Әскери өнер тарихы ” 5В010400 “Бастапқы әскери дайындық” мамандығы бойынша


Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет10/15
Дата31.01.2018
өлшемі2,89 Mb.
#37168
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар.

1. Қазақстан армиясындағы негізгі проблемалар және оларды шешу жолдары?



Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998.

Тәжірибелік сағаттар.

  1. Тақырып: Кіріспе

Бүгінгі күні кеңестік империя ыдырап, коммунистік қағидалар келмеске кетіп, уақыт әр нәрсені өз орнына қойып жатқан заманда бұрын бұрмаланып келген қазақ-жоңғар соғысы туралы шындықты қалпына келтіру керек.

Қазақ елінің өткендегі тарихында елеулі із қалдырған, дүркін-дүркін үзілістермен 100 жылға жалғасқан қазақ-жоңғар соғысын жазуда оқушылардың қалың көшпілігіне арналған еңбектерде 1729 - 1730 жылдардағы Аңырақай - шайқасына дейінгі кезенде 1711, 1718, 1723 - 1727 жылдардағы қазақтардың жоңғарлармен соғысын жазғанда қазақтардың елін, жерін қорғауын, ерен ерліктерін төмендетуге тырысушылықтың бар екенін байқаймыз. Тіпті қазақтардың жеңісін бұрмалап, қазақтар халық ретінде жок болып құрып кетер еді деп жазғандар да болған. Қазақ хандығы Жойылды, қазақтар түгел босқын болды деп көрсетуге ыңғай білдіретін пиғылдар да болды. Мысалы, М.Тевкелев өзінің Ресейге жазған бір хабарламасында: "Қазақ елі Ресей империясының қарамағына алынғанша ит қуған қояндай кең далада безіп жүрген, - ешқашан тыныштық көрмеген еді. Қашып, босып жүріп, малынан да, кейде тіпті қатын-баласынан да айырылып, өз бастарын сақтау үшін бас паналайтын жаққа кетті. Жоңғар қалмақтары шапқандабылай қашты, башқұрттар шапқанда кері қашты. Ал Еділ бойындағы қалмақтар мен Жайық бойыйдағы орыс, Сібірдегі орыс-казактар бас салғанда, барар жёр,басар тау таппай қалды"- деген сөзі сақталып қалыпты.

Тевкелевтен кейін орыс тарихшылары қазақ-жоңғар соғысын жазғанда казақтардың мемлекеті жоқ болып кетті, қазақтар елін, жерін қорғаған халық емес, "Ресей империясының қарамағына алынғанша ит қуған қояндай кең далада безіп жүрген" деп, андарға теңеуден бастады.

Ал жалпы алғанда, бас-аяғы жарты ғасырға созылған қазақ-жоңғар соғысы, Тевкелевтің пікірінше, тек Ресейге қосылудың алғы шарты болды делінген, қазақтың өз алдына дербес өмір сүре алмайтынының бір белгісі ретінде ғана қарастырылады. Осы секілді жалған пікірлер Ш.Уәлихановтын еңбектеріңде де кездеседі. Қазақ-жоңғар сошстарының бірі болған 1723 ж. оқиғаны Ш. Уәлиханов тым әсірелеп: "Қан-құмар жоңғарлар өкшелей қуған қазақтар бейнебір үріккен киіктей жол бойы дүние-мүлкін, жүре алмай қалған жас балаларын, қарттарын, арық малдарын тастап... босып кетті..."1 -деп жазған еді.

Ал Қазақ ССР тарихьшың I томында; "1723 ж. жоңғар шап-қыншылығынан Орта жүз бен Үлы жүз руларының көпшілігі қатты күйзеліске ұшырап, мал-жандары қырыдды. Ел топ-топ болып бас сауғалап, Оңтүстік пен Шығысқа қарай қашты. Тек Ресеймен қарым-қатынастың күшеюі, орыстардың туысқандық қалтқысыз көмегі қазақ халқының азаттык күресіне көмектесіп, оларды жау тепкісінде қалу қаупінен құтқарып қатды", - дейді.

Жоғарыдағы материалдарды пайдаланған жапон ғалымы Зокота "Ресей және Орта Азия" деген кітабында сол құжат-тарға сүйеніп былай жазады: "Сол кезде жоңғарлар Орта Азия-дағы ірі сахара патшалығы болды. Оларға ұйғырлар қарсылықсыз бағынды, Қырғыздар бір мезет қарсылық көрсеткен-мен, сұрапыл тегеурінге төтеп бере алмады. Ал ұзақ жылдар бойына жоңғарлармен табан тірескен қазақтар ғана бодды. Жоңғарлар қазақ елінің Шығыс жәңе оңтұстік жағындағы бірсыпыра кең-байтағын басып алды".



Ф.А.Щербина қазақ батыры қамал бұзғыш Олжабайдын ерекше бір қасиеті жайында айта келе, мынандай қызықты дерек келтіреді: "Олжабайдың тастан қашалған бейнесі ретінде сақталған сол соғыстың ескерткіштері қазіргі' уақытқа дейін бар, Қазақтардың айтуынша, огіың жеңіске жеткен жеріне ескерткіш қоятын әдеті болған".


  1. Тақырып: Қазақ-жоңғар хандығы арасындағы соғыс және жоңғар хандығының күйреуі (1635-1758). Қазақ жоңғар соғысының қысқаша тарихнамасы.

Златкин И.Я. Русские архивные материалы об Амурсане. Филология и история монгольских народов. М., 1958.

Осы еңбектерге сүйеніп, қазақ тарихын жазған М.Тынышбаевтың айтуына қарағанда, барлық қазақтар біркелкі дәрежеде "Ақтабан шұбырындыға" ұшырамаған. Әсіресе, Ұлы жүздің ішінде коныс аудару болмаған. Өзінің жайлаған аймағында қалып қойған. Бұл өңірге щығыстан ығысып келген кейбір тайпалардың бөлігі ғана Сырдарияның төменгі жағына қарай қарақалпақтармен бірге кешкені белгілі дейді. Қазақтардың түгелдей босқынға ұшырамағанын, өз жерінде жаумен табан тіресе соғысқанын көреміз.



"Өтеген батыр" жырында Орта жүз бен Ұлы жүздегі дулат, жалайыр, албан, найман руларынан әскер жасақталғаны жайында айтылады. Дулаттардың біразы Сарысуға қоныс аударған кезінде Өтеген солармен бірге кетпекші болғанда, ақын Өтегенге арнап:

Ақтабан болган алыс жол,

Бұл сапардан сескенем.

Атыңның басын кейін бұр,

Күтеді көмек ел сенен,

деген халыктың сөзінен Өтеген шыға алмай мойынсұнады. Орта жүз Ұлы жүзге, үйсіндерге көмекке келеді.

Екі жүздің баласы Төмен қарай бір ықты.

Елін қоргап өлімнен,

Жауга қарай қол шықты.

Колды бастап, найза ұстап,

Өтеген батыр ол шықты, —

дейді. Қазақтардың жоңғарлармен соғысын айта келе, белгілі ғалым

У.Шалекенов өз еңбегінде: "1723 ж."Актабан шұбырынды, алқакөл сұламаға" көбірек ұшыраған Қазакстанның оңтүстігі болып, осы жерге шығыстан ығыстырылып келген кейбір қазақ тайпалары Сырдарияны төмендей көшіп, Мұғалжар тауына дейін барған". Олар онша көп болған жоқ деген корытынды жасайды.

Шындығына келсек, 1723 ж. жоңғарларға іргелес отырған найман, керей, үйсін руларының ішінара жоңғарларға бағынуы қазақ елінің болашағына қатер бұлтын төндіргенімен, бірак ол алғашқы кезеңде ел тағдырын шешетіндей басты оқиға бола алған жок. Өйткені 1723 ж. көктемде дулат, шымыр, жаныс рулары әлі қыскы қыстауында еді, дәлірек айтканда, олардың қыстаулары Ташкент төңірегіндегі Сарыағаш маңайы болған. Қарақамыс аталатын жерде де шымырлар, жаныстар кыстаған еді. Ал Ұлы жүздің жаз жайлауы — Билікел, Ақкөл, Шу маңайы. Арқадағы Ұлытауға дейін әлі көшіп келе қойған жоқ болатын.

Қазақ хандығының жасақтары (ескерлері) 1723 ж. Түркістан, Ташкентті тастап шегінгенімен, қазак хандығы жойылған жоқ, казақтар өздерінің мемлекеттігін сақтап қалды. Ал Ш.Уәлиханов айтқан "...Шошынған ел (қазақтар) сайғақтың үйіріндей дүние-мүлкі мен мал-жанын тастап, түстікке қашканы, Орта жүз Самарқан маңына, Кіші жүз Хиуа мен Бұхараға дейін барып тоқтағаны" туралы құжат жоқ. Ал Ш.Уәлихановтың бұл сөзі тарихи шындык емес, Ұлы жүз бен Орта жүз негізінен, өздерінің ата қонысында жоңғар шапқыншылығы кезінде де қала берді. Сондағы аңғарғанымыз - 1723 ж. жоңғарлардың алғашқы шабуылында Ш.Уәлиханов айтқандай, Орта жүз Самарқан, Кіші жүз Хиуа мен Бұхара маңына шегінбеген, өздерінің ата конысындағы қыстауында болып, әлі жайлауға көшпеген.



Тағы бір көңіл аударар мәселе, ол тарихшылардың тілге тиек етіп жүрген "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" сөз тіркесі мен "Елім-ай" өлеңі. "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" тіркесін жер аты жок мақал-мәтелдерге ұқсас пайдаланады. Ал "Елім-ай" жыр-өлеңіне келсек, ол ел бірлігін сақтап, азаттык жолында күш біріктіру, мемлекетті сактау идеясы. Өлең Түркістанды қорғау кезінде шыққан көрінеді. Сонымен бұл өлең қазақтың "ит қуған қояндай қашқанын" емес, Отанды, жерді, мемлекетті, елді корғауға шақырған үндеуі еді. Осындай Отанды жаудан қорғауға шакырған үндеулердің басқа түрлері де болған. Батырларды, азаматтарды жауға қарсы тұрар ерлікке шақырып, бірлікті дәріптеу, батырларды намыска шакыру үндеулері көп болған

  1. Тақырып: Жоңғар, ойрат, қалмақ сөздерінің қалыптасуы мен жоңғар хандығының құрылуы және сыртқы саясаты.

Қазақ және жоңғар хандықтары арасындағы соғыстарды баяндаудан бұрын жоңғарлар, ойраттар, қалмақтар кімдер, одардың шығу тегі, ата мекені, қазақ шекарасына келу тарихы, ұлт болып қалыптасып, мемлекет құру тарихына, даму кезеңдеріне біраз тоқталып өткеніміз жөн болар деп есептейміз.

Қазақша қалмақ, ойрат, қытайша элюттер, орысша зюнгар (жоңғар) деген атауяардың бәрі — бір халык. Қалмақ деп түркілер батыс монғолдарды айтатын болған. Олар өздерін ойраттар дейді, қытай кітаптарында элюттер деп аталады. Қалмақ деген сөз В.В Бартольдтің тұжырымдауынша, мұсылман кітаптары ішінде Шараф-ад-Дин Иаздінің 1425 ж. жазылып біткен Зарафнамасында, мукадимасында бұл сөз түркілердін "қалу" дегеннен шыққан, ойраттардың отқа табынушылар қатарында қалғаньша байланысты сияқты.

Айналып келгенде, қалмақ, ойрат, элют және жоңғар (сол қанаттағы адамдар) деген сөздер чорос, хошауыт, торғауыт, дөрбәт деген батыс монғолдардың аттары: Олар XIV ғ. 2-жартысында "ойраттар одағын" құрып, монғол хандығының қол астынан кетіп, өз тайпаларыньщ баскаруында бол-ды.



И.Я.Златкиннің айтуынша, сол уақытта олар шығысында Хангай тауының батыс жоталары, оңтүстігінде Гоби шөлі, батысында Моғолстан, терістігінде Ертіс пен Енисей аралығындағы онша үлкен емес аймақты жайлаған. Батыс монғол тайпалары өзара қақтығысатын еді, кейде бастары бірігіп қалатын, сондай күшейген кездері көршілерін шабатын. Олардан кеп шапқыншылыққа ұшырайтын Монғолия еді. XV ғасырдың ортасында қалмақтарды қайратты да іскер Тоған (1438--1440), оның ұлы Эсен тайша (1440—1455 ж.) басқарды. Ол ой-рат тайпаларын біріктіріп қана қоймай, өз билігін бүкіл Шығыс Монғолияға таратты. Эсен тайша өлгеннен кейін (1455 ж.) олардың саяси қуаты да уақытша таусылды. Алайда ойрат бйлігі онша ұзакка созылған жоқ. XV ғ. 2-жартысында Монғолиядағы билігінен айырылды.

Шығыс Монғолияның қалқа тайпаларынан жеңілген ойрат тайпалары өздерінің бұрынғы өріс-қоныстарынан айырылып, топ-топ болып қоныс аударуға мәжбүр болды. Олар бірте-бірте қазақ даласына - Ертіс, Іле, Жетісу, Алтай, Тарбағатай - өңіріне ене бастады. Бұл арадағы жайылымдық жерлер үшін жергілікті тайпалармен қактығысты. Бұл кезде бытыраңкы ойрат тайпалары казақ хандарынын шапқыншылығына ұшырады.



Өздерінің алғашқы шабуылдарында сәтсіздікке ұшырап, казақ хандығынан жеңілген ойрат тайпаларының бір белігі XVI ғ. қазақ хандығына бағынып, тәуелді болды. 1598 ж. Тәуекел өзін қазак жене қалмақ ханы деп жариялады.

Сонымен, ойраттар алғашқы кезде Енисейдің бас жағында тұрды. Қырғыздардың жақын көршісі болды және одақ қүрды. Ойраттар мен қырғыздардың Моғолстанға (Жетісуға) жорығы 1470 ж. болды. Осы қозғалысқа қатысқан қырғыздар сол кезде Моғолстанның оңтүстік бөлігінде Тянь-Шань тауында орналасты және осында коныстанып қалды. Қырғыздардың қазақтармен жақындасуы оларда ислам дінінің орнығуына әсерін тигізді және қырғыздар ойраттардан қол үзді.

Ойраттардың жоңғар хандығы деп аталатын саяси бірлестігі 1635-1758 жылдары өмір сүрді. XVI ғасырдын ақырында ойраттар торғауыт, дөрбіт, хошоут, вюрс деп аталатын төрт ірі тайпалық бірлестіктен құралды. Торғауыттар Тарбағатай тауынан шығысқа қарай созылған жерлерді, дөрбіттер Ертіс өзенінің батыс жағын, хошауыттар қазіргі Үрімші маңын, ал шорстар Іле өзенінің бойын (бас жағын) қоныстанды. Олар әсіресе, орыстармен қатынасын жақсартқаннан кейін, Сібірдегі орыс қалалары мен бекіністеріне айырбас сауда жасап, олардан қару-жарақ сатып альш отырды.

XVII ғасырдың басында ғана ойраттар ішінде қайратты, жауынгер басшылар шыға бастады. Олардың ішіндегі біріншісі чорстың Қарақұла (Хара-Хула) тайшасы еді. Қарақұла барлық ойраттарды қазақтарды шабуға біріктірді, ақыр аяғы Жоңғар хандығы пайда болды. 1634 ж. Қарақұла өлгенде билік оның ұлы Батыр хонтайшыға кешті, ғьшымда осы 1635 ж. Жоңғар хандығы құрылған жыл деп есептеледі.

Қазақ жерін жаулау баяу және бірте-бірте жүргізілді. Әскери қақтығыстар мен бітімге келу қалмақтардың алдыңғы топтарының қазақ хандары мен сұлтандарының қол астына өтуімен кезектесіп отырды. 1598 ж. Тәуекел орыс патшасына өзін қазақ және қалмақ ханы деп жазады.



XVII ғасырдың басыңда қалмақтардың алдыңғы топтарының батысқа ұзағаны сонша, Хорезмге шабуыл жасай бастады. 1603-1604 жылдардың қысында қалмақ ескері келіп, Қожакелден бастап Түк бекінісіне дейінгі аралықта өзен жағасында отырған елге бүлік салып, Бүрлі арқылы (Әмудын оң жағында Түйе мойын маңы) жетті деп жазады Әбілғазы. Хиуалықтардың басшысы Арабхан қалмақтарды қуып жетіп, тұтқыңдар мен алған олжаларын қайтарады. Бұл қалмақтардың Хорезмге бірінші жорығы еді, - дейді Әбілғазы.

  1. Тақырып: Қазақ-қалмақ соғысындағы түбегейлі бетбұрыс және Аңырақай шайқасы (1730). Аңырақай шайқасынан кейінгі жоңғарлар және Абылай басшылығындағы қазақ әскері (1731-1745).

Қазақ-қалмақ соғысының екінші кезеңіндегі қазақ хаңдығының сыртқы саясатына келсек, қазақ жеріне аш бөрідей анталаған қоқан хандығы, қалмақ, орыс, қытай елдерінің қаупін білген ақын бір шумақ өлеңмен сол кездегі қазақ хандығының сыртқы қатынасын бедерлейді:

Былай барсаң, Коқан бар,

Қоқаңдаган әкең бар.

Былай барсаң, қалмақ бар,

Күшіңді ептеп алмақ бар.

Былай барсаң, қытай бар,

Жапырағыңды бұтай бар.

Былай барсаң, орыс бар,

Балаңды берсең қоныс бар.

Шындығында, батыс пен солтустіктен Ресей империясы кеуделеп келе жатты, шығысында Қытай империясы, оңтүстігінде ислам фанатымін басшылыққа алған Қоқан хандығы. Осынау аш бөрідей анталаған елдердің ішіндегі Ресей мен Қытайдың агрессияшыл саясатына алданған ең қауіптісі Жоңғария болатын.

Осындай ауыр, жан-жағынан қоршаған жауға қарсы тұрып, жерін, елін қорғау үшін XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяғында Сайрамға жақын іргелес Сазтөбе деген жерде үш орданың ел билеушілері мен ру басылары қатысқан бүкіл қазақтың үш Ордасының съезі шақырылды. Сьезден кейін Кіші Орданың хандық билігі Әбілхайырдың, Орта Орда Сәмеке мен Күшіктің қолына көшті. Ұлы Орда билігі Төле биде қалды. Қазақ даласьшың үш Ордаға (жүзге) бөлінуі біздің қазіргі ұғымымыздағы бір-біріне тәуелсіз бөліну емес, оның себебі жаугершілік заманда қазақтын кең-байтақ аумағын батыстағы, солтүстіктегі, шығыстағы және оңтүстіктегі жаудан қорғау үшін майданға бөлініп, елді қорғауға және керек кезде даяр болу үшін қабылданған шешім болатын. Осылайша елді жаугершілік жылдарда үш бөлікке бөліп басқару Хұндар, Түрік империясы, Шыңғыс хан заманынан келе жатқан дәстүр болатын. Сол дәстүрмен оң қанат, сол қанат және орталық әскер тобын құрып, даяр болу үшін көбіне-көп географиялық, саяси бірлікке ұласудан шыққан айла болатын.

Бірақ кейіннен үш ордаға бөлінудің Хұн империясына да, Шыңғыс хан империясына да, Қазақ хандығына да пайдасынан гөрі залалы көп болды. 1726 ж. ұлы кеңесте елімізді, жерімізді жоңғар басқыншыларынан азат ету үшін қазақ халқы бір тоқтамға келіп, барлык күшті жауға қарсы жұмылдыру жөнінде бір пікірге келгені туралы А.И.Левшиннің айтуынша, дұшпанға қарсы алғашқы бірігу басталды.

Қазақ фольклорын жинаушы Ә.Диваевтың айтуынша, Қіші Орда, Орта Орда және Ұлы Орданың қосылып, Кіші жүзден шыққан Саңырақ батыр мен Орта жүзден Қабанбай батыр, Ұлы жүзден Ошақты (Тасжүрек) бірігіп, Бұланты және Бөлеңті өзендері Қара сиыр деп аталатын жерлерде қалмақтарға түпкілікті соққы бергенге дейін соғысқаны айтылады. Бұл жерлер күні бүгінге дейін "Қалмақ қырылған" деп аталады.



Бұланты және Бөлеңті өзендері "Қара сиыр" немесе "Қалмақ қырылған" жеңісінең кейін де үш-төрт жылға созылып, сол аймақта қалмақтардың тағы да жеңілгенін және тағы қанды соғыс болған жерді "Қан сасыған" деп атайды.

Осы кездегі қазақ тарихына байланысты қазақ ордаларының бір жерге топтасуы туралы мәселені айқындауға географиялық атаулар көмектеседі. Мұндай атауларға: Бадам станциясынан бес шақырымда және Шымкенттен батысқа қарай 30 шақырымда жатқан кішігірім Ордабасы тауы, Боралдай және Қошқараша өзеңдерінің жоғарғы жағында орналасқан Арқарлы таудағы Үлкен Орда және Кіші Орда деген бір-бірінен 4—5 шақырым қашықтықта жатқан екі шатқал, Әулие атадан шығысқа қарай Ақыртөбе және Подгорное станцияларына қарсы "Сұнқайты" және "Әбілхайыр" деп аталатын екі сай жатады.

Үш бағытта шабуылдаушы әскерге басшы топтардын бірігуі орналасқан жерінің ыңғайына қарай Ордабасы тауынан басталған, ал екінші тарихи жер үш орданың ханы Болат ханның "үлкен ордасы" қонған жер болса керек. Сондай-ак барлық қазақ қарулы күштерінің қолбасшысы Әбілхайыр ханның уақытша тұрағы "Кіші Орда қонған" жер. "Әбілхайыр сайы" деп аталады. Әбілхайыр ордасында мыңдык әскер басшылары белгіленіп, оларды жасақтайтын ру-тайпалардың саны қатаң түрде көрсетілді. Әскерге қатан тәртіп орнатылып, барлау жүргізуге жан-жақты мән берілді. Әбілхайыр Бұқарадан қару-жарақ сатып алады, ат-көлік жинастырады, әскердің дайындығын тексеруге билерді, батырларды аттандырады. Қолда бар архив материалдарына және Бұхар жыраудың "Қабанбай батыр" жырына сүйенсек, мыңдықтан әскер кұраған 29 сардардың, батырлардың рулары мен есімдері түгел толық келтірілген. Олар: 1. Қара керей Қабанбай, 2. Қанжығалы Бөгенбай, 3. Көк-жарлы көкжал Ба рақ, 4. Керей Жәнібек, 5. Шанышқылы Бердіқожа., 6. Керей Жанатай ер, 7. Тоғас Қосай, 8. Тума Шағалақ., 9. Мұрын Боранбай., 10. Үйсін Саршуаш., 11. Қыпшақ Есім хан., 12. Қыржы Бостан., 13. Тарақты Баймұрат., 14. Тоқпақ Қосабай., 15. Матай батыр., 16. Сибан Шышқожа., 17. Шойбек Сеңкібай., 18,, Қаңлы Құлан., 19. Сіргелі Елшібек., 20. Қаратай., 21. Ысты Толек., 22. Сиқымңан - Шінет, Рысбек., 23. Ботбай Сөмен., 24, Шымыр Қойкелді., 25. Қоңырат Төлебай, Болат., Кіші ордадан: 26. Рамадан Алшынбай., 27. Қарақалпақ Құланбек., 28, Жаныс Өтеген., 29. Шапырашты Наурызбай батырларды білеміз. Олар кезінде ел ардақтап атайтьш әруақты жандар еді. Бір еске салатынымыз, қазақ мыңдықтарын басқарған басшыларының есімдері рулық, жүздік деңгейден асып, жалпы ұлттық межеге көтерілген. Олар қанды сайыстарда талай рет суырылып шыққан ерлер еді. Олардың даңқы бір ғана Аңырақай шайқасында емес, басқыншы жаудан қазақ жерін толық тазартқанша есімдері ұлы далаға аңыз болып, ұран болып, ұлттық сананы қалыптастыруға өз үлестерін қосты. Аңырақай шайқасына қазақтар да, қалмақтар да жеткілікті дайындалды. Қазақ әскерінің жалпы саны мыңдықтармен есептесек, 29 мыңдық немесе 29 мың адам болды. Қазақ әскерінің сол қанатын Әбілмәмбет хан, Сәмеке сұлтан, Қазыбек би, Қабанбай батыр басқарды. Әскердін оң қанатын Толе бидің өзімен бірге Қойгелді, Қосы-Шінет, ол кезде 17-18 жасар Мәмбет, Сәңкібай, Шойбек сияқты батырлар басқарды. Орталық әскер тобын Әбілхайырдың өзі, Әйтеке би, Бөгенбай, шақшақ Жәнібек батырлар басқарды. Қазақ әскерінің құрамына келсек, негізгі адам күші үш жүзден түгел қамтып құрылды.



  1. Тақырып: Қазақтардың азаттық шабуылы және жоңғар хандығының күйреуі (1746-1758). Қазақ-жоңғар соғысында тарих көшін бастаған батырлар.

1745 ж. қыркүйекте Қалдан Церен қайтыс болды. Елде билік үшін талас басталды. Жоңғарлардың қырқысын пайдаланған Абылай бастаған қазақ әскерлері асықпай шабуылға шықты. Орта жүз ханы Сөмеке Бөгенбай қолының тез Ұлытау маңына аттануына өмір беріп (хабар жеткізуші) жіберіп жатты. Жалпы Бөгенбай қолы бетін Сарыарқаға бұрды. Оңтүстік Қазақстанда Шілетұлы Рысбек жоңғар хонтайшысының Қаратаудағы жазғы ордасын талқан- дап, күл-парша етті.

Сол кездегі қазақ-қалмақ соғысын көзбен көрген, көргенді көкейге түйген осы батырлардың соңындағы ел-жұрты:



Қалмақпенен ұрысып,

Айдан аса сүзісіп,

Найзалары майысып,

Жаннан күдер үзісіп,

Тіземенен шіресіп,

Кеудеменен сіресіп,

Шайқасқан жер айтақыр,

Қатардвн шықты қас батыр.

Нелер боздақ жас батыр.

Кірді сонда ұрандап,

Бір жагынан Райымбек,

Қос мүйізді Өтеген.

Қабанбай мен Наурызбай

Түсірді жауга найзагай.

Бұғылы мен Торыайгыр,

Тұрысқан жердің шамасы,

Екі таудың парасы,

Ат шаптырым арасы

Қан сасыды лезде

Көкпектінің даласы.

Қазақ, қалмақ шабысқан,

Жер мен судың таласы.

Ерлер ұран салганда,

Алладан болды панасы.

Айдан аса алысып,

Төбе болды моласы.

Қазақ жерін жоңғарлардан азат еткеннен кейін рулар мен тайпалар жаппай ата мекендеріне орала бастады. Ұлы Орда тайпалары Сырдария жағалауларынан, Түркістан аймағынан, Жетісу жеріне; Орта Орда тайпалары Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстандағы ата мекендеріне оралды. Қазақ хандығы өзінің шекарасына шығысымен, Қытай империясы Жоңғар хандығына шабуыл жасай бастады. XVIII ғасырдың орта шенінде ішкі Қытайдағы шаруалар қозғалысын басқан манчжур-қытай (Цинь) империясының екі армиясы тоқсан мың әскермен Жоңғар хаңдығының жеріне келіп кірді. Қытайлардың Жоңғарияға басып кіруіне 1754 ж. жоңғар тағына үміткерлердің бірі — Әмірсананың билік үшін күресте Цинь өкіметінен көмек сұрауы себеп болады. 1755 ж. мамырында Цинь әскері Әмірсананың басшылығымен Текес (Жоңғария) алқабына басып кірді. Көп кешікпей Жоңғар хандығынын негізгі күші талқандалып, толығымен жойылды. Жоңғар хандығының қайта қалпына келуіне жол бермеу үшін қытайлықтар Әмірсананы бүкіл ойраттың басы етіп қоямыз деген уәделерін орындамай, хандықты төрт бөлікке бөліп тастады. Бұл жағдай Әмірсананың бұрынғы жақтаушыларына қарсы шығуға алып келді. Олардың арасындағы қиян-кескі ұрыс 1757 ж. Әмірсананың аз нөкерлерімен қашып кетуімен аяқталды. Жоңғарияны басып алған Цинь әскерлері ойрат тұрғындарын аяусыз қырып-жойды. Оны кытай тарихшылары да мойындауға мәжбүр бодды. Бұған мысал "Қытай тарихы очеркінде" ерекше көңіл аударылып, "Қытайлар жоңғар халкын ешбір аяусыз, бірін қалдырмастан қырып-жою арқы-
лы жеңіске жетті", -делінген.

Жоңғарияның гүлденген кезеңінде 600 мыңнан аса адам өмір сүрді. Әскери талқандаудан кейін халықтың оннан үш бөлігі жойылды, ал оннан төрті шешек ауруьшан қайтыс болды. Өлім аузынан аман қалған жоңғарлар бас сауғалап, қазак даласына қашуға мәжбүр болды. Бұл босқыншылық көп-шілік сипатқа ие болды. Оқиғаның осындай нәтижесі 1756 ж. 1 маусымдағы зандастырылған үкімет жарлығымен қазақтардың ежелгі жері Алтай аймағын қайтарып алу міндеті қойылды.

Қазақтың бұрынғы жерлері Ертістің жоғарғы ағысы, Үлбіге құяр сағасы, Бұқтырма, Нарын өзендерінің жоғары бөлігі қазақ еліне қарады. Сонымен ойрат-жоңғарлардын көпшілігі казақ жерінен кетіп, Сібірдін аудандарына және басқа да жерлерге орналасты. Ойрат басшысы Әмірсана қазак жерін паналады. Көп кешікпей манчжур-қытайлықтар Әмірсана мен басқа да ойрат босқындарьш іздеуді сылтау етіп; қазақтар тарапынан қарсылық болған жағдайда әскери күш қолдануды көздеп, Қазақстан аумағына басып кірді. Осы кезде ежелгі қазақ жерін жонғар басқынщыларынан азат еткен сұлтан Абылай өз ықпалын тек Орта жүзге ғана емес, Ұлы жүзге де жүргізді. Ол манчжур,қытайларға қарсы күш жинай бастады. 1756 ж. тамызда Цинь әскерлері мен Абылай басқарған қазақ жасақтары арасыңда әскери қақтығыс болып, казақтардың Цинь әскеріне тойтарыс берумен аяқталды. Осы жылдың жазында Жоңғарияны жаулап алуды аяқтамастан, Әмірсана мен басқа да ойрат басшыларын ұстауды сылтауратып, манчжур-қытай отрядтары Қазақстанға бірнеше жерден басып кірді. Цинь билеушілері қазақтарға қатысты ресми жарлықтарында "Циньдерге Қарсы шығушы ойраттардың жасырғандығы үшін аяусыз қырып-жоятындығы, тіпті қазақ елінің толық жойылуына дейін барады , - деп қорқытты




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет