Есэдо го (версия 23. 0) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


Азаматтық қорғау органдарында қызмет өткеру жағдайын жақсарту



бет9/18
Дата27.02.2020
өлшемі3,04 Mb.
#58698
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

6. Азаматтық қорғау органдарында қызмет өткеру жағдайын жақсарту


2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап саны 19 мыңнан асатын азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақыларын арттыру жоспарланды.

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері атқаратын функцияларды ескере отырып, лауазымдық жалақыны арттыруды 20%-тен 65%-ке дейінгі мөлшерде дифференциалды жүргізу қарастырылады.

Мысалға қарапайым өрт сөндірушіні ақшалай ұстау орташа алғанда 40 мың теңге артады.

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайларын артту жөніндегі жұмыс «ҚР ІІМ ТЖК-нің аумақтық бөліністері мен ведомствоға бағынысты мемлекеттік мекемелерінің 2019-2021 жылдарға арналған төтенше жағдайларға дайындығы мен ден қойын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» ЕХӘҚМ, АҚДМ, Қаржымині және ІІМ-нің бірлескен бұйрығына сәйкес жүргізілуде.

Азаматтық қорғау саласындағы бакалавриаттық білім беру бағдарламалары бойынша білікті кадрлар даярлау ТЖК Көкшетау техникалық институтында жүзеге асырылады. Оқу «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайлардан қорғау», «Азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күші» және «Өрт сөндіру және апаттық-қорғау ісі» мамандықтары бойынша жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Ішкі істер органдарын жаңғыртудың 2019-2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыру аясында Көкшетау техникалық институтына штат саны (134 бірлік) және Өрт сөндіру қызметінің кәсіби даярлық мектебінің материалдық базасы берілді.

Нәтижесінде, Ақтөбе, Көкшетау, Шымкент және Өскемен қалаларында Институттың төрт Оқу орталығы құрылды, олар алғаш рет қызметке тұратын үміткерлерді арнайы бастапқы даярлауды, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының жұмыс істеп жүрген қызметкерлерін қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді.

Институт жыл сайын халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларды өткізеді, олар республикада жалғыз азаматтық қорғау саласындағы өзекті мәселелерді талқылайды.

Жалпы, 1997 жылдан бастап ТЖК Көкшетау техникалық институтында 4890 білікті маман даярланды, оның ішінде 107 түлек үздік дипломға ие болды. Азаматтық қорғау органдарының 3661-ден астам қызметкері мен қызметшілері біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өтті.

Сонымен қатар, үкіметаралық келісімдерге сәйкес жыл сайын азаматтық қорғау органдарының 37 курсанты Ресей және Беларусь Төтенше жағдайлар министрлігінің бейінді жоғары оқу орындарына оқуға жіберіледі.



7. Әскери қызмет мәртебесін көтеру


Әскери қызмет мәртебесін көтеру жөнінде Жолдауды жүзеге асыру шеңберінде Қорғаныс министрлігі мынадай іс-шараларды өткізуді жоспарлауда:

- әскери қызметшілердің кәсібилігін жетілдіру;

- әскери тәртіп пен құқық тәртібін күшейту;

- әскерлерді материалдық-техникалық жабдықтауды жақсарту;

- әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз етуді жетілдіру;

- медиялық имидждік өнімдерді шығару және тарату (фильмдер, бейнероликтер, жариялымдар);

- БАҚ-та және әлеуметтік желілерде ҚР ҚМ ақпараттық қызметін белсендіруді күшейту.

Әскери қызметшілердің кәсібилігін жетілдіру барлық санаттағы әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығы қарқындылығын көбейту, материалдық және моралдық ынталандырудың жаңа түрлерін енгізу, әскерлердің қызметтік ісін оңтайландыру арқылы жүргізіледі.

Әскери тәртіп пен құқық тәртібін күшейту мәселелерінде сеніп тапсырылған бөлімшелердегі әскери тәртіп және құқық тәртібі жағдайы үшін лауазымды адамдардың жауапкершілігін арттыру, психологтар мен әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтердің осы бағыттағы қызметтерін белсендіру, қоғамдық әсер ету бойынша шаралар қабылдау жоспарлануда.

Әскерлерді материалдық-техникалық жабдықтауды жақсарту шеңберінде қазіргі заманғы қару-жарақ және әскери техниканың жаңа түрлерін сатып алу, әскерлерге отандық қорғаныс-кәсіпорын кешенінің өнімдерін жеткізу, қолда бар қару-жарақты күрделі жөндеу және жаңарту жалғасатын болады.

Әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнаманы жетілдіру бойынша, сондай-ақ қолданыстағы әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жүйесін жүзеге асыру жұмыс жалғастырылады.

Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштердің имиджін және әскери қызметтің абыройын көтеруге бағытталған жоспарлы жұмысты жүргізуде. Қорғаныс министрлігінде және ҚР Қарулы Күштерде өткізілетін, сондай-ақ әрі қарай бейне-хостингтерде, әлеуметтік желілерде, теледидарда көрсетілетін айтулы күндерге немесе оқиғаларға байланыстырылған тақырыптық іс-шаралар нәтижесі бойынша ұдайы түрде деректі фильмдер мен имидждік бейнероликтер дайындалады.

Деректі фильмдер республикалық телеканалдар эфирінде көрсетіледі, ақпараттық және имидждік сүйемелдеу бойынша қызмет көрсетіледі, дайындалған имидждік роликтерді кең аудиторияны қамти отырып интернеттегі әлеуметтік желілерде ротация жүргізіледі.

Мәселен, 2019 жылы 2 деректі фильм дайындалды:

- Отан қорғаушы күніне арналған ҚР Қарулы Күштері туралы «Отанды қорғауда» фильмі;

- «Айбалта-2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығу туралы «Айбалта-2019» фильмі.

Жергілікті әскери басқару органдары:

- азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру;

- кандидаттарды әскери оқу орындарына іріктеу және жолдау;

- оқу-жаттығу взводтарын «ҚР ҚМ ӘТМ» РМҚК филиалдарында оқыту жүргізу үшін азаматтармен толықтыру;

- білім беру мекемелеріне алғашқы әскери дайындық курсын өткізуге көмек көрсету;

- келісімшарт бойынша әскери қызметті өткеруге азаматтарды іріктеу жұмыстарын жүргізуде.

2019 жылды Жастар жылы деп жариялау шеңберінде, сондай-ақ «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігін құру жөніндегі ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспардың 97-тармағын орындау мақсатында Қорғаныс министрлігі мынадай іс-шараларды орындады:

- «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жарғысы бекітілді;

- «Жас сарбаз» қозғалысының филиалдары еліміздің барлық өңірлерінде мерзімінен бұрын ашылды, ол туралы ҚР Тұңғыш Президентіне - Елбасына Жастар жылына арналған Жастар форумында баяндалды;

- 2019 жылға арналған әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді, оған әскери-патриоттық жұмысты жетілдіруге бағытталған ұйымдастыру, әдістемелік және басқа да іс-шаралар енгізілді;

- Қорғаныс министрлігі, «Жас сарбаз» қозғалысы және Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда облыстарының әкімдіктері арасында жастардың әскери-патриоттық тәрбиесі саласындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды. Қалған өңірлермен меморандумдарға қол қою бойынша жұмыс жүргізілуде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет