Есэдо го (версия 23. 0) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп



бет3/18
Дата27.02.2020
өлшемі3,04 Mb.
#58698
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Халықпен тиімді кері байланыс


2015 жылы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚРЗ (бұдан әрі – Заң) қабылдау мезетінен бастап халықпен кері байланыстың көптеген арналары пайда болды.

Мемлекеттік органдар бірінші басшыларының блог-платформасы

Мемлекеттік органдар бірінші басшыларының блог-платформасы «Ашық диалог» интернет-порталын құраушыларының бірі және мемлекеттік органдар мен халық арасындағы кері байланысқа арналған алаң болып табылады. Берілген блог-платформаның көмегімен әр азамат қызықтырған сұрақтарын мемлекеттік органның бірінші басшысына тікелей қоя алады.



Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары

Заңға сәйкес ақпаратты иеленушілер (мемлекеттік органдар) ақпаратқа қол жеткізуді ұсынуға, соның ішінде интернет-ресурстарда ақпаратты орналастыру жолымен міндетті. Қазіргі уақытта, мемлекеттік органдар Заңның 16-бабына басшылық жасай отырып, өз қызметі туралы ақпаратты орналастырады: байланыстар, құрылымдық бөлімшелер, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар, нормативтік құқықтық актілер, вакансиялар туралы және т.б. ақпарат. Бұдан басқа, интернет-ресурстарда әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарға, Мемлекеттік органдар бірінші басшыларының блог-платформасына, сондай-ақ онлайн-қабылдау бөлмелеріне тікелей сілтемелер бар.



Сенім телефондары мен call-орталықтар

Қазіргі уақытта, 12 орталық мемлекеттік органда (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Жоғарғы сот, Ақпарат және қоғамдық даму, Ішкі істер, Мәдениет және спорт, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ұлттық экономика, Энергетика министрліктері) сенім телефондары бар.Сall-орталықтар 6 орталық мемлекеттік органның (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті,Бас прокуратура, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Әділет, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері) жанында жұмыс жасайды.

Бұдан басқа, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Шығыс Қазақстан облысында азаматтар тікелей кеңесті ала алатын не өзінің өтінішін қалдыра алатын сall-орталықтар жұмыс жасайды.

Көрсетілген телефондардың байланыстары «Мемлекеттік органдар – Сенім телефондары» бөлімінде «электрондық үкімет» порталында қолжетімді.



Онлайн-қабылдау бөлмелері

Қазіргі уақытта бірқатар мемлекеттік органдар (ЕХӘҚМ, БҒМ, ДСМ, ИИДМ, АҚДМ, АШМ, ҰЭМ) халық қызықтырған сұрақтарын қоя алатын, ЭЦҚ қолданбай-ақ ұсыныстары мен тілектерін қалдыра алатын қоғамдық онлайн-бөлмелерді ресми интернет-ресурстарындың базасында құрған.

ЭЦҚ қолданусыз кері байланыстың қажеттігі «бюрократиялық кешіктірушіліксіз» өтініштерді беру үдерісін жеңілдетумен шартталды.

«Ашық НҚА» порталы

«Ашық НҚА» порталы мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері мен заң жобаларының тұжырымдамаларын қарауда азаматтардың қатысуын қамтамасыз етеді.

Азаматтарды мемлекеттік шешімдерді қабылдау үдерісіне тартудың мақсатында «Ашық НҚА» және «Ашық бюджеттер» порталдары жұмыс жасайды.

«Ашық НҚА» порталында мемлекеттік қызметтер стандарттарымен қоса, нормативтік құқықтық актілердің жобалары көпшілік талқыланады. Портал жұмыс жасаған барлық уақыты бойынша 43 мыңнан астам НҚА жобасы жарияланды, 20 мыңнан астам түсініктеме қалдырылды.



«Ашық бюджеттер» порталы

Мемлекеттегі «бюджет» ұғымы туралы азаматтардың көзқарасын жеңілдетудің және бюджеттік қаражаттардың жұмсалуына қоғамдық бақылау арқылы белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға жәрдемдесудің мақсатында «Ашық бюджеттер» порталы құрылған болатын. «Ашық бюджеттер» порталында бюджеттік бағдарламалар жобалары мен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептер орналастырылады және көпшілік талқыланады, бұл бюджеттік қаражаттардың жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға жол ашады.



«Ашық деректер» порталы

«Ашық деректер» порталы – бұл мемлекеттік органдардың жалпыға қолжетімді деректері машинада оқылатын түрде орналастырылатын алаң.

Қазіргі таңда мемлекеттік органдар «Ашық деректер» порталында 3 500 астам ашық деректер жиынтықтарын орналастырған. Портал деректерінің негізінде IT-қауымдастықпен 31 қосымша мен сервис әзірленген.

Портал Мекенжай тіркеуіші және Бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат секілді жүйелермен интеграцияланған. Бұл деректер, мәселен, көше атауын тексеру үшін, жақын арадағы ХҚКО немесе дәріхананы іздеу және т.б. қолданыла алады.



Интернет-конференциялар мен сауалнамалар

«Ашық диалог» порталының құрамдауыштарына интернет-конференциялар мен сауалнамлар секілді сервистер кіреді.

Интернет-конференциялардың көмегімен азаматтар қызықтырған сұрақтарын қоя алады немесе онлайн режимде өтінішпен жүгіне алады.

Бұдан басқа, пікірлерді жинақтау жолымен халықтан кері байланысты алу мақсаты болып табылатын сауалнамаларды мемлекеттік органдар тұрақты негізде өткізеді.



«Ашық НҚА» порталы

Бұрын айтылғандай, «Ашық НҚА» порталы талқылау жолымен мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобалары мен заң жобаларының тұжырымдамаларын қарауда азаматтардың қатысуын қамтамасыз етеді.

Азаматтар тиісті өзгерістерді не толықтыруларды ұсына отырып, НҚА жобасына түсініктемелерін қалдыра алады, сондай-ақ жобаға дауыс бере алады.

Қазіргі уақытта порталдағы НҚА жобаларының саны шамамен 45 мыңды құрайды.



«Ашық бюджеттер» порталы

«Ашық бюджеттер» порталындағы бюджеттік бағдарламалар жобаларын жариялау, халыққа жұмсау үдерісіне өзгерістерді енгізуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, порталда мемлекеттік органдардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы барлық ақпарат жарияланады: шоғырландырылған қаржылық есептілік, мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат, азаматтық бюджет және т.б.

Жарияланған бюджеттік бағдарламалар жобаларының жалпы саны 53 мыңнан астам жобаны құрайды.



«Ашық деректер» порталы

Көрсетілген порталдың көмегімен азаматтар мен бизнес жеке және коммерциялық мақсаттарда ашық деректерді пайдалана алады.

Бұдан басқа, қажетті ақпарат болмаған жағдайда, азаматтар ақпаратты жариялауға, сондай-ақ оны өзектендіруге өтінімді беруге құқылы.

Статистикаға сәйкес, қаралған деректердің саны 1 миллионнан астамын құрайды, бұл порталдың танымалдығын көрсетеді.



«Ашық диалог» порталы

Портал үш сервистен тұрады:

- Бірінші басшылардың блог-платформасы – азаматтар тікелей бірінші басшыға электрондық өтінімді қалдыра алады;

- Интернет-конференциялар – халыққа қызықтырған сұрақтарды қоюға, сондай-ақ онлайн режимде мемлекеттік органдардың өкілдеріне ұсыныстарды енгізуге мүмкіндік береді;

- Сауалнамалар – кез келген мәселелер бойынша қоғамдық пікірлерді жинақтауға арналған тиімді құрал болып табылады.

Қазіргі таңда Блог-платформа арқылы түскен өтініштердің саны 287 мыңнан астамын, ал интернет-конференциялар мен сауалнамалар – 700 астамын құрайды.

Сонымен бірге, бар алаңдарды жетілдіру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде.

Осылайша, 2020 жылдың қаңтарынан бастап мемлекеттік органдардың барлық интернет-ресурстарының, сондай-ақ «электрондық үкімет» порталының Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасына көшуі жоспарланған. Берілген шара пайдаланушылар үшін «бірыңғай терезені» құруға, уақыт ресурстарын үнемдей отырып іздеу тапсырмасын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, «Ашық үкімет» порталдарын жетілдіру жоспарлануда. Мысалы, қазіргі уақытта, азаматтарға ұлттық компаниялардың басшыларына тікелей сұрақ беруге мүмкіндік беретін Блог-платформаға квазимемлекеттік сектор ұйымдарының бірінші басшыларын қосу мәселесі пысықталуда.

Сонымен қатар, ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнама жетілдірілуде. Атап айтқанда, ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органды, мемлекеттік органдардың құзыреттерін айқындау және т.б. жоспарланып отыр.


  1. Мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің санын қысқарту


Мемлекет басшысы 2020 жылдан бастап, 2024 жылға дейін мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің санын 25%-ке біртіндеп қысқартып, үнемделген қаражатты неғұрлым пайдалы қызметкерлерді ынталандыруға жұмсау міндетін қойды.

Әлеуметтік шиеленісті болдырмау мақсатында кандидаттарды қабылдауға мораторий жариялай отырып, «жұмсақ» құралдарды қолдану ұсынылады:

1) бос орындарға (а.ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша 7 824 бос орын, оның ішінде ұзақ уақыттан бері – 5 083);

2) бос қалған орындарға (зейнет алды жасындағы қызметшілер - 2 243 адам, қызмет мерзімі ұзартылған зейнеткерлер – 621 адам);

3) жыл сайын орта есеппен 1 000 адам зейнет жасына жетеді, мемлекеттік қызметтен 6 000 адам шығады.

Бірінші кезеңде ұзақ уақыттан бергі бос орындарды (5 083) қысқарту ұсынылады, болжам бойынша 8,7 млрд. теңге бос қалады.

Бұл шараны, мүмкін, 2020 жылғы 1 тоқсан ішінде орындау қажет болар.

Бұдан басқа, Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу шеңберінде мемлекеттік органдардың ұйымдық құрылымын қайта қарау жолымен мемлекеттік аппаратты оңтайландыру бойынша кешенді және жүйелі шаралар жасалатын болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет