Есэдо го (версия 23. 0) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


II. АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ



бет6/18
Дата27.02.2020
өлшемі3,04 Mb.
#58698
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

II. АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ




  1. Сот және құқық қорғау жүйесін реформалау


  • Сот шешімдерінің сапасын арттыру туралы:

Сот жүйесінде жүргізіліп жатқан өзгерістер ең алдымен сот актілерінің сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл жұмыс кәсіби судьялардың ғана қолынан келеді. Осы мақсатта келесі тәсілдер тұжырымдамалық түрде өзгертілді:

1)судьяларды іріктеу, олардың мансаптық өсуі мен жеке жауапкершілігін арттыру;

2) артық жүктемені азайту;

3)бірыңғай сот практикасын қалыптастыру.

17 заң жобасы әзірленді: 5-еуі - қабылданды, 6-ауы - Мәжіліс қарауында, 6-ауы - мемлекеттік органдармен келісуде.

1)Судьяларды іріктеу жүйесі толығымен қайта қарастырылды: заңға енгізілген өзгертулер сот жүйесіне бизнестен және мемлекеттік органдардан білікті заңгерлерге, прокурорлар мен адвокаттарға жол ашты. Қатаң іріктеулер «кездейсоқ» үміткердің судья болуына еш мүмкіндік бермейді. Егер бұрын әрбір 4-ші үміткер судья болса, қазір бұл көрсеткіш 20-ны құрайды.



Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия толығымен жұмыс істей бастады. Егер судья жоғары тұрған лауазымға өтуге талаптанса, онда ол комиссияның сынағынан өтуге міндетті. Онда судьяның кәсіби жұмысы мен адамгершілік қасиеттері жан-жақты бағаланатың болады. 2019 жылдың соңына дейін комиссия әр бесінші судьяның (барлығы 418 адам) кәсіби қызметін бағалайды. Олардың сот төрелігін жүзеге асыруда білімі мен оны қолдану мүмкіндігі, судьялық қызметінің нәтижелері, іскерлік және адамгершілік қасиеттері зерттеледі. Комиссия судьяның күшті және әлсіз жақтарын, біліктілігін көтеру бағыттарын анықтау арқылы сот төрелігінің сапасын арттыруды көздеуде.

2) Заңға енгізілген түзетулер сот жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Жаңашылдықтар дау тудырмайтын талап-арыздарды нотариустардың қарауына беруге, сот орындаушыларының жекелеген әрекеттерін санкциялауды қысқартуға және осы өкілеттікті прокурорларға беруге, сонымен қатар бұйрықтық іс жүргізу санаттарының тізімін кеңейтуге бағытталған. Бұл судьяларды жүктемеден айтарлықтай босатып, олардың нақты әрі күрделі істерге баса назар аударуына мүмкіндік береді.

3) Сот төрелігінің болжамдылығын қамтамасыз ету мақсатында сот ісінің нәтижесін болжай алатын сервис жасалуда. Ол, ең біріншіден, адамдарға қандай құқықтық жағдайға түскенін жақсы түсінуге көмектесетін болады.

Сот актілерінің сапасын арттыру мақсатында «Сот шешімі туралы» нормативтік қаулыға өзгерістер енгізілді, сот үкімі және әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа қаулылар қабылданды. Олар сот қабылдаған шешімнің мәні мен құқықтық салдарын қарапайым тілде түсіндіруді міндеттейді. Судьяларға сот актілерін жаңа форматта әзірлеу бойынша ұсынымдар бекітілді, онда судьялардың шешім шығару кезінде жиі кездесетін қателіктеріне талдау жасалды. Осы орайда көрнекі мысалдар келтірілген, істердің неғұрлым көп таралған санаттары бойынша сот актілерінің үлгілері қоса берілген.

Жоғарғы Сот аппеляциялық қаулының жаңа үлгісін әзірлеуде. Ол «айнадан көрсету» қағидатына сәйкес келеді: қанша сұрақ - сонша жауап, бұл кассациялық сатыға келіп түскен өтінішхаттардың санын азайтуға мүмкіндік береді.

Әкімшілік әділет жүйесі судьяға сот ісін жүргізуде өз бастамасы бойынша дәлелдемелер жинауға, өзінің заңды ұстанымын білдіруге құқық береді, осылайша институционалдық ортада елеулі өзгерістер күтілуде.

Қорыта айтқанда, кәсіби судьялар корпусын қалыптастыру, соттың белсенді рөлі мен болжамды сот практикасын, жаңа ақпараттық технологиялардың енгізілуі және тағы басқа жаңашылдықтар сот актілерінің сапасын одан әрі арттыруға ықпал етпек.


  • Әкімшілік әділет туралы

Қазіргі уақытта Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК) жобасы Парламент Мәжілісінде қаралуда. Жоба барлық мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен, құқықтық қауымдастықпен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісілді.

Заң жобасы әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға, соның ішінде мемлекеттік органдардың ведомствоаралық қызметін ұйымдастыруға, сондай-ақ жария құқықтық қатынастар саласындағы дауларды шешу жөніндегі әкімшілік іс жүргізуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған. Заң жобасы «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдарды жоюды және жалпыға бірдей танылған халықаралық стандарттарға сәйкес әкімшілік рәсімдерді реттеудің жаңа тетіктерін енгізуді ұсынады.

Жеке сот ісін жүргізу енгізілуде, ол жария-құқықтық дауларды әкімшілік процестің қағидалары бойынша шешеді.

Заң жобасыәкімшілік рәсімдерді ішкі және сыртқы деп бөлуді, әкімшілік актілерді қолайлы және ауыр деп ажыратуды, әлеуметтік-саяси тәуекел тудыруы мүмкін әкімшілік актіні басқарушы органдардың бастамашылық жасауының, қарауының және қабылдауының егжей-тегжейлі және айқын рәсімін көздейді.

Тұлғаға қатысты әкімшілік акт қабылданғанға дейін оны тыңдау және дауды міндетті түрде сотқа дейінгі реттеу (әкімшілік актіні жоғары тұрған органға шағымдану) құқығы регламенттелген. Арнайы қағидаттар белгіленген (әкімшілік шешімдегі сәйкестілік, сенім білдіру құқығын қорғау, формальді талаптарды асыра пайдалануға тыйым салу және т.б.), оларды сақтамау сипаты мен мәніне қарай әкімшілік актіні заңсыз деп тануға негіз болуы мүмкін.

Жария-құқықтық сипаттағы дауларды шешу бойынша жеке сот ісін жүргізуде жаңа механизмдер енгізіледі.Заң жобасында жеке тұлғаның әкімшілік органмен дауласқан сот процесінде құқықтық мүмкіндіктерін теңестіретін құқықтық құралдар көзделген. Атап айтқанда, дәлелдеу ауыртпалығы дау айтылған әкімшілік актіні қабылдаған әкімшілік органға жүктеледі.

Соттың белсенді рөлінің қағидаты бекітіледі. Оған сәйкес: тараптардың тең емес мүмкіндіктерін ескере отырып, сот істің мән-жайын өз бастамасы бойынша зерттейді; сот процеске қатысушылар мәлімдеген түсініктемелерімен, тараптар ұсынған дәлелдермен және дәлелдемелермен шектелмейді. Судья талап арызда жіберілген формальді қателіктерді жоюға жәрдемдесуге, түсініксіз талап арыздарды түсіндіруге және нақтылауға, тиісті мақсатқа сай арыздар жазуға көмектесуге, жартылай іс жүзіндегі мәліметтерді толықтыруға, сонымен қатар мән-жайларды анықтау мен бағалау үшін мәні бар түсініктемелер беруге міндетті. Жария-құқықтық дауды шешу кезінде судья әкімшілік органдардың шешімдерін тек жалпы конституциялық қағидаттарға ғана емес, сонымен бірге заң жобасында қамтылатын арнайы қағидаларға сәйкестігін тексереді.

Заң жобасының мақсаттары:

- жария құқықтық қатынастар саласында әкімшілік рәсімдер мен сот ісін жүргізуді жүзеге асырудың құқықтық негіздерін, қағидаттарын белгілеу және бірыңғай заңнамалық актімен бекіту;

- мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және әкімшілік озбырлықты жою, сыбайлас жемқорлық фактілерін тудыратын жағдайлардың жолын кесу;

- мемлекеттік басқару қызметінің тиімділігі мен халықтың мемлекетке деген сенімін арттыру;

- әкімшілік органдардың шешімдерін тиімді және толық сот бақылауына арналған критерийлерді белгілеу болып табылады.



Кодекстің жобасын әзірлеу кезінде Германияның, Латвияның, Эстонияның, Нидерландының, Ресейдің, Әзербайжанның, Арменияның және ТМД-ның бірқатар елдерінің тәжірибелері қолданылды. Жалпы, ӘРПК-ні қабылдау құқықтық мемлекет идеяларына сәйкес мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастардың жаңа кезеңі, заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңызды қадамы, сонымен бірге елдің инвестициялық ахуалына жағымды әсер етеді.

  • Аудандық және оған теңестірілген соттардың істерді қарау, сот төрелігін іске асыру сапасы туралы деректер

Атауы

2018 ж.

2019 жылдың

6 айы

Барлық келіп түскен істер (өтініштер)

1 325 503

569 350

азаматтық

928 896

358 733

қылмыстық істер

49 097

19 678

әкімшілік

347 510

190 939

Барлық аяқталған істер

1 254 882

527 378

Азаматтық, оның ішінде:

871 355

327 112

шешім шығарумен

517 056

205 597

Қылмыстық, оның ішінде:

48 393

19 055

үкім шығарумен

27 817

11 952

Әкімшілік істер

335 134

181 211

Барлық шағым берілді

81 277 (9%)

38 416 (9,4%)

Барлық шағым жасалған аз. аппеляциядағы істер

65 104 (12,6%)

30 254 (14,7%)

Барлығы шағым жасалған уг. істер апелляция (тұлғалар)

7 882 (15,7%)

3 337 (16,7%)

Барлығы әкімге шағымданды. аппеляциядағы істер

8 291 (2,5%)

4 825 (2,7%)

Барлығы ӘК-ге өтініштер келіп түсті

22 845

11 995

азаматтық

14 062

7 480

қылмыстық

6 611

3 390

әкімшілік

2 172

1 125

Сот төрелігінің сапасы (күші жойылған/өзгертілген барлығы)

9 446 (1%)

5 087 (1,2%)

азаматтық істер жөніндегі

6 187 (1,2)

3 408 (1,7%)

қылмыстық істер бойынша

2 404 (4,8%)

1 107 (5,8%)

әкімшілік істер бойынша

855 (0,3%)

  1. ,3%)





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет