Әскери өнер тарихы ” 5В010400 “Бастапқы әскери дайындық” мамандығы бойынша


Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет7/15
Дата31.01.2018
өлшемі2,89 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар.

  1. Сақтардың Александр Македонскиймен соғысқан аймақтары және мерзімі?

  2. Сақтардың Александр Македонскиймен соғысқан жылдары?


Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998.

4 Тақырып: Қазақ-қалмақ соғысындағы түбегейлі бетбұрыс және Аңырақай шайқасы (1730). Аңырақай шайқасынан кейінгі жоңғарлар және Абылай басшылығындағы қазақ әскері (1731-1745).



Дәріс мақсаты: Қазақ-қалмақ соғысындағы түбегейлі бетбұрыс және Аңырақай шайқасы (1730). Аңырақай шайқасынан кейінгі жоңғарлар және Абылай басшылығындағы қазақ әскері (1731-1745) туралы мәліметтер беру.
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Аңырақай шайқасының негізгі салдары?

  2. Қазақ – қалмақ соғысы?

  3. Аңырақай шайқасынан кейінгі жоңғарлар және Абылай басшылығындағы қазақ әскері (1731-1745)?


Дәріс.

Қазақ-қалмақ соғысының екінші кезеңіндегі қазақ хаңдығының сыртқы саясатына келсек, қазақ жеріне аш бөрідей анталаған қоқан хандығы, қалмақ, орыс, қытай елдерінің қаупін білген ақын бір шумақ өлеңмен сол кездегі қазақ хандығының сыртқы қатынасын бедерлейді:



Былай барсаң Коқан бар,

Қоқаңдаган әкең бар.

Былай барсаң, қалмақ бар,

Күшіңді ептеп алмақ бар.

Былай барсаң, қытай бар,

Жапырағыңды бұтай бар.

Былай барсаң, орыс бар,

Балаңды берсең қоныс бар.

Шындығында, батыс пен солтустіктен Ресей империясы кеуделеп келе жатты, шығысында Қытай империясы, оңтүстігінде ислам фанатымін басшылыққа алған Қоқан хандығы. Осынау аш бөрідей анталаған елдердің ішіндегі Ресей мен Қытайдың агрессияшыл саясатына алданған ең қауіптісі Жоңғария болатын.

Осындай ауыр, жан-жағынан қоршаған жауға қарсы тұрып, жерін, елін қорғау үшін XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяғында Сайрамға жақын іргелес Сазтөбе деген жерде үш орданың ел билеушілері мен ру басылары қатысқан бүкіл қазақтың үш Ордасының съезі шақырылды. Сьезден кейін Кіші Орданың хандық билігі Әбілхайырдың, Орта Орда Сәмеке мен Күшіктің қолына көшті. Ұлы Орда билігі Төле биде қалды. Қазақ даласьшың үш Ордаға (жүзге) бөлінуі біздің қазіргі ұғымымыздағы бір-біріне тәуелсіз бөліну емес, оның себебі жаугершілік заманда қазақтын кең-байтақ аумағын батыстағы, солтүстіктегі, шығыстағы және оңтүстіктегі жаудан қорғау үшін майданға бөлініп, елді қорғауға және керек кезде даяр болу үшін қабылданған шешім болатын. Осылайша елді жаугершілік жылдарда үш бөлікке бөліп басқару Хұндар, Түрік империясы, Шыңғыс хан заманынан келе жатқан дәстүр болатын. Сол дәстүрмен оң қанат, сол қанат және орталық әскер тобын құрып, даяр болу үшін көбіне-көп географиялық, саяси бірлікке ұласудан шыққан айла болатын.

Бірақ кейіннен үш ордаға бөлінудің Хұн империясына да, Шыңғыс хан империясына да, Қазақ хандығына да пайдасынан гөрі залалы көп болды. 1726 ж. ұлы кеңесте елімізді, жерімізді жоңғар басқыншыларынан азат ету үшін қазақ халқы бір тоқтамға келіп, барлык күшті жауға қарсы жұмылдыру жөнінде бір пікірге келгені туралы А.И.Левшиннің айтуынша, дұшпанға қарсы алғашқы бірігу басталды.

Қазақ фольклорын жинаушы Ә.Диваевтың айтуынша, Қіші Орда, Орта Орда және Ұлы Орданың қосылып, Кіші жүзден шыққан Саңырақ батыр мен Орта жүзден Қабанбай батыр, Ұлы жүзден Ошақты (Тасжүрек) бірігіп, Бұланты және Бөлеңті өзендері Қара сиыр деп аталатын жерлерде қалмақтарға түпкілікті соққы бергенге дейін соғысқаны айтылады. Бұл жерлер күні бүгінге дейін "Қалмақ қырылған" деп аталады.



Бұланты және Бөлеңті өзендері "Қара сиыр" немесе "Қалмақ қырылған" жеңісінең кейін де үш-төрт жылға созылып, сол аймақта қалмақтардың тағы да жеңілгенін және тағы қанды соғыс болған жерді "Қан сасыған" деп атайды.

Осы кездегі қазақ тарихына байланысты қазақ ордаларының бір жерге топтасуы туралы мәселені айқындауға географиялық атаулар көмектеседі. Мұндай атауларға: Бадам станциясынан бес шақырымда және Шымкенттен батысқа қарай 30 шақырымда жатқан кішігірім Ордабасы тауы, Боралдай және Қошқараша өзеңдерінің жоғарғы жағында орналасқан Арқарлы таудағы Үлкен Орда және Кіші Орда деген бір-бірінен 4—5 шақырым қашықтықта жатқан екі шатқал, Әулие атадан шығысқа қарай Ақыртөбе және Подгорное станцияларына қарсы "Сұнқайты" және "Әбілхайыр" деп аталатын екі сай жатады.

Үш бағытта шабуылдаушы әскерге басшы топтардын бірігуі орналасқан жерінің ыңғайына қарай Ордабасы тауынан басталған, ал екінші тарихи жер үш орданың ханы Болат ханның "үлкен ордасы" қонған жер болса керек. Сондай-ак барлық қазақ қарулы күштерінің қолбасшысы Әбілхайыр ханның уақытша тұрағы "Кіші Орда қонған" жер. "Әбілхайыр сайы" деп аталады. Әбілхайыр ордасында мыңдык әскер басшылары белгіленіп, оларды жасақтайтын ру-тайпалардың саны қатаң түрде көрсетілді. Әскерге қатан тәртіп орнатылып, барлау жүргізуге жан-жақты мән берілді. Әбілхайыр Бұқарадан қару-жарақ сатып алады, ат-көлік жинастырады, әскердің дайындығын тексеруге билерді, батырларды аттандырады. Қолда бар архив материалдарына және Бұхар жыраудың "Қабанбай батыр" жырына сүйенсек, мыңдықтан әскер кұраған 29 сардардың, батырлардың рулары мен есімдері түгел толық келтірілген. Олар: 1. Қара керей Қабанбай, 2. Қанжығалы Бөгенбай, 3. Көк-жарлы көкжал Ба рақ, 4. Керей Жәнібек, 5. Шанышқылы Бердіқожа., 6. Керей Жанатай ер, 7. Тоғас Қосай, 8. Тума Шағалақ., 9. Мұрын Боранбай., 10. Үйсін Саршуаш., 11. Қыпшақ Есім хан., 12. Қыржы Бостан., 13. Тарақты Баймұрат., 14. Тоқпақ Қосабай., 15. Матай батыр., 16. Сибан Шышқожа., 17. Шойбек Сеңкібай., 18,, Қаңлы Құлан., 19. Сіргелі Елшібек., 20. Қаратай., 21. Ысты Толек., 22. Сиқымңан - Шінет, Рысбек., 23. Ботбай Сөмен., 24, Шымыр Қойкелді., 25. Қоңырат Төлебай, Болат., Кіші ордадан: 26. Рамадан Алшынбай., 27. Қарақалпақ Құланбек., 28, Жаныс Өтеген., 29. Шапырашты Наурызбай батырларды білеміз. Олар кезінде ел ардақтап атайтьш әруақты жандар еді. Бір еске салатынымыз, қазақ мыңдықтарын басқарған басшыларының есімдері рулық, жүздік деңгейден асып, жалпы ұлттық межеге көтерілген. Олар қанды сайыстарда талай рет суырылып шыққан ерлер еді. Олардың даңқы бір ғана Аңырақай шайқасында емес, басқыншы жаудан қазақ жерін толық тазартқанша есімдері ұлы далаға аңыз болып, ұран болып, ұлттық сананы қалыптастыруға өз үлестерін қосты. Аңырақай шайқасына қазақтар да, қалмақтар да жеткілікті дайындалды. Қазақ әскерінің жалпы саны мыңдықтармен есептесек, 29 мыңдық немесе 29 мың адам болды. Қазақ әскерінің сол қанатын Әбілмәмбет хан, Сәмеке сұлтан, Қазыбек би, Қабанбай батыр басқарды. Әскердін оң қанатын Толе бидің өзімен бірге Қойгелді, Қосы-Шінет, ол кезде 17-18 жасар Мәмбет, Сәңкібай, Шойбек сияқты батырлар басқарды. Орталық әскер тобын Әбілхайырдың өзі, Әйтеке би, Бөгенбай, шақшақ Жәнібек батырлар басқарды. Қазақ әскерінің құрамына келсек, негізгі адам күші үш жүзден түгел қамтып құрылды.



Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Аңырақай шайқасының негізгі салдары?

  2. Аңырақай шайқасынан кейінгі жоңғарлар және Абылай басшылығындағы қазақ әскері (1731-1745)?

  3. Қазақтың хас батырларын атаңыз?


Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998.

5 Тақырып: Қазақтардың азаттық шабуылы және жоңғар хандығының күйреуі (1746-1758). Қазақ-жоңғар соғысында тарих көшін бастаған батырлар.



Дәріс мақсаты: Қазақтардың азаттық шабуылы және жоңғар хандығының күйреуі (1746-1758). Қазақ-жоңғар соғысында тарих көшін бастаған батырлар жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Қазақтардың азаттық шабуылы және жоңғар хандығының күйреуі (1746-1758)?

  2. Қазақ-жоңғар соғысында тарих көшін бастаған батырлар?


Дәріс.

1745 ж. қыркүйекте Қалдан Церен қайтыс болды. Елде билік үшін талас басталды. Жоңғарлардың қырқысын пайдаланған Абылай бастаған қазақ әскерлері асықпай шабуылға шықты. Орта жүз ханы Сөмеке Бөгенбай қолының тез Ұлытау маңына аттануына өмір беріп (хабар жеткізуші) жіберіп жатты. Жалпы Бөгенбай қолы бетін Сарыарқаға бұрды. Оңтүстік Қазақстанда Шілетұлы Рысбек жоңғар хонтайшысының Қаратаудағы жазғы ордасын талқан- дап, күл-парша етті.



Сол кездегі қазақ-қалмақ соғысын көзбен көрген, көргенді көкейге түйген осы батырлардың соңындағы ел-жұрты:

Қалмақпенен ұрысып,

Айдан аса сүзісіп,

Найзалары майысып,

Жаннан күдер үзісіп,

Тіземенен шіресіп,

Кеудеменен сіресіп,

Шайқасқан жер айтақыр,

Қатардвн шықты қас батыр.

Нелер боздақ жас батыр.

Кірді сонда ұрандап,

Бір жагынан Райымбек,

Қос мүйізді Өтеген.

Қабанбай мен Наурызбай

Түсірді жауга найзагай.

Бұғылы мен Торыайгыр,

Тұрысқан жердің шамасы,

Екі таудың парасы,

Ат шаптырым арасы

Қан сасыды лезде

Көкпектінің даласы.

Қазақ, қалмақ шабысқан,

Жер мен судың таласы.

Ерлер ұран салганда,

Алладан болды панасы.

Айдан аса алысып,

Төбе болды моласы.

Қазақ жерін жоңғарлардан азат еткеннен кейін рулар мен тайпалар жаппай ата мекендеріне орала бастады. Ұлы Орда тайпалары Сырдария жағалауларынан, Түркістан аймағынан, Жетісу жеріне; Орта Орда тайпалары Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстандағы ата мекендеріне оралды. Қазақ хандығы өзінің шекарасына шығысымен, Қытай империясы Жоңғар хандығына шабуыл жасай бастады. XVIII ғасырдың орта шенінде ішкі Қытайдағы шаруалар қозғалысын басқан манчжур-қытай (Цинь) империясының екі армиясы тоқсан мың әскермен Жоңғар хаңдығының жеріне келіп кірді. Қытайлардың Жоңғарияға басып кіруіне 1754 ж. жоңғар тағына үміткерлердің бірі — Әмірсананың билік үшін күресте Цинь өкіметінен көмек сұрауы себеп болады. 1755 ж. мамырында Цинь әскері Әмірсананың басшылығымен Текес (Жоңғария) алқабына басып кірді. Көп кешікпей Жоңғар хандығынын негізгі күші талқандалып, толығымен жойылды. Жоңғар хандығының қайта қалпына келуіне жол бермеу үшін қытайлықтар Әмірсананы бүкіл ойраттың басы етіп қоямыз деген уәделерін орындамай, хандықты төрт бөлікке бөліп тастады. Бұл жағдай Әмірсананың бұрынғы жақтаушыларына қарсы шығуға алып келді. Олардың арасындағы қиян-кескі ұрыс 1757 ж. Әмірсананың аз нөкерлерімен қашып кетуімен аяқталды. Жоңғарияны басып алған Цинь әскерлері ойрат тұрғындарын аяусыз қырып-жойды. Оны кытай тарихшылары да мойындауға мәжбүр бодды. Бұған мысал "Қытай тарихы очеркінде" ерекше көңіл аударылып, "Қытайлар жоңғар халкын ешбір аяусыз, бірін қалдырмастан қырып-жою арқы-
лы жеңіске жетті", -делінген.

Жоңғарияның гүлденген кезеңінде 600 мыңнан аса адам өмір сүрді. Әскери талқандаудан кейін халықтың оннан үш бөлігі жойылды, ал оннан төрті шешек ауруьшан қайтыс болды. Өлім аузынан аман қалған жоңғарлар бас сауғалап, қазак даласына қашуға мәжбүр болды. Бұл босқыншылық көп-шілік сипатқа ие болды. Оқиғаның осындай нәтижесі 1756 ж. 1 маусымдағы зандастырылған үкімет жарлығымен қазақтардың ежелгі жері Алтай аймағын қайтарып алу міндеті қойылды.

Қазақтың бұрынғы жерлері Ертістің жоғарғы ағысы, Үлбіге құяр сағасы, Бұқтырма, Нарын өзендерінің жоғары бөлігі қазақ еліне қарады. Сонымен ойрат-жоңғарлардын көпшілігі казақ жерінен кетіп, Сібірдін аудандарына және басқа да жерлерге орналасты. Ойрат басшысы Әмірсана қазак жерін паналады. Көп кешікпей манчжур-қытайлықтар Әмірсана мен басқа да ойрат босқындарьш іздеуді сылтау етіп; қазақтар тарапынан қарсылық болған жағдайда әскери күш қолдануды көздеп, Қазақстан аумағына басып кірді. Осы кезде ежелгі қазақ жерін жонғар басқынщыларынан азат еткен сұлтан Абылай өз ықпалын тек Орта жүзге ғана емес, Ұлы жүзге де жүргізді. Ол манчжур,қытайларға қарсы күш жинай бастады. 1756 ж. тамызда Цинь әскерлері мен Абылай басқарған қазақ жасақтары арасыңда әскери қақтығыс болып, казақтардың Цинь әскеріне тойтарыс берумен аяқталды. Осы жылдың жазында Жоңғарияны жаулап алуды аяқтамастан, Әмірсана мен басқа да ойрат басшыларын ұстауды сылтауратып, манчжур-қытай отрядтары Қазақстанға бірнеше жерден басып кірді. Цинь билеушілері қазақтарға қатысты ресми жарлықтарында "Циньдерге Қарсы шығушы ойраттардың жасырғандығы үшін аяусыз қырып-жоятындығы, тіпті қазақ елінің толық жойылуына дейін барады , - деп қорқытты



Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Қазақтардың азаттық шабуылы және жоңғар хандығының күйреуі (1746-1758)?

  2. Қазақ-жоңғар соғысында тарих көшін бастаған батырлар?


Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

6 Тақырып: Қызыл армияның Қазақстанда құрылған ұлттық бөлімдері (1918-1940). Түркістан автономиялы Кеңестік Республикасы құрған Қызыл армияның ұлттық бөлімдері.



Дәріс мақсаты: Қызыл армияның Қазақстанда құрылған ұлттық бөлімдері (1918-1940). Түркістан автономиялы Кеңестік Республикасы құрған Қызыл армияның ұлттық бөлімдері жайлы мәлімет беру.
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Қызыл армияның Қазақстанда құрылған ұлттық бөлімдері (1918-1940)?

  2. Түркістан автономиялы Кеңестік Республикасы құрған Қызыл армияның ұлттық бөлімдері?

Дәріс.

1918 ж. 18 қаңтарда Халық Комиссарлары Кеңесінін төрағасы В.И.Ленин "Жұмысшы - Шаруа Қызыл Армиясын құру туралы" декретке қол қойды. Алғашқы кезде Қызыл Армия еріктілерден құрылды, өйткені Кеңес өкіметінің армияны жергілікті жерде есепке алып, ұйымдастырып, оны қару-жарақпен қамтамасыз етіп отыратын әскери ақпараты болмады.



1918 ж. көктеміңде Антанта елдері Кеңестік Ресейге қарсы ашық интервенция бастады. Англия, Франция, АҚШ, Жапония, Италия әскерлері кеңестік солтүстік пен Қиыр Шығысқа басып кірді. Май айында Антанта Кеңес өкіметі босатқан соғыс тұтқындарынан құрылған чехословак корпусынын контрреволюциялық бүлігін ұйымдастырды. Корпусқа орыстың көптеген ақ гвардияшылары қосылды. Бұл бүлік Волгадан Владивостокқа дейінгі ұлан-байтақ жерді қамтыды. Бүлікшілер қарусыз халыққа ойран салып, Самараны, Қазанды, Симбирскіні, Новосибирскіні, Петропавлды, Омбыны, Семейді, Қостанайды, Уфаны басып алды. Бұл жағдай ішкі контрреволюцияшыл күштерді жандандырды. Волгада, Оралда, Сібірде кулактардың бүліктері шықты.

Антантаның көмегіне сүйеніп, адмирал Колчак пен генерал Толстов қылмысты ерекеттерін өрістетті. Ақ гвардияшы атаман Дутовтың әскерлері Орынборды басып алып, Қазақстан мен Түрікстанның кеңес аудандарын елдің орталығынан уакытша бөліп тастады. Осындай ауыр кезде, 1918 ж. 14 маусым күні В.И.Лениннің Кеңес Қызыл Армиясының ұлттық бөлімдерін ұйымдастыру туралы "Барлық еңбекші мұсылмандарға" деген үндеуі шықты.

Патшалы Ресей ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазак елін толық жаулап алып, оны үш әкімшілік құрамына бөліп тастады. Қазан төңкерісіне дейін, Қазақстанда бір орталықтан басқаратын әкімшілік болған жоқ. Қазіргі Қазақстан Республикасының Сырдария, Жетісу, Түркістан генерал-гу-бернаторлығы, Семей және Ақмола облыстары, Далалық генерал-губернаторлығы, Торғай облысы - Орынбор губерниясы сияқты әкімшілік бірліктері құрамында болды. Алдын ала еске салайық, Қазақстан азамат соғысы жылдарында біртұтас мемлекет болмағандықтан, шетел ингервенциясы мен азамат соғысы жылдарында мұнда құрылған Қызыл Армияның ұлттық құрамдарын екі негізгі облыстарға бөлуге болады. Біріншісін, Түркістан Автономиялы Кеңестік Республикасы құрамына кіретін облыстардың -Жетісу, Сырдария (Амудария бөлімін қоса), Закаспий бөлімдерінің және Алтай губерниясьшың қазақтары мен басқа орыс емес ұлттарын құрайды. Екіншісін, Қазақ әскери комиссариаты құрған Қызыл Армияны ұлттық қазақ әскер бөлімдері құрайды.

1918 ж. екінші жартысында Н.А.Поскуцкий басқарған Закаспий майданының командованиесі қазақтардан атты әскер бөлімдерін құру туралы мәселе көтеріп, бұл істі Әндіжан кеңесіндегі жұмыста өзін белсенді көрсеткен большевик У .Бапишевке тапсырды. Қызыл Армия бөлімдерін құруға Қазалы, Перовск, Ақмешіт, Шиелі және Ферғана облысы мен басқа да облыстардын бірқатар елді мекендерінің жергілікті халқы белсене қатысты. Жауапты өкіл Бунятов 1918 ж. аяіында Ташкентте жергілікті қазақтардан құралған еріктілердің бірнеше эшелондарын жіберді: Қазалыдан 130, Перовскіден - 135, Шиеліден -161, Ферғана облысынан - 118 адам болды.

1918 ж. қараша айы бойына Бунятов Түркістан Республикасының әскери халық комиссариатына әртүрлі ұлттардан құралған 554 еріктілерді жіберді. 1918 ж. 12 желтоқсанда У.Бапишев Түркістан Орталык Атқару Комитеті бекіткен Түркістан әскери комиссариатының №17083 мандатын алды, онда Закаспий майданы штабының өкілі У.Бапишевке мұсылман (қазақ) Қызыл Армиясын құру туралы тапсырма бергені айтылды. 1918 ж. аяғында Әндіжан мұсылмандық Кеңесі Атқару комитетінің Ашхабад майданы әскери-саяси штабынын төрағасы У.Бапишевке жіберген баяндамасында қысқа мерзімде мұсылман Қызыл Армиясы қүрылып, оның жаттықтырылған бір бөлігі социалистік Қызыл Армиянын қатарын толықтыру үшін Ташкентке жіберілгені хабарлан-ды. Баяндамада сонымен қатар 300 мұсылманның әскери 1918 ж. екінші жартысында Н.А.Поскуцкий басқарған Закаспий майданының командованиесі қазақтардан атты әскер бөлімдерін құру туралы мәселе көтеріп, бұл істі Әндіжан кеңесіндегі жұмыста өзін белсенді көрсеткен большевик У .Бапишевке тапсырды. Қызыл Армия бөлімдерін құруға Қазалы, Перовск, Ақмешіт, Шиелі және Ферғана облысы мен басқа да облыстардын бірқатар елді мекендерінің жергілікті халқы белсене қатысты. Жауапты өкіл Бунятов 1918 ж. аяғында Ташкентте жергілікті қазақтардан құралған еріктілердің бірнеше эшелондарын жіберді: Қазалыдан 130, Перовскіден - 135, Шиеліден -161, Ферғана облысынан - 118 адам жіберілді.



1918 ж. 18 қыркүйекте Түркістан қаласында атты қазак
жүздігінің екі эскадроны, сонымен қатар социалистік мұсыл-
мандық армияны ұйымдастыру жөніндегі штаб құрылды.
Штаб бірден жұмысқа кірісті. 1919 ж. 14 ақпанда У.Бапишев
қол қойған №2 бұйрық жарияланды, онда қабылдау комисси-
ясынан өткен қызыл әскерлердің тізімі берілді. Бұл тізімде
1919 ж. 13 қаңтардан 12 ақпанға дейін қабылданған жергілікті
ұлттардың өкілдерінен-құрылған 117 еріктілердің есімдері
аталды. Еріктілерді қабылдаумен қатар, әскери штаб киім, аяк киім дайындау үшін еріктілер материалдар іздеумен, азық-түлік дайындаумен т.б, шұғылданды. 1919 ж. 20 ақпанда штаб Ұра төбедегі Кеңес төрағасы "әскери киім үшін шұға сатып алуға" 100000 сом жіберді. Ал 20 ақпандағы №6 бұйрықта "Қоқан атқару комитетінен 1319 пар етік, Ташкент қоймасынан 400 пар іш киім, 100 пұт ұн, 50 пұт сұлы, 5 жәшік сіріңке" алынғаны хабарланды. 1919 ж. наурызының аяғында 316 еріктілер қабылданды,
1919 ж. 13 наурызда жалған жаламен Түркістан әскери ко-
миссариаты У.Бапишевті тұтқынға алғанына байланысты
оның қызметі эскадрон командирі Добровольскийге
жүктелді. Әулие-Ата уезінде қабылданатын еріктілер санын 1000-ға жеткізу жоспарланды, алайда қажетті жағдайлардың болмауы бұл жұмысты тежеп отырды. Кадрлар, әскери киім, азык-түлік жетіспеді. Сол кезде социалистік мұсылмандық армияны құру жөніндегі штабты тарату туралы мәселе қойылды, бірақ Добровольскийдің баяндамасы бойынша әскери комиссариат штабты қайтадан құрумен ғана шектелді. Штабқа әзірше жиналған еріктілерден жеке мұсылмандык Қызыл Армия емес, тек 4 эскадроннан тұратын атты әскер полкін құру тапсырылды. Бұл мәселе Ресей Федерациясы-ның 1919 ж. 9 сәуірдегі Түркістан Республикасының әскери істері жөніндегі №297 бұйрығында айтылды. "Ташкент қаласында округ бойынша 1919 ж. жарияланған №123 бұйрықта көрсетілген штатқа сәйкес 4 эскадроннан тұратын кеңестік мұсылмандық атты әскер полкі құрылатыны республика бас-шылығына хабарланады". 1919 ж. 19 наурызда уақытша комиссия Түркістан Республикасының армиясы құрамына тоқымашы-жұмысшылардан құрылған қазак полкін енгізу туралы шешім қабылдады.

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Қызыл армияның Қазақстанда құрылған ұлттық бөлімдері (1918-1940)?

  2. Түркістан автономиялы Кеңестік Республикасы құрған Қызыл армияның ұлттық бөлімдері?


Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

7 Тақырып: Қазақ өлкелік әскери комиссариаты жанында құрылған Қызыл армияның ұлттық бөлімдері.



Дәріс мақсаты: Қазақ өлкелік әскери комиссариаты жанында құрылған Қызыл армияның ұлттық бөлімдерінің қалыптасуы жайлы мағлұмат беру.
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Қазақ өлкелік әскери комиссариаты жанында құрылған Қызыл армияның ұлттық бөлімдері?

Дәріс.

1917 ж. 5-13 желтоқсанында Орынбор қаласында алашордалықтардың Бүкіл қазақтық съезі болды. Съездің шешіміне байланысты Алаш территориясын ұлттық автономия деп жариялап, оның құрамына Семей, Ақмола, Торғай, Орал, Сырдария, Ферғана, Жетісу, Бөкей Ордасы, Маңғышлақ уездерін, Закаспий облысын, Самарқан облысының Жизақ уезін, Сырдарияның Амудария бөлігін тез арада беруі керек және Алтай губерниясының Славгород, Змеиногород, Бийск уездерінін қазақтары кіруі керек еді. Съезден кейінгі Ташкент темір жолы линиясы бойындағы соғыс жағдайы Алашорданын Ә.Бөкейханов бастаған бір бөлігін Семей облысына кетіп, саяси жұмыс жүргізуге, келесі бөлігінің Жымпиты және Орал облысының қазақтары арасында саяси жұмыс жүргізуге мәжбүр етті. Кейіннен бұл бөлігі Алашорданын Батыс бөлігі деп атала бастады, басшылары Жанша және Халел Досмұхамедовтер болды. Қазақ аймағының автономиялығының тану туралы Кеңес өкіметімен келіссөз жүргізу үшін Алашорданың Батыс бөлігінен Мәскеуге делегация барды. Мәскеудегі орталык Алашты автономия деп танудан бас тартты. Ешбір мәселеге келісе алмаған делегация Оралға қайтып келді. Кейін Алашорда мүшелері жасырын түрде Жымпиты қаласына жиналып, өз үкіметін құрды және Орал облысы-ның қазақтарын қаруландыру, соғыс ісіне үйрету туралы шешім қабылдады және ақгвардияшыл әскери өкіметімен келісімге келді. Бұл келісімнің негізгі мәні мынада еді. Алашорда үкіметі қызылдар ақ казақтарды өз террито-рияларынан ығыстырған жағдайда қазақтардың әскерлеріне де, қашкындарға да пана болады.

Қазақтың әскери бөлімдері ак, казактардың майданына қатыспайды, тек қазақ (Алашорда) жерлерін ғана қорғайды. Казактар қазақ даласының ішкі істеріне араласпай,кажетті жағдайда қару-жарақ, құрал-жабдық жағынан көмек беруге тиісті болды. Алашорда үкіметінің-төрағасы Ә.Бөкейханов 1919 жобасында Омбыда Колчактан қару-жарақ сұрауға барғанында Алашорда үкіметіне бағынышты оскердің құрамын, тұрған жерін, санын айтады. Солардың ішінде Жетісу майданында - 700 адам, Троицкіде - 540 адам, Орал облысында адамнан құрылған 2 (екі) әскер полкі құрылғанын көреміз.


Соөж тапсырмасын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.
Тақырып: ленинград қаласын қорғаған қазақстандық құрамалардың ерлік жолы.
Сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі.
Сабақтың мақсаты:
Бақылау алу құралдары.

Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет