Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi


Ақпараттардың ЭЕМ-да берілуі



бет2/15
Дата11.02.2020
өлшемі1,01 Mb.
#57649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
inf5 SabJospar 102

2. Ақпараттардың ЭЕМ-да берілуі




2.1. Ақпараттарды кодтау (таңбалау)


Қандайда бір алфавитті падаланып информация жазуды кодтау деп атайды.

Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру жолын код деп атайды.

Мысалы: төрт мың бес жүз алпыс жеті дегенді -

456710, 107278, 11D716, 10001110101112

Ақпараттардың кодталуы оның кері кодталуына (декодталуына) қолайлы болуы керек.

ЭЕМ – ға енгізілген ақпарат 0 мен 1-ге аударылып түрленеді. Енгізілген әрбір символ 0 мен 1 тізбегін құрайды. Мұны екілік код деп атайды.

АНА – 10000000 10001011 10000000

1 байт


1 байт  8 бит (ағылшын тіліндегі bit, binary digit – екілік таңба)

1 килобайт  1024 байт  1000 байт;

1 мегабайт  1024 Кбайт  1 000 000 байт;

1 гигабайт  1024 Мбайт  1 000 000 000 байт.



Сонымен компьютер жадында сақталатын ақпараттардың барлық түрлері - сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары – бәрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады.
Ақпарат.
Тақырып 1. Ақпарат

    1. Ақпарат туралы түсінігі, оның құрылымы

    2. Символдық ақпараттың әдістерін ұсыныға

    3. Ақпарат, оның түрлері және қасиеттері


Информатика-ЭЕМ арқылы мәліметтерді жинау, сақтау, түрлендiру, тасымалдау, пайдалану заңдылықтары мен тәсiлдерiн зертейтiн ғылым.
Мәліметтер дегеніміз регистрленген сигналдар.

Физика курсынан белгілі, барлық физ. зат үнемі қозғ/ып, энергиямен алмасып тұрады. Зат энергиямен алмасқан кезде, сигналдар пайда болады. Бұл сигналдар ф/қ денемен әрекеттескенде дененің белгілі бір қасиеттері өзгереді, яғни мәліметтер пайда болады – бұл құбылыс сигналдардың регистрленуі деп аталады.


Ақпарат (информация) –латын сөзi, “informatio”- баяндау, түсiндiру,бiлу. Ақпараттың анықтамасы жоқ, ондықтан оның орнына ұғымды қолданады. Бірақ бір ғылымда енгізілген ақпарат ұғымы екінші бір ғылымда мүлдем басқа ұғым береді.

Ақпарат-белгiлi бiр нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы берiлетiн мәлiметтер тобы.

Ақпараттың қасиеттері:

  1. Дәлдiгi - iстiң ақиқаттық жағдайын толық ашу керек.

  2. Толықтығы -информацияны түсiнуге және белгiлi бiр шешiм қабылдауға жеткiлiктi болуы керек.

  3. Бағалылығы –информацияны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше аламыз.

  4. Түсiнiктiлiгi -информацияның пайдаланушыға түсiнiктi тiлде жазылуы.

  5. Объективтілігі және субъективтілігі. Мысалы, фотодағы табиғаттың суреті не құбылысы бізге объективті ақпарат береді. Ал адам салған бұл табиғат суреті объективті бола алмайды. Ақпатараттық процесс барысында ақпараттың объективтілігі әр қашан төмендейді. Мысалы, құқық пәндерінде бір оқиғаны көрген адамдар әр кім өз түсінігі бойынша әр – түрлі ақпарат береді.

Түрлерi: текстiк, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттiк жазба.

Берiлу жолдары: қимылдар, мимика, сызу-сурет, музыка, сөйлесу тiлдерi, байланыс құралдары, электрондық желiлер арқылы.

Мәліметтермен жүргізілетін негізгі операциялар: сақтау, жинақтау, беру (шығару), өңдеу

Мәліметтердің құрылым типтері:

1. Сызықтық құрылымы (тізімдер) – элемент адресі өз номерімен анықталатын реттелген құрылым.

2. Кестелік құрылым (матрица) - элемент адресі жол мен баған номерімен анықталатын реттелген құрылым.

3. Иерархиялық құрылымда әр элементтің адресі маршрутпен анықталады. Мысалы, калькулятор программасын іске қосу жолы: Пуск – программы – стандартные – калькулятор.

Біз бәріміз бала кезімізден бастап информация алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тындап, теледидар көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде де әртүрлі информация аламыз. Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде, бір-бірімен сөйлесуі де информация түрлерінің: сөздердің, ойлардың, хабарлардың, мәліметтердің алмасуына мысал блола алады.

Информацияны жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, мәлімет алмасу тек ауызба ауыз айтумен немесе әртүрлі қимылдармен ғана емес, оқу – жазу арқылы беріле бастады

XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогының пайда болуы кітап шығару ісін бастап, адамзаттың алтын ойларын тікелей көпшілікке жеткізу мүмкіндіктерін бере бастады.

XIX-XX ғасырлардағы телеграфтың, телефонның, радионың шығуы информацияны кез келген қашықтыққа жарық сәулесі арау жылдамдығымен жеткізіге мүмкіндіе берді.

Мәліметтерді іздеу мен өңдеудің бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктерін XX ғасырдың ортасында шыққан электрондық есептеу машиналары (ЭЕМ, шет елдерде олар компьютер деп аталады) берді. ЭЕМ-дер әуелде есеп-қисап жұмыстарын автоматтандыру үшін шығарылған еді. Кейіннен олардағы мәліметтерді магниттік таспаға жазып, қағазға басып, ЭЕМ экранына шығару қасиеттері бар екені анықталды.

Информацияны біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген мәліметтің мағнасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ойға келеміз.

Біз өзімізге қажет мәліметтерді оқулық пен кітаптардан, газет, журналдардан, теледидар хабарлары мен кинофильмдерден алып, керектілерін дәптерге конспект түрінде жазып аламыз. Өндірістегі мәліметтер жиыны сызулар мен текстер түрінде, анықтамалар мен есеп беру, кестелер түріне кездеседі. Ондай мәліметтерді де ЭЕМ арқылы алуға болады.

Информация алу дегеніміз-бізді коршаған дүниенің құбылыстары мен объектілерінің қасиеттері, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мәліметтер мен деректер алу деген сөз.

Информация істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ информация оны түсінбеушілікке және соған байланысты дұрыс емес шешім қабылдауға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Егер информация оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Информацияныңтолық болмауы ол жөнінде белгілі бір тұжырымға келуге кедергісін тигізіп, кателікке әкелуі мүмкін.

Лекция №4.



Есептеуіш жүйенің құрамы.
Тақырып 4. Есептеуіш жүйенің құрамы.

4.1 Аппараттық жабдықтар

4.2 Програмалық жабдықтар

4.3 Қолданбалы және жүйелік программалар



Аппараттық жабдықтар.


ДК әмбебап техникалық жүйе. Оның конфигурациясын қажетінше өзгертуге болады. Оның негізгі конфигурациясы: жүйелік блок, монитор, клавиатура, маус.

Жүйелік блок негізгі болып есептеледі. Оның ішіндегі құрылғылар ішкі, ал сырттан қосылған құрылғылар сыртқы деп аталады. Сыртқы қосымша құрылғылар перефириялық деп аталады.

Дербес компьютердің негізгі құрылғылары:


  1. Процессор

  2. Жады

  3. Енгізу құрылғылары

  4. Шығару құрылғылары

  5. Байланыс құрылғылары




  1. Процессор – барлық есептеулер жүргізетін компьютердің негізгі микросхемасы. Процессор ұяшықтардан тұрады. Онда мәліметтер сақталады және өңделеді. Процессордың ішкі ұяшықтары регистр деп аталады. Процессор жедел жадымен және басқа құрылғылармен бірнеше проводник арқылы байланысқан. Бұл проводниктер шина деп аталады. Олардың 3 түрі бар:

      1. Мәліметтер шинасы– мәліметтерді жедел жады ұяшығынан процессордың регистрлеріне (және керісінше) көшіруге арналған.

      2. Адрестік шина – мәліметтерді көшіргенде жедел жады ұяшығының адресін анықтайды.

      3. Коммандалар шинасы. Мәліметтерді өңдеу үшін процессорге коммандалар қажет. Коммандалар жедел жадыдан жіберіледі, бірақ олар мәліметтер сақталған жерден келмейді. Олар программаны сақтайтын жерден жіберіледі. Коммандалар мәліметтер секілді байт түрінде берілген.

Процессордің негізгі параметрлері:

  • Разрядтілігі – 1 такт ішінде өз регистрлерінде қанша байт мәліметтерді өңдей алатынын көрсетеді.

  • Процессордің такт жиілігі жоғары болса, ол көп коммандаларды орындайды, және өнімділігі сонша жоғары болады.

  • Кэш жады размері. Кэш жады процессор мен жедел жад арасында дәнекерлік роль атқарады. Процессорге мәліметтер қажет болғанда ол алдымен кэш жадыға сұраныс жібереді. Егер онда керекті мәліметтер болмаса, жедел жадыға сұраныс жібереді. Жедел жадыдан мәліметтерді қабылдағанда процессор оларды кэш жадыға кіргізеді.

2) Жады – мәліметтерді, программаларды сақтауға арналған құрлғы.



Ол Ішкі және Сыртқы болып екіге бөлінеді.

Сыртқы жады – магниттік дискідегі жинақтауыштар - үлкен көлемді мәліметтерді ұзақ уақыт сақтау үшін қажет. Оның 2 түрі бар: қатты диск және иілгіш диск. (Винчестер жүйелік блоктың ішінде орналасқан. Оның сиымдылығы 20-80 Гб, CD дисктің – 600 Мб, 3,5 дюймдік дискетаның – 1,44Мб.)
Жедел есте сақтау құрылғысы (ЖЕСҚ) және Тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕСҚ) компьютердің ішкі жадысын құрайды.

- Компьютердің жедел жадысында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәліметтер мен программалар ғана сақталады. Жедел жадыдағы ақпарат компьютерді өшіргеннен кейін жоғалады. Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Қазіргі кезде көлемі 256 Мб, 512 Мб болатын жедел жады микросхемаларын көп қолданады.

Физикалық принциптен қарағанда жедел жады динамикалық (DRAM) және статикалық (SRAM) болып бөлінеді. Динамикалық жадының микросхемасын к/ң негізгі жедел жады ретінде қолданады, ал статикалық ж/ң микросхемасын көмекші жады (кэш жады) ретінде қолданады.


  • Тұрақты жадыдағы мәліметтер өзгертілмейі, оларды тек оқуға болады. Тұрақты ж/қа керекті прогр/р оны шығаратын заводта жазылады. ТЕСҚ-да орналасқан прогр/р комплекті BIOS (енгізу- шығару базалық жүйе) құрайды. Бұл прогр/р пакетінің негізгі қызметі – к/лік жүйенің құрамын және жұмысын тексеру және пернетақтамен, монитормен, қатты дискпен және дискқозғағышпен әрекетті қамтамасыз ету.

  • CMOS жадысы. ЖЕСҚ-дан айырмашылығы к/ді өшіргенде ондағы мәліметтер өшпейді. ТЕСҚ-дан айырмашылығы мәліметтерді, жүйе құрамына қандай құрылғылар кіретініне сәйкес енгізуге, өзгертуге болады. Бұл микросхема энергияны кішкентай аккумулятор батареясынан алып отырады. CMOS микросх/сы иілгіш және қатты диск, процессо және басқа да аналық платаның құрылғылары туралы мәліметтерді сақтайды. Жүйелік сағат көрсеткіші сонда сақталады.

3) Енгізу құрылғылары – мәліметтерді сыртқы ортадан комп/ге енгізу үшін қолданады. (Маус, трекбол, пенмаус, джойстик, дигитайзер- графикалық планшет, цифрлік фотокамера, сканер, микрофон, негізгісі пернетақта.)


4) Шығару құрылғылары – К/ң жұмыс нәтижесін адамға жеткізеді. (Принтер, колонкалар, негізгісі монитор.)

Монитор - басты шығару құрылғысы. Оның параметрлері: типі, размері, бейненің регенирациялау жиілілігі, қорғаныс классы.

- Қазір екі типті монитор кең таралған:

Программалық жабдықтар.

Программа – магниттік сақтауышта (дискіде) файл түрінде жазылып сақталып, жұмыс істеуші адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп орындалатын машина тіліндегі нұсқаулар жиыны.

Интерфес- программалық жабдық пен жұмыс істейтін адам арасындағы сұхбат жүргізу щарттары мен келісімдер жиыны.

Программалық жасақтар –информациялық технологиялардың елеулі бір бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жәй элементтер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды.

ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді:



  1. жүйелік программалық жасақтар

  2. қолданбалы программалық жасақтар

Жүйелік программаларды да мынадай етіп жіктеуге болады:

  1. операциялық жүелер

  2. утилиттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет