Бөлшектің нобайын жасау реті
Нобайы жасалатын бірнеше бөлшек берілген болса, жұмысты қарапайым бөлшектен бастап, біртіндеп пішіні күрделірек бөлшектерге ауысу керек .
Нобайды орындау ретін "Сырғақ" бөлшегінің мысалында қарастырамыз.
Осы бөлшектің аксонометриялық проекциялар ережелері бойынша, қолдан орындалған көрнекті кескіні, яғни техникалық суреті келтірілген. Техникалық суреті бойынша "Сырғақ" бөлшегінің нобайын орындайық.
Осыған орай төменде берілген кезеңдерге ерекше көңіл аудару қажет:
1. Бөлшектің құрылымын зерттеу. Бөлшектің аталуын, тағайындалуын және жасалған материалын анықтау.
2. Бөлшектің басты көрінісін таңдау. Ол бөлшектің пішінін барынша толық айқындау. Бөлшектің басты көріністе орналасуы оны жасап шығарғандағы орналасуына сәйкес болуын көздеген жөн. Мысалы: жонғыш білдек жасалатын бөлшектер айналу беттерінің пішінін қабылдайды (цилиндр, конус, сфера). Басты көріністе оларды айналу осі негізгі жазбаға параллель болатындай етіп орналастыру керек. Дайындамасы құю арқылы алынатын бөлшектерді басты көріністе олардың жинау процесі кезіндегі (немесе жұмыс кезінде) жағдайында орналастыру керек.
Мұндай кезде бөлшектің негізгі өңделген беті горизонталь қалыпта болуы керек және оларға тұрқылар, қақпақтар, кронштейндер және басқалар жатады.
Табақтық материалдан қалыпталған бөлшектер пішінен сызылады.
3. Кескіндердің оптималь саны анықталады. Ол ең аз мөлшерлі болуы тиіс, бірақ бөлшектің өлшемдері мен пішіні туралы толық мәлімет алуға жеткілікті болуы керек.
4. Бөлшектің күрделілігіне және өлшемдеріне қарап қағаздың сәйкес пішімі таңдалады (нобайлар кез келген қағазға - миллиметрлік, тор және т.б. орындалуы мүмкін). Табақтардың өлшемдері МЕСТ 2.301-68 пішімдеріне сәйкес болуы керек, яғни А4 (210x297), A3 (297x420) және т.б.
Негізгі жазу мен пішім жақтаушысын жүргізіп бетті жобалау керек, яғни әр кескіннің орнында жіңішке сызықтарымен сызба орісін оптималды толтырып, кескіндердің габаритті тіктөртбұрыштарын сызу және осьтік сызықтарды жүргізу керек.
5. Жіңішке сызықтармен бөлшектің сыртқы және ішкі контурларын сызып бөлшектің әр элементі барлық кескіндерде көрсетілуі керек.
6. МЕСТ 2.305-68-ге сәйкес қажетті тіліктер, қималар және шығару элементтері орындалады. Симметриялық бөлшектер үшін әдетте көріністің жартысын және тіліктің жартысын бірге орындайды. Жергілікті тіліктер қолданылуы мүмкін.
7. МЕСТ 2.307-68-ге сәйкес шығару және өлшем сызықтарын жүргізу. Өлшем сызықтарын жүргізгенде белгілі реттілікті сақтау керек. Ең алдымен габариттік өлшемдер, бөлшектің жеке элементтерінің орнын анықтайтын өлшемдер, ал одан кейін бөлшек элементтерінің және барлық қалған өлшемдер қойылады. Әдетте сыртқы элементтердің өлшемдері көрініс жағынан, ал ішкі элементтердің өлшемдері тілік жағынан көрсетіледі.
8. Кедір-бұдырлық шамасын анықтап, оны сызбада белгілеу. Кедір-бұдырлық класы бұйымның жұмыс істеу жағдайларына және жасалу технологиясына байланысты көзбен көру арқылы анықталады.
9. Өлшеуіш құралдар көмегімен бөлшекті өлшеу және сызбада сол өлшемдерді көрсету қажет.
10. Бөлшектің кескіндерінің толықтығын тексеру. "Сызықтар типтері" МЕСТ 2.303-68 талаптарын сақтай отырып, контурды жұмсақ қарындашпен үстінен сызып, көшірмесін алу. Ұсынылатын контур сызығының жуандығы S=1 мм.
Достарыңызбен бөлісу: |