Мерейтолық даталарды мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 55 «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы» Жарлығы бекітілді.
2019 жылғы 1 қазанға дейін Үкімет Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу бойынша жалпыреспубликалық жоспарын бекітуді жоспарлап отыр.
Жалпыреспубликалық жоспар жобасында 500-ге жуық мәдениет ұйымдарда, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында, орта білім беру, ғылыми-зерттеу мекемелерінде республикалық және жергілікті деңгейлерде іс-шаралар өткізу қамтылған (конференциялар, фестивальдер, форумдар, конкурстар, айтыс, Абай оқулары, семинарлар, музыкалық және поэзия кештері, кино түсіру, қойылымдарды қою, кітап шығару және т.б.).
Абайдың әлемдік әдебиет пен мәдениетке қосқан үлесін кеңінен насихаттау мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық аударма бюросымен, Түркі академиясымен бірлесіп Абай Құнанбаевтың белгілі еңбектері мен шығармаларын 10 шет тіліне және түркі халықтарының тілдеріне аудару және басып шығару көзделген.
Түркі тілдес елдерде трансляциялау үшін түркі тілдеріне дубляжбен қазақ мәдениетін дамытудағы Абайдың өмірі, шығармашылығы, мұрасы мен рөлі туралы 3 деректі-қойылым фильм шығару жоспарланып отыр. Сонымен қатар, «Абай» телесериалын, «Абайтану» бейне және аудиолекцияларының циклін, сондай - ақ арнайы мерейтойлық теле -, радио жобаларын, тақырыптық бағдарламаларды, бейне, аудио материалдарды барлық медиа, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде кеңінен таратуға шығару жоспарлануда.
Авторлық бастамаларды қолдау үшін Абай Құнанбаев атындағы әдебиет саласындағы мемлекеттік емес Ұлттық сыйлық мекемесі ұсынылды. Сондай-ақ, «Тәуелсіздік толғауы», «Елім менің» республикалық шығармашылық байқаулары аясында Абайға арналған жаңа үздік авторлық қойылымдар, музыкалық, көркем, поэтикалық шығармаларды және т.б. жасауға ерекше номинациялар құрылатын болады.
Мерейтойдың басты оқиғаларының бірі ЮНЕСКО-ның қолдауымен Париж қаласында белгілі отандық және шетелдік ғалым-абайтанушы әдебиеттанушылардың, жазушылардың, ақындардың қатысуымен ұйымдастырылған ауқымды Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу болып табылады. Сол жерде Қазақстанның үздік шығармашылық ұжымдарының мерейтойлық Гала-концерті беріледі.
Білім және ғылым саласында, осы оқу жылынан бастап барлық оқу орындарында ашық сабақтар, тақырыптық шығармалар, мазмұндама және Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқу конкурстары өтетін болады. Республиканың барлық аймақтарынан «Абай жеріне саяхат» атты Абай жерлеріне экскурсиялық турлар қарастырылған.
Жоғары оқу орындарымен ғылыми конференциялар мен симпозиумдар, Абай оқулары, поэтикалық және әдеби фестивальдар, поэзия кештері, Абай шығармашылығын жақсы білуіне және оның шығармаларын орындауға арналған семинарлар мен конкурстар жоспарланған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанынан «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтын құру жоспарланған.
Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу шеңберінде Президенттің 2019 жылғы 26 тамыздағы №133 «Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Жарлығы бекітілді.
Мерекелеудің басты мақсаты ұлы ойшылдың образын ілгерілетуге және қоғамдық санада нығайтуға жаңа серпін беру.
Әл-Фарабидің 1150 жылдығын өткізудің негізгі міндеттері:
- қоғамдық санада әл-Фарабидің образын әлемдік өркениеттің ұлы кемеңгерлерінің бірі ретінде бекіту;
- әл-Фарабидің әлемдік ғылым тарихындағы ойшыл-гуманист және энциклопедист ғалым ретіндегі рөлі мен оның Еуропалық Ренессансқа ықапылн ілгерілету;
- әл-Фарабидің идеалдарын қазақстандықтардың жаңа интеллектуалдық ұрпағын қалыптастыру үшін нығайту;
- әл-Фарабидің ізгіліктің, ақиқаттың және әсемдіктің үйдесуіне негізделген жоғары интеллектуалдық қоғам құру туралы идеяларын ілгерілету;
- әл-Фарабиді Қазақстанның тумасы, сондай-ақ идеялары Шығыстың және Батыстың мәдениеті мен философиясын жақындастыратын көпірге айналған ұлы ойшыл ретінде таныту.
Әл-Фарабидің ғылымның рөлі, ізгілік, этикалық кемелдік туралы идеялары қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, салалық, кәсіби іс-шаралар мен халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейлердегі атаулы оқиғалардың негізіне интеграциялануы тиіс.
Іс-шаралардың мақсаттық тобы – қазақстандық және шетелдік ғалымдар, оқытушылар мен студенттер, мектеп оқушылары, жастар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, шығармашалық зиялы қауым, бизнесмендер мен кәсіпкерлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен басқа да мүдделі тұлғалар.
Әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу шеңберінде келесі іс-шараларды өткізу жоспарлануда:
- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы Ғылыми-зерттеу орталығының базасында 2 санаттағы ЮНЕСКО Орталығын (Институтын) құру;
- fusion music session (қазақтың дәстүрлі және заманауи музыкасының дәстүрлі бағыттарын аранжировкалау) өткізе отырып арт-фестиваль ұйымдастыру (атауының нұсқалары – «Отырар Вудстогі», «Turkic World», «Farab»);
- (жасанды) интеллектімен, этикамен және руханги дамумен байланысты проблемаларды зерделеу жөніндегі «Ғылым және руханият» пәнаралық жобалар әзірлеу;
- Түркістан облысында маусымдық тарихи-мәдени алаңшалар құру (сапар орталығы, «open air» кинотеатры, ежелгі Отырар өмірінен тарихи қайта сахналау);
- әл-Фараби мұралары тақырыптары бойынша «Kazakh Speaker» халықаралық конкурсын ұйымдастыру;
- ғылымды әйгілеу үшін ғалымдарды, азаматтық секторды, шынайы секторды және БАҚ-ты тарта отырып Science Talks ұйымдастыру;
- әл-Фараби идеяларын дамыту, оларды бейімдеу және заманауи дамуға қолдану үшін TedEx Talks ұйымдастыру;
- «әл-Фарабидің ізімен» атты әлемдік road-show ұйымдастыру;
- ғылымды дамыту тарихындағы әл-Фарабидіңрөлін, оның мұраларын ұғынуға бағытталған тақырыптық дөңгелек үстелдер, ғылыми конференциялар, симпозиумдер мен семинарлар ұйымдастыру;
- әл-Фараби идеяларының қазіргі замандағы мәні мен өзектілігін ашатын республикалық және хаплықаралық іс-шаралар ұйымдастыру;
- көрмелер (соның ішінде виртуалдық), қазақстандық және әлемдік фарабитанушы ғалымдардың кездесулерін ұйымдастыру;
- жастардың ізгілік пен парасаттылықтың құндылықтарын креативті және бейстандарт нысанда әйгілеуге бағытталған флеш-мобтар, open air форматындағы іс-шаралар өткізу жөніндегі бастамаларын қолдау;
- кітапханалар мен музейлерде тақырыптық экспозициялар өткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |