Негізгі түсініктер мен анықтамалар
МЕСТ 2.789-73 бойынша беттің кедір-бұдырлығы дегеніміз майда қадамды, беттің бедерін түзетін, базалық ұзындық деп аталатын белгілі бет бөлігінде қарастырылатын тегіссіздіктер жиыны. Кедір-бұдырлық дәрежесі үлкен болған сайын базалық ұзындығы үлкен болуы керек және ол стандартқа сай тағайындалады:
25; 8; 2,5; 0,8; 0,25; 0,08; 0,03; и 0,01 мм.
Машиналар бөлшектерінің беріктігі көптеген факторларға байланысты және олардың ішінде өңделетін беттердің тазалығына назар аударудың мәні зор. Машиналар бөлшектерінің сыну себептерін зерттеу, бұйымның қирауы оның бетіндегі терең әрі өткір сызаттар күштердің шоғырлану көздерін тудыру салдарынан болатынын көрсетеді.
Тегіссіздіктер бұйымның бірқатар пайдалану қасиеттеріне әсер етеді: тозу, шаршау, қондырулар беріктігі, жегіделік төзімділігі және т.б.
Дұрыс өңделмеген бөлшектері бар қозғалмалы қосылыстарда әсерлесу мардымсыз және жартылай құрғақ және тіпті құрғақ үйкеліс орын алады. Бұл түйіндескен бөлшектердің бірі-бірімен жұмысы бекігенше электр қуатының шығынына душар етеді.
Сонымен қатар, айналмалы жұптарының өте тегіс беттері (білік-сырғанау мойынтірегі) бетке майдың беруін қиындатады, беттердің өте жылтыр болуынан олар бір-біріне жабысып қалғандай болады (молекулааралық байланыстар әсер ете бастайды). Бұл кезде металл бөлшектері үйкелген заттардан бөлініп, тозуды үдетеді.
Баспақтық қондырулар бойынша дұрыс өңделмеген бетті бөлшектердің қосылыстарында микробұдырлардың мыжылуы жүреді. Нәтижесінде бөлшектердің нақты тартылуы есептелгендегіден едәуір аз болады, яғни қосылыс беріктігі нашарлайды. Жалпы айтқанда, құрастыруға дейін бөлшектің кедір-бұдырлығы көп болған сайын, құрастырудан кейін қосылыс беріктігі азаяды.
Егер дұрыс өңделмеген бетті бөлшектер сумен әсрелесетін болса, бұдырлар ойықшаларында ылғал ұзақ сақталып, жегідеге ұшырайды. Бет неғұрлым таза болса бұйым жегідеге солғұрлым шыдамды келеді.
Өңдеу іздерінің бағыты беттің маңызды геометриялық сипаттамасы болып табылады.
Беттердің кедір-бұдырлығының параметрлерін негіздеп таңдау үшін мынадай ұсыныстар жасалады:
Кедір-бұдырлық параметрлерін бұйымның пайдалану жағдайларына қарап тағайындау керек.
Түйіндесетін беттерге бірдей кедір-бұдырлық шамасы тағайындалуы тиіс.
Үйкелетін беттердің тазалығына қатысты жылдамдықтар, тазалық жоғары болған сайын және оларға түсетін салмақ жоғары болған сайын жоғары болуы керек.
Тазалық дәрежесі өте жоғары болатын жұмыс беттері:
Поршеньдік сақиналар мен цилиндрлер, тазалықтың 10 – 11 класы;
б) дизельдердің отын сорғыларының тығынжылдық (плунжерлік) қосақтары: 11 – 12 кластар және одан таза;
в) бүркігіштің тозаңдатқыштарының инелері мен тұрқылары: 11 – 12 кластар және одан таза.
Достарыңызбен бөлісу: |