Картон Б-2 МЕСТ 9347-74.
Тоқыма тығыздағыш маркалары АП31, АПР-3, АПР, АПС, АПП және т.б. МЕСТ 5152-84 бойынша.
Сызбалардың техникалық талаптары
Бөлшектің жұмыс сызбасында қажетті техникалық талаптар, жазбалар, кестелер, техникалық шарттар және т.б көрсетілуі тиіс.
Техникалық талаптарға бөлшекті жасағанда қажетті, графикалық кескіндеуге болмайтын балық мәліметтер жатады. Мысалы, өлшемдерді қою анықтамалары, бөлшек жасалған материалға қойылатын талаптар (қаттылығы, қапталуы, термоөңдеу), түйіндесетін беттердің техникалық өңделуі, маркерлеу талаптары және т.б.
Жұмыс сызбаларына техникалық талаптарды түсіру ережелері МЕСТ 2.316-68-ге сәйкес орнатылады.
Техникалық талаптардың мәтіндік бөлігін негізгі жасу үстіне орналастырады. Мәтіндік бөлік пен негізгі жазу арасында ешқандай кескіндер, кестелер және т.б. болмау керек. Мәтіндік бөлік пен негізгі жазудың арақашықтығы 12 мм-ден кем болмау керек. Техникалық талаптар мынадай:
1. Дайын бөлшектер материалдарының қасиеттеріне қатаңдық, ылғалдығы), термоөңделуіне, бөлшек дайындамасына, материалына қойылатын талаптар.
2. Өлшемдер, өлшемдердің шекті ауытқулары.
3. Табақтардың сапасына қойылатын талаптар, қапталуы, өңделуі жайлы нұсқаулар.
4. Конструкцияның жеке элементтерінің орналасуы, саңылаулар.
5. Бұйымды керекті күйге, жөнге келтіру талаптары.
6. Сынаудың шарттары және әдістері, маркерлеу туралы нұсқау.
7. Тасымалдау және сақтау ережелері.
8. Пайдалану кезіндегі ерекше жағдайлар.
"Техникалық талаптар" тақырыбын сызбада көрсетпейді. Техникалық талаптардың пункттері ретімен номерленуі тиіс. Әр пункті жаңа қатардан жазады. Егер сызба екі немесе одан да көп беттерде орындалған болса, техникалық талаптарды, олардың қай беттегі кескінге қатысты екеніне қарамай, тек бірінші бетте орналастырады.
Жұмыс сызбаларында жазуларды орындағанда МЕСТ 2.316-68 нұсқауларына сүйену керек.
Сызбалардағы жазуларда жалпы қабылданған қысқартулардан басқа қысқартулар болмауы тиіс. Кескінге тікелей қатысты жазулар шығару сызығының сөресінің үстінде және астында орналасатын тек екі қатардан тұру керек.
Кескін контурын қиып өтетін шығару сызығы нүктемен, ал көрінетін немесе көрінбейтін контур сызығынан шығарылатын сызықты нұсқамамен аяқтайды.
Басқа сызықтардан шығарылатын шығару сызықтарының ұшында нұсқамада, нүкте де болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |