Бөлшектерді өлшеу және өлшемдерді анықтау
Өнеркәсіпте өлшемдерді анықтау үшін дәлдігі жоғары аспаптар мен құрылғылар қолданылады. Оқу процесінде бұған қарағанда қарапайым құралдар қолданылады:
1. Темір сызғыш.
2. Кронциркуль.
3. Ішөлшегіш (нутромер).
4. Радиустық қимаүлгі.
5. Бұрандалық қимаүлгі және т.б.
Темір сызғыш сызықтық шамаларды өлшеу үшін, ішөлшегіш – тесіктер шамаларын өлшеу үшін қолданылады, кронциркульмен әдетте сыртқы өлшемдерді өлшейді. Бірақ бұл үш құрал әмбебап құрал – штангенциркульен алмастырылуы мүмкін.
Бөлшек элементтеріне қисықтық радиустарын анықтау үшін арнайы тілімдер (қимаүлгілер қолданылады). Егер тілімдер қисық бетке тығыз жанасатын болса, осы тілімде көрсетілген мән беттің қисықтық радиусы болып табылады. Тілімдер жоқ жағдайда қисықтық радиусын практикалық жолмен анықтауға болады. Бұл үшін қағаз бетінде қисық бөлік бастырылып, қисықтық центрі мен радиусы анықталады.
Метриалық бұрандалардың адымы немесе құбырлық (дюймдік) бұрандалардың өзек ұзындығының 1 дюймдегі иірімдрі бұранда өлшегішпен анықталады. Бұранда өлшегіштің тұлғасындағы М 60 таңбасы, бұл қимаүлгінің метрикалық бұрандалардың қадамын анықтауға арналғанын көрсетеді.
Қорытынды
Мен осы курстық жұмысты орындау барысында индуктор бөлшегімен танысып, көптеген мәліметтер алдым. Аталған курстық жұмысты “Компас 3d” атты программа арқылы орындадым. “Компас 3d” программасы жайлы аитып кететін болсам. “Компас” -автоматтандырылған жобалау жүйелерінің отбасы, бұйымдардың сызбаларын, сызбаларын, ерекшеліктерін, кестелерін, нұсқаулықтарын, есептеу-түсіндірме жазбаларын, техникалық шарттарды, мәтіндік және басқа құжаттарды жедел режимде шығаруға мүмкіндік беретін әмбебап автоматтандырылған жобалау жүйесі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Жаңабаев Ж. Инженерлік және компьютерлік графика. Техникалық мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық. – Алматы: “Мектеп” баспасы, 2005.-304 б.
2. Ы.А Нәби “Сызба геометрия және инженерлік графика”. Техникалық мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. 2-ші толықтырылған басылым / Нәби Ы.А. – Алматы. “Бастау”, 2010,-280 б.
Достарыңызбен бөлісу: |