данной статье представлены анализ проблемы ценности и рассудительные выводы, ставшие основой методологии исследования категории «ценность». Определение значения ценности очень важно для распознания природы сущности человека и общества. Определенное разгоревшееся в обществе явление само по себе не превращается в ценность. В статье говорится
том, что оно является ценностью только как один из элементов целого образа мира или определенного социально-культурного сообщества, личности. Взаимодействие ценностей является взаимосвязью субъектов взаимодействия, объектов носителей ценностей, значения ценностей и самих ценностей. Эти элементы связаны между собой и невозможно их нахождение вне этой неразрывной связи. В проблеме ценностей можно заметить два таких противоположных взгляда, как согласие и рассуждение. Только при знакомстве с самим понятием «ценности», предлагаемым представителями различных аксиологических течений и школ, можно заметить критику относительно современного состояния теории ценностей. Можно отметить ряд общих качеств среди большинства понятий и проявлений о ценностях: ценность характеризуется как имеющее значение соответствующей идеи для личности или группы личностей или как объект точности (предметной или безпредметной) совокупности обоих; относительно ценности сформированы два разных экзистенциональных и метафизических взгляда и на основе этического взгляда сформированны понятия Добро и Зло, можно утверждать, что в этих рамках определено и охвачено достаточное количество сущностей, могущих доказать себя, характеризующих поведение человека относительно владения ценностями.
Құндылықтар мәселесі гуманитарлық ғылым салалары мен философияның ең басты зерттеу нысандарының бірі болғандықтан маңызды лыққа ие. Сондықтан да құндылықтардың мә нін пайымдау үшін құндылықтар болмысының бастапқы негізіне көз жүгірту керек.
Жаңа дәуірде пайда болған құндылықтарға қатысты «ғылым ұғымына қатысты қатаң көзқарас қалыптасқан және діни-дүниетаным дық қағидаттар өз пәрменділігін, айқындылы ғын жоғалтқан» [1, 30 б.].
Орта ғасырдағы діни дүниетанымның құл дырауы барысында біртұтас әлемді қабылдау үрдісі және адамның әлемдегі өз орнын, тіршілігінің мәнін пайымдау толығымен жой-ылып, оның өз мінез-құлқын реттеудің ішкі және сыртқы ақиқатқа жатқызылу үрдісінен қол үзілді. Сондықтан да адамның рухани өмірінде пайда болған бостық әлем көрінісін, адамның дүниетанымын объективті және субъективті шынайылыққа негізделген ғылыми пайым-
дау қағидаттары тұрғысынан адамның ақыл-ойы арқылы толықтырылады деген тұжырым жасалған.
Тек түрлі аксиологиялық ағымдар мен мектептердің өкілдері ұсынатын «құндылық тар» ұғымының өзімен танысқан кезде ғана құндылықтар теориясының қазіргі күйіне қатысты сын пікірлердің айтылуы айқын бола-ды. Атап айтар болсақ, кейбір философиялық еңбектерде құндылық болуы тиіс нәрсе құбылыс ретінде ғана айқындалады. Америкалық психо-лог М. Рокич құндылықты адамның белгілі бір көзқараста болып, соған нық сенуін білдіреді деп, өз еңбегінде негіздемелері әралуан санат-тар түрлерін ұсынады. Ал тағы да бір еңбегінде
– құндылықтарға қоршаған орта объектілерінің спецификалық әлеуметтік анықтамалары ре тінде түсініктемелер береді. Сонымен қатар, ақиқаттың белгілі бір құбылыстарының әлеу меттік және мәдени мәніне сілтеме жасау ретінде көрсетіледі. Кей кездері құндылықтар әлеуметтік
Хабаршы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. №4 (62). 2017
ISSN 1563-0307 Journal. Philosophy series. Cultural science series. Political science series. №4 (62). 2017 33
Құндылықтар табиғаты және адам мен әлем болмысындағы орны
мүлде қайшы келетін белсенді субъект, әлем субстанциясының экзистенционалды орталығы. Аксиологиялық, бағалаушы сипаттағы объект. Аксиологиялық, баға беруші сипаттағы субстан-ция. Адамның міндеті – Тұлға болу – Адамның бүкіл күрделі рухани-жан сезім – тәндік құрамы бірыңғай субъект болып табылады. Тұлға үшін мәні бар құбылыс – тұлға болмысынан тыс субстанцияның, яғни өзінің бір саты жоғары тұратын субстанция болуы өте маңызды. Егер де тұлғадан биік тұратын болмыс болмаса тұлғаның өзін де тұлға ретінде қалыптасты деп айта алмаймыз. Сол кезде тек ру мен қоғамға бағынышты индивидум ұғымы ғана болары сөзсіз, сол кезде табиғат адам болмысынан биік, адам тек табиғаттың бір бөлігіне ғана айналады.
Ресми білім беру жүйесінде нарық талап-тарына сәйкес техникалық және басқару дағ
дыларына, икемділіктеріне мән беріледі. Сол арқылы дәстүрлі академиялық пәндер шет тетіледі.
Ақпараттық технологиялар ақпараттың қарқынды түрде берілуіне қарамай, олардың маңызды бір бөлігінің пайдасы шамалы болып келеді. Қазіргі әлемде адам құқығын қорғау ая-сында қос стандарттар орын алған, бұл батыс мемлекеттерінің сыртқы саясатта өздеріне пай-далы кезде ғана қолданыс табатын құралына ай-налды.
Сонда жаһанданудың жағымсыз жақтарымен қалай күресу қажет? Саяси ғылымдар докто-ры Зұлпыхар Гаипов оған қарсы тұрар күш
– ұлттық мәдениет деп санайды [6, 32 б.]. «Біздегі кейбір ұлтшылдардың «қазақ құрып бара жатыр» деген ешбір дәлелсіз байбаламда-ры қарапайым халықты уайымға салып қояды. Сол арқылы қоғамдық сана қалыптасып жа-тыр. Бүгінде қазақтың ұлттық мәдениеті, тілі мен дініне қара аспанды төндірудің қажеті жоқ. Қазақ қазақ болғалы басынан небір нәубетті жылдар өтті. Қазақ – аласапыран жылдарда да ұлттық құндылықтары жойылмай сақталып келе жатқан бірден бір ұлт. Атырау мен Алтайдың, Қызылжар мен Түркістанның қазақтары ешбір диалектісіз сөйлейді. Ал көрші Өзбекстанның оңтүстігі мен солтүстігі өзбек тілінде сөйлессе де, бір-бірін түсінбейді. Шағын ғана жері бар Қырғызстанның бүгінде оңтүстік пен солтүстік болып қырқысып жатқанын көріп отыр. Бұл жағынан салыстырып қарағанда, Қазақстанда ауызбіршілік те, өзара түсіністік те бар. Ең ба-стысы – тіліміз бен дініміз таза. Қазір «қазақ тілін дамыту үшін» деп ұрандататындар бар. Қазақтың тілі – атам заманнан бері дамып, кемел-
денген тіл. Сондықтан тіліміз ешқашан өлмейді, жойылмайды. Жаһандануға қарсы тұруға қауқар боларлық күш – ұлттық мәдениет. Бұл тұрғыда елімізде «Мәдени мұра» бағдарламасы, «Рухани жанғыру» аясында көптеген шаруа атқарылды. Әлі де атқарылып жатыр. Ұлттық мәдениетті сақтай отырып, рухани жаңаруға ұмтылуда Жапонияның тәжірибесіне сүйенгеніміз дұрыс болар еді. Жапония десе, кез келген адамның көз алдына кимоно, самурайлардың қылышы және керамика елестейді. Дәл осылай бүкіл әлем қазақ дегенде, қымыз, ұлттық киімдеріміз, ұлттық ойындарымызды елестететіндей болу-ымыз керек қой. Мысалы, Жапонияда ұлттық киімдерді тігетін шеберлерге мемлекет тарапы-нан арнайы гранттар бөлінеді. Яғни қарапайым іскерлерді ынталандырып отырады. Бізде де мемлекет тарапынан үлкен қолдау болып жатса, ұлттық құндылықтарымызды заманауи үлгіде жаңғыртуға әбден болады». Әрине, З. Гаиповтың қазақ тілінің патриоттарын «ұлтшыл» деп атаған пікірін құп алмаймыз, алайда ұлттық мәдениет туралы ойы көңілге қонымды екендігін атап өткен жөн [7, 13 б.].
Құндылықтар жүйелерін трансформациялау міндетін шешу құндылықтар трансформациясы үрдісіне қатыстырылатын объекттің мәнін пай-ымдау қажеттілігіне де тікелей қатысты.
Құндылықтың болмысын анықтау адам мен қоғам болмысындағы мәнін аңғару үшін қажетті, алайда жеткілікті емес. Иелену мақсатында нақты өмір субъектісінің, не объек тісінің маңыздылығын анықтау оның шынайы пайдалылығын немесе зияндығын сипаттамай-ды, кез келген объектіде немесе іс-әрекетте Мейірім де, Жамандық та болуы мүмкін.
Осы мәселеге талдау жасаған кезде И. Кант «Адам бай болғысы келеді – осыған орай ол өзіне қанша қызғаныш және қудалаушылық тілеп алуы мүмкін!» деген еді. Ол ауқымды танымдар мен аңғаруларды талап етеді – мүмкін ол оған кей мәселелерге көкірек көзін ашуға мүмкіндік беріп, нәтижесінде осыған дейін байқамай жүрген бақытсыздықтарды көріп не оның онсыз да мазасыздық туғызатын құмарлықтарын арттыра түсетін болар, себебі олардан құтылуға болмай-ды. Адам өз өмірінің ұзақ болғандығын қалайды
– бірақ оның ұзақ өмірі тек ұзаққа созылған азап пен бейнетке айналмайтындығына кім кепіл береді? Ол өзіне кем дегенде денсаулық қалайды
– бірақ көптеген жағдайларда адам денесінің әлсіздігі оны денсаулығы мықты болған кезде салынып кетуі ықтимал азғындыққа жеткізбеген жағдайлар қаншама және т.т.» [4, 262 б.]. Сөйтіп,
Хабаршы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. №4 (62). 2017
ISSN 1563-0307 Journal. Philosophy series. Cultural science series. Political science series. №4 (62). 2017 35
Құндылықтар табиғаты және адам мен әлем болмысындағы орны
адамға «барлық заттардың өлшемі» мәртебесін қамтамасыз ететін және ең жоғарғы ниет-тер мен талпыныстардың жүзеге асырылуы үшін жағдай жасайтын құндылықтар жүйесі, қоғам жағдайы игілік болып табылады деп айтуға болады. Сол кезде адамға қатысы бар кез келген құндылық оның тиісті қажеттілігін басқа құндылықтармен және қажеттіліктермен үйлестіріліп қанағаттандырады. Ол басқа құндылықтармен бірге адамның жетілдірілу бағытындағы және басқа адамдарға деген махаббатқа негізделген барлық қажеттіліктерін, қасиеттерін дамытуға қатысу арқылы адамға объективті түрді пайдалы болып табылады. Болу мүмкіндігі анық болғанға айналдырудың басты объективті жағдайлары еркіндік пен еркіндікке негізделген қоғамдық қатынастар болып табы-лады. Аталған қатынастар адам үшін объективті түрде маңызы бар болып табылатындықтан, сондай-ақ құндылықтар мен құндылықтарға негізделген қарым-қатынастарға тартылады [10, 99 б.].
Қоғамдық қатынастар туралы айтқан кезде біз объективті түрде маңызды тақырыпқа назар ау-дарамыз, ол – барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы қоғамның әрбір мүшесінің барлық адами қажеттіліктерін қанағаттандыруға
және жалпы адамды жетілдіруге бағыттала жетілдірілген қоғамды құру мәселесі.
Тарихтан байқап отырғанымыздай, осын-дай қоғамды құру қиынға соғады, алайда ол мүмкін емес деп айта алмаймыз. Осындайда мәселенің төркіні белгілі бір жағдайларда аталған жағдайларды жасайтын нақты теориялар мен мүмкіншіліктердің бар болуында емес. Аталған жағдайларды құру тек адамдардың және ең басты-сы шығармашылық зиялы қауымның ұйымдасқан іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, себебі осындай ұйымдасқан қызмет іс-әрекеттің бағыты мен бағдарын анықтап, өзінің теориялық көзқарастарының шынайылылығын басқарушы элитаның назарына жеткізеді немесе теориялық көзқарастарды жүзеге асырудың өзге амал-әдістерін (олар төңкерістік сипаттағы әдістер бо-луы мүмкін) іздестіреді. Алайда, егер осы адам дамуының негізін оның ең жақсы қасиеттерінің дамытылуы деп білетін осы элитаның озат, басқарушы санатының ойлаудың мәнін, құндылық бағыттауларды және ізгілік қасиеттерін қарастыратын болсақ, адам қоғамының қазіргі жағдайы аталған шарттарды жүзеге асырудан әлдеқайда алыс екендігін байқаймыз. Әсіресе айтылғанның батыс қоғамына тікелей қатысы бар екендігін ұғынамыз.