Жұмыс үстелiнде жаңа буманы құру үшiн Жұмыс үстелiнiң кез келген бос жерiне тышқан көрсеткiшiн апарып, оның оң жақ батырмасын басу жеткiлiктi.
Егер басқа буманың iшiне жаңа буманы құру қажет болса, онда ең алдымен, жаңа буманы құратын буманы ашып, оның iшiне өз бумаңызды құру үшiн терезенiң жұмыс аумағының бос жерiне апарып, тышқанның оң жақ батырмасын басасың. Пайда болған динамикалық менюден Создать командасын таңдайсыз. Буманы таңдауға қажеттi экранда меню ашылады немесе ФайлСоздатьПапка командасын тiзбектей орындаңыз.
Нәтижесiнде аты бар (1,2,... және т.б.) жаңа бума белгiсi құрылады. Қажеттi атауды енгiзесiз де, Enter пернесiне басасыз.
Бума жарлықтарын құру
Жарлықты құрудың екi тәсiлi бар:
Егер Жұмыс үстелiнде немесе ашық тұрған бумаға жарлық құру қажет болса, онда сүйреу арқылы жарлық құрылады.
Мастер көмегiмен жарлықты құру. Ол үшiн осы терезеде тышқанның оң жақ батырмасын басқаннан кейiн пайда болатын жанама менюде СоздатьЯрлык командасы таңдалады.
Экранда «Создание ярлыка» терезе мастерi пайда болады.
Обзор батырмасына бассақ, онда хабар алмасушы терезе пайда болады да, осы терезеден жарлық құруға қажеттi объектiнi таңдап аласыз және Открыть батырмасына басасыз.
Одан кейiн мастер терезесiне қайтып келу жүзеге асырылады. Далее батырмасына басып, жарлықтың атын енгiзiңiз де, Готово батырмасына басыңыз. Аталған әрекеттер орындалғаннан кейiн экранда жаңа жарлық пайда болады.
Буманы, файлды және жарлықты жылжыту
Жылжыту тәсiлдерi төмендегiдей:
Бумаға орналастыратын файл белгiсiне тышқан көрсеткiшiн алып барып, сүйреу арқылы қажет бумаға апарып, орналастырамыз.
Меню арқылы объектiлердi жылжыту. Ол үшiн бума терезесiндегi объектiнi бөлiп алып, мына команданы орындайды: Правка Вырезать. Одан кейiн бума терезесiне өтiп, Правка Вставить командасын орындаймыз.
Жанама меню арқылы.
Ctrl+X пернелерi арқылы бөлiнiп алған объектi өшiрiледi де, Ctrl+V пернесi арқылы жаңа орынға қойылады.
Бумаларды, файлдарды және жарлықтарды көшiру
Көшiру тәсiлдерi төмендегiдей:
Меню арқылы объектiлердi көшiру жүзеге асырылады. Ол үшiн бума терезесiнен объектiнi бөлiп алып, Правка Копировать командасын орындаңыз. Содан кейiн қабылдап алу бумасының терезесiне көшiп, мына команданы орындаңыз: Правка Вставить.
Жанама меню арқылы.
Ctrl+С пернелерi арқылы бөлiнiп алынған объектiлер көшiрiледi және Ctrl+V пернелерi арқылы жаңа орынға қойылады.
Буманың, файлдың және жарлықтың атын өзгерту
Объектiнiң атын өзгертудiң бiрнеше тәсiлi бар:
Объектi бойынша тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы пайда болған жанама менюден Переименовать командасын таңдаңыз да, жаңа ат енгiзiңiз де, Enter пернесiне басыңыз.
Бөлiнiп алынған объектiнiң аты бойынша бассаңыз, жаңа атты енгiзетiн тiктөртбұрышты жақтау пайда болады.
Объектiнi бөлiп алыңыз да, мына команданы орындаңыз: Файл Переименование.
Буманы, файлды және жарлықтарды өшiру
Объектiлердi немесе объектiлер тобын өшiрудiң бiрнеше тәсiлi бар:
Объектiнi бөлiп алыңыз да, Delete пернесiне басыңыз.
Бөлiнiп алынған объектi бойынша тышқанның оң жақ батырмасын басып, жанама менюден бума терезесiндегi менюден Удалить командасын таңдаңыз.
Объектiлердi немесе объектiлер тобын белгiлеп алып, бума терезесiндегi менюден мына команданы орындаңыз: Файл Удалить.
Объектiлердi немесе объектiлер тобын таңдап, оны Корзины белгiсiне алып келiңiз.
Тышқанның сол жақ батырмасы арқылы объектiнi таңдап, Delete пернесiне басыңыз.
Жоғарыдағы тәсiлдердiң бiреуiн орындағаннан кейiн экранда “Подтверждение удаления” терезесi пайда болады. Өшiрiлетiн файлдар автоматты түрде Корзинаға орналастырылады.
Өшiрiлген бумаларды, файлдарды және жарлықтарды қалпына келтiру.
Корзина белгiсi бойынша екi рет бассаңыз өшiрiлген объектiлер тiзiмiнен тұратын Корзины терезесi ашылады.
Корзины бумасындағы объектiлердi қалпына келтiру үшiн оны белгiлеп алып, мына команданы орындаймыз: Файл Восстановить ( немесе объектiге апарып тышқаннынң оң жақ батырмасын басамыз да, пайда болған менюден Восстановить командасын таңдаймыз).
Корзинаны тазарту
Корзинадағы файлды өшiру үшiн оны ашып, Жұмыс үстелiндегi Корзина белгiсiне екi рет басып, файлды таңдап, Delete пернесiне басамыз. Корзинадағы объектiлер тобын өшiру үшiн Ctrl пернесiн басу арқылы барлық объектiлердi белгiлеп алып, Файл менюiндегi Удалить командасына басыңыз.
Корзинадағы барлық файлды өшiру үшiн Файл менюiндегi Очистить Корзину командасына басамыз.
Бума мен файлдарды iздеу
Егер Сiзге қажеттi файлды iздеу үшiн, бiрақ оның жолы белгiсiз болса, онда мына команданы орында: Пуск Найти Файлы и папки.
Тапсырмалар тақтасындағы Пуск батырмасына басып, Найти командасын таңдаңыз, Имя мәтiндiк алаңындағы пайда болған терезеге тышқан батырмасын басыңыз да, файлдың немесе бумасын атын енгiзiңiз. Содан кейiн Найти батырмасына басыңыз. Қарау терезесiнде табылған файлдардың атауы пайда болады. Бiр немесе бiрнеше құжаттарды қарау үшiн тышқан батырмасын екi рет шертiңiз.
Iздеудi аяқтағаннан кейiн, Найти терезесiн жабыңыз да, Закрыть батырмасына басыңыз.
Лабораториялық жұмыстар
Достарыңызбен бөлісу: |