде қала құрылысы саясаты, көлік инфрамқұрылымы, сәулет келбетін қалыптастыру салаларында кеңейтуді қарастыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізу
«Астана мәртебесі туралы» және «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңдарда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының әкімшіліктерінің өкілеттік шеңбері анықталған.
Атап айтқанда, «Астана мәртебесі туралы» Заң республика астанасының жұмыс істеуі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оның құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін анықтайды.
Осылай, Заңның 7-бабына сәйкес астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының республика астанасының міндетін жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша тапсырмалары:
1) астананың республиканың саяси, әкімшілік, мәдениет және экономикалық орталығы рөлін орындау үшін жағдай жасау;
2) дүниежүзінің басқа астаналары арасында астананың бәсекелестік мүмкіндіктерін жоғарлату, орнықты дамуы бар қала жасау;
3) астананы халықаралық қатынастар орталығы ретінде дамыту;
4) Президент, Парламент, Үкімет, Жоғарғы сот, басқа орталық мемлекеттік органдар, сонымен қатар шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктерінің жұмыс істеуіне жағдай жасау;
5) жалпымемлекеттік және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге жағдай жасау;
6) Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған бас өкілеттерді іске асыру бекітілген.
Осы арада, «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Алматының ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық ретіндегі ерекшеліктерін ескере отырып, Заң оның ерекше мәртебесін анықтайтын құқықтық негіздерін, қаржылық, экономикалық және әлеуметтік ынталандыруды орнату арқылы оның одан әрі даму кепілдігін заңдастырады.
Осылайша, заңнамада астана мен мемлекеттік маңызы бар қалалар қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздері реттелген.
2018 жылы мемлекеттік маңызы бар қала мәртебесі Шымкентке берілді.
Қазірде Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында халық саны 1 млн астам, Алматы қаласында 2 млн. адамнана астам.
Осыған байланысты, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, осы қалалар тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, дамыту қажеттілігін ескере отырып олардың өкілеттерін кеңейту мәселесі пысықталатын болады.
Басқа аймақтармен салықтырғанда қалаларға қосымша өкілеттер берілетін болады. Оның ішінде қала құрылысы саясаты, көлік инфрамқұрылымы, сәулет келбетін қалыптастыру салаларындағы өкілеттерді беру мәселелері бар.
Осы шаралар 2020 жыл бойында іске асырылатын (тиісті заң қабылдау арқылы) болады.
- Тұрғын үйге қол жетілімділікті арттыру
ЖҰЖ 76 тармағында:
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде елде:
тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша бағдарламаларға қатысу үшін нақты критерийлерін;
кезекте тұрған күнкөрісі төмен және көпбалалы жанұяларға тұрғын үй беру мәселесін 3 жыл ішінде шешуді;
мемлекеттік-жеке меншік серіктесті тетіктерін ескере отырып, жалдамалы тұрғын үй нарығын дамыту үшін жеке меншік бизнесті тарту бойынша шараларды;
аймақтарға тұрғын үй фондын жөндеу мен жаңартуға 2020-2021 жылдарға 30 млрд. тенгеден кем емес қаржылық несие бөлу тетігі бойынша шараларды;
«Бақытты Отбасы» бағдарламасын оның аясында 2019 жылы 6 мың, 2020-2023 ж.ж. 10 мыңға дейін көбейтіп тұрғын үй қарызын беру арқылы қаржыландыруды;
тұрғын үйге қол жетімділік серпінін қадағалауды қамтитын тұрғын үй дамуының бірыңғай моделін қалыптастыру бекітілген.
Қойылған тапсырмаларды орындау үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тетіктер қарастырылатын болады.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көпбалалы жанұялардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін 3 жыл ішінде 2020-2022 ж.ж. жыл сайынғы қаржыландыруды 50 млрд.-тан 84 млрд. тенгеге дейін ұлғайту қарастырылатын болады. Бұл тағы да 4 мың жанұяны әлеуметтік демеумен қамтуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, «Бақытты отбасы» (2-10-25) жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасының ықтимал қатысушыларының санын 6 мыңнан 10 мыңға дейін ұлғайту жоспарланған. Қосымша 40 млрд. тенге қажет.
Көппәтерлі үйлерге күрделі жөндеу үшін 2020-2021ж.ж. 30 млрд. тенге көлемінде қаржыландыру қажет.
- Көші-қон процестерін басқару
2019 жылдың 1 жартыжылдығында Қазақстанда ішкі мигранттар саны 525,4 мың, оның ішінде аймақаралық және аймақтық көші-қон сәйкесінше 197,4 мың және 328,0мыңадамды құрады.
Жастық топтар бойынша аймақаралық көші-қонда келесі көрсеткіштер бақыланды:
еңбек етуге қабілеті бар –133,8 мың адам. (67,8 %);
балалар – 55,4 мың адам (28,0 %);
пенсионерлер – 8,2 мың адам(4,2 %).
2018 ж., 2019 ж. Халықтың ағып келуінің негізгі аймақтары Нұр-Сүлтан (37,0 мың адам.), Алматы (31,7 мың адам) и Шымкент (25,4 мың адам.) болып табылады.
Қазіргі уақытта, елдің солтүстік аймақтарында (Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстарында) оңтүстік аймақтарға (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында – 7 млн. адам.) қарағанда азырақ (барлығы шамамен 2,9 млн. адам).
Еңбек тапшы аймақтарды жұмыс күшімен қамтамасыз ету, аймақтық сәйкессіздіктер мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында (бұдан әрі – Бағдарлама) еңбек ресурстарының аумақтық жұмылдырылғыштығы ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу арқылы ынталандырылуда.
Осылайша, 2011 жылдан бастап аймақ ішінде экономикалық әлеуеті төмен тұрғылықты мекендерден, ал 2015 ылдан бастап жұмыс күші мол жерлерден жұмыс күші жетпейтін аймақтарға ерікті түрде қоныс аудару жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта көші-қонды реттеу тәсілдемесі өзгертілген. Көшіп кету аймақтары ретінде 7 аймақ - Алматы, Жамбыл, Мангыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары және Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалалары анықталған.
Қоныс аударушыларды қабылдау үшін 4 аймақ – Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары (ҚР 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 ҮҚ). Оралмандар үшін қосымша –Ақмола облысы.
Ағымдағы жылы Бағдарлама аясында 9,9 мың адамды қоныс аударту жоспарланған.
Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың аймақтық квотасы бойынша 4 492 адамға келесі көмекқаржы құрайтын мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді:
4. Инфрақұрылымның дамыуы
Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілері жүйелерін жаңғырту саласында
«Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – мемлекеттік бағдарлама) аясында жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қайта жаңарту және салу жөніндегі жобаларды іске асыру шеңберінде тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуде «желілердің тозуын төмендету» бойынша 2020 жылға дейін 67%-дан 57% - ға дейін деп белгіленген.
Бюджетке түсетін жүктемені азайту мақсатында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бюджеттік кредиттеу және субсидиялау тетіктері арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғыртуды көздейді.
2015-2018 жылдар аралығындағы кезеңде 399 жобаны іске асыру үшін кредиттеу және субсидиялау шеңберінде 228,9 млрд.теңге бөлінді, табиғи монополиялар субъектілері қаражаттың 218,4 млрд. теңгесін немесе 95%-н игерді. Қаражатты игеру кезеңі-2 жыл.
3 451,7 км жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілерін, 29 қазандық және 99 бірлік басқа да объектілерді салу және қайта жаңарту жоспарланған.
Жалпы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезеңінде 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін 3 367,5 км жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілері (384,5 км жылумен жабдықтау желілері және 2 983 км сумен жабдықтау және су бұру желілері), 24 қазандық, 77 бірлік басқа да нысандар салынды және реконструкцияланды.
Құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда.
2019 жылы жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қайта құру және салу бойынша 18 жобаны іске асыруға 37,9 млрд.теңге бөлінді.
26,7 км жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілерін және 3 бірлік басқа да объектілерді салу және қайта жаңарту жоспарлануда.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес 33,9 млрд.теңге аударылды, табиғи монополиялар субъектілері қаражаттың 18,4 млрд. теңгесін немесе 54%-н игерді.
3,9 км желі салынды және қайта жаңартылды (4,8 км жылумен жабдықтау желілері, 84,1 км сумен жабдықтау желілері, 5,0 км су бұру желілері). Құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда.
Жұмыстарды игеру және аяқтау кезеңі - 2020 жылғы 10 желтоқсанға дейін.
- Автомобиль жолдары бойынша
Бүгінгі таңда «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес республика көлемінде жалпы ұзындығы 4400 шақырымда қайта жаңарту жұмыстары бойынша 14 жоба жүзеге асырылуда, онда 18 мың адам және 12 мыңға жуық техника жұмылдырылған. Бұдан бөлек 428 шақырымда күрделі жөндеу, 1415 шақырымда орташа жөндеу, 20,6 мың шақырымда күтіп ұстау жұмыстары жасалуда.
Аталмыш жобаларға Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Батыс, Орталық-Солтүстік дәліздері қарасты. Сонымен қатар, халықаралық дәліздер мен шекара маңындағы бағыттарға да басымдық беріледі: Алматы-Өскемен, Үшарал-Достық, Бейнеу-Ақжігіт, Қалбатау-Майқапшағай, Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы.
Бүгінгі таңда барлық жобалар бойынша сәйкесінше шаралар ұйымдастырылып, жұмыстар жүріп жатыр. Мердігерлік шарттарына қол қойылып, дайындық жұмыстары жасалып, құрылыс жұмыстары басталуда.
Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға инвестицияларды тарту бойынша біршама жұмыс атқарып жатырмыз. Мемлекеттік емес қарыз есебінен мемлекеттік кепілдікпен Еуропалық қайта құру және даму банкімен және ҚХР ЭКСимБанкімен келісім жасалды. Тартылған қаражаттың есебінен 2019 жылы Талдықорған-Өскемен (763 км), Қалбатау-Майқапшағай (415 км), Меркі-Бурылбайтал (266 км), Астана қ.оңтүстік-батыс айналма жолы (34 км), Күрті-Бурылбайтал (143 км) учаскелерінде жұмыстар жалғасуда.
Жұмыс жоспарына сәйкес биыл 548 шақырым жолды пайдалануға береміз деп отырмыз.
Негізгі жобалар бойынша қысқаша ақпарат:
Орталық-Оңтүстік жобасын іске асыру«Теміртау-Қарағанды», «Қарағанды қ. айналып өту» автожолдарының жалпы ұзындығы 61 шақырымды құрайтын қайта жаңарту учаскелерінде жалғасты.
Сонымен қатар, ұзындығы 228 шақырым«Күрті-Бурылбайтал» учаскесін қайта жаңарту жұмыстары да жалғасуда,. Жылдың қорытындысы бойынша, бір жолақта 120 шақырым бойынша қозғалысты ашу жоспарланған.
Жалпы ұзындығы 363 шақырым «Қарағанды-Балқаш» учаскесін қайта жаңарту жұмыстары жасалуда, жобаны толық жүзеге асыру 2021 жылға жоспарланған.
Сонымен қатар, биыл ұзындығы 297 шақырым «Балқаш-Бурылбайтал» және ұзындығы 85 шақырым «Күрті-Бурылбайтал» учаскелерінде құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Қайта жаңарту жұмыстарынан кейін екі учаске 4 жолақты, І-ші «Б» техникалық санатына сәйкес болады. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталады.
«Күрті-Қапшағай» жобасы бойынша жұмыстарды биыл бастау жоспарланған. Бүгінгі таңда мердігер компаниялар анықталып, дайындық жұмыстары басталды.
Осылайша, Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы жолдың барлық учаскелері құрылыс-монтаж жұмыстарымен қамтылған. Қайта жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін аталмыш жол 4 жолақты І-техникалық санатқа сәйкес болады. Жұмыстар кезең-кезеңмен аяқталып, барлық қашықтықтағы қозғалыс 2021 жылы ашылады деп жоспарланған.
Орталық-Шығыс жобасы бойынша
Бұл бағыт бойынша биыл пайдалануға 249 шақырым автожол беріледі. Оның ішінде 161 шақырым Нұр-Сұлтан-Павлодар автожолы және 88 шақырым Павлодар-Семей автожолы. Яғни, Нұр-Сұлтан-Павлодар, Павлодар-Семей учаскелері бойынша жұмыстар толық аяқталады.
Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань) жобасы бойынша
Ұзындығы 299 шақырым Қандыағаша-Мақат учаскесіндегі жұмыстар жалғасуда. Жыл қорытындылары бойынша 17 шақырымды (487-504 км) пайдалануға беру, 100 шақырымда қозғалыс ашу көзделіп отыр.
Атырау-Астрахань учаскесі бойынша жұмыстар 60 шақырымда (833-893 км «СинеМидасСтрой» ЖШС) жүргізілуде. Оның 20 шақырымы бойынша автокөлік қозғалысы биыл ашылады. Қалған 217 шақырым бойынша мердігер компанияларды анықтау жұмыстары жүргізіліп, ІІІ-тоқсанда жұмыстар басталады. Жобаның толық аяқталуы 2021 жылға жоспарланған.
«Ақтөбе-Қандыағаш» жобасы бойынша конкурстық іс-шаралар жүргізілуде. Жоспар бойынша, ағымдағы жылы мердігер компанияларды анықтап, дайындық жұмыстары басталады.
Ұзындығы 180 шақырым Үшарал-Достық автожолының учаскелерінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы жаңа жабын төселген 40 шақырымда жол қозғалысы ашылады. Жоба 2021 жылы толық аяқталады.
Ұзындығы 73 шақырымЖетібай-Жаңаөзен учаскесіндегі жұмыстар биыл аяқталады.
Ұзындығы 96 шақырымҰзынағаш-Отар учаскесі бойынша құрылыс жұмыстары толық жүргізілуде. Жоба 2021 жылы толық аяқталады.
Алматы-Өскемен
Ұзындығы 763 шақырым Талдықорған-Өскемен учаскесінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жобаның толық аяқталу мерзімі – 2022 жыл.
Меркі-Бурылбайтал жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары биыл басталды. 2022 жылы жобаны толық аяқтау жоспарланған.
Ұзындығы 34 шақырым «Астана қ. Оңтүстік-Батыс айналма жолы» жобасы бойынша кең ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша 4 жол айырығы, 2 көпір, жаяу жүргіншілер үшін 1 жер үсті жол өткелі жоспарланған. Биыл учаскедегі жол қозғалысын ашу көзделген. Жоба 2020 жылы толық аяқталады.
Қалбатау-Майқапшағай жобасының учаскелерінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2022 жылы толық аяқталады деп жоспарланған.
- Әуежайлар қатысты
Бүгінгі таңда Қазақстанда әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғырту жалғасуда - Қазақстан әуежайларының 16 ұшу-қону жолағында (ҰҚЖ) және 13 терминалында қайта құру жұмыстары жүргізілді.
2019 жылы Қостанай және Балқаш қалалары әуежайларының ұшу-қону жолақтарын қайта жаңарту жөніндегі жобаларды аяқтау жоспарлануда. Орал қаласындағы әуежайдың аэровокзалын жаңғырту жұмыстары басталды.
Жақын арада Шымкент, Қызылорда қалаларының әуежайларында МЖӘ тетіктерін пайдалана отырып жаңа жолаушылар терминалдарын салу жоспарланған. Сондай-ақ 2025 жылға дейінгі кезеңде Алматы, Қостанай және Атырау қалаларының әуежайларында аэровокзал кешендерін салу/қайта жаңарту жөніндегі жобаларды іске асыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың мамыр айында ҚР Премьер-Министрі Түркістан қаласында жаңа халықаралық әуежай құрылысының капсуласын салды. Жобаны іске асыруды «YDA INSAAT» (Түркия) компаниясы МЖӘ тетіктері арқылы жүзеге асырады.
Бұдан басқа, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту/салу жобасы бойынша құжаттама әзірлену сатысында.
_______________________________
Достарыңызбен бөлісу: |