1.1. Машиналар бөлшектерін құрастырудың технологиялық ерекшеліктері.
Қиықжиектер, тесіктер, шұңқырлар, бүртіктер, бунақтар, кілтектер, тағайындалуы әр түрлі ойықтар және т.б. бөлшектердің ең жиі кездесетін құрылымды және технологиялық элементтері болып табылады. Бұл элементтердің әрқайсысының қатаң белгіленген тағайындалуы бар және олар бөлшектің жұмыс шарттарына, оны жасау технологиясына байланысты орындалады.
Бұйымдарды құрымдағанда мына пішіндер ескеріледі:
-дайындамалырды азғана әріптермен жасауды қаматамасыз ететін бөлшек беттерінің пішіндерінің үйлесімділігі;
-бұйымды механикалық өңдеудің ең аз мөлшері;
-үйлестірілген, тұрақтандырылған бөлшектерді кеңінен қолдану.
Құю арқылы жасалатын бөлшектерге қойылатын талаптар:
Модельді қалыптан шығарып алу үшін оның жұмысшы беттеріне сыртпішінін құру еңісін тағайындау керек. Сыртпішінін құру еңісі құйманың биіктігіне немесе ұзындығына байланысты және МЕСТ 3212-80 бойынша алынады.
Сырт пішін құру еңістері,әдетте,сызбада көрсетпей-ақ,техникалық талаптарға сәйкес Сырт пішін құру еңістері МЕСТ 3212-80’’-сәйкес жазуға болады.
Бөлшекке ішкі күштер түспеу үшін бір беттен екінші бетке біртіндеп өту керек.Ішкі және сыртқы бұрыштардың дөңгелектену радиустарының(ойықтар)мәндері әдетте техникалық талаптарда арнайы жазбамен беріледі.Мысалы: “Көрсетілмеген құйма радиустары 4мм”
Өңделінетін беттер өңделмейтін беттерден биіктеу орналасуы керек.Бұл кесуші құралды қолдануды жеңілдетеді.
Тесіктер бұрғыланатын қисық беттер арнайы дөңестермен (бобышкалармен)құрастырылады.Бұл кесуші құралдың дұрыс кіріп шығуын қамтамасыз етеді.
Беттерін механикалық өңдеу жасайтын бөлшектерге қойылатын талаптар:
Білік диаметрінің өзгеретін жеріндегі дөңгелектеу (ойықтар) орындалады. Ойықтың шамасы бет сипаттамасына және қосылыс түріне байланысты болады. Дөңгелектеу радиусы МЕСТ 10948-64 бойынша анықталады.
Үстіңгі бет тазалық класы жоғары бөлшектерді әдетте ажарлайды. Мұндай жағдайда ажарлау дөңгелегі «шығу» үшін арнайы кішкентай бунақтарды (проточкаларды) жасау алдын ала ескерілуі қажет. Бунақтар өлшемдерін МЕСТ 8820-69 тағайындайды.
Жону білдегі центрлеріне бөлшекті орнықтыру үшін центрлік тесіктер жасалып, олардың өлшемдері мен шарттары белгіленуі МЕСТ 14034-74-ке сәйкес алынады.
Бұранданы жонғанда, оның соңғы бөлігінде, жонғыш біртіндеп металдан шығып, толық емес пішінді иірімдер тұзеді. Мұндай иірімдер түзілмеу үшін бұранданы жонуды жоңғыштың шығуына арналған сақиналық бунақжонуларды жасаудан бастайды. Бұл бунақжонулар ішкі және сыртқы болуы мүмкін. Сыртқы бунақжонудың диаметрі бұранда ойымның диаметрінен кіші болуы керек, ал ішкі бунақ диаметрі бұранда шыңдарының диаметрінен үлкен болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |