Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi


Қолданбалы программалақ жасақтар – белгілі бір мамандық салалсында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланатын және әмбебаб болып екіге бөлінеді



бет3/15
Дата11.02.2020
өлшемі1,01 Mb.
#57649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
inf5 SabJospar 102

Қолданбалы программалақ жасақтар – белгілі бір мамандық салалсында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланатын және әмбебаб болып екіге бөлінеді.


Дербес компьютерлердің кең тарауына басты себеп болған олардың алдын ала дайындалған әмбебаб программалық жасақтарының кең таралуы еді, бұл программалар тек бір есепті шығарып қана қоймай белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе информацияның белгілі бір түрлерін өңдеуді түгел қамти алатын болды.

Әртүрлі информацияларды өндай алатын әмбебаб программалық жабдықтар мынадай түрлерге жіктеледі:



  • текст редакторлары;

  • графиклық редакторлар;

  • электрондық кестелер;

  • оқыту және ойнау программалары

  • информациялық жүйелер.

Текстік мәліметтерді теріп, оларды өңдеуге арналған программалар текст редакторлары деп аталады. Кең тараған текст редакторларына: WordPerfect, Microsoft Word, MultiEdit, WordStar, PageMaker жатады.

Графиктік редакторлар график түрінідегі информацияны дайындау және өндеу үшін қолданылады. Графиктік редакторларға PaintBrush, CorelDraw, Graf-in-the-Box, PC Illustrator.

Электрондық кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар болады, олар пернелер арқылы енгізу немесе формулалар арқылы есептеу нәтижесінде толтырылады.

Оларға Lotus, SuperCalc, QuatroPro, Excel жатады.

Ойын программалары дербес ЭЕМ дердегі қызғылықты, кез келген жан әуестенетін топқа жатады.

Оқыту программалары оқу-үйрену істерін ұйымдастырады, олардың мектепте не үйде тарихтан, информатикадан т.б. пәндерден сабаққа дайындалау кезінде өте ыңғайлы оқулық.


Дербес компьютердің құрылғысы.
Дербес компьютердің құрылғысы.

5.1 Аппараттың конфигурациясы

5.2 Жүйелік блоктың ішкі құрылысы

5.3 Қосымша құрылғылар

5.4 Енгізу құрылысы

5.5 Шығару құрылысы

5.6 Сақтау және мәліметтерді алмастыру құрылғылары

Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы болатын электрондық компоненттері информация өңдеудің белгілі бір функциясын немесе оны есте сақтау ісін атқарады. Мұндай компьютер интегралдық схемала деп аталады. Интегралдық схема металдан не пластмассадан жасалған қорапқа салынған жартлай өткізгішті кристалдардан тұрады. Жіңішке жіп секілді арнайы сымдар осы кристалды қораптың шеткі тұяқшалармен жалғастырылады.

ДЭЕМ бірыңғай аппараттық жүйеге біріктірілген техникалық электрондық құрылғылар жиынынан тұрады. ДЭЕМ құрамына кіретін құрылғыларды олардың функционалдық қызметіне қарай екіге бөлу қалыптасқан, олар: жүйелік блок және перифериялық, яғни шеткері құрылғылар:

Жүйелік блок мыналардан тұрады:

- микропроцессор;

- оперативті (жедел) есте сақтау құрылғысы

- тұрақты есте сақтау құрылғысы


  • қоректену блогы мен мәлімет енгізу-шығару порттары.

Ал, шеткері құрылғылар құрамы:

  • мәлімет енгізу құрылғылары

  • мәлімет шығару құрылғылары

  • мәлімет жинақтаушылар

ДЭЕМ-нің мүмкін болатын ең минималды құрамына (конфигурациясына) жұйелік блок, бір-бірден енгізу, шығару құрылғылары және бір информация жинақтауыш құрылғы кіреді. ДЭЕМ-дегі шығарылатын есептер түрлеріне қарай оның минималды конфигурациясын қосымша шеткері құрылғыларды қосу арқылы кеңейтуге болады.

Информация мен басқару командаларын енгізетін негізгі құрылғылар болып пернелік (клавиатура), тышқан тәрізді тетіе және сканер (із кескіш) есептеледі. Енгізу жұмыстарын алатын осындай құрылғыларға тағы да жарық қаламұштары, жарық сезгіш планшеттер, джостиктер (ұршық тәріздес тетік) және де басқа шығарылатын есепке сәйкес әр түрлі жұмыс атқара алатын құрылғылар жатады. Мсыалы, бұлардың кейбіреулерін жобалау жұмыстарын автоматтандыруда қолдануға болады.


Компьютердің негізгі блоктары.

Әдетте компьютер мынадай бөліктерден (блоктардан) тұрады:



  • жүйелік блок (тік немесе жатық қорапқа орналасқан)

  • текістік және графикалық информацияны бейнелейтін монитор немесе дисплей

  • әртүрлі символдарды компьютерге енгізуге арналған пернелік тақта немесе пернелік

  • Компьютердегі ең негізгі құрылғы болып жүйелік блок саналады, оның ішінде ДЭЕМ-нің басты құрылғыларры орналасқан. Жүйелік блок құрамында микропроцессор, жедел жад, тұрақты есте сақтау құрылғысы, қоректену блогы мен енгізу-шығару порттары және дискідегі мәлімет жинақтауыш болады.

Компьютердегі ең негізгі құрылғы болып жүйелік блок саналады, онын ішінде ДЭЕМ-нің басты құрылғылары орналасқан. Жүйелік блок құрамында микропроцессор, жедел жад, тұрақты есте сақтау құрылғысы, қоректену блогы мен енгізу –шығару порттары және дискідегі мәлімет жинақтауыш болады.

Бұларға қоса компьютердің жүйелік блогына мынадай құрылғыларды жалғауға болады:

-қағазға текістік және графиктік мәліметтерді басып алуға арналған принтер


  • қолмен басқарылатын тышқан графиктік тетігі- графиктік курсорды басқаруды жеңілдететін құрылғы

  • джостик- компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын тетік

  • графиксызғыш немесе плоттер-сызуларды (графиктерді) қағазға басатын құрылғы

  • сканер-графиктік немесе текістік мәліметтерді тікелей оқитын құрылғы

  • CD-ROM-компакт-дискілерді оқитын құрылғы, ол қозғалатын бейнелерді, текстерді және дыбыстарды шығару үшін пайдаланылады

  • Модем- телефон желісі арқылы басқа копьютерлермен мәлімет алмасуға қажет құрылғы

  • Стример- мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы

  • Желілік адаптер компьютерді жергілікті желіде (торапта) қолдануға мүмкіндік береді

Микропроцессор
Микропроцессор бір кристалда орналасқан біріктірілген интегралдық схемалар –БИС, олар әртүрлі типтегі ЭЕМ-дер жасауға керекті элемент болып табылады. Оны әртүрлі логикалық функцияны орындайтын етіп программалау мүмкіндігі бар, сондықтан программаны өзгерту арқылы микропроцессорды арифметикалық құрылғы бөлігі ретінде немесе енгізу-шығару жұмыстарын басқарушы рөлінде қолдануға болады. Микропроцессорге жедел және тұрақты жад, енгізу – шығару құрылғыларры қосылады.

Микропроцессорлар бір-бірінен өзгешілігі олардң типтерінде және оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жылдамдығының көрсеткіші –мегагерц МГц бірлігімен берілген тактылық жиілігінде жатыр. Кең тараған модельдерге Intel, Pentuim, Pentuim-Pro жатады, бұл тізім олардың жұмыс өнемділігі мен соған сәйкес бағасының өсуі бойынша реттеліп келтірілген.

Компьютерлер алып жүруге ыңғайлы вариантта да жасалады. Мұндай ЭЕМ-дерде жұйелік блок, монитор және пернелік бір қорапта жасалған: жүйелік блок пернелік астында орналасқан, ал монитор пернеліктің қақпағы тәрізді жасалған.
ЭЕМ-нің жедел жады.

Оперативті есте сақтау құрылғысы немесе ЭЕМ-нің жедел жады және де тұрақты есте сақтау құрылғысы компьютердің ішікі жадын құрайды, осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады. Өңделуге тиісті кез клеген млімет алдымен компьютердің сыртқы жадынан (магниттік дискілерден) жедел жадына көшіріледі.

Компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәліметтер мен программалар ғана сақталады. Информация керек кезінде магниттік дискіден жедел жадқа көшіріліп, өңделген соң олар қайта сыртқы жадқа жазылып қойылады. Жедел жадта информация тек жұмыс сеансы кезінде сақталып, ондағы мәлімет ЭЕМ өшірілгенде немесе электр торабында ақау болып, ток сөнген шақтарда ізсіз жоғалады. Осығанбайланысты әрбір адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын информацияны жоғалтып алмауы үшін оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек

Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Информация көлемін өлшеуде сегіз биттен тұратын байт бірлігі қолданылатыны белгілі. Осы өлшем бірлігі арқылы жедел жадтағы не магниттік дискеттегі сақталатын информация 360кб, 720кб немесе 1,2Мб болып жазылуы мүмкін. Мұнда 1кб=1024 байт, 1Мб=1024кб.

Компьютердің жедел жадынан өзгеше оның тұрақты жады бар, ол өзгертілмейтін мәліметті сақтайды, ешкім оны өшіріп қайта жаза алмайды, ол мәліметті тек оқуға болады. Әдетте тұрақты жадтың көлемі шағын-32-64Кб шамасында. Тұрақты жадқа керекті программалар оны шығаратын заводта жазылады, олар көбінесе компьютерді тоққа жалғаған кезде оны тексеріп іске қосу үшін қажет.

Компьютердің көлемі 1Мб болып келетін жедел жадты екі бөлімнен тұрады-алғашқы 640кб қолданылатын программалар мен операциялық жүйе үшін, ал қалған мөлшері төмендегідей мақсаттарға қолданылады:



  • операциялық жүйенің компьютердің жұмысқа жарайтынын тексеретін және төменгі деңгейдегі қарапайым енгізу -–шығару жұмыстарын атқаратын бөлігі

  • экранға бейнелер шығару үшін

  • компьютердің қосымша құрылығылармен бірге келетін операциялық жүелердің кеңйтілген бөліктері.

Қосымша жад көлемін толық пайдалану ұшін арнаулы программалар-драйверлер жасалып, олар процессордың жедел жадындағы информацияны сақтайтын, әрі толық пайдаланатын режимге көшуді қамтамасыз ете алады.

Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны кэш-жад деп атайды. Ол жедел жад пен процессор арасында дәнекерлік рөл атқарып, жалпы жұмыс өнімділігін арттыру қызметін атқарады.

Процессордан бөлек компьютер құрамында


  • ЭЕМ құрылғылары (дисплей, диск, және т.с.с) жұмыстын басқаратын электрондық схемалар

  • Енгізу – шығару порттары, олар жүйелік блокқа әртүрлі принтер, графиксызғыш, тышқан тетігі тәрізді шеткері құрылғыларды тіркейтін кпрарядты байланыс құрылғылары бар болады.

Енгізу –шығару порттары ішкі негізгі құрылғылармен байланыс жасайтын арнайы порттан және шеткері құрылғылармен байланыстыратын жалпы мақсаттағы порттардан тұрады. Жалпы мақсаттағы порттар LTP1-LTP3 деп белгіленетін параллель және COM1-COM3 болып белгіленетін тізбекті бөліктерге жіктеледі. Параллель порттар жылдам істейді, бірақ байланысу үшін көбірек сым шоғырларын керек ететді.

Графиктік адаптерлер.

Монитор немесе дисплей – ДЭЕМ-ге міндетті түрде қажет шеткері құрылғы, ол компьютердің жедел жадында өңделіп жатқан информацияны экранда көру үшін қажет. Экран түстеріне қарай дисплейлер монохромды және түрлі түсті болып, ал шығарылатын информация түрлеріне байланысты символдық және графиктік болып бөлінеді.

ЭЕМ-нің экрандамәлімет көрсету бөлігі екі жартыдан тұрады: монитор және адаптер. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан. Монитордың өзінде тек электронды –сәулелі түтікше бар. Ал, адаптерде бейнелеу сигналдардын беретін логикалық схемалар орналасқан.

Электрондық сәуле экранда секудтің 1/50 бөлігінде жүртіп өтеді, бірақ экран бейнесі одан жәй өзгереді. Сондықтан экранның бір көрнесінің бейнелеу сигналы бірнеше рет қайталанып беріліп отыруы керек. Адаптерде бейнелер көрінісін есте сақтайтын бейне-жады бар.

Көбінесе символдық режимде дисплей экранында 80 таңбадан 25 қатар мәлімет орналасады, ал графикатік режимдегі экранның бейнелеу қабілеті адаптер плтасын жүйелік блокпен байланыстыру құрылғысының мүмкіндіктеріне сәйкес болады.

Экрандағы бейне көрісінің сапасы графиктік адаптердің типіне қарай өзгеріп отырады.

Кең тараған адаптерлерге ыналар жатады:TGA, VGA, SVGA. Адаптердің бейнелеу қабілеті оның графиктік режимде экранда көрсетілеалатын қатардағы нүктелер (пиксельдер) санына байланысты. Мысалы 720*348 мүмкіндікті монитор вертикаль бағытта 348 нүкте-қатар, ал көлденеңі бойынша әр қатарда 720 нүкте көрсете алады.

Дискідегі мәлімет жинақтауыш

Мәлімет жинақтаушылар-кез келген ЭЕМ-нің қажетті бөлігі –оарды көбінесе информацияны сыртқы сақтаушылар немесе компьютердің сыртқы жады дейді. Олар көлемді мәліметті үзақ уақыт сақтау үшін қажет және ондағы мәліметтер ЭЕМ-нің күйіне байланысты болмайды. Сыртқы жадта кез келген программа немесе жәй мәліметтер сақтала береді, сол себепті оны әрбір адамның мәліметерінің кітапханасы деуге болады.

ДЭЕМ-дерде мәлімет жинақтауыш рөлін магниттік дискілердегі жинақтаушылар атқарады, оларда мәліметтерді тікелей оқуға не жазуға болады. Соңғы кездереде ДЭЕМ-дер үшін магниттік таспадағы жинақтаушылар –стримердлер шықты, бірақ олар өте көлемді мәлімет сақтай алғанмен, оқу-жазу жұмыстары бірте-бірте тізбектей іздеу арқылы жәй жүргізіліеді. Сол себепті стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра алмайды, тек толықтырады.

Магниттік дискідегі жинақтаушылар екі түрлі болады: иілгіш магниттік дискідегі жинақтауыш және қатты магниттік дискідегі жинақтауыш

Қатты дискідегі мәлімет жинақтаушылар информацияны тұрақты түрде сақтайды.

Қатты диск орнынан алынбайды, ауа кірмейтіндей жабық қорпусқа салынып, жүйелі блокта орналасады. Ол екі жағына да мәлімет жазылатын бір дестеге біріктірілген бірнеше дискілерден тұрады. Дискетке қарағанда винчестерге өте көп мәлімет көлемі сияды, сондықтан оны пайдалану өте ыңғайлы.

Иілгіш дискідегі жинақтаушылар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес информацияны сақтап қою үшін, қатты дискідегі мәліметтердің архивтік көшірмесін алу үшіен керек болады. Жұмыс процесінде әр адам өзінің мәліметттері мен программаларының дискіде алатын көлемін білуі тиіс және дискіде қанша бос орын қалғанын қадағалап, дискнің көлемін тиімді пайдалануға тырысуы қажет

Иілгіш диск-табақша пішінді, бетіне қабыршық түрінде магнитті қоспа жағылған иілгіш диск. Дискеттің пласмассадан жасалған қапшығында оған мәлімет жаздырмауға болатын кішкене тіктөртбүрышты ойық бар және мәлімет жазу-оқу кезінде дискінің бетімен байланыс жасайтын магниттік бастиектің жылжитын орны пластмасса қапшықта ашық болады.

Дискеттің негізгі параметрі- оның диаметрі, қазіргі шығарылатын дискеттер үшін екі ғана стандарт бар- олар 3,5 және 5,25 дюйімдік дискеттер, яғни дискеттің диаметрі 89 және 133 мм болады. Мәлімет жазу не оқу үшін дискет жүйелік блоктағы дискіқозғағыштың ұясына салынады.

Дискеттерді мәлімет жазудан сақтау. 3,5 дюмдік дискеттерде ойықтың үстінде жылжымалы ілгілек бар, оны жоғары –төмен қозғай отырып, мәлімет жазуға немесе жаздырмауға болады.

Дискетті форматтау. Дискетті алғаш рет пайдалану алдында оны арнайы тәсілмен форматтайды, яғни беттеріне белгі салады. Форматтау операциялық жүйенің командасымен жүргізіледі. ДЭЕМ-дерде бүлардан басқа лазерлік компакт-дискі, магниттік оптикалық дискі немесе Бернулли дискілері тәрізді құрылғылар болуы мүмкін

Қазіргі ДЭЕМ-дерде көптеген көлемді программалар CD-ROM компакт – дискілеріне жазылады. CD-ROM дискілерінің мәлімет оқу жылдамдықтары әртүрлі болады., мысалы, жәй жылдамдықты, екі еселенген, төрт еселенген, т.с.с. жылдамдықты бола береді. Қазіргі кездері шыққан 6-8 жылдамдықты компакт –дискілер қатты магнитік дискімен бірдей жылдамдықта жұмыс атқара алады. Қарапаыйм компакт –дискінің көлемі 600 Мб, яғни оған 600 миллион символ сияды, бірақ бұдан тек мәлімет оқуға болады.

Пинтер мен плоттер

Принетер текістік және графикалық мәліметтерді копьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған.

Принтерлердің негізгі артықшылығы – олар көптеген шрифт түрлерін пайдаланып, күрделі-күрделі текстерді басып бере алады. Шрифт түрлеріндегі әріптердің биіктігі, ені, олардың ара қашықтығы, интервалдары әртүрлі болады. Әрібір адам тексті қағазға шығарар алдында өзіе керекті шрифт түрін және басқа баспа параметрлерін таңдап, қағаздың мөлшері мен қатардың енін сәйкес күйге келтіріп алуы тиіс.

Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш және термографиктік түрлері бар.

Соңғы кезге арзан матрицалық принтерлер болып саналады.

Сия бүрккіш принтердлерде қағаздағы бейне арнайы сия ташыларын бүрку арқылы шығарылады.

Лазерлік принтерлер –ксерография принципін қолданатын құралдарға жатады, бұларда әріп бейнелері электрлік тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға түседі. Доңғалаққа әріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру компьютер командалары арқылы лазерлік сәулелермен жұргізіледі.

Плоттер де мәліметтерді, негізінен графиктік инфорацияны қағазға шығарады. График сызғыштар жобалау жұмыстарывн автоматтандыруда әртүрлі сызба түріндегі бейнелерді басып алу үшін қажет.

Компьютерге информация енгізу құрылғылары

Пернелік тақата ЭЕМ-ге мәлімет енгізетін ең негізгі құрылғы болып пернелік саналады, ол арқылы текістік информацияны теріп, әртүрлі командалар енгізіп орындауға болады

Тышқан тәрізді қол тетігі пернелікпен бірге ЭЕМ-ді басқару үшін қолданылады.

Сканер қағазға жазылған мәліметтің кез келген түрін оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы. Бірақ енгізілген информаци графиктік түрге айналып, оны бірден өңдеу ісін жүргізу қиынырақ болады. Ол суретерді, сызбаларды компьютер жадына енгізе алады, мәлімет енгізу оңай, әрі жылдам орындалады.

Қосымша құрылғылар.

Модемдер компьютерлер арасында мәлімет алмасу үшін керек, олар негізінен мәлімет тасымалдау жылдамдығына қарай бөлінеді. Қазіргі кезде олардың жылдамдығы 2400 бит/сек 25000 бит/сек аралығында. Олар мәлімет алмасу процедурасының белгілі бір стандарттары бойынша жұмыс атқарады.

Бұлардан басқа факс-модемдер бар, олар модем мен факсимильдік байланыс аппаратының функцияларын бірге атқарады. Акс- модемді пайдаланып, текістік мәліметті тек өз абоненттеріңіздің компьютеріне емес жәй қарапайым факс аппаратына да жіберуге және қабылдауға болады.

Қазіргі кездерде ЭЕМ-нің мультимедиа мүмкіндігі жайныда көп айтылып жүр. Мультимедиа-информация бейнелеудің ең керекті түрі. Ол экранға мәліметтерді түрлі –түсті текістік, графикалық, дыбыстық мүмкіндіктерді біріктіре отырып шығарып, ЭЕМ-нің барлық жылжыту, сөйлету, музыка беру жақтарын толық пайдаланады.


WINDOWS’98 ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСI


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет