Тақырып: Темірланның армиясы және оның соғыс өнері. Темірлан кезіндегі әскери өнердің дамуы.
Темірлан өзбектермен соғысу үшін қызу дайындық бастады. Ол түркмендерді өзбектерге қарсы үгіттеді. 1369 ж. Самарқандта халық көтерілісі болды. Темірлан қаланы басып алып, көтерілісшілерді талқаңдады да, өзбектерге қарсы соғыс бастады. Өзбектерді Тоғлұқтың ұлы басқарды. Оның жүз мыңдай әскері болды да, 80 мыны қамалдарда тұрды. Темірланның жасағында бар - жоғы 2 мындай адам болды. Өзбектердің күші бірікпегенін пайдаланып, Темірлан оларға бірнеше рет соққы берді 1370 жылға қарай өзбектер Сырдарияның ар жағына қарай шегінді. Темірлан Тоғлұқтың ұлы-ның атынан қамал басшыларына қамалдарын тастап, Сырдарияға щегінуге бұйрык берді. Осы қулықтың арқасында барлық қамалдар босатылды.
Темірлан өзін озбектердің құтқарушысы етіп көрсетуге тырысты. Сөйтіп 1370 ж. құрылтай шақырылып, онда бай және ақсүйек монғолдар Шьщғыс ханның тұқымы Қобыл - Шах Огланды хан етіп сайлады. Көп ұзамай Темірлан бұл ханды өлтіріп, өзін әмірші деп жариялады, Самарқан қаласын өзіне астана қылды. Содан кейін бірнеше әлсіз мемлекеттер жаулап алынды. Темірлан әскери басшылықта Шыңғыс хан мең түріктердің әскери тәжірибесін пайдаланды.
Өзінің Түркістанға таласуы кезінде үнемі қасыңда болған 313 адамның ішінең ол 100 адамды он басы, 100 адамды жүз басы, және 100 адамдымың басы етіп бекітті. Қалған - 13 адам жоғарғы қызметке ие болды. Басшы таңдауға үлкен мән берілді. "Таяқ пен қамшыдан билігі осал басшы басшы емес", — деді ол. Он басылар ондықтың ішінен іріктелді. Ал жүз басылар, мың басылар және одан жоғарғы басшылар жоғарыдан тағайындалды.
XIV ғ. түріктер, негізінен, Азияны жаулап алу саясатын жүргізді. 1371 жылы самарқандықтар Темірланның басшылығымен өзбектерге соққы берді. 1376 жылы ол ПІыңғыс ханның ұрпағы Тоқтамыстың қыпшақтарта хан болуына қолдау көрсетті.
1378 жылы Темірланды жақтаушылар Хорезмге қайта басып кіріп, оны жаулап алды. Одан кейін Ауғанстан басып алынды және Персия мен Кавказға шабуыл басталды. Содан соң Дербент-Тбилиси-Эрзерум бағытында шабуыл жасап, Грузияны басып алды. Грузин патшасы қолға түсті.
Грузиндердің Вардзия қамалы Темірлан әскеріне қатты қарсылық көрсетті. Қамалға тек үңгірде орналасқан арнайы есік арқылы ғана енуге болатын. Қамалды қорғаушылар үңгірге түскен жауларын жебе, тас, ыстық смоланың астына алды. Қамал жер асты жолдары арқылы Тмовги, Накалакеви, Ванис, Кваби қамалдарымен байііанысып жатты. Монғолдар бұл қамадды көрші таудан ұзын арқандар арқылы түсірілген қамал ұрғыш дөңбектердің күшімен алды. Темірлан әскерінде шабуылға инженерлік дайындық, жақсы жолға қойылды.
Темірлан басып альшған елдерден жүз елу мыңға Жуык
қолөнерші шеберді өз астанасы Самарқанға алып келді, онын
бұйрығы бойынша, қалада және қаланың сыртында көптеген
әсем сарайлар салынды. Сарайларда Темірланның жеңісті
жорықтары бейңелёңді...
1389 жылы Темірланның әскері Балқаш көлінің маңайына шабуыл жасады, ал 1391 жылы Тоқтамысқа қарсы жорық жасады. Тоқтамыс әскері Самара түбінде ауыр жеңіліске ұщырады.
1392-1398 жылдар аралығында Гтерсия мен Кавказды жаулап алу жалғастырылды. 1395 жылы Алтын Орда екінші рет талқандалды, сөйтіп, орыстардың тәуелсіз мемлекет құруына кәмектесті.
Темірлан әскерлерінің күші негізінен олардың рулық және тайпалық қатынастарында жатыр, бұл қатынастар ішкі бытыраңқылыққа ұшырағаң басқа елдерге қарағанда үлкен артыкшылыққа ие болды. (Орта Азиядан діни және тайпалық қақтығыстар, Еуропадағы феодалдық бытыраңқылық.) Саяси және әскери феодалдық бытыраңқылыққа бір орталыққа бағынған Темірлан мемлекеті қарсы тұрды. Бұл бытыраңқылық Темірланның оларға қарсы күресте ірі жеңістерге жетуіне себешпі болды.
Темірлан мемлекеті арабтар сияқты, ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен пайдаланды. Олар қытайлардан тек техника алып қана қойғаң жоқ, оқ-дәріні уйреңді, бұған қоса әскери ғылымын да меңгерді. Темірланның өз қарсыластарынаң ең басты артықшылығы - олардың жеңіл атты әскерінің шапшаң қимылында.
Темірлан қолбасшыларыңың саясаты ең алдымен қарсыластарының ішкі қайшылықтарына қарсы бағытталды, халык пен үқімет арасындағы кедіспеушілік қарсыластарының қорғаныс күшін әлсіретіп жіберді.
Тақырып: «Қазақ» атауының хатқа түсуі.
Қазақ хандарының әскери жорықтары мен соғыс өнерін баяндауға кіріспес бұрын "қазақ" сөзінің шығуы мен қалыптасуына біраз тоқталып өткеніміз жөн болар деп есентейміз.
Қазақтың аты баяғыда хатқа түскен ежелгі халық екені жөнінде бізге бұлтартпас дерек ретінде нақты хабар жекізген еңбек Х-ХІ ғасырларда омір сүрген тәжік ақыны Фирдаусидін "Шаһнама" дастаны.
"Шаһнама" мөліметін зерігеп, шындыққа әлемнің көзін ашқан ғалым А.Вамбери.
Ол 1885 жылы "Түркі халықтарының этнологаясы мен этнографиясы атты неміс тілінде зерттеу - жазып, "қазақ" атауы ІХ-Х ғасырларда болғанын әдеби, тарихи деректермен дәлелдеп берді. Онда былай делінген: "Қазақ, қазақ деген ел Көк теңіздің (Арал теңізі) солтустігін мекеңдеп отырған кушті әрі кеп санды жұрт екендігі айтылады, Қазақтар Тұранның қастасы Иранды қоркытпақ болады".
В.В.Вельяминов - Зернов жинаған мәліметтерде "1356 жылы казақтар Мауераннаһрға шабуыл жасады" деген дерек бар. Осы автордың айтуынша: "Мұсылман әлемінде" деген газеттің 1911 жылғы шілденің 22-сіндегі 14-санында 1397 жылы Қырымның Литваға ауып барған татарлары өздерін казакпыз дегені туралы мәлімет келтіріледі3.
1185 жылы бір окиға туралы Лаврентьев жылнамасында мынадай дерек бар: "Они же половцы казаке рекуще — Пойдете по свою братью аль мы идем по свою братью к вам". Осыған орай, И.М.Карамзин аркылы жеткен мына бір мәліметті де ойда ұстаған жөн. Онтүстік орыс даласына монғолдар келгенге дейін "түрктер мен "берендейлер өздерін казақпыз" деп атаған.. Бұл черкеспіз, қазақпыз дегендер кейбір тарихшылар пайымдағандай, бір ұғым емес, керісінше қазак, черкес тайпаларының бұрыннан бірге өмір суріп келе жатқанын білдіретін егіз, қатар ұғым. Монғол шапқыншылығына дейін-ақ, торк пен берендейлер елдерін казақ деп, 1185 жылы қыпшақтар қазакша сөйлеген болса, ендеше монғол шапкыншылығына дейін-ак қыпшактар өздерін казақ қауымына коса бастаған.
Қазак атауы әуелі қыпшақтарға, сонан соң біртіндеп сол төңіректегі түркі тайпаларына жайылған да, XIV ғасырда Қырьш, Азов, Қазан шеңберіндегі қалың жұрт қазақ атана бастаған. Қазақтар туралы арнайы қалам тартқан, әсіресе, XIV ғасырдың авторы Ибн Рузбехан ИсфаҺани еді.
Бұл деректер "қазақ" деген халық бұрын болмағаң, түркілер мен монғолдардың арасынан шыққан, өткен-кеткені жоқ балаң халық деген, кұлақка өбден сіңісті ұғым-Ды өзгертеді жөне көне заманнан қалыптасқан халық екенімізге дәлел болады.
Сонымен, "қазақ" сөзінің, қазақ ұлтының қазак хандығы құрылғаннан көп бұрын белгілі болғанын көреміз. Қазақ аты кене дәуірде-ак алыс-жақын іргелес жұрттарға таньімал бол-ғаны ақиқат. Қазак хандығы өз есімін аспйннан алған жоқ, солардан алды, ол туралы деректемелердегі фактілер де жетерлік.
Тақырып: Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы.
XV ғасырдың ортасында қазақ хандығының кұрылуына себеп болған маңызды тарихи оқиғаның мөн-жайы мынадай болатын.
Тарихтан белгілі, Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін төрт ұлына бөліп берді (Жошы, Шағатай, Үгедей, Толы). XIV ғасырдың екінші жартысында Жошының үлкен ұлы Орда-Еженнің жері Ак Орда екі аймакқа: батыс және шығысқа бөлінді. Шығыс аймакқа Қазақстанның оңтүстік, орталық және солтүтсік шығыс белігі енді1. Бүл хандықты бүрын Орыс ханнан бастап Ақ Орданың акырғы ханы Барақ ханға2 дейін Орда-Ежен үртіағы билеген еді. Орталығы Сыр езені еңіріндегі Сығанак қаласы болды.
Ал Батыс еңірге Аралдың солтүстігі, Еділ (Волга) езеніне дейінгі жерлер кірді. Ол жерде Әбілқайыр3 хандығы мён Но-ғай хандығы, кейіннен одағы қүрылды.
Әбілкайыр хан Барақ хан үрпақтарының ішкі қырқыстарын пайдаланып, 1428 жылы Ақ Орданың шығыс бөлігіне ез үстемдігін орнатты. 1446 жылы Әбілқайыр хан ез астанасын Сыр өңіріңдегі Сығанақ қаласына көшірді. Мемлекет Өзбек үлысы деп атадды. Шайбандық Әбілқайырды жақтаушы сұлтандардын. Сыр өңіріне көшіп келуі Орда-Ежеңцік сүлтандарға өте ауыр болды. Ең жаксы жайылымдар мен кыстаулардан айрылу Орда-Ежен сүлтандары үшін кеп қиындіылыққа ұшырау боліхы.
Сонан сон Керей мен Жәнібек сүлтан Әбілқайыр ханға бағыну мен мойынсұну шегінен шығып, Отанынан кетіп қалуды жен көрді1.
Әбілқайырдың 1456-57 жылдары калмактардан ойсырай жеңілуіне байланысты күшейе түскен бұкара халық наразы-лығын Әбілқайыр ханның дұшпандары — Шыңгыс әулетінен шыққан сүлтандар, Ақ Орда билеушілері Орыс хан мең Барақ ханның үрпақтары - Жәиібек пен Керей шебер пайдаланды. Олар казақ халкының жеке мемлекетін құру, саяси және мәдени-экономикалык тәуелсіздік алу жолындағы талабын ез қимылдарына арқау етті. Ол туралы "Таварих-и-гузида-и-Нусрат-намада"2 ("Женістер кітабының тандаулы тарихы"): "Сол заманда дұшпандык Әбілқайыр ханнын жүртында3 пай-да болды. Бұл жауяардың есімдері: Қажы Мүхаммед-Тархан-ның4 үлы Санидек және Кажы Мүхаммед ханның немересі, Махмұдек ханның ұлы Ибақ5, Барақ ханның үлдары6 Жәнібек пен Керей"7, -- дейді.
Ал Әбілкайырды тастап, кешіп келген Керей мен Жәнібекті Моғолстан ханы Есен-Бұқа хан аса кұрметпен қабылдап, өз иелігінің батыс жағынан Шу бойы мен Қозы-басы өнірін бөліп береді. Ёсен-Бұқаньщ Керей мен Жөнібекті бұлайша қарсы алуьіныңда өзіндік себебі бар еді. Бұл кезде ол ағасы Жүніспен' соғысып.жатқан. Осындай сындарлы шақта Керей мен Жәнібектің Моголстанға келуі Есен-Бүқа ханға көктен түскен жақсылыктай көрінді. Бұлардың бөлініп келуі, біріншіден, агасы Жүністі қолдап отырған Әбілқайыр ханнын күшін азайтса, екіншіден, Керей мен Жәнібек сұлтандардың соңынан - 'ерген батыр жауынгерлерін Жүніске және сол кезде Мо^олстанға қысым жасай бастаған ойраттарға қарсы нақтыпойтарыс берер әскери куш ретінде пайдалануға мүмкіндік туғызды. Сейтіп, Есен-Бұка ханның иелігі мен Жүніс ханның иелігі арасын-дағы жердең үлес алған Керей мен Жәнібек осында өз хан-дықтарын құрды. Осы бір қилы кезеңді тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати "Тарих-ир-Рашиди" атты еңбегінде былай көрсетеді: "Ол кезде Дешті Қыпшакты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошыәулетінен шыққан еұлтандарға күн керсетпеді. Нәтижесінде, Жәнібек пен Керей Моғолстанға кешіп барды. Есен-Бұқа хан оларды құшақ жая карсы алып, Мо:ролст,анның батыс шегіндеғі Щу мен Қозыбасы аймақта-рын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілқайыр хан дүние салды. Өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оньщ үлкен белігі Керей хан мен Жәнібек ханның кол астына көшіп кетті. Сейтіп олардың маңына жиналғаядардың саны 200 мыңға жетті.
Қазақ хандығын құру жолында Керей мен Жәнібек — екі ханның атқарған істерін бөле-жара айту мүмкін емес. Хан-дықтың құрылу кезеңіне қатысты аз ғана дерек мәліметерде екі ханды үнемі бірге айтады.
Тақырып: Қазақ хандарының әскери жорықтары және олардың қазақ мелекетін нығайтуға қосқан үлесі.
XVI ғасырда өмір сүрген тарихшы Рузбехан Исфаһанидің деректеріне қарағанда, казақ хандығында он үлыс болған, әр ұлыстың жан саны — жүз мың адам. Бүл Мұхаммед Хайдар Дулатидың казак хандығының жан саны бір млн. адам деген дерегіне сай келеді1. Ұлыстырды хан тұкымынан шыққан сүлтандар баскарды.
Хандар мұрагерлік жолымен қойылды: хан елсе, орнына аға-інілері не ер жеткен баласы отырды. Бірақ хан мұрагерлерінің таққа отыруы сұлтандар мен ру-тайпа шон-жарлары өкілдерінің жиналысындагы "хан көтеру" деп атала-тын сайлаудан етуге тиісті болды. Олар оны хан болуға лайык деп ұйғарып, дәстүр бойынша ақ киізге отырғызып, хан көте-ру салты сақталды. Хан етіп тағайындайтын сұлтанның руы-ның ең беделді адамдары болашақ хан отырған ақ киіздің жан-жағынан ұстай көтеріп, үш рет "Хан! Хан! Хаи!" деп ай-ғайлаған. Хан отырған киіз шөпке тиген кезде, оны жугіріп жеткен топ көтеріп алып, киізге қайта түсіреді. Сонан соң так сиякты болған киізді қырық белікке бөліп жыртады.-Әрбір адам езінің хан тағайындау мерекесіне катысқанының белгісі ретінде естелікке жыртып алып кетуге тырысатын. Бұл ғүрып мерекемен басталып, кеп күндік базарлы тойға ұласатын
Енді XV—XVI ғасырларда Қазақ хандығы тарихында хан-дықтың құрылуы мен күшеюіне тікелей араласып, өз үлесін косқан және жоғарғы қолбасшы ретінде елді сыртқы жаулар-дан қорғауда нәтижелі соғыс жургізген хандарға жеке-жеке токталайық. Олар хандықтың батысында ноғай мырзалары-мен, оңтүстігінде шайбанилық сұлтандармен үзаққа созылған күресті бастан кешіреді. Солардың ішінде Керей мен Жәнібек, Бұрындық, Қасым, Хақназар, Тәуекел хандар ха-лыққа кең танымал болды. Оларцай болмаса да, Мамаш, Та-қыр, Бұйдаш, Тоғым, Шыгай хандар есімі де бізге жақсы та-ныс. Қазақ хандығы қүрылғаннан кейінгі алғашқы саяси даму кезеңі тікелей осы хандардың есімімен байланысты.
Қазақ хандары елді сыртқы жаулардан қорғауда, әскери күш-куатты негізінен дипломатиялық келісіммен нығайтуға ұмтылды. Бірінші хан хандық билікке шамамен 1465—66 жыл-дары отырған.
Жәнібек ханның билігі 6-7 жылға созылды. Онын тұсын-да хандық тарихында үлкен маңызға ие бірнеше оқиға болды. Біріншісі — 1469 жылғы Эбілқайыр ханның Қазак хандығына жасаған жорығы сәтсіз аяқталын, ханның өзі қайтыс болды. Бүл жағдай "кешпелі өзбектер" мемлекетінін толық күйреуінің басталуын тездегті. Екіншісі - Дешті Қыпшакта шайбанилык әулет билігінің жойылуы. Шайбанилар әулетінің билігі ездігінен жойылмады, оны жойды. Жойған-дардың ішінде Сібір хандығы, ноғай мырзалары, Алтын Орда хандығы, Хорезм хандығы және Жәнібек хан баскарған Қазақ хандыгы болды. Жәнібек ханның аткарған тарихи релі осы жерде көрінді.
Кезінде Керей ханның айтқан "Аллатағала сәтін салған күні батысқа — Туркістанға жол журуіміз керек" деген өсиетін іске асырып, Жәнібек хан Қаіақ хандығының билігін Дешті Қыпшаққа толық жургізе бастады. Бұл кез — 1472-1473 жылдар болатын, яғни Қазақ хандығының толық, дер-бес, жеке ел ретінде өмір суре басгаған жылдары.
Тақырып: Қазақ хандарының жалпыға бірдей әскери міндет және әскери өнердің дамуы
Түркі елдерінде ер адамның басты міндеті отбасын қорғау мен мал-мүлікті сақтау жене с-оғыска катысу еді. Көшпенділердің өмірінде өскери дастүрдін үлкен маңызы болды: әскери бағыныштылық — дала ережелерінің ең басты, маңызды тармағы. Дала түрғындары, негізінен, қаруланған адамдар болды. -Мейлі аңға шықсын, мейлі көңіл көтеруге, серуенге барсын, ешқашан садақ, жебе және канжарсыз жүрмеген. Қаруланып жүру тек кана занды хұқық емес, со-нымен қатар міндет болып табылады. Мысалы, халықтық жи-налыста карусыз адамнын дауысы есепке алынбады, кішілер оған құрметтеп орын бермеді1.
Қазақтардын тұракты өскері көп болмады, ру-тайпалык жасактар керек кезінде тез жиналып отырды. Ру-тайпалық жасақтардың өзін-өзі баскаратын әскери бірліті болды. Оның , басшысы ру басшысы болып есептелді. Әрбір әскерй жасақ-тың өз танбасЫ' мен ұраны болды. Осындай бір-біріне тәуелсіз жасақтардың бірқатар бөлімдері ұлыстық жауынгерлер санын кұрады. Үлыс басшысы ұлыс әскерінің басшысы болып табы-лады. Оның өз туы, өз ұраны болды. Хан біріккен әскердін жоғарғы колбасшысы болып, жауынгерлік құраманы жеке-дара басқарды. Хандар өз өміріне төнген кауіп пен қиындық-тарды жауынгерлермен бірге көрді. Бұл жерде Қасым хан мен Бұрындық ханның соғыста жаралы болуын, Хақназар хан мен Мамаш, Әбілкайыр хандардьін ұрыста каза табуы және Тәуе-кел ханның шайбанилерге карсы жүргізілген 1598 жылғы жорықта жаралануы мысал бола алады.
Қазак ханда"рының мемлекетінде жалпыға бірдей әскери міндет енгізгендіктен, олардын саны өте көп болған.
Мырза Мүхаммед Хайдар Дулатидің "Тарих-ир-Рашиди" шығармасында Қасым ханнын Әндіжанға бет алганда әскер құрамында үш жүз мың (300000) адам болған"3, Махмүд ибн Уәлидің "Бахр-әс-Асрар фи-Манакиб-әл-Ахиар" ("Қайы-рымды адамдардың жоғарғы қасиеттері жөніндегі қүпиялар теңізі") шығармасында: "Қасым ханның Дешті Қыпшақуәла-ятындағы армиясында екі жүз мыңнан (200000) астам атты әскер болды", — делінген.
Қасым хан Шайбани ханмен көп соғысты.
1598 жылы Тәуекел ханның Маураннаһрға жүргізген
жорығында, әскер қолының құрамында өз казақтарымен
бірге "Ташкент пен Түркістанның сұлтандары, қыргыздар
мен кыпшақтар" болғаны айтылады. Осы жорықта Қазак
хандығының әскер саны 90—100 мың адам болға». Махмуд
ибн Уөлидін айтуынша, Қазақ ханы Тұрсын, Мұхаммед,
Аштар ханид Иманқұл ханға қарсы 100 мың әскер шығар-
ған, онын ішінде 10 мыңы қырғыз тайпалық жасағын
кұрғандар.
Бұл кезде жауынгерлік ерлік жоғары бағаланды, кім бәрінен көп "бас шауып, қан төксе", сол көшпелі «лемлекетге үлкен құрметке ие болды. Соғыстағы жеке ерлігі ушін, соғыс қимылдарын ұтымды басқара білгені үшін құрметті батырға баһадур атағы берілген. Ерекше шабуылдарға, ұрыс даласы-нын көп реткі батырларына, XV ғасырдағы деректің куәлан-дыруынша, толыбатыр (толыбаһадур — толық батыр, яғни шексіз қайсарлық) деген атак берілген. "Батыр" сезі атак ретінде жауынгер есіміне қосылады.
Мүндай құрметті атакты өзінің жауынгерлік ерлігі үшін кез келген көшпелі жауынгер ала алады (ол катардағы жау-ынгер немесе бекзада, сұлтан болуы да мүмкін). Кене жазба-ларға карағанда, қазак ханы Тәуке де, Абылай да батыр атан-ған.
Жауынгерлік заманда қазақтардың әскери қызметінің езіндік ерекшелігі: әскери міндет, бағыныштылық — дала ережелерінін басты әрі маңыздысы болды.
Қазақ хандарының әскері, негізінен, атты әскер болған. Атты әскер ауыр, орта, жеңіл больщ белінген. Үрыртарда бұл әсісер тобы шешуші рел атқарып, жекпе-жек шайқастарда пайдаланылған. Түркі елдерінде жеңіл түрі кең дамыған. Олардың атты өскерінде шалымдылық пен айлакерлік өте жо-ғарыболған.
Кешпенділердің кез келген жауынгерліқ жорығы атпен байланысты болып келеді. Қазақ хаңдары XV—XVII ғасыр-ларда арнаулы аттЫ Жасақ ұстаған. ОларДьің құрамы жаугёршілік заманда 3000-нан 5000-ға дейін Жёткен. Қазак атты жасақтары жазда жиналып, қысқа қарай хаңды қорғай-тын азғана сарбаздан басқасы тарап кетіп отырған.
Тұрақты әскері жоқ Қазақ қауымында ерекше жағдайда жасақталған қалың қолды с а р б а з (парсыша: басшыға еруші) деп атағам. Олардыжүз басы, мың басы, алжалпы әскерді сардар басқарған5
Аддыңғы әскер легін жау коріп қалса, оған жақындап ба-рып, садакден бірнеше рет агқаи, Жау сескенбесе, оны алдау үшін кейін шегініп, негізгі әскердің торуылына ілестірін кел-ген, сөйтіп, қоршауға түсірген. Егер жаудың күші аса басым екеніне көзі жетсе, одан бір немесе екі күндік жерге қаша шегініп кетіп, басқа жасырын жолға түсіріп, горуылдай жүріп, қырғынға ұшыратқан. Егер бұл әдіспен ала алмаса, он-он екі күндік жерге шегініп кетіп, қауідсіз бекіністі жерге ор-наласып алып, бөлшектеніп жеткен жауды жеңу амалын тап-қан. Әскердің саны аздық етсе, әйелдер мен бозбалаларды жөне адам кескініндегі қуыршақтарды атқа қондыру арқылы жауға көп етіп көрееткен. Бұл өдіс әдетте қарсыласына үрей туғызады. Егер жаулары басым түссе, олар жауларына қуалауға жол берген.- Бір-бірінрн бөлінген кезде іздеріне түсіп қуа жүріп, майдандағыдан бетер қырғынға ұшыратқан.
ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау және өткізу кестесі.
5 – семестр
№
|
Тақырып
|
Пәннің мақсаты мен мазмұны
|
Ұсынылатын әдебиеттер негізі/қосымша
|
Ұпай
|
Жұмыстың тапсырым мерзімі
|
Бақылау формасы.
|
1
|
Сақтардың мекендеген жерлері
|
Түсіндіру
|
[1,2,3,4,5]/
[1,2,3,4]
|
0,5
|
1 апта
|
Жазбаша
|
2
|
Сақтардың қаруы және әскери өнері.
|
Айтып беру
|
[1,2,4,5]/
[1,2]
|
0,5
|
2 апта
|
Реферат
|
3
|
Сақтардың Александр Македонскиймен соғысы.
|
Тарихи деректер арқылы түсіндіру.
|
[1,2,4]/[1,2]
|
0,5
|
3 апта
|
Ауызша
|
4
|
Хұн империясындағы әскери өнердің дамуы және олардың жорықтары.
|
Әскери өнердің дамуына қысқаша шолу.
|
[1,2,3,4,5,6,7]
/[1,2]
|
0,5
|
4 апта
|
Реферат
|
5
|
Түрік империясының әскери құрылымы мен соғыс өнері (V-VIII ғғ.).
|
Тақырыптың өзіндік сипаты мен мәнін түсіндіру.
|
[1,2,4]/[1,2]
|
0,5
|
5 апта
|
Баяндама
|
6
|
Түргеш қағандығы және оның Талас шайқасында Қытай армиясын жеңуі.
|
Айтып беру.
|
[1,2,3,4,5,6,7]
/[1,2]
|
0,5
|
6 апта
|
Конспект
|
7
|
«Моңғол» және «татар» атауларының қалыптасуы.
|
Тарихи деректерге сүйене отырып түсіндіру.
|
[1,2,4,]/
[1,2,4,5]
|
0,5
|
7 апта
|
Тест
|
8
|
Шыңғысхан әскері мен саны.
|
Тарихи деректер арқылы түсіндіру.
|
[1,2,4,5]/
[1,2]
|
0,5
|
8 апта
|
Реферат
|
9
|
Моңғол мемлекеті, оның қарулы күші және моңғол – түріктердің соғыс өнері.
|
Тарихи деректер арқылы түсіндіру.
|
[1,2,4]/
[1,2,4,5]
|
0,5
|
9 апта
|
Конспект
|
10
|
Моңғол – түріктердің Еуропаға жорығы. Моңғол – түріктердің соғыс өнері. Моңғол – түрік әскерінің барлау ісі және қарсыластарына іріткі ұйымдастыру.
|
Тарихи деректерге сүйене отырып моңғол – түріктердің жорықтарын талқылау.
|
[1,2,4,7]/
[1,2,4,5]
|
0,5
|
10 апта
|
Баяндама
|
11
|
Темірланның армиясы және оның соғыс өнері. Темірлан кезіндегі әскери өнердің дамуы.
|
Темірлан армиясы жайлы түсінік.
|
[1,2,4,6,7]/
[1,2,4,5]
|
0,5
|
11 апта
|
Реферат
|
12
|
«Қазақ» атауының хатқа түсуі.
|
«Қазақ» атауының хатқа түсуі жайлы түсінік беру.
|
[1,2,4,5,6]/
[1,2,3]
|
0,5
|
12 апта
|
Реферат
|
13
|
Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы.
|
Тақырыптың өзіндік сипаты мен мәнін түсіндіру.
|
[1,2,4,6,7]/
[1,2,4,5]
|
0,5
|
13 апта
|
Баяндама
|
14
|
Қазақ хандарының әскери жорықтары және олардың қазақ мелекетін нығайтуға қосқан үлесі.
|
Тарихи деректер арқылы түсіндіру.
|
[1,2,4,5,6]/
[1,2,3]
|
0,5
|
14 апта
|
Тест
|
15
|
Қазақ хандарының жалпыға бірдей әскери міндет және әскери өнердің дамуы.
|
Қазақ хандығының дамуы жайлы түсінік беру.
|
[1,2,3,4,5,6,7]
/[1,2]
|
0,5
|
15 апта
|
Жазбаша
|
Достарыңызбен бөлісу: |