Есимов Азамат Ерланулы білім беру бағдарламасы



бет4/12
Дата22.05.2023
өлшемі416 Kb.
#177416
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Индуктивті катушка құрылғы бөлшектерінің жұмыс сызбаларын құрастыру және құрама бірліктерінің сызбасын орындау

1.2. Басты көріністі таңдау
Жұмыс сызбасын сызуды бастамай тұрып, бөлшектің басты көрінісін таңдау керек. Басты көрініс бөлшектің пішіні мен өлшемдері туралы сызба өрісін тиімді пайдалана отырып, ең толық мәлімет беруі керек. Басты көріністі таңдау бөлшекті жасау және білдекте өңдеу кезіндегі немесе механизмдегі жұмыс процесінде орналасуына байланысты. Құю арқылы жасалатын бөлшектердің проекцияларын басты көріністе құрастыру сызбасындағыдай (жұмыс қалпында) етіп қабылдайды. Бұл кезде өңделген жазықтық (“А”) әдетте горизанталь жаіықтықта болады. Мұндай бөлшектерге машиналар тұрқылары, тұғырлар, кронштейндер, қақпақтар, ернемектер жатады.
Айналу беттері болып табылатын, көбінсе жонғыш білдектерде өңделетін бөлшектер үшін біліктер, осьтер, дөңгелек қақпақтар, поршеньдер, цилиндр тегершіктер, күпшектер, тісті дөңгелектер үшін басты көріністі айналу осін горизанталь орналастырып таңдайды.
Ұзындау пішінді бөлшектер (иінтірек, тарқыштар, саптар, бұлғақтар, кілтектер және т.б.) басты көріністе, бұйымда орналасқанына қарамай горизанталь қалыпта бейнеленеді. Мұндай бөлшектердің кескіндер үлкен бөліктерінде олардың көлденең қималары бірдей болса, үзілістер жасап орындауға болады.
Жұмыс сызбасында кескіндер саны ең аз мөлшерлі, бірақ кескінделетін бөлшкетің ішкі және сыртқы пішіндерін толық анықтауға жеткіліті болуы керек.
Күпшектің пішінін екі көрініс арқылы анықтауға болады.Сол жақ көріністе ойықтың ені,ернемектегі тесіктердің саны және орналасуы көрсетіледді.
Бөлшектің пішінінің күрделігіне және таңдалған пішімге байланысты кескіннің масштабы орнатылады. Қарапайым пішінді ірі бөлшектер 1:1 масштабында немесе кішірейту масштабтарында (1:2, 1;2,5; 1:4 және т.б.) сызылады.
Құрама пішіні күрделі майда бөлшектерді үлкейту масштабтарында сызған жөн. Бөлшектердің ұсақ элементтері (қиықжиектер, бунақтар, шағын жыралар, дөңгелектеу доғалары және т.б.) пішінін анықтау және барлық өлшемдерін қою үшін үлкейту масштабтарында шығарылған элементтер түрінде сызылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет