Берiлген бумаға объектiлер белгiсi орналасқан жұмыс аумағын бумалар терезесiн құрайды;
Командалар атауытақырып қатарында орналасқан. Тақырып қатарына тышқан көрсеткiшiн алып барып, оны кез келген бағытқа жылжытуға болады.
Терезе жақтауы. Тышқан көрсеткiшiн терезе жақтауына алып барып, терезе өлшемiн кез келген бағытқа өзгертуге болады.
Тақырып қатарының сол жағында жүйелiк меню белгiсi орналасқан. Бұл белгiге бiр рет басқанда терезенi басқару командалырың тiзiмi ашылады, оның көмегiмен жылжытып, өлшемдерiн өзгертуге болады.
Тақырып қатарының төменгi бөлiгiнде меню қатары орналасқан. Онда терезенiң жұмыс аумағында бейнеленген объектiлердi басқаруды қамтамасыз ететiн командалар тiзiмi орналасқан.
Құралдар тақтасы программалар командаларында жиi қолданылатын батырмалар мен белгiлердi тез жiберуге негiзделген.
Егер жұмыс аумағы шеңберiнде терезе объектiлерi түгелiмен орналаспаса, онда терезеде автоматты түрде тiк және көлденең айналдыру жолақтары пайда болады.
Терезе элементтерi
Ол тақырып қатарының оң жақ бұрышында орналасқан батырмалардан тұрады:
Жабу батырмасы. Осы батырмаға басу арқылы терезе жабылады.
Кiшiрейту батырмасы. Тапсырмалар тақтасына терезе батырма ретiнде бүктелiп, уақытша жабылады. Оған қайтадан басу арқылы оны қалпына келтiруге болады.