Есэдо го (версия 23. 0) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп



бет13/18
Дата27.02.2020
өлшемі3,04 Mb.
#58698
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

5. Туризмді дамыту


Дүниежүзілік туристік ұйымның (UNWTO) бағалауы бойынша 2030 жылға қарай танымал қалалар бойынша танымал курорттарға және тарих пен мәдениет ескерткіштеріне саяхат жасау 1,8 млрд. адамды құрайды, қонақ үй-туристік қызметтерден түскен табыс шамамен 2 трлн. АҚШ долларын құрады, туризм саласында 550 млн. жұмыс орны құрылады.

Туризм саласына әлемдік жиынтық өнімнің шамамен 10%-ы, қызметтердің әлемдік экспортының 30%-ы, әлемдік инвестициялардың 7%-ы, жұмыс орындарының 10%-ы және барлық салық түсімдерінің 5%-ы келеді.

Қазіргі уақытта туризм әлемдегі бизнестің ең тиімді түрлерінің бірі болып табылады. Азиялық саяхат мониторингінің болжамдарына сәйкес
2050 жылы ең серпінді дамып келе жатқан туристік нарықтар Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Мексика, Оңтүстік Корея, Малайзия, Таиланд болады.

Қазақстанның үлкен артықшылығы оның сәтті географиялық орналасуы болып табылады - 4-5 сағаттық ұшу радиусында бүгінгі таңда әлемдегі негізгі туристік ағындарды қалыптастырушы Таяу Шығыстың ірі елдері, Ресей, Қытай, Иран, Үндістан орналасқан.

Қазақстан тиімді геосаяси жағдайға ие бола отырып, елеулі табиғи-рекреациялық ресурстарға және әлемдік мәдени және тарихи мұра объектілеріне (ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне 11 объект енгізілген), бірегей табиғи әртүрлілікке ие бола отырып, жаңа туристік өнімдерді дамыту әлеуеті және әлемдік туризм картасында ірі ойыншы болу үшін барлық қажетті базалық алғышарттар бар.

2018 жылдың қорытындысы бойынша статистикалық деректерге сәйкес шығу, келу және ішкі туризмге келушілердің саны өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 3,8%, 14,1%, 5,0% - ға артып, тиісінше 10,6 млн., 8,7 млн. және 5,8 млн. адамды құрады.

2017 жылы Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды, оның шеңберінде алты мәдени-туристік кластерді дамыту көзделген.

«Астана – Еуразия жүрегі» - Нұр-Сұлтан қаласының базасындағы туристік кластер. Нұр-Сұлтан қаласы үшін барынша өзекті әрі перспективалысы МІСЕ, қысқа мерзімді демалыс, когрестік-іскерлік іс-шаралар, оқиғалар, ойын-сауық және этнотуризм (мәдени-спорттық іс-шаралар, оқиғалар, конференциялар, форумдар және т.б.) болып табылады.

«Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы» - Алматы қаласы мен Алматы облысының бір бөлігін қамтитын кластер. Бұл кластер ұсынатын негізгі туристік өнімдерге МІСЕ-туризм, мәдени және экологиялық туризм, шытырман, таулар мен өзендердегі демалыс, қысқа мерзімді демалыс, сондай-ақ event-management агенттіктердің қатысуымен концерттік іс-шаралардың бағдарламаларын қалыптастыру жатады.

«Алтай жауһары» Шығыс Қазақстан облысының солтүстік және шығыс бөліктерін қамтиды, Өскемен қаласы кластердің орталығы болып табылады. Бұл кластердегі негізгі туристік өнімдерге белсенді әрі шытырман туризм, таулар мен өзендердегі демалыс, пантоемделу, гастрономиялық, санаторийлік-курорттық, СПА туризм және т.б. жатады.

«Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту» Қызылорда облысының орталық және шығыс бөліктерін, Түркістан облысының оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс бөліктерін және Жамбыл облысының оңтүстік-батыс бөлігін қамтиды, кластердің орталық нысаны Түркістан қаласы болады. Бұл кластерде негізгі туристік өнімдерге рухани, тарихи-мәдени туризм және турне, шытырман, ойын-сауық, санаторийлік-курорттық және СПА туризм жатады.

«Каспий қақпалары» барша Мағыстау облысын және Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының бір бөлігін қамтиды, кластердің орталығы Ақтау қаласы болады. Бұл кластердегі преспективалық туристік өнімдер белсенді және шытырман туризм, ойын-сауық, таулар мен өзендердегі демалыс, патоемдеу, гастрономиялық, санаторийлік-курорттық, СПА туризм және т.б. болып табылады.

«Табиғат пен көшпелі мәдениеттің бірлігі» Ақмола және Қарағанды облыстарын, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігін және Павлодар облысының батыс бөлігін қамтиды. Шортанды-Бурабай курорттық аймағы кластердің орталығы болады. Бұл кластердегі негізгі туристік өнімдерге мәдени туризм және турне, шытырман, таулар мен өзендердегі демалыс, санаторийлік-курорттық және СПА туризм, сондай-ақ қысқа мерзімді әрі белсенді демалыс жатады.

2019 жылы Туристік саланы дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның туристік картасы қалыптастырылды, онда негізгі турдестинацияның Топ-10 және өңірлік 50-топ анықталды.

Қазақстанның туристендіру Топ-10 карталары:

1. Нұр-сұлтан қ. – жылына 1 млн. туристтердің әлеуеті бар (ағымдағы ағын-400 мың.);

2. «Бурабай» курорттық аймағы – жылына 2 млн. туристтердің әлеуеті бар (ағымдағы ағын-750 мың адам).);

3. Алакөл көлі – жылына 2,5 млн. туристтердің әлеуеті бар (ағымдағы ағын-жылына 772 мың турист);

4. Алматы өңірінің тау кластері – жылына 2,5 млн. туристтердің әлеуеті бар (ағымдағы ағын – 500 мың адам).);

5. Баянауыл курорттық аймағы – жылына 450 мың туристтердің әлеуеті бар (ағымдағы ағын - 200 мың турист);

6. Имантау-Шалқар курорттық аймағы - жылына 400 мың туристтердің әлеуеті бар (ағымдағы ағын – 130 мың);

7. Балқаш көлі – жылына 400 мың туристтердің әлеуеті бар (ағымдағы ағын – 130 мың.);

8. Түркістан – жылына 1,5 млн. туристтердің әлеуеті бар (ағымдағы ағын – 500 мың.);

9. «Байқоңыр» ғарыш кешені – жылына 400 мың туристтердің әлеуеті бар (ағымдағы ағын – 50 мың турист);

10. Маңғыстау - жылына 750 мың туристтердің әлеуеті бар (ағымдағы ағын – 200 мың).

Мемлекеттік бағдарламаның жаңа шараларымен қатар бүгінгі күні жаппай халықаралық туристерді тарту үшін теңдессіз қадамдар жасалды:

Ең алдымен, азаматтардың Қазақстан аумағына визасыз кіруге құқығы бар мемлекеттердің тізімі кеңейтілді - бұл сапалы, төлем қабілеті бар әлемнің саяси дамыған және тұрақты 64 елі.

Екіншіден, Үндістан мен Қытай азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз транзит енгізілді. Бұл 2018 жылы экономикаға шамамен 16 млн. доллар әсері бар осы елдердің 22 мың туристін қабылдауға мүмкіндік берген алғашқы табысты тәжірибе.

Үшіншіден, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап әлемнің 128 елі үшін
Е-VISA электрондық визаларының тетігі, сондай-ақ «Жібек жолы» визасы қолданылады, бұл шетелдік қонақтар үшін виза алу мерзімін 30-дан 5 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның әлемдік туризм картасында Эмираттармен, Чехиямен, Грузиямен және т.б. ұқсас маркетинг пен алға жылжуы үшін туристік жарна тәжірибесін енгізу пысықталуда – «Bed Tax»-қа ұқсас, тек шетелдік азаматтардан бір түнге 2-4 доллар мөлшерінде. Есептеулерге сәйкес, бірінші кезеңдерде «Bed Tax» - дан түсетін қаржылық түсімдер жылына1,5 млрд. теңгені құрайды, кейіннен ұлғаяды.

Балалар-жасөспірімдер туризмін және ішкі туристік ағынын ынталандыру мақсатында «1+2» схемасы бойынша (бір ата-анаға екі бала) «KIDS GO FREE» қағидаты бойынша балалардың тегін авиамаршруттарын субсидиялау жоспарлануда.Мұндай тәжірибе әлемнің көптеген дамыған елдерінде - Ұлыбританияда (British Airways), Катар (Qatar Airways), Скандинавия елдерінде (Scandinavian Airlines) және т.б. кеңінен қолданылады.

Бұған қоса, 2020 жылдан бастап еліміздің барлық өңірлері бойынша тегін «Балалр туристік поезын» іске қосу жоспарлануда. Әлеуметтік-осал отбасылардан шыққан балаларға, білім беру конкурстарының қатысушылар мен жеңімпаздарына, оқу озаттарына және т.б. басымдық берілетін болады.

Халықаралық нарыққа кеңінен шығу және ішкі туристі тарту үшін алғашқы ұлттық туристік «Kazakhstan.travel»порталы іске қосылған.

Елбасының тапсырмасы бойынша 2019 жылдың наурыз айында Орталық Азияда тұңғыш Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті құрылды (2019 жылғы 20 наурыздағы ҚР ҮҚ № 129). Университетте білім берудің негізгі базисі АҚШ, Испания, Әмірліктер, Қытай және т. б. сияқты 10 туристік державалардың алдыңғы қатарлы тәжірибесін ескере отырып қалыптасқан. Жақын арада ЖОО Қазақстан және Еуразия елдері де үшін жоғары білікті туристік кадрлардың ұстаханасы болады.

Қазақстанның әлеуетті туристік держава ретінде танылу нәтижесі ретінде Қазақстанда және біздің елордамыз алғаш рет қалалық туризм бойынша UNWTO Жаһандық саммитін (2019 ж. 9-11 қазан) және Pata Travel mart 2019 халықаралық туристік көрмесін (2019 ж. 18-20 қыркүйек) өткізу құқығын жеңіп алды. Бұған дейін форум Стамбулда, Мәскеуде, Барселонада, Марракеште, Люксорда, Куала-Лумпурда, Сеулде, яғни туризмнің даму деңгейі жалпы әлемдік көрсеткіштен асатын елдерде өтті.

Экотуризм

UNWTO болжамдарына сәйкес, келесі екі онжылдықта экотуризм саласы қарыштап дамиды, ал экотуризмге жұмсалатын жаһандық шығыстар жалпы туризм индустриясымен салыстырғанда жоғары қарқынымен дамитын болады.

Бұдан басқа, бүгінгі күні әлемде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жыл сайын 8 млрд. адам барады, олардың 80 %-ы Еуропаға және Солтүстік Америкаға тиесілі. Нәтижесінде тікелей шығыстар түрінде 600 млрд. АҚШ доллары және тұтынушылық шығыстар түрінде қосымша 250 млрд. АҚШ доллары түрінде пайда келеді. Сонымен қатар, Халықаралық экотуризм қоғамының бағалауы бойынша нарық жыл сайын 25 %-ға өсуде және
470 млрд. АҚШ доллары көлемінде табыс түсіреді.

Бүкіл әлемде ұлттық табиғи саябақтар мен қорықтар жаппай келушілер үшін ашық және миллиондаған туристерді тартады, мысалы, Канадада тек бір ғана ұлттық табиғи «Park Banf» жыл сайын 5 миллион турист қабылдайды. Ұлыбританияда «Lake District» - 10 млн. жуық, «New Forest» - 4 млн. астам.

Келіп түсетін қаржы саябақтарды ұстауды, сондай-ақ бірегей аңшылық алқаптар мен биоресурстарды, оның ішінде қызыл кітап қорын қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылдан бастап Дүниежүзілік туристік ұйым (UNWTO) «EcoPass» Ұлттық парктерін басқарудың жаңа моделін пилоттық режимде іске қосу жоспарланып отыр.

Әлемдік туристік нарықтағы дәстүрлі аудандардың рекреациялық мүмкіндіктерінің шегіне жетуіне байланысты баруға болатын жаңа аумақтардың пайда болуы арқылы туризмнің өсуі күтіледі.

Қазақстанда экологиялық туризмді дамытуда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) ерекше рөл атқарады. Соңғы бес жылда ЕҚТА-ға келушілер саны артып, 2018 жылы 1,234 млн. адамға жетті (2014 ж. – 1,046 млн., 2015 ж. – 1,070 млн., 2016 ж. – 1,191 млн., 2017 ж. – 1,233 млн., 2018 ж. – 1,234 млн.).

Қазақстанның табиғи, тарихи нысандарын зерттеу және жаңа бағыттарды, соның ішінде экомаршруттарды әзірлеу мақсатында 2018 жылы «Ұлы дала еліне саяхат» экспедициясы өткізілді. Ол 6 бағытқа бөлінген: Алматы облысы аумағында «Тянь-Шаня маржандары»; «Алтай – өркениет бесігі» Шығыс Қазақстан облысы аумағында; «Жоңғар Алатауы» Алматы облысы аумағында; «Сары-Арқа» Ақмола, Павлодар, Карағанды мен Солтүстік облыстарының аумағында; «Теңізден теңізге дейін» Ақтобе, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының аумағында; «Жаңа Жібек жолы» Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстарының аумағында. Эспедиция қорытындысы бойынша 14 жаңа эко-маршруттар әзірленді және маршруттар картасы, объектілер мен инфрақұрылым сипаттамасы көрсетілген әрбір бағыт бойынша 6 электрондық иллюстрацияланған жолсілтемелер құрылды.

Этнотуризм

Қазақстан – тарихи және мәдени мұрасына бай ел. Еуразия орталығында орналасқан Қазақстан әлемнің ежелгі өркениеттері тоғысқан торапта, Батыс пен Шығыс, Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы көліктік, әлеуметтік және экономикалық, мәдени және идеологиялық қиылыста тұр. Ерте заманда Қазақстан даласы арқылы Ұлы Жібек жолы өтті. Сол дәуірдің мұрасы көптеген тарихи және мәдени ескерткіштер, географиялық көрікті жерлер болып табылады.

Мәдени демалыс, ойын-сауық пен демалыстың өзге түрлері сияқты бір орында тұрмайды. Ол жаңа функцияларға ие болып, өз мәнінің аса үлкен шегін белгілей отырып, кеңейеді және оңтайланады. Бұл процесте халықаралық стандарттарға сәйкес келетін экологиялық бос уақытты өткізу және демалыс орталықтары мен этно-парктерді, әртүрлі мәдени, табиғи және тарихи қорықтарды құру ерекше рөл атқарады.

Табиғи көрнекі жерлерден басқа, Қазақстан әлемдік маңызы бар Ұлы Жібек жолында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерге бай.

Ұлы Жібек жолында транзиттік турларды ұйымдастыру әсіресе өзекті, өйткені ол Қазақстанға Жапония, Малайзия, Қытай, Корея сияқты елдердің, сондай-ақ Еуропа мемлекеттерінің қызығушылығын тудыратын аймаққа кіруге мүмкіндік береді. Ұлы Жібек жолы – Қазақстандағы туризмді дамытудың басым бағыттарының бірі.

300 мыңға жуық блогерлерді талдаған Дүниежүзілік туристік ұйымның зерттеулеріне сәйкес, әлеуметтік желілердегі бұл жоба туралы пікірталастар


30%-ға жуықты алып отыр.

Бүгінгі күні адамдардың басым бөлігі көпұлтты мегаполистер мен қалаларда тұратын болғандықтан этнографиялық туризм ерекше өзекті әрі танымал бола бастады, бұл жерде өзінің немесе халықтың өзге этнографиялық тобының салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, сәулетімен, ұлттық костюмдерімен және мерекелерімен, мәдениетімен тілімен танысуға болады.

Ұлы Жібек жолы соңғы жылдары әлеуетті саяхатшылар үшін маңызды мотивацияға айналды. Осылайша, UNWTO талдауына сәйкес, адамдардың 61%–ы Жібек жолы бойындағы ежелгі қалаларды көргісі келеді; туристердің 58%-ы ЮНЕСКО-ның жаһандық мұралар тізіміне енген орындарға барғысы келеді; адамдардың 44%-ы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің жергілікті ас үйін көргісі келеді; 39% - ы ұлттық мерекелерге қатысқысы келеді.

Алтын Орданың 750 - жылдығы

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Алтын Орданың 750 жылдығы біздің тарихымызға, мәдениетке және табиғатқа туристердің назарын аудару тұрғысынан атап өтіледі.

«Рухани жаңғыру» жобаларын ілгерілету және тарихи-мәдени мұра нысандарының туристік тартымдылығын күшейту мақсатында 2019 жылдың тамыз айында Бірінші халықаралық «Ұлытау – 2019» туристік форумы өтті. Аталған шарада Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев 750 жыл бұрын Алтын Орданың тәуелсіздігі жарияланған тарихи құрылтай өткен жерде, Ұлытау халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризмнің орталығына айналуы тиіс деп атап өтті.

Алтын Орда қазіргі Қазақстан тарихында ерекше орын алады және бүкіл әлемдік өркениеттің дамуында ерекше рөл атқарады. Осыған байланысты танымал ету бойынша Ұлытау мен Алтын Орданың 750 жылдығы жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Екі жыл бұрын Ұлытау қаласына 10 мың турист келген. Аймақтың танымалдылығын арттыруға бағытталған іс-шаралардың арқасында, соның ішінде өткен жылы өткізілген «Jez Kiik» фестиваліне қатысты, туристік ағыны бір жылда 2 есеге өсті. Мәдениет және спорт министрлігі Ұлытау визит-орталығының құрылысын жүргізуде (құрылысты аяқтау – а.ж. желтоқсан), карталар мен жолсілтемелер жасалды, бірқатар экспедициялар ұйымдастырылды, туристік бағыттар әзірленді, бірнеше деректі фильмдер түсірілді.

Қарағанды облысының әкімдігімен, ДАМУ қорымен және жергілікті кәсіпкерлермен бірлесе отырып Ұлытау, Сарлық және Қорғасын кенттерінде этноауылдарды ұйымдастыру және қонақ үйлер ашу мәселесі пысықталуда. Туристік инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады: кірме автожолдар, жолдарда көрсеткіштер мен ақпараттық қалқандар орнату, демалыс орындарын жабдықтау және т. б.

Қабылданған шараларды ескере отырып, 2025 жылға қарай 80-100 мың адамға дейін туристік ағынын ұлғайту әлеуеті бар, бұл 2,5 мың жаңа жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді.

6. Жоғары өнімді орта бизнесті қолдау


- Табыстың әділірек үлестірілімін назарға алып салық жүйесін жаңарту

Жеке табыс салығының прогрессивтік шкаласын енгізу мәселесі қосымша зерттеліп, нақты ұсыныстар әзірленеді.

2018 жылы Экономикалық зерттеулер институты мемлекеттік тапсырма шеңберінде ЖТС мөлшерінің прогрессивтік шкаласын енгізудің дұрыстығына сараптамалық зерттеулер жүргізіп, халықаралық тәжірибе есебінен қарастырды.

2002-2006 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында ЖТС 4 сатылы прогрессивтік шкаласы қолданылған. Мұндағы салық мөлшерлемесі 5 %-тен 20%-ке дейін.



- Қазіргі салық жүйесінің сапасын көтеру

Қазірде қызметкерді оқытуды ынталандыруға, өндірістік қуатты жаңартуға бағытталған жеңілдіктер қолданылуда.

Мәселен, жұмыс берушінің жұмыскерді оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға арналған шығындары жұмыс берушінің қызметімен байланысты мамандықтар бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегеріледі.

Бұдан басқа, салық заңнамасы арқылы сондай-ақ салық төлеушімен еңбек қатынастарын құрмаған жеке тұлғаларды оқыту шығындарын шегеруге жатқызуға мүмкіндік беретін норма (СК 288 бабы) көзделген. Бұл жерде жеке тұлға салық төлеушінің қол астында үш жылдан кем емес мерзімде жұмыс істеуге міндеттелетін шарт жасалады.



Өндірісті дамыту үшін:

Инвестициялық салық преференцияларын (ИСП) беру,олар нысандарының құнын және (немесе) қайта құрылымдау, жаңғырту шығындарын шегеруге жатқызуға қатысты.АЭА аумағында тіркелген, арнаулы салық тәртібі қолданылатын акцизделетін тауар өндіретін және (немесе) сататын салық төлеушілерді қоспағанда, заңды тұлғалар арқылы қолданылуы мүмкін.

ИСП нысандарына ҚР аумағында бірінші рет енгізілген өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен құрал-жабдықтар жатады. Бұлар кейінгі үш жыл ішінде салық кезеңдерінде кіріс алуға арналған қызметтерде пайдаланылады.Залалды ауыстыру мерзімі 10 жылға ұзартылуы мүмкін.

Бұған қоса, салық салу мәселелері жөніндегі заңнамада бірқатар шаралар көзделген, мысалға шикізат импортының компоненттерін өндіру мен сату бойынша ҚҚС жеңілдігі, АЭА қатысушыларының арасындағы дайын өнімді сату айналымын ҚҚС-тан босату, мақта, қант, шоколад, ашытқы өңдеуге салық салудағы жеңілдік.

Келесі жыл басынан бастап, қосымша жеңілдіктердің қажеттігі туралы нақты ұсыныстар зерделенеді.

- Қазақстан Республикасы Салық Кодесінде қарастырылмаған барлық төлемдер мен алымдарды Қазақстан Республикасы Салық Кодесіне қосу бойынша талдау жүргізу талдау және ұсыныстарды әзірлеу

Қазіргі уақытта әлеуметтік төлемдері мен еңбекақы төлеу фондының салығын бір салыққа біріктіру мәселесі зерттелуде.

Одан басқа, салалық мемлекеттік органдар Салық кодексінде қарастырылмаған төлемдер мен алымдардың (кәдеге жарату алымы, жер қойнауын пайдаланушылар төлемі, зейнетақы аударымдары, медициналық сақтандыру бойынша жарна мен аударымдар, әлеуметтік аударымдар және басқалар) қажеттілігі бойынша ұсыныстар әзірлейтін болады.

Талдау нәтижесі бойынша оларды Салық кодексінде іске асыру бойынша шешім қабылданатын болады.



7.Инвестицияларды, оның ішінде шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі жұмысты жандандыру


Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі тікелей шетелдік инвестицияларды тарту болып табылады. Мәселен, қазіргі уақытта Қазақстанда барлық орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ шет елдердегі мекемелер мен ұлттық компаниялар тартылған инвестицияларды тартудың көп сатылы жүйесі жұмыс істейді.

Жалпы алғанда, халықаралық трендтерге жедел реакцияның және уақытылы қабылданған шаралардың арқасында, Қазақстан инвестициялық капитал үшін өзінің тартымдылығын сақтай отырып, бәсекеге қабілеттілігін дәйекті түрде арттыруда.

Көршілес елдермен салыстырғанда Қазақстан тиісті заңнамалық базаны құрып, тәуелсіздік жылдарында 322 млрд. доллардан астам тікелей шетелдік инвестицияларды (ТШИ) тартуға мүмкіндік берген инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларын енгізді.

Бизнесті жүргізудің және инвестициялық тартымдылықтың әлемдік тізбесінде Қазақстанның айтарлықтай ілгерілеуіне қарамастан, шетелдік инвесторлар Қазақстанның өңірдегі көшбасшылығын ұстап тұру үшін қолданатын жаңа шараларды күтуде.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен «Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасыН (бұдан әрі – Заң жобасы) әзірленді.

Заң жобасы елдің инвестициялық ахуалын одан әрі жақсартуға және жетілдіруге бағытталған, бұл инвесторларға инвестициялық және кәсіпкерлік қызметті барынша тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, Заң жобасында мыналар көзделеді:

- мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектормен келісімшарттар бойынша инвесторларға инвестиция бойынша заңнамалардың тұрақтылығы бойынша кепілдікті қамтамасыз ету;

- сот инстанциларын, оның ішінде АХҚО Сотын таңдау құқығын беру,бұл инвесторлардың олардың мүдделерінің қорғалғандығына деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді;

- инвесторларға инвестициялық артықшылықтар беру тетіктерін жетілдіру;

- көші-қон заңнамасын ырықтандыру;

- салық заңнамасын қылмыссыздандыру және басқа мәселелер (инфақұрылымға кеткен шығыстарды қайтару, инвестицлық несиелеу, АХҚО сотын таңдау мүмкіндігі).



8. АӨК дамуы


Жолдаудың үшіншіміндеті аясында Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенін басым бағыттардың бірі ретінде бөліп, суармалы жерлердің алаңын ұлғайту, ауыл шаруашылығына шетелдік инвесторларды тарту және экспорттық әлеуетті арттыру, жер ресурстарын тиімді пайдалану бойынша міндеттер қойды.

- Суармалы жерлердің алаңын ұлғайту бойынша

Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің тұрақты өсуі үшін АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде суармалы егіншілік алаңын 2021 жылға қарай 2 млн.га дейін кеңейту бойынша шаралар іске асырылуда.

Суарудың заманауи тиімді технологиялары қолданылатын болады, бұл ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі 3 есеге дейін өскен кезде су тұтынуды екі есеге төмендетуге әкеледі. Суармалы жерлерден өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі 2021 жылға қарай 2 есеге ұлғайып, 1,8 трлн. теңгеден асады.

Суармалы жерлердің алаңын кеңейту мақсатында Валмонт Индастри компаниясымен суару, су ресурстарын ұтымды пайдалану, жемшөп өндірісі саласындағы озық технологиялар трансферті бойынша фермалар желісін құру туралы Меморандумға қол қойылды. Қазіргі заманғы ирригациялық қондырғылар ұсынылатын демонстрациялық алаңдарды Ақмола және Түркістан облыстарында құру жоспарлануда.

2030 жылға қарай суармалы жерлердің алаңын 3 млн га дейін жеткізу тапсырылды.

Аталған жұмыс халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын, әкімдіктердің қаражатын тарту және МЖӘ жобаларын іске асыру жолымен жүргізілетін болады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің міндеті – фермерлерге суармалы жерлерде жоғары рентабельді дақылдар өндіруді ұйымдастыруға жәрдемдесу. Осындай жерлерде ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу, тиісінше еңбек өнімділігін арттыру жөнінде да жұмыс істеу қажет.



- Ауыл шаруашылығына шетелдік инвесторларды тарту және экспорттық әлеуетті арттыру бойынша

Еңбек өнімділігін арттыру үшін қайта өңдеудің жаңа қуаттарын енгізу маңызды мәнге ие. Бұл саладағы жағдайды ТҰК және өзінің экспорттық нарықтарымен ірі қайта өңдеушілерді тарту есебінен түбегейлі өзгертуге болады, олар тек қана капиталды ғана емес, өндіріс пен қайта өңдеудің жаңа технологияларын инвестициялайды, сондай-ақ біздің өнімдерімізді танылған әлемдік брендтердің белгісімен экспорттауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні «Феникс глобал» компаниясымен бірлесіп Алматы облысында жемістерді қайта өңдеу цехын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, сонымен қатар CITIC компаниясы етті мал шаруашылығы және суармалы егіншілікті дамыту бағдарламаларына белсенді қатысуда.

Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында «Bio Operations» ЖШС бидайды терең өңдеу жөніндегі инновациялық зауыты іске қосылды, сондай-ақ Қостанай облысында осындай Bio Grain жобасын іске асыру басталды.

Картопты өңдеу саласында Farm Frites Beheer B.V. (Нидерланды) трансұлттық компаниясының қатысуымен қуаттылығы жылына 140 мың тонна ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

Жалпы, бүгінгі таңда іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде (жоспарлау, техникалық-экономикалық негіздеме, жобалық-сметалық құжаттама, жер-құрылыс жұмыстары, өндіріс басталды және т.б.) шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы құны 3 млрд. АҚШ долларынан асатын 30-ға жуық ірі инвестициялық жоба бар, оның ішінде ТҰК-дің қатысуымен жалпы сомасы 1 млрд. доллар болатын 14 жоба.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «қарапайым заттар экономикасы» аясында АӨК өндірісіне бөлінген қаражатты игеру бойынша қажетті жұмыс жүргізді. Атап айтқанда, сыйақы ставкасын субсидиялау Ережесіне қажетті түзетулер әзірленді. Аграрлық несие корпорациясымен кредит беру шарттары өзгертілді (ең төменгі сома бойынша шектеу – 10 млн. теңге, кредит берудің қысқа мерзімі және т. б.)

Бекітілген шарттар шеңберінде 19,8 млрд.теңге сомаға 197 өтінімнен пул құрылды.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарықтарға өткізу үшін Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер Қытайға 14 тауар тобын, Парсы шығанағы елдеріне – 6 мал шаруашылығы өнімдерін, Иранға – 4 мал шаруашылығы өнімдерін, ЕО–ға- балық және өсімдік шаруашылығының органикалық өнімдерін экспорттауға құқылы.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, осы нарықтарға тауар желісін кеңейтуді, сондай-ақ Түркия, Израиль, Жапония, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің жаңа нарықтарын ашуды жалғастыру жоспарда.



- Жер ресурстарын тиімді пайдалану бойынша

Жыл сайын пайдаланылмай жатқан жерлердің алаңы артып келеді, әкімдіктер ұсынған ақпарат бойынша барлығы 2,2 млн.га, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер тіркелген.

Жерді пайдалану мен қорғауды тиімді бақылау мақсатында жерді пайдалану мен қорғауды бақылау функцияларын жергілікті жерлерде аумақтық органдар құра отырып, орталық уәкілетті органға қайтару туралы мәселе қаралуда.

Тиімсіз жер пайдаланушылар мен латифундистерден жер алынатын және өзекті жер пайдаланушыларға берілетін болады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың онлайн мониторингі үшін геосервис құрылды. Ақмола және Түркістан облыстарында жерге ғарыштан мониторинг жүргізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Қазақстанның барлық аумағын қамтитын және егістіктің жай-күйін бақылауға және тозудың алдын алуға мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану мониторингін ұйымдастыру және жүргізу қағидалары әзірленді.

Бұдан басқа, ҚР Парламенті Сенатының қарауындағы АӨК заң жобасы шеңберінде жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін ғарыштық мониторинг нәтижелерін қолдану бойынша нормалар көзделген.



  • Шетелдіктерге жерді сатуға тыйым салубойынша

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ағымдағы жылдың қараша айындағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қарауына ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға және жалға алуға мораторий жүргізу мәселесі енгізілетін болады. Жер заңнамасының нормаларын жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы әзірленді. А.ж. қазан айының соңына дейін тұжырымдаманың жобасында көзделген жеке және заңды тұлғалардың жаңа құқықтары мен міндеттерін белгілейтін енгізілетін жаңа нормаларды түсіндіру және жұртшылыққа жеткізу бойынша өңірлерге көшпелі кеңестер өткізілетін болады. Тұжырымдаманың жобасы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралатын болады.
- «Ауыл – Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру жобасы бойынша

Елбасының «Hұp Отан» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмасын орындау шеңберінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру жалғастырылады.



Таяудағы үш жылда «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша іс-шараларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен 90,0 млрд. теңге, оның ішінде, 2019 жылы 30,0 млрд. теңге бөлінді.

Биыл 700 мың адам тұратын 53 ауылдық елді мекен іріктеліп алынды. 452 іс-шара іске асырылса, оның233-і көлік инфрақұрылымына, 153 - і әлеуметтік инфрақұрылымға және 66 – сы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа қатысты.

Биыл жұмыс ірі ауылдық елді мекендерде – қордаланған өткір инфрақұрылымдық проблемаларды шешу талап етілетін халық саны аз аудан орталықтарында жүргізіледі.

Жобаны іске асыру барысында 4 673 жаңа жұмыс орны құрылып, 73 мектеп пен балабақша жөнделеді, 14 – емхана, 47 мәдениет үйі мен спорт нысаны, 13 дене-сауықтыру кешені, 13 – жайлы нысандар құрылысы басталады. Сондай-ақ 516 шақырым жол жөнделіп, салынады, 35 шақырым сумен жабдықтау желісі, 229 шақырым электрмен жабдықтау (жарықтандыру), 136 шақырым газбен жабдықтау, 20 шақырымдық 6 жылумен жабдықтау нысаны салынады.



3 477 ауылдың инфрақұрылымын жаңғырту мен өңірлік стандарттарға жеткізуге қосымша 90 млрд. теңге арналады. Бұл ауылдарда жоғары деңгейде дамитын 6,6 млн. адам немесе ауыл халқының 85%-і өмір сүретін болады.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасын тиімді іске асыру үшін жергілікті ерекшеліктерді есепке ала отырып, тірек және серік ауылдардың нақты тізбесі анықталады, бұларда тиісті инфрақұрылымды жаңғырту жүргізу қажет.

Мұндай ауылдарды анықтағаннан кейін, іс-шаралар белгіленіп, қажетті жобалау құжаттамасын әзірлеуге кірісу қажет.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бөлігінде Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы №767 «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемелкеттік бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкісетінің қаулысының жобасына АӨК дамыту және «Еңбек» өнім беретін жұмыспен қамту мен бұқаралық кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде іріктелген перспективалық АЕМ-де іске асырылып жатқан және іске асырылуы жоспарлданып отырған жобалар бойынша АӨК субъектілерін басымдық тәртіппен қаржыландыруды, соның ішінде субсидиялау мен несиелендіруді қамтамасыз ету бөлігінде толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарға бастама көтерді.

АӨК Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында АӨК басымдық бағыттары бойынша ұзақ мерзімді салалық бағдарламалар қабылданды. Бұл ет және сүт мал шаруашылығын, құс шаруашылығын, суармалы жердерді және т.б. дамыту бағдарламалары.

Салалық бағдарламалардың қатысушылары үшін қолдаудың бөлек шарттары ұсынылды: фермер қожалықтарын мал басын, техника мен құрал-жабдықтар сатып алуға, жаылымдардың инфрақұрылымын құруға жеңілдікпен несиелендіру.

Аталған салалық бағдарламалар шеңберіндегі мемлекеттік қолдауды басымдық тәртіппен таңдалған АЕМ-дерге олардың ерекшеліктері мен қолда бар ресурстарын: егінінің, жайылымының, инфрақұрылымын бар-жоғын ескере отырып бағдарлау жоспарлануда.

Осындай ұстаным өнім беретін жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша да болады, онда ауыл тұрғындары АӨК-дегі бизнес-жобаларын іске асыруға несиелер/микронесиелер ала алады.




9. Әділ салық салу және қаржылық реттеу


Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізумен қатар, бизнеске түсетін жүктемені бір мезгілде арттыруға жол бермеу мақсатында жұмыс берушінің 5% міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі-ДРК) енгізу мерзімі 2023 жылға дейін ауыстырылды.

Нормалары бойынша мерзімдерін өзгерту енгізу ОПВР 2020 жылдан бастап 2023 жылға дайындалуы және енгізілуі Туралы "заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәселелері бойынша әлеуметтік сақтандыру туралы" (бұдан әрі - Заң жобасы).



Бұдан басқа, азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйелерінің тұрақтылығы мен бизнесті дамыту үшін ынталандыру арасындағы теңгерімді сақтау мақсатында төлемдер мен алымдарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделмеген бизнестен әлеуметтік төлемдерді өндіріп алудың көлемі мен тетіктері бойынша шоғырландырылған шешімдер әзірленетін болады. Бұл жұмысты Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Жұмыс тобы ағымдағы жылдың соңына дейін жүргізетін болады.

ІV. ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ




  1. Білім беру сапасын арттыру


Бірінші. Оқушылардың кәсіптік диагностикасы жәнеболашақ мамандықты таңдау

2016 жылы ОЖСБ аясында оқушыларға сауалнама жүргізу жоғары сынып оқушыларының 6-15% - ы ғана болашақ мамандықты анықтай алды.

Мектепте бейіндік оқыту 10 сыныпта екі бағыт бойынша басталады: жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық.



10-сынып оқушылары болашақ мамандыққа дайындау үшін типтік оқу жоспарларында ұсынылған «Таңдау бойынша пәндер» тізбесінен оқу пәндерін таңдауға мүмкіндігі бар.

2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 10 сыныптарда вариативті оқу жоспары есебінен «кәсіпкерлік және бизнес негіздер» пәні енгізілді, ол жоғары сынып оқушыларын кәсіптер бағытын саналы таңдауға бағытттайды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – БҒМ) жыл сайынғы өзгерістер мониторингімен мектептерде ерте Кәсіптік диагностиканы енгізу және жеке білім беру траекториясын айқындау бойынша кешенді жұмыс жүргізетін болады.

Мектептерде 7-9 сынып оқушыларының қабілеттерін анықтау және олардың болашақ мамандығына бағдарлануы үшін кәсіптік диагностика ұйымдастырылады және өткізіледі.

Еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің жіктеуіші өзектіленеді.

Сондай-ақ сынып жетекшілері, педагогтар және мектеп басшылары үшін кәсіптік өзін-өзі анықтау мәселелері бойынша біліктілікті арттыру жүйесін ұйымдастыру, педагог-психологтарды, кәсіптік кеңесшілерді оқушыларға осы бағытта көмек көрсету үшін тарту, сондай-ақ кәсіптік кеңес беру өндірістерінен өкілдерді ұйымдастыру мәселелері пысықталатын болады.
Ауыл мен қала арасындағы білім беру сапасының алшақтығын қысқарту

PISA-2015 салғастырмалы зерттеудің нәтижесі аймақтар, аумақтар бойынша үлгерім бойынша елеулі алшақтық сақталғанын көрсетеді. Мәселен, ең төмен көрсеткішті аймақ ең жоғарғы көрсеткіші бар аймақтан 3 оқу жылына артта қалған.

Ауыл оқушысы мен қала оқушысын дайындаудың айырмасы 1 жылға тең. TIMSS және PIRLS халықаралық зерттеулері оқушылардың артта қалуы бастауыш сыныптарда негізделетінін анықтаған.

Сонымен қатар, ОЖСБ нәтижелері қала мен ауыл оқушылары арасындағы алшақтық 2016 жылғы 5,3 балдан 2017 және 2018 жылдардағы 7 балға дейін ұлғайғандығын көрсетеді.

Қала мен ауыл арасындағы сапа алшақтығының салдары 41% көп мектептердің ШЖМ (2 886), контингенттің 6,5% (198 603 адам) болып табылатындығында.Кейбір жерлерде халықтың ірі қалаларға кетуіне байланысты білікті кадрлердің жетіспеушілігі (1600 көп адам). бақыланады. Сонымен қатар, мектептер материалдық–техникалық базамен толық қамтылмаған. 869 мектепте – физика, 674 – химия, 659 – биология бойынша жаңа түрлендірілген кабинеттер жоқ.

Білім беру теңсіздігін жою үшін БҒМ бірқатар шараларды іске асыруды жоспарлаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет