Машина жасауда қолданылатын негізгі материалдар
Қазіргі кезде машина жасауда бөлшектерді дайындағанда әр түрлі материалдар - металл және металл емес материалдар қолданылады.
Материалдарды дұрыс таңдау, бұйымның беріктігіне, жұмыс істеу мерзіміне, бөлшектің сапасына әсер етеді.
Бөлшек жасалатын материал негізгі жазудың "материалдар" бағанында сәйкес стандарттар бойынша көрсетіледі.
Тұрқылық бөлшектердің көбісін жобалаған кезде құю материалдары қолданылады және мұнда негізгі материалдар: шойын, болат, қола және т.б. болады.
Сұр шойын маркасы 10, 15, 18, 20, 25, 30 ... 100. Саны үлкейген сайын материалдардың беріктігі артады. Аз жүктелген бөлшектер үшін 10, 15 маркалы шойындар жарайды, ал жауапты бөлшектер (коленвал, поршеньдік сақиналар және т.б.) үшін - 35...100 маркалы шойындар қажет.
Белгіленуі: СЧ 25 МЕСТ 1412-85
ВЧ 50 МЕСТ 7293-85,
Мұнда В – жоғары беріктілікті білдіреді.
Соғылғыш шойын (динамикалық әсерлер үшін, шкивтер, жалғастырғыштар, тежегіш қалыптар, құбыр жолдарының біріктірілген бөліктері).
Белгіленуі: Құю К30 – 6ФМЕСТ 1215-79, мұнда Ф – феритті;
Құю К60 – 3ПМЕСТ 2215-79, мұнда П – перлитті;
Кәдімгі сапалы көміртекті болат. Болаттың жеті маркасы (0-ден 6-ға дейін) қолданылады. Саны үлкейген сайын болаттың қаттылығы жоғары.
Белгілену мысалы: Ст 3 МЕСТ 380-71
Сапалы конструкциялық көміртекті болат. Маркалары 08, 10, 15, 20 ... 60 - мұнда сандар болаттығы көміртегінің проценттік құрамын көрсетеді.
Белгіленуі: Болат45 МЕСТ 1050-88
Маркалары 10, 15, 20 болаттардан бұрандамалар, сомындар, бұрамалар жасайды.
Болат ШХ 15 МЕСТ 801-78 – шарикті мойынтіректі, хромды.
Болат 65 Г МСЕТ 14959-79 (серіппелі тығырықтар, серіппегіш, серіппелер).
Құбыр 40х2,8 МЕСТ 3262-75 – шартты өткел диаметрі 40 мм, қаьырға қалыңдығы 2,8 мм су-газ өткізгіш құбыр.
Достарыңызбен бөлісу: |