ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТҮРЛЕРІ - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАЛАРЫ
- ҚР Конституциясы (17- б. 2 т.) «Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездiк
- немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбiр көрсетуге не жазалауға болмайды.»
- «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (67- б) Ата-аналар балаға қатысты қатігездік іс әркеттер жасағанда, ата-аналық құқығынан айыруға дейін жауапкершілікке тартылады
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі (12-тарау, 111-117 б.) жауапты тұлғалар балаға қатысты зорлық көрсеткенде, жасаған қылымысының ауырлығына қарай жауапкершілік нормасы тағайындалады.
- ҚР Қылмыстық кодексi (133-б) Кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сатуға және қанауға тыйым салынады, 5 жылдан - 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі (49 - б) Ата аналары және заңды өкілдері, балаға физикалық және
- психикалық денсаулығына зиян келтірген жағдайда, оның рухани дамуына, сонымен қатар
- баланы тәрбиелеу тәсілінде адамның қасиетін кемсіту, қатыгез, дөрекі қарым – қатынасы, баланы балағаттау немесе қанау, сонымен қатар дене жазаларын қолданған жағдайда ата-аналарға жауапкершлік қарастырылған
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАЛАРЫ
- ҚР Баланың құқықтары туралы Заңы (10 – б, 2-т) Мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн қамтамасыз етедi, оны тәнiн және (немесе) жанын жәбiрлеуден, адамдық қадiр-қасиетiн қатыгездiкпен, дөрекiлiкпен қорлаудан, кемсiтуден, жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық iс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, және оны адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерiнен қорғауды жүзеге асырады
- ҚР Білім туралы Заңы (14-б) білім беру мекемелерінде білім алушыларға және тәрбиеленушілерге физикалық, моральдік және психикалық қысым көрсетуге жол берілмейді
- ҚР «Отбасы негізіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйі туралы» Заңы (17-б) Балалар ауылының отбасына балаларды беру туралы шартты мерзiмiнен бұрын бұзу: дәлелдi себептер болған жағдайда (сырқаттануына, отбасы жағдайының өзгеруiне байланысты және өз мiндеттерiн орындауға мүмкiндiгi болмайтын басқа да жағдайларда), тәрбиешi-аналардың бастамашылығы бойынша; тәрбиешi-ана өзiне жүктелген мiндеттердi орындаудан жалтарса, өз құқықтарын асыра пайдаланса, балаларға қатыгездiкпен қараса, оның iшiнде оларға күш көрсетсе немесе психикалық қысым жасаса және балаларды бағып-күту, тәрбиелеу және оларға бiлiм беру үшiн басқа да қолайсыз жағдайлар туындаған кездерде, қорғаншы және қамқоршы органдардың және (немесе) балалар ауылы әкімшілігінің бастамашылығы бойынша; баланы (балаларды) ата-анасына қайтарған немесе оны (оларды) асырап алған, сондай-ақ баланы (балаларды) қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиелеуге берген жағдайда; балаларды отбасына беру туралы шарттың талаптары бұзылған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкiн.
- ҚР «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы (17-б) Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерi балаларына күтiм жасау мен оларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерiн орындаудан жалтарғаны, оларға қатыгездiк көрсеткенi, олардың денсаулығына зақым келтiргенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады
- ҚР «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңы (23-бап) Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесiнiң органдары мен мекемелерi өз құзыретi шегiнде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге, оларды кемсiтудiң барлық нысандарынан, күш көрсетуден немесе психикалық зорлықтан, қорлаудан, дөрекi қарым-қатынастан, сексуалдық және өзге де пайдаланудан қорғауды жүзеге асыруға, өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды және тұрмысы қолайсыз отбасыларды анықтауға және т.б. құқылы
- ҚР «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңы Білім беру саласындағы уәкілетті орган:арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді және халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдардың келісімімен бекітеді; тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуіне мұқтаждарының мониторингін жүргізуді және оларға талдау жасауды қамтамасыз етеді; білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің заңға мойынсынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлейді және білім беру ұйымдары жұмысының практикасына енгізеді.
- Америка Құрама Штаты.
- «Полиция заңы» қызмет етеді. Полиция отбасында зорлық-зомбылық болған жағдайда отбасымен жұмысқа ерлі-зайыптылар кеңестерін, отбасы соттарын, заңгерлік көмек қызметтерін, психологиялық агенттіктерді, баспаналарды, әйелдер орталықтарын, шілкеулер, құрбандар мен куәгерлерге көмек көрсету орталықтарын, алғашқы әлеуметтік көмек агенттіктерін, құтқару армиясын және т.б тартады.
- Зорлық-зомбылық болған жағдайда полиция жәбірлеушілерге «сақтау ордерлерін» береді, олар жәбірленушіленушілердің үйіне жақындауға, олармен сөйлесуге тыйым салады.
- Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты анықтау үшін міндетті түрде хабарлау туралы заңдар қабылданған. Мұнда ауруханалар, әлеуметтік қызметкерлер және өзге де қызметтер балаға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі туралы міндетті түрде хабарлауға жауапты.
- Великобритания.
- Отбасылық саясат полицияларды тұрғын үй зорлық-зомбылығы туралы туралы барлық істерге белсенділікпен араласуға, құрбандарға көмек көрсетуге, оларға баспана және құқықтық қорғау беруге, сондай-ақ зорлық-зомбылықты анықтау үшін құрбанның көршілерін, туыстарын сұрастыруға міндетті түрде жауапты етеді.
- Германия.
- Полиция қызметкерлері қылмыс құрбандарына көмек көрсететін қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынасты іске асырады. Полицияның кез келген бөлімшесінде арнайы карточкалар болады, оны толтырған жәбірленуші полициядан және «Ақ сақина» қоғамдық одағынан көмек пен қолдау ала алады. Отбасында зорлық-зомбылықтан жәбірленушіні анықтауда полицияның түсіндіру жұмыстары, олардың буклеттер мен үнпарақтарды шығаруы үлкен ықпалын тигізеді.
- Израиль.
- Мектепке дейін және кішкентай мектеп жасындағы (1-4 сыныптар) балаларды және олар арқылы ата-аналарды полиция жұмысымен таныстыруға, қоғамдық орындарда және жолда жүріп-тұрудың басты ережелеріне, таныс емес адамдармен өзін қалай ұстау керектігіне үйретуге бағытталған «Мен және менің полицейім» атты акция өткізіледі.
- Институционалдық деңгейде қатыгездік пен
- зорлық-зомбылықтың алдын алуды қамтамасыз ету
- Әкімшілік полиция Комитеті
- Ювенальді полицияның бөлімшесі
- Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесі
- Медициналық көмек
- ұйымдастыру
- Департаменті
- Ана мен бала
- денсаулығын қорғау
- басқармасы
- Медициналық
- ұйымдар
- Жастар ісі жөніндегі
- Комитеті
- Мектепке дейінгі
- және орта білім
- департаменті
- Балалардың
- құқықтарын
- қорғау Комитеті
- Бақылау және
- әлеуметтік қорғау
- комитеті
- Еңбек және халықты
- әлеуметтік
- қорғау департаменті
- Мемлекеттік еңбек
- инспекциясы
- ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ
- АЛДЫН АЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
- Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы құқықбұзушылықтың алдын алу
- жөніндегі ведомствоаралық комиссия
- (жұмыс органы – ҚР Ішкі істер министрлігі
- Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі
- және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия
- (жұмыс органы – ҚР Білім және ғылым министрлігі)
- Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге
- және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия
- (жұмыс органы – ҚР Әділет министрлігі)
- Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау
- жөніндегі аймақтық комиссиялар
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
- Білім және ғылым министрлігі
- ҚР Спорт және денешынықтыру Агенттігі
- Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі
- Денсаулық сақтау министрлігі
- Мәдениет және ақпарат министрлігі
- Жергілікті атқарушы органдар
- ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ӨЗАРА ІС-ӘРЕКЕТ
- Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл
- (омбудсмен)
- Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі
- комиссия
- ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия
- Жергілікті атқарушы органдар
Достарыңызбен бөлісу: |