Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар.
Темірланның армиясы және оның соғыс өнері?
Ұсынылған әдебиеттер:
Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998.
№12 Тақырып: «Қазақ» атауының хатқа түсуі.
Дәріс мақсаты: «Қазақ» атауының хатқа түсуі жайлы түсініктерін жетілдіру.
Қарастырылатын сұрақтар:
«Қазақ» атауының хатқа түсуі?
Қазақ хандығының құрылу?
Дәріс.
Қазақ хандарының әскери жорықтары мен соғыс өнерін баяндауға кіріспес бұрын "қазақ" сөзінің шығуы мен қалыптасуына біраз тоқталып өткеніміз жөн болар деп есентейміз.
Қазақтың аты баяғыда хатқа түскен ежелгі халық екені жөнінде бізге бұлтартпас дерек ретінде нақты хабар жекізген еңбек Х-ХІ ғасырларда омір сүрген тәжік ақыны Фирдаусидін "Шаһнама" дастаны.
"Шаһнама" мөліметін зерігеп, шындыққа әлемнің көзін ашқан ғалым А.Вамбери.
Ол 1885 жылы "Түркі халықтарының этнологаясы мен этнографиясы атты неміс тілінде зерттеу - жазып, "қазақ" атауы ІХ-Х ғасырларда болғанын әдеби, тарихи деректермен дәлелдеп берді. Онда былай делінген: "Қазақ, қазақ деген ел Көк теңіздің (Арал теңізі) солтустігін мекеңдеп отырған кушті әрі кеп санды жұрт екендігі айтылады, Қазақтар Тұранның қастасы Иранды қоркытпақ болады".
В.В.Вельяминов - Зернов жинаған мәліметтерде "1356 жылы казақтар Мауераннаһрға шабуыл жасады" деген дерек бар. Осы автордың айтуынша: "Мұсылман әлемінде" деген газеттің 1911 жылғы шілденің 22-сіндегі 14-санында 1397 жылы Қырымның Литваға ауып барған татарлары өздерін казакпыз дегені туралы мәлімет келтіріледі3.
1185 жылы бір окиға туралы Лаврентьев жылнамасында мынадай дерек бар: "Они же половцы казаке рекуще — Пойдете по свою братью аль мы идем по свою братью к вам". Осыған орай, И.М.Карамзин аркылы жеткен мына бір мәліметті де ойда ұстаған жөн. Онтүстік орыс даласына монғолдар келгенге дейін "түрктер мен "берендейлер өздерін казақпыз" деп атаған.. Бұл черкеспіз, қазақпыз дегендер кейбір тарихшылар пайымдағандай, бір ұғым емес, керісінше қазак, черкес тайпаларының бұрыннан бірге өмір суріп келе жатқанын білдіретін егіз, қатар ұғым. Монғол шапқыншылығына дейін-ақ, торк пен берендейлер елдерін казақ деп, 1185 жылы қыпшақтар қазакша сөйлеген болса, ендеше монғол шапкыншылығына дейін-ак қыпшактар өздерін казақ қауымына коса бастаған.
Қазак атауы әуелі қыпшақтарға, сонан соң біртіндеп сол төңіректегі түркі тайпаларына жайылған да, XIV ғасырда Қырьш, Азов, Қазан шеңберіндегі қалың жұрт қазақ атана бастаған. Қазақтар туралы арнайы қалам тартқан, әсіресе, XIV ғасырдың авторы Ибн Рузбехан ИсфаҺани еді.
Бұл деректер "қазақ" деген халық бұрын болмағаң, түркілер мен монғолдардың арасынан шыққан, өткен-кеткені жоқ балаң халық деген, кұлақка өбден сіңісті ұғым-Ды өзгертеді жөне көне заманнан қалыптасқан халық екенімізге дәлел болады.
Сонымен, "қазақ" сөзінің, қазақ ұлтының қазак хандығы құрылғаннан көп бұрын белгілі болғанын көреміз. Қазақ аты кене дәуірде-ак алыс-жақын іргелес жұрттарға таньімал бол-ғаны ақиқат. Қазак хандығы өз есімін аспйннан алған жоқ, солардан алды, ол туралы деректемелердегі фактілер де жетерлік.
Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар.
Қазақ атауының қалыптасуы?
Қазақ хандығының қалыптасу кезеңіндегі еңбектер мен ғұламалар?
Ұсынылған әдебиеттер:
Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998.
№13 Тақырып: Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы.
Дәріс мақсаты: Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы жайлы мәлімет беру.
Қарастырылатын сұрақтар:
Қазақ хандығының құрылуы?
Қазақ хандығының қалыптасып, ел болуы?
Дәріс.
XV ғасырдың ортасында қазақ хандығының кұрылуына себеп болған маңызды тарихи оқиғаның мөн-жайы мынадай болатын.
Тарихтан белгілі, Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін төрт ұлына бөліп берді (Жошы, Шағатай, Үгедей, Толы). XIV ғасырдың екінші жартысында Жошының үлкен ұлы Орда-Еженнің жері Ак Орда екі аймакқа: батыс және шығысқа бөлінді. Шығыс аймакқа Қазақстанның оңтүстік, орталық және солтүтсік шығыс белігі енді1. Бүл хандықты бүрын Орыс ханнан бастап Ақ Орданың акырғы ханы Барақ ханға2 дейін Орда-Ежен үртіағы билеген еді. Орталығы Сыр езені еңіріндегі Сығанак қаласы болды.
Ал Батыс еңірге Аралдың солтүстігі, Еділ (Волга) езеніне дейінгі жерлер кірді. Ол жерде Әбілқайыр3 хандығы мён Но-ғай хандығы, кейіннен одағы қүрылды.
Әбілкайыр хан Барақ хан үрпақтарының ішкі қырқыстарын пайдаланып, 1428 жылы Ақ Орданың шығыс бөлігіне ез үстемдігін орнатты. 1446 жылы Әбілқайыр хан ез астанасын Сыр өңіріңдегі Сығанақ қаласына көшірді. Мемлекет Өзбек үлысы деп атадды. Шайбандық Әбілқайырды жақтаушы сұлтандардын. Сыр өңіріне көшіп келуі Орда-Ежеңцік сүлтандарға өте ауыр болды. Ең жаксы жайылымдар мен кыстаулардан айрылу Орда-Ежен сүлтандары үшін кеп қиындіылыққа ұшырау боліхы.
Сонан сон Керей мен Жәнібек сүлтан Әбілқайыр ханға бағыну мен мойынсұну шегінен шығып, Отанынан кетіп қалуды жен көрді.
Әбілқайырдың 1456-57 жылдары калмактардан ойсырай жеңілуіне байланысты күшейе түскен бұкара халық наразы-лығын Әбілқайыр ханның дұшпандары — Шыңгыс әулетінен шыққан сүлтандар, Ақ Орда билеушілері Орыс хан мең Барақ ханның үрпақтары - Жәиібек пен Керей шебер пайдаланды. Олар казақ халкының жеке мемлекетін құру, саяси және мәдени-экономикалык тәуелсіздік алу жолындағы талабын ез қимылдарына арқау етті. Ол туралы "Таварих-и-гузида-и-Нусрат-намада"2 ("Женістер кітабының тандаулы тарихы"): "Сол заманда дұшпандык Әбілқайыр ханнын жүртында3 пай-да болды. Бұл жауяардың есімдері: Қажы Мүхаммед-Тархан-ның4 үлы Санидек және Кажы Мүхаммед ханның немересі, Махмұдек ханның ұлы Ибақ5, Барақ ханның үлдары6 Жәнібек пен Керей"7, -- дейді.
Ал Әбілкайырды тастап, кешіп келген Керей мен Жәнібекті Моғолстан ханы Есен-Бұқа хан аса кұрметпен қабылдап, өз иелігінің батыс жағынан Шу бойы мен Қозы-басы өнірін бөліп береді. Ёсен-Бұқаньщ Керей мен Жөнібекті бұлайша қарсы алуьіныңда өзіндік себебі бар еді. Бұл кезде ол ағасы Жүніспен' соғысып.жатқан. Осындай сындарлы шақта Керей мен Жәнібектің Моголстанға келуі Есен-Бүқа ханға көктен түскен жақсылыктай көрінді. Бұлардың бөлініп келуі, біріншіден, агасы Жүністі қолдап отырған Әбілқайыр ханнын күшін азайтса, екіншіден, Керей мен Жәнібек сұлтандардың соңынан - 'ерген батыр жауынгерлерін Жүніске және сол кезде Мо^олстанға қысым жасай бастаған ойраттарға қарсы нақтыпойтарыс берер әскери куш ретінде пайдалануға мүмкіндік туғызды. Сейтіп, Есен-Бұка ханның иелігі мен Жүніс ханның иелігі арасын-дағы жердең үлес алған Керей мен Жәнібек осында өз хан-дықтарын құрды. Осы бір қилы кезеңді тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати "Тарих-ир-Рашиди" атты еңбегінде былай көрсетеді: "Ол кезде Дешті Қыпшакты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошыәулетінен шыққан еұлтандарға күн керсетпеді. Нәтижесінде, Жәнібек пен Керей Моғолстанға кешіп барды. Есен-Бұқа хан оларды құшақ жая карсы алып, Мо:ролст,анның батыс шегіндеғі Щу мен Қозыбасы аймақта-рын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілқайыр хан дүние салды. Өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оньщ үлкен белігі Керей хан мен Жәнібек ханның кол астына көшіп кетті. Сейтіп олардың маңына жиналғаядардың саны 200 мыңға жетті.
Қазақ хандығын құру жолында Керей мен Жәнібек — екі ханның атқарған істерін бөле-жара айту мүмкін емес. Хандықтың құрылу кезеңіне қатысты аз ғана дерек мәліметерде екі ханды үнемі бірге айтады.
Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар.
Қазақ хандығының қалыптасу тарихы?
Ұсынылған әдебиеттер:
Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998.
№14 Тақырып: Қазақ хандарының әскери жорықтары және олардың қазақ мелекетін нығайтуға қосқан үлесі.
Дәріс мақсаты: Қазақ хандарының әскери жорықтары және олардың қазақ мелекетін нығайтуға қосқан үлесі туралы студенттердің түсініктерін қалыптастыру.
Қарастырылатын сұрақтар:
Қазақ хандарының әскери жорықтары?
Қазақ хандарының мелекетті нығайтуға қосқан үлесі?
Дәріс.
XVI ғасырда өмір сүрген тарихшы Рузбехан Исфаһанидің деректеріне қарағанда, казақ хандығында он үлыс болған, әр ұлыстың жан саны — жүз мың адам. Бүл Мұхаммед Хайдар Дулатидың казак хандығының жан саны бір млн. адам деген дерегіне сай келеді1. Ұлыстырды хан тұкымынан шыққан сүлтандар баскарды.
Хандар мұрагерлік жолымен қойылды: хан елсе, орнына аға-інілері не ер жеткен баласы отырды. Бірақ хан мұрагерлерінің таққа отыруы сұлтандар мен ру-тайпа шон-жарлары өкілдерінің жиналысындагы "хан көтеру" деп атала-тын сайлаудан етуге тиісті болды. Олар оны хан болуға лайык деп ұйғарып, дәстүр бойынша ақ киізге отырғызып, хан көте-ру салты сақталды. Хан етіп тағайындайтын сұлтанның руы-ның ең беделді адамдары болашақ хан отырған ақ киіздің жан-жағынан ұстай көтеріп, үш рет "Хан! Хан! Хаи!" деп ай-ғайлаған. Хан отырған киіз шөпке тиген кезде, оны жугіріп жеткен топ көтеріп алып, киізге қайта түсіреді. Сонан соң так сиякты болған киізді қырық белікке бөліп жыртады.-Әрбір адам езінің хан тағайындау мерекесіне катысқанының белгісі ретінде естелікке жыртып алып кетуге тырысатын. Бұл ғүрып мерекемен басталып, кеп күндік базарлы тойға ұласатын
Енді XV—XVI ғасырларда Қазақ хандығы тарихында хан-дықтың құрылуы мен күшеюіне тікелей араласып, өз үлесін косқан және жоғарғы қолбасшы ретінде елді сыртқы жаулар-дан қорғауда нәтижелі соғыс жургізген хандарға жеке-жеке токталайық. Олар хандықтың батысында ноғай мырзалары-мен, оңтүстігінде шайбанилық сұлтандармен үзаққа созылған күресті бастан кешіреді. Солардың ішінде Керей мен Жәнібек, Бұрындық, Қасым, Хақназар, Тәуекел хандар ха-лыққа кең танымал болды. Оларцай болмаса да, Мамаш, Та-қыр, Бұйдаш, Тоғым, Шыгай хандар есімі де бізге жақсы та-ныс. Қазақ хандығы қүрылғаннан кейінгі алғашқы саяси даму кезеңі тікелей осы хандардың есімімен байланысты.
Қазақ хандары елді сыртқы жаулардан қорғауда, әскери күш-куатты негізінен дипломатиялық келісіммен нығайтуға ұмтылды. Бірінші хан хандық билікке шамамен 1465—66 жыл-дары отырған.
Жәнібек ханның билігі 6-7 жылға созылды. Онын тұсында хандық тарихында үлкен маңызға ие бірнеше оқиға болды. Біріншісі — 1469 жылғы Эбілқайыр ханның Қазак хандығына жасаған жорығы сәтсіз аяқталын, ханның өзі қайтыс болды. Бүл жағдай "кешпелі өзбектер" мемлекетінін толық күйреуінің басталуын тездегті. Екіншісі - Дешті Қыпшакта шайбанилык әулет билігінің жойылуы. Шайбанилар әулетінің билігі ездігінен жойылмады, оны жойды. Жойған-дардың ішінде Сібір хандығы, ноғай мырзалары, Алтын Орда хандығы, Хорезм хандығы және Жәнібек хан баскарған Қазақ хандыгы болды. Жәнібек ханның аткарған тарихи релі осы жерде көрінді.
Кезінде Керей ханның айтқан "Аллатағала сәтін салған күні батысқа — Туркістанға жол журуіміз керек" деген өсиетін іске асырып, Жәнібек хан Қаіақ хандығының билігін Дешті Қыпшаққа толық жургізе бастады. Бұл кез — 1472-1473 жылдар болатын, яғни Қазақ хандығының толық, дер-бес, жеке ел ретінде өмір суре басгаған жылдары.
Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар.
Қазақ хандарының әскери жорықтары?
Қазақ хандығының нығаюы?
Ұсынылған әдебиеттер:
Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998.
№15 Тақырып: Қазақ хандарының жалпыға бірдей әскери міндет және әскери өнердің дамуы.
Дәріс мақсаты: Қазақ хандарының жалпыға бірдей әскери міндет және әскери өнердің дамуы жайлы түсіндіру және мәлімет беру.
Қарастырылған сұрақтар:
Қазақ хандарының жалпыға бірдей әскери міндет және әскери өнердің дамуы?
Қазақ хандарының билік жүргізген мерзімдері?
Дәріс.
Түркі елдерінде ер адамның басты міндеті отбасын қорғау мен мал-мүлікті сақтау жене с-оғыска катысу еді. Көшпенділердің өмірінде өскери дастүрдін үлкен маңызы болды: әскери бағыныштылық — дала ережелерінің ең басты, маңызды тармағы. Дала түрғындары, негізінен, қаруланған адамдар болды. -Мейлі аңға шықсын, мейлі көңіл көтеруге, серуенге барсын, ешқашан садақ, жебе және канжарсыз жүрмеген. Қаруланып жүру тек кана занды хұқық емес, со-нымен қатар міндет болып табылады. Мысалы, халықтық жи-налыста карусыз адамнын дауысы есепке алынбады, кішілер оған құрметтеп орын бермеді1.
Қазақтардын тұракты өскері көп болмады, ру-тайпалык жасактар керек кезінде тез жиналып отырды. Ру - тайпалық жасақтардың өзін-өзі баскаратын әскери бірліті болды. Оның , басшысы ру басшысы болып есептелді. Әрбір әскерй жасақ-тың өз танбасЫ' мен ұраны болды. Осындай бір-біріне тәуелсіз жасақтардың бірқатар бөлімдері ұлыстық жауынгерлер санын кұрады. Үлыс басшысы ұлыс әскерінің басшысы болып табы-лады. Оның өз туы, өз ұраны болды. Хан біріккен әскердін жоғарғы колбасшысы болып, жауынгерлік құраманы жеке-дара басқарды. Хандар өз өміріне төнген кауіп пен қиындық-тарды жауынгерлермен бірге көрді. Бұл жерде Қасым хан мен Бұрындық ханның соғыста жаралы болуын, Хақназар хан мен Мамаш, Әбілкайыр хандардьін ұрыста каза табуы және Тәуе-кел ханның шайбанилерге карсы жүргізілген 1598 жылғы жорықта жаралануы мысал бола алады.
Қазак ханда"рының мемлекетінде жалпыға бірдей әскери міндет енгізгендіктен, олардын саны өте көп болған.
Мырза Мүхаммед Хайдар Дулатидің "Тарих-ир-Рашиди" шығармасында Қасым ханнын Әндіжанға бет алганда әскер құрамында үш жүз мың (300000) адам болған"3, Махмүд ибн Уәлидің "Бахр-әс-Асрар фи-Манакиб-әл-Ахиар" ("Қайы-рымды адамдардың жоғарғы қасиеттері жөніндегі қүпиялар теңізі") шығармасында: "Қасым ханның Дешті Қыпшақуәла-ятындағы армиясында екі жүз мыңнан (200000) астам атты әскер болды", — делінген.
Қасым хан Шайбани ханмен көп соғысты.
1598 жылы Тәуекел ханның Маураннаһрға жүргізген
жорығында, әскер қолының құрамында өз казақтарымен
бірге "Ташкент пен Түркістанның сұлтандары, қыргыздар
мен кыпшақтар" болғаны айтылады. Осы жорықта Қазак
хандығының әскер саны 90—100 мың адам болға». Махмуд
ибн Уөлидін айтуынша, Қазақ ханы Тұрсын, Мұхаммед,
Аштар ханид Иманқұл ханға қарсы 100 мың әскер шығар-
ған, онын ішінде 10 мыңы қырғыз тайпалық жасағын
кұрғандар.
Бұл кезде жауынгерлік ерлік жоғары бағаланды, кім бәрінен көп "бас шауып, қан төксе", сол көшпелі «лемлекетге үлкен құрметке ие болды. Соғыстағы жеке ерлігі ушін, соғыс қимылдарын ұтымды басқара білгені үшін құрметті батырға баһадур2 атағы берілген. Ерекше шабуылдарға, ұрыс даласы-нын көп реткі батырларына, XV ғасырдағы деректің куәлан-дыруынша, толыбатыр (толыбаһадур — толық батыр, яғни шексіз қайсарлық) деген атак берілген. "Батыр" сезі атак ретінде жауынгер есіміне қосылады.
Мүндай құрметті атакты өзінің жауынгерлік ерлігі үшін кез келген көшпелі жауынгер ала алады (ол катардағы жау-ынгер немесе бекзада, сұлтан болуы да мүмкін). Кене жазба-ларға карағанда, қазак ханы Тәуке де, Абылай да батыр атан-ған.
Жауынгерлік заманда қазақтардың әскери қызметінің езіндік ерекшелігі: әскери міндет, бағыныштылық — дала ережелерінін басты әрі маңыздысы болды,
Қазақ хавдарының әскері, негізінен, атты әскер болған. Атты әскер ауыр, орта, жеңіл больщ белінген. Үрыртарда бұл әсісер тобы шешуші рел атқарып, жекпе-жек шайқастарда пайдаланылған. Түркі елдерінде жеңіл түрі кең дамыған. Олардың атты өскерінде шалымдылық пен айлакерлік өте жо-ғарыболған.
Кешпенділердің кез келген жауынгерліқ жорығы атпен байланысты болып келеді. Қазақ хаңдары XV—XVII ғасыр-ларда арнаулы аттЫ Жасақ ұстаған. ОларДьің құрамы жаугёршілік заманда 3000-нан 5000-ға дейін Жёткен. Қазак атты жасақтары жазда жиналып, қысқа қарай хаңды қорғай-тын азғана сарбаздан басқасы тарап кетіп отырған.
Тұрақты әскері жоқ Қазақ қауымында ерекше жағдайда жасақталған қалың қолды с а р б а з (парсыша: басшыға еруші) деп атағам. Олардыжүз басы, мың басы, алжалпы әскерді сардар басқарған5
Аддыңғы әскер легін жау коріп қалса, оған жақындап ба-рып, садакден бірнеше рет агқаи, Жау сескенбесе, оны алдау үшін кейін шегініп, негізгі әскердің торуылына ілестірін кел-ген, сөйтіп, қоршауға түсірген. Егер жаудың күші аса басым екеніне көзі жетсе, одан бір немесе екі күндік жерге қаша шегініп кетіп, басқа жасырын жолға түсіріп, горуылдай жүріп, қырғынға ұшыратқан. Егер бұл әдіспен ала алмаса, он-он екі күндік жерге шегініп кетіп, қауідсіз бекіністі жерге ор-наласып алып, бөлшектеніп жеткен жауды жеңу амалын тап-қан. Әскердің саны аздық етсе, әйелдер мен бозбалаларды жөне адам кескініндегі қуыршақтарды атқа қондыру арқылы жауға көп етіп көрееткен. Бұл өдіс әдетте қарсыласына үрей туғызады. Егер жаулары басым түссе, олар жауларына қуалауға жол берген.- Бір-бірінрн бөлінген кезде іздеріне түсіп қуа жүріп, майдандағыдан бетер қырғынға ұшыратқан.
Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар.
1. Қазақ хандарының жалпыға бірдей әскери міндет?
Ұсынылған әдебиеттер:
Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998
Тәжірибелік сағаттар.
Тақырып: Сақтардың парсы патшасы Кирді жеңуі мен сақтардың мекендеген жерлері.
Біздің заманымызға дейінгі Х-Ү ғасырларда Кіндік Азия мен Қазақстаң аумағында, Хуанхэ, Ертіс жене Дунайға дейінгі аралықта парсыларша "сақ", грекше "скиф" деген атпен белгілі болған түркі тілдес тайпалар тұрған.
Хуанхэ мен Дунай өзендері аралықтарьндағы қазбалардан шыққан сақтарға (скифтерге) тән қару-жараұ, ат жабдықтары, аң стиліндегі киім-кешектері б.з.д. X—V ғғ. дейін ортак мәдениеттің осы атаумен аталуына себеп болды, ол мәдениет б.з.д. III ғасырға дейін өмір сүрді. Сақтардың ескі зираттары, оның ішінде патшалардың топтануы Талас, Іле, Шу жағалауларында, Қырғыз және Жоңғар Алатауының таулы бөктерлерінде, Кеген мен Нарынқолдың таулы аймақтарында орналасқан. Еділ мен Дунай аралығынан табылған ескертіштерді тарихшылардың зерттеулері мынаны көрсетеді б.з.д X -V ғасыр-ларда Орта Азия мен қазіргі Қазақстан даласын, парсы тарихшыларының айтуынша, сақ, грек тарихшыларының айтуынша "скиф" тайпалары мекендеген. Бұл, Хуанхэ мен Дунай аралығындағы баряық көшпелі тайпаларға төл атау еді.
Біздің қазірше білетініміз б.з.д. 454-425 жылдар арасын-
да сақтар туралы Геродот былай тұжырымдайды: "Парсылар
барлык скифтерді сақтар деп атаған". Орта Азия мен Қара
теңіз жағалауындағы көшпенділерді гректер скиф деп атаған
деп хабарланды.
Сонымен қазір белгілі болып отырғаңдай, - .сақ тайпалары Орта Азияда, қазіргі Қазақстан аумағында мекендеген және массагеттер деген атпен белгілі болған. Ал еуропалық сақтар Каспий мен Қара теңіз жағалауындағы алқаптарда, яғни қазіргі кездегі Венгрия, Румыния, Болгария мемлекеттері ор-наласқан аумақта өмір сүрген.
Геродот сақтарды олардың айналысқан кәсіптеріне қарай жіктеген: егінші сақтар Зеравшан, Әмудария, Сырдария, Іле, Днепр мен Бут өзендері жағалауларындағы өлкелерде өмір сүрсе, көшпеді сақтар Днепрдін. шығыс жағын мекендеді дейді.
Тақырып: Сақтардың қаруы және әскери өнері.
Әскери өнердің дамуында сақ жауынгерлерінің үлкен орны бар. Одардың соғыс жүргізу өнері мыңдаған жылдар бойы жаулары мен достарының назарын аудартып келді, әрі ежелгі құл иеленуші мемлекеттердің әскери өнерінің дамуына өзіндік әсерін тигізді. Ежелгі әскери теоретиктер сақтардың әскери өнерін зерттей келе, олардың ерекшеліктерін көрсетті және пайдалануға кеңес берді.
Сақтардың негізгі қаруы садақпен ұзын ңайза болды. Сақ садақтарьі екі серіппелі бөліктен тұрды, сыммен жалғастырыла тартылған қос мүйіз. Геродот айтқандай, сақтар садакты кеудесіне емес, иығына қойып атқан, олар оң иыққа да, сол иыққа да қойьп ата беретін болган. Сақ жауынгері ол атты садақшы. Авдиевтің айтуынша, оның күші - "жебеде, қорамсақта және болдыруды білмейтін жүйрік атта". Сақтардың қорғаныс құралдары қалқан,сауыт, бас киім еді. Қалқан шағын ғана болды, теріден жасалды. Сауыт алғашында мыстан, кейіннен темірден жасалды, денеге тиіп тұрды, бірақ жауынгердің қимыл - қозғалысына қедергі жасамады. Сақ әскерлері жеке - жеке топтаң (рулық топ) тұрды. Бірнеше отряд тосқауыл жасау үшін алдыға жіберілді және бұларды қолдау үшін қосымша күш жүмсалды. Негізгі
мақсат майданнын тұтастығын бұзу болды. Ұрыс шебін атты әскер құрады.
Сақтар негізінен, өз жауын күшпен емес, айламен алды. Соғыс әдетте, күтпеген жерден шабуыл жасау түрінде басталып отырды. Тұтқиылдан шабуыл жасап, жауының есін жиғызбастан арғы жағына өте шығуға ұмтылды ңемесе өтірік шегініп, қапыда қарсы шабуыл жасады. Соғыс табысты өткен жағдайда -сақтар жауын толық талқаңдағанша қуалап, толык жойып жіберуге.ұмтылды. Ал жеңіліске ұшыраған жағдайда, айқасты өздерінің пайдасына шешілгенше жалғастыра берді. Сақтарда үнемі жайылым жетісппеді. Олардын күшін әлсіреткен ең басты көршілес тайпалар арасындағы қақтығыстар болды.
Достарыңызбен бөлісу: |