Е.Үсеновтің қобызға арналған шығармалары. Сұрағанқызы Жансая Қызылорда қаласы



бет2/2
Дата28.01.2018
өлшемі263,41 Kb.
#34542
1   2
Романс” – “Romans” испан сөзі, жеке дауыс пен аспапқа арналған камералық вокалды шығарма. Бұл туынды классикалық музыка мен халық музыкасының дәстүрін бейнелейтін үлгі тұтарлық сәтті көрінісімен ерекшеленеді. Аталған шығарма оның композиторлық стилінінің ерекшелігін көрсетеді. Негізгі тақырып баяу, әндете орындалады, g moll тональдігінде, 2/4 өлшемінде жүреді.


Кіріспе

А

А1

В

А2

D-Кода

5 такт

23 такт

13 такт

14 такт

6 такт

12 такт

№2 кесте

Оны тыңдаған кезде әсем әуездік сипат байқалады. Басты орындау тәсілі – легато, дегенмен қобыз партиясы нәзік, әуенді болғанымен, сүйемелдеуші партиясы басынан-ақ, жағаға соққан теңіз толқынындай әсерде қалдыратын он алтылық ноталармен берілген.


4 мысал. Е.Үсенов, «Романс», кіріспе.

Бұл шығарма орындаушымен қатар сүйемелдеушіден де шеберлікті, көп дайындықты қажет етеді.

Қобыз партиясы әуенді негізгі тақырыппен басталады, бұл мінездеме қобызшыдан жәй, асықпай, байыппен орындауды талап етеді.



5 мысал. Е.Үсенов, «Романс»

Шығарманы орындау барысында дыбысты таза шығару үшін қобызшыдан ысқыштың және саусақтардың барлық ішектерге дәл бөлініп таратылуын талап етеді. Орындау кезінде дыбыстар арасындағы байланыс үзілмей, бір біріне жалғасуы өзендегі ағын су секілді әсер қалдыруы керек.

Әуен ырғағы басынан бастап аяғына дейін сабырлы қалыпта өтеді, әуен сазында жан сұлулығын жыр еткен ғажайып бір жұмсақ үн бар. Романс шығармасында әлдебір қасиетті биікке құлаш ұрған көрікті көңіл күй (әуен сазы арқылы бейнеленеді), тамылжыған табиғат көрінісі фортепианоның сүйемелдеу сипатында анық көрсетіледі. Лирикалық нәзік ойға толы бұл шығарманың негізгі тақырыбы орта тұсында әрі қарай дамып, poco accell. арқылы бірте-бірте шарықтау шегін дайындайды. Шығарманың 42 тактісінде дыбыстар шарықтау шегіне, яғни, өз мәресіне жетеді.


6 мысал. Е.Үсенов, «Романс».

Орындаушы шығарманың шарықтау шегінде нәзік, қоңыр дыбыспен, әуезді бұзбай ойнап шығуы тиіс.

Композитордың бұл шығармасы аспаптық музыкадағы таңдаулы туындылардың бірі. Романс баяу екпінде нәзік, ән сипатында орындалады, ол үшін ысқышты жүргізген уақытта дыбысты үзбей, бір-бірімен байланыстырып, өте жұмсақ дыбыспен ойнауы қажет. Жалпы композитордың айтуы бойынша өзінің жанына жақын тартатын аспап бұл виолончель, яғни, бас қобыз аспабы екен. Сол себепті «Күзгі әуен» сияқты «Романс» та бастапқыда бас қобызға арналып жазылған. Кейін атақты қобызшы, қазіргі кезде Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы, профессор Р.Қ.Мұсақожаева сым қобызға арнап өңдетіп, өзінің орындауында Қазақ радиосының «Алтын қорына» жаздырған.

Бұл шығарма жөнінде орындаушы, Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы, профессор Р.Қ.Мұсақожаева былай деп өз пікірін білдірді: «Шығарма шағын түрде жазылған, бірақ өзіндік даму жолымен, шарықтау шегінің толыққандылығымен, негізгі түпкі ойының айқындылығымен ерекшеленеді. Орындаушыға дыбыс тазалығына, динамикаға көңіл бөліп, біртіндеп өрлеу барысына үлкен дайындық қажет. Мұнда адам бойындағы тебіренісі, терең толғанысты сезімдері, ішкі сағынышы музыка тілінде шеберлікпен бейнеленген. Бұл шығарма менің орындауымда Қазақ радиосының “Алтын қорына” жазылған, қазіргі кезде эфирлерден беріліп тұрады»1.

Е.Үсеновтің қазақ музыка мәдениетінде, оның ішінде қобыз музыкасы және оның репертуарын көбейту мақсатында қобызға арнайы жазған туындыларының алар орны ерекше деп айтуға болады.

Е.Үсенов өз шығармашылығында белгілі халық композиторларының және қазақтың халық әндері тақырыбына фантазиялар жазуда өзіндік қолтаңбасы бар ерекше тұлға.

Абай әндеріне жазылған “Фантазия” - негізінде ұлы Абайдың 150-жылдық мерейтойына арнайы тапсырыс арқылы оркестр мен хорға және би қойылымына арналып жазылған. Қобызшы-орындаушылардың өтінішімен қобыз бен фортепианоға арнайы өңделіп түсірілді.



Шығарма сабырлы, қою қоңыр дыбыспен басталады.

7 мысал. Е.Үсенов, Абай әндеріне «Фантазия»



Жалпы шығарма барысында фортепиано мен қобыздың партиясы бір-бірімен байланысып, жалғасып жатады. “Көзімнің қарасы” әнінен кейінгі би тектес ырғақ шығарманы көркемдеп, байыта түскендей. Стаккато штрихымен орындалатын бұл қысқа әуен қобызшының техникалық шеберлігінің өсуіне ықпал етеді.

8 мысал. Е.Үсенов, Абай әндеріне «Фантазия»

Осы шат көңілді би тектес әуен екі рет қайталанып, соңынан шығарманың шарықтау шегін дайындайды.

Бір әннен келесі әнге көшерде немесе бір тақырып пен екінші тақырып арасын байланыстыру мақсатында қолданатын қысқа да қосымша әуендерді асқан бір шеберлікпен пайдалана білуі Е.Үсеновтің фантазия жазудағы композициялық ерекшелігі. Ал “Айттым сәлем, қаламқас” әні шығарманың соңында композитордың барлық ойын түйіндегендей болады.



9 мысал. Е.Үсенов, Абай әндеріне «Фантазия»

Фантазияда музыкаға тән барлық элементтер қамтылған. Орындаушыдан үлкен дайындық пен шеберлікті талап етеді. Шығарманың түпкі ойы мен негізгі мақсаты – Абайдың болмысы мен бет-бейнесін асқақтатып, өлеңдері, қара сөздерімен қатар оның музыкасының ұлылығын паш ету, әндерін жас толқын орындаушылардың бойына сіңіріп, дәріптеу болып табылады.

Музыкалық мәдениетіміздің ұлттық шеңберде ғана шектелмей әлемдік мәдениет кеңістігінде шарықтауына үлесін қосып жүрген Е.Үсеновтің “Өмір-дастан” атты шығармасы АҚШ-тың Сан-Фрациско және басқа да қалаларының сахнасында орындалды. Негізінен бұл шығарма қыл қобызға және Қазақстанның Халық әртісі А.Қ.Мұсақожаева басқаратын “Солистер академиясы” камералық оркестріне арнайы тапсырыспен жазылған. Қыл қобызда жеке орындайтын қобызшы, ҚазҰӨУ-нің оқытушысы, профессор Р.Қ.Мұсақожаева. Бұл жаңалық туралы еліміздің ақпарат көздерінде жарияланып, көптеген жақсы пікірлер жазылды.

Қазақ халқының музыкалық мәдениетін насихаттауда, өңдеп, нотаға түсіруде, сондай-ақ, үнтаспаға, күйтабаққа, теле-радио қорына жаздыртуға сіңірген еңбегі зор.

Қазіргі таңда еліміздегі заманауи сазгерлердің ішінде өнерге шынайы болмысымен берілген Е.Үсенов – шебер оркестратор. Музыкалық шығарманы оркестрге түсіру – әркімнің қолынан келе бермейтін іс. Бұл салада Е.Үсенов ойы ұшқыр, қиялы күшті, ансамбль мен оркестрге түсіру өнерін жетік меңгерген білікті маман. Оркестрге түсіру өнерін көркем әдебиеттегі аударма өнерімен теңестіруге болады. Әдеби шығарманың табысына көркем аударманың үлесі қандай болса, оркестрге түсірілген музыкалық шығарманың тыңдаушы көңілінен шығып, жоғары бағалануына оркестрге түсіру өнерінің де маңызы сондай.

Домбырашы, дәулескер күйші Е.Үсенов табиғатынан мелодиялық дарынымен жаратылған және ол қазақтың бай музыкалық фольклорын бойына сіңірген. Сонымен қатар ол, сауатты да білімді, кәсіби композитор. Оның музыкасы еліміздің сахналарында ғана емес, әлемдік, дүниежүзілік сахналарда да орындалып, өзінің әділ бағасын алып жүр.

Ол қазақ музыка мәдениетінің қорына асыл қазыналар, мол мұралар, алтын құндылықтар қалдыруда да еңбек етіп жүр.

Қазақстан музыка мәдениетінің биік шыңдардан көрінуіне өз үлесін қосып жүрген Е.Үсеновтің өрениетінің келешек жас өнерпаздарға дәріптеліп, насихатталуы өз өнерімізді бағалау болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері. Тарихнама. – Астана: Күлтегін, 2002 - 831 б.

2. Жумалиева Т., Ахметбекова Д., Ысқақов Б., Қарамендина Ә., Қоспақов З. Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы. Қазақ халқының атақты күйші-композиторлары мен олардың орындаушылық дәстүрлері. – Алматы: 2005. - 560 б.

3. Бейсембек Т. Шамғон Қажығалиев. – Алматы: Өлке, 2007. - 232 б.

4. Үсенов Е. Домбыра мен фортепианоға арналған шығармалар. [Алғы сөз: Жайымов А]. – Алматы: Ануар, 1999. - 106 б.




1 Р.Қ.Мұсақожаеваның пікірі (2.07.2011)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет