Тақырып: Ленинград қаласын қорғаған қазақстандық құрамалардың ерлік жолы.
Ленинград қаласын қорғау Ұлы Отан соғысының тарихынан айрықша орын алады. Жау Ленинград қаласына бір миллионнан астам адамнан тұратын күшпен шабуыл жасады, оларда 17 мыңнан астам зеңбірек пен миномет, 1500-дей танк және 2 мын ұшақ болды. Ленинград 900 күн бойы қоршауда тұрды. Қаланың жүздеген тұрғындары мен қорғаушылары қаза тапты, олардың басым көпшілігі алғашқы ең ауыр ашаршылық күндерінде және қоршаудағы суық қыс кезінде көз жүмды. Қызыл Армияның Ленинградты қорғаудағы ерлігі Ұлы Отан соғысында фашистіқ Германияны талқандауда үлкен рөл" атқарды. Өйткені Ленйнградты тікелей шабуылмен ала алмайтынына көзі жеткен неміс-фашист командованиесі оны қорғаушыларды аштан қырамыз, алыстан атқылап, тынымсыз бомба жаудырып, жігерін құм қыламыз деп ойлады. Сөйтіп ұзаққа созылған қоршау басталды. Халықтың қолдауымен, жауынгерлермен қала тұрғындары кескілескен шайқас пен ауыр еңбек үстіңде, қаланы жанқиярлықпен қорғады. Олар ауыр жағдай мен аштық азабын табандылықпен жеңіп отырды. Осындай қиын-қыстау кун таяп, Ленинград қаласына қара бұлт тонген кезде, ленинградтықтарға Қазақстанда жасақталған 310, 314-атқыштар дивизиясы көмекке барды.
Бұл шақ неміс-фашист әскерлері "Солтүстік" армия тобының Лениградқа шабуыл жасап, оны қоршауға алу әрекетін жүргізіп жатқан кезі болатын. Гитлер командованиесінін "Барбаросса" жоспары бойышпа жүргізілген жазга стратегиялық операциясы сәтсіз аяқталды, сөйтіп, жаз айларында-ак Ленинград пен Мәскеуді басып алып, оларды жермен-жексен ету керек деген Гитлердің бұйрығы орындалмады. Жау әскерлері Қызыл Армияньің мықты қарсылығына тап болып, Мөскеу мен Ленинградтың шалғай шептерінде үлкен шығынға ұшырады. Жоғарғы Бас Командованиенің Ставкасы Мәскеу мен Ленинград бағытын жаңа резервтермен толықтырып, жауға қарсы соққыны үдете түсті. Міне, осындай резервтер катарындағы 310-атқыштар дивизиясы шілде - тамыз айларында Ақмола (қазіргі Астана) қаласында жасақталып, жауынгерлері қысқа мерзімді әскери дайындықтан өтті. Онын қатарында Ақмола маңының тұрғындарынан басқа Қостанай, Қарағанды облыстарының еңбекшілері болды. Дивизиянын командирлігіне полковник Н.М.Замировский, комиссарлығына С.И.ІІІаманин, штаб бастықтығына полковник М.И.Кружков тағайындалды, Жаңа жасақталып жатқан дивизиянын кіші командалық құрамы Ташкент пен Алматының әскери училищелерін бітірген жас командирлерден тұрды.
Дивизияның басшы командирлері мен саяси қызметкерлері бұрын әскери қызметте ысылған, тәжірибелі адамдар, ал саяси жетекшілердің қалған құрамы Орта Азия әскери округіне қарасты әскери саяси училищелерде тәрбиеленгендер немесе партия, кеңес органдарында істеген, саяси және өмір мектебінен өткендер еді. 310-дивизия құрамының 40 проценті — қазақтар, 30 проценті - орыстар, 25 проценті - украиндар, ал қалғандары басқа ұлт өкілдері болды. Олардың 30 проценті - жұмысшылар, 60 проценті - колхозшылар, 10 проценті зиялылар еді. Дивизияның командалық құрамының 15 проценттен астамы коммунистер мен комсомол мүшелері болды.
Кару-жарақтармен толық жабдықталғаннан кейін 1941 жылғы 9 қыркүйектен бастап, Ленинград, Волхов және Карель майданының түрлі учаскелерінде шайқастарға қатысты. 1943 ж. қазанның аяғына дейін дивизия, 54-армияның басқа да құрамаларымен бірге, қахарман қаланың блокадасын бұзып өтуге ұмтылды. Ал жау қоршаудың екінші шеңберін тұйықтау үшін Волхов өзенінің орта ағысынан Тихвин қаласына қарай шабуылға шыққан кезде 310-дивизия жедел түрде осында жіберілді. Дивизия мен оған көрші құрама кеп шығынға ұшыраса да, Кириши ауданындағы Пчевжа селосы түбінде жаудың щабуыльша бір апта бойы төтеп берді. Бұл аптаны біздің командование жаңа күштер жеткізу, сейтіп, жаудың жоспарын біржолата іске асыртпай тастау үшін пайдаланды. Аса маңызды торап - Волхов қаласы біздің қолымызда тұрды.
Неміс басқыншылары өлермендікпен үнемі алға ұмтылып, қысқы суық түскенше, қайткен күнде де Ладога көліне жетуді көздеді және солтүстіктен шабуыл жасап келе жатқан фин әскерлерімен қосылуды көздеді. Волхов қаласы үшін жау айдан астам арпалыса ұрыс жүргізгенімен, одан ешбір нәтиже шығара алған жоқ. Ленинград майданындағы дивизия бөлімдерінің көрсеткен ерлік істері жайлы Кеңес информбюросының 1941 ж. 23 қараша күні берген хабарында былай делінді: "Ленинград майданы учаскелерінің бірінде қимыл жасаған Замировский жолдастың бөлімі екі ай бойы жүргізген ұрыстың нөтижесінде, толық емес мәлімет бойынша, 3000-нан астам немістің солдаты мен офицерің жер жастандырды. Екі айдын ішінде Замировский жолдастың жауынгерлері 11 неміс танкісін, екі қару-жарақ қоймасын, екі ұшағын жойды, сонымен бірге жаудың 9 зеңбірегін, 22 минометін, 26 станокты және 104 қол пулеметін, үш полкінің туын, көптеген винтовкаларды, снарядтарды, автоматтарды, мина мен патроңдарды қолға түсірді".
Тақырып: Екінші дүниежүзілік соғыстың негізгі қорытындылары.
Екінші дүниежүзілік соғыста антигитлерлік коалиция күштерінің және ең алдымен Кеңес Одағы жеңісінін нәтижесінде, Германияда гитлерлік тәртіп жойылып, Жапон милитаризмі құлатылды. Өткен соғыс халыққа, соның ішінде "неміс халқына да адам айтқысыз құрбандық әкелді. Фашистік Германияның кеңес-герман майданындағы адам шығыны 6923700-ге жетті. Австрия, Люксембург, Эльзас, Лотарингия, Судет немістерін, басқа да мемлекеттердін ерікті құрамаларын қосқанда және оның одақтастарының шығынын (Венгрия, Италия, Румыния жөне Финляндия -1725000 адам) қоса есептегенде, Германия мен оның одақтастарының орны толмас шығындары 8645500 адам санын құрады. Егер оған 1941 ж. 22 маусымынан 1945 ж. 9 мамырына дейінгі уақытта Қеңес армиясы тұтқындаған қарсыласынын 3777300 солдаты мен офицерлерін қоссақ (бұл санның ішінде немістер - 2389500, австриялықтар — 156800, венгрлер - 513800, румындар - 201800, итальяндықтар - 48900, финдіктер -2400 адам болды. Қалған 46400 әскери тұтқындар - КСРО-ға қарсы соғыста немістерге қызмет еткен ерікті құрамалардың құрамындағы басқа ұлттар - француздар, словактар, чехтар, поляктар, испандықтар, хорваттар, бельгиялықтар, голландықтар және басқалары), Германия мен оның одақтастары өлген және тұткындалған 12422800 адамынан айырылды, оның ішінде 83,13200-і немістер болды. Фашистік Германияны жеңудегі антигитлерлік коалиция мемлекеттерінің құрбандығын ұмытуға, есептен шығарып тастауға болмайды. Англияның шығыны 370 мың, АҚІІІ-та 300 мың адамға жетті. Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағы Қарулы Күштерінің адам шығыны - қаза тапқандар, жарақаттан және аурудан өлгендер, хабарсыз кеткендер, тұтқыннан қайтпағандар, Жапониямен соғысты қоса есептегеңде 8668400-ге жетті. Демографиялық баланс әдісімен, Ұлы Отан соғысы кезіндегі барлық адам шығыны 27 млн. деп есептеледі.
Сонымен, фашизмді құрту жолыңда жеңіс — халық пен антигитлерлік коалиция армиясының ортақ жеңісі, алайда онда шешуші рөл атқарған Кеңес Одағы болды. Еуропадағы фашистік Германия мен Италияның талқандалуы бүкіл әлемдік тарихи маңызды оқиға болды. Германия мек Италия фашизмі Еуропа мен Африкада үстемдік етуге тырысып, жаулап алған елдердің халқынын мәдениеті мен мемлекеттік тәуелсіздігін айуандықпен құртып, сол елдерде жауыздық саясатьін жүргізді. Еуропадан ен агрессивті күш Германия мен Италия фашизмінің талқандалуына байланысты, Еуропаның барлық халқы үшін демократиялық дамудың кең мүмкіншіліктері ашылды. Одақтастар әскерлерінің милитаристік Жапонияны жеңуінін нәтижесінде, Кеңес Одағы 1904-1905 жж. орыс-жапон соғысында жапондықтар жаулап алған өзінің байырғы жерлері Оңтүстік Сахалинді және Курил аралдарын қайтарып алды. Бұл жерлер Кеңес Одағына Жапониямен соғысқа түсу шарты жөніндегі Ялта келісіміне сай қайтарылды. Кеңес Одағы Тынық мұхитына еркін шығуға мүмкіншілік алды. КСРО-ға щабуыл жасау үшін жапон милитаристері салған барлық плацдармдар мен әскери базалар жойылып, оның Қиыр Шығыс шекараларының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
Жапонияның тізе бүгуі мен Қиыр Шығыстағы соғыстын аяқталуы Қытай, Корея жөне Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері халқының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күрес үшін қолайлы жағдайлар жасады, олар жапон милитаристерінің бірнеше жыл бойғы аяусыз қанауынан құтылды. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында қалыптасқан антигитлерлік коалиция тәжірибесі - маңызды да шешуші келісім жасау тәжірибесі - қазіргі күнде де көп нәрсеге үйретеді. Екінші дүниежүзілік соғыстың негізгі сабақтары қандай? Бірінші басты сабақ — бұл бұдан әрі қырвдн соғысты бол-дыртпау үшін күресу. Екінші сабағы - үздіқсіз қырағылықтың қажеттігі, елдердің қорғаныс қабілетін ңығайту керектігін ескертеді
Тақырып: Қазақстан арулы Күштерінің құрудың заңдың негіздері
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алуына байланысты, алдына қиын, бірақ өмірлік маңызды міндет - өзінін қарулы күштерін құру қойылды. Жаңа қағидалы заңдык негіздерді жасау армияның механизмін еске ала отырып, республиканың ерекщелігіне жөне географиялық жағдайына байланысты қайта құруды, айтарлықтай материалдық шығындарды қажет етті. 1991 ж. 25 қазанда Қазақстай Президентінін Жарлығы бойынша, Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды, кейіннен республиканың қорғаныс мәселелері толық түрде өз бетімен дербес шешуге етуіне байланысты, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып аталды. Тәуелсіз республиканың зандық құқықтарынын негіздеріне және Тәуелсіз Мемлеқеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты, 1992 ж. 7 мамырында Президенттің Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағыгіда орналасқан Қарулы Күштер өздерінің, мүліктерімен қоса республиканын ' қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретіңде Қарулы Күштерді басқаруды Президнет өзіне алды, ал тікелей басқаратын Қорғаныс министрі болды. Қазақстанньгң тұнғыш Қорға-ныс министрі болып генерал-полковниқ С.Қ.Нұрмағамбетов тағайындалды. Қазақстан Қарулы Күштерінін, құрамына, негізінен, 40-жалпы әскерлік армияның әскерлері кірді. Бұлар бұдан бұрын, 1979 жыл 27 желтоқсанда, генерал-майор А.Тохариновтың басшылығымен Ауғанстанның шекарасына кірген болаты. 9 жылдан аса мыңдаған моджахеттердің қарулы оппозициясына қарсы қарулы операцияларға қатысты.
1989 ж 15 ақпанда Женева келісімі арқылы бекітілген мерзімінде 40-армияның әскерлері Ауғанстаннан шығарылды. Содан кейін әскери бөлімдер тәртіп бойынша таратылды, мерзімді қызметтің солдаттары запасқа шықты. Ал офицерлер мен прапорщиктер Ауғанстанға қай жерден барса (отбасының тұратын жеріндегі), сол жердің әскери бөлімшелеріне кетті. 40-армияның штабы Ташкентте орналасты. Осыдан кейін Реслублика Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құруды 1992 ж. 7 мамырда заңды түрде бекітті. Бүгіңгі күні Қазақстан өзінін азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін өз бетімен анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару-жарақтың және техниканың орналасу мәселесін щешеді.
Қазақстан Республиқасы Коңституциясының 66- бабыңда Қазақстан Республикасыныд Үқіметі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудін негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады делінген, ал 36-бапта (1-пункт) Қарулы Күштердің қағидалы міңдеттерін анықтайды. "Қазақстан Республикасьш қорғау - оңың әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы" деп көрсетілген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабыңда (3-пунқт) Қарулы Күщтердің мақсатын көрсете келе, Республиканың Конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылдықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді деп айтылғаң!
Қазақстан Республикасының Президенті.Н.Ә.Назарбаев өзінің "Қазақстанның тәуелсіздігі: тарих сабақтары және қазіргі заман" деген баяндамасыңда былай деді: "Біздін тәуелсіздігіміздің бес жылдығында Қазақстан халқының көп жылдық тарихында миллиондағаи ата-бабаларымыздың бостандық үшін күресі мен құрбандығының нәтижесі бар. Екінші дүниежүзілік соғыста Отан үшін өз өмірлерін қиып, құрбан болған жүз мындаған отандастарымызды ұмыта алмаймыз".
Қазақстан Республикасы өзінің қарулы күштерің құру арқылы соңғы кездері армияны құрудағы біраз проблемаларды шешіп алды. Біріншіден, қарулы күштердің саны, құрамы жөне әскери қызмет атқарудың мерзімі анықталды. Екіншіден, Ресей Федерациясы мен Қазақстанның және ТМД елдеріңің де мүддесіне жауап беретін бірлескен әскери тұжырымдама мен доктринаны білдіретін әскери келісімге қол қойылып, 1994 ж. 29 наурыздағы Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасында достық, өзара көмек, бір-бірімен қарым-қатынас туралы шарт бойынша, әскери-стратегиялык кеңістікті сақтауды, республикалар арасыңдағы шекаралардың бұзылмауын толық түрде мойындай отырып, әскери базаларды, полигон және басқа да объектілерді бірлесіп пайдалануға қол жеткізді. Ресей мен Қазақстанның қорғаныс одағы орыс және қазақ халкының көп жылдық достық қатынасына негізделеді.
Тақырып: Қазақстан армиясының түрлері.
Қазақстанның халқы, еңбекшілері біздің қарулы күштеріміздің алдында тұрған барлық мәселенің маңызын түсіре отырып, олардың әскери әл-ауқатының нығаюы үшін бәрін істеуде. Олар армияның күнделікті өмірін, әскери шеберлікті игеруін, әскердегі барлық болып жатқан жағдайды үлкен қызығушылықпен бақылап отыр. Бұл занды да Отан қорғауға дайындалу үстінде, жастар қарулы күштердің және құрамалардың түрлерін, қарулар мен әскери техникаларды, солдаттар мен матростар игеруі керек болатын мамандықтарды, республиканың қарулы күштерінің өзін қалай дайындау керектігін білгісі келеді.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жалпы мақсаттағы күштері, әуе қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және ұлттык гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Өз кезегіне қарай, қарулы күштер түрлері бөлімдерден және әр түрлі құрамадар мен арнайы әскерлерден тұрады.
Соңғы он жыл ішінде жер шарының әр түрлі аудандарын-
да қарулы дау-жанжалдардың тұтануы құрлық әскерлерінін
маңызының төмендемегенін керсетеді. Ракета - авиация,
корабльдердің көмегі аркылы дұшпаңдардың шабуылын той-
таруға және оған шешуші соққы беруге болады. Бірак
құрлықтағы жауды толық түрде талқандауда кұрлық
әскерлері мен мобильдік топ күштері шешуші рөл атқарады.
Жалпы мақсаттағы күштер құрамына құрлық әскерлері мен
мобильдік топ Күштері кіреді. Құрлық әскерлерінің құрамын-
да бірнеше арнайы әскер түрлері мен құрамалар болады. Олар
өздерінде біршама әр түрлі қаруларды және басқа да техни-
каларды біріктірді.
Әскер түрлеріне моторлы атқыштар, танк және артиллерия әскерлері, ал арнайы әскерлерге - инженерлік, химия байланыс, радио және радиотехникалық, автомобиль және басқалары жатады. Моторлы атқыштар әскерлеріне моторлы атқыштар бөлімшесі, бөлімдер және құрамалар жатады.Олар ұрыс құралдарының әр түрімен қаруланған және толық моторландырылған. Олардың бөлімшелері мен бөлімдері соғыста жаяу-әскерлердің ұрыс машиналарымен, бронетранспортерлерімен қозғалады және ұрыс жүргізеді. Бұл орамды жылдам қозғалатын және маневрлік әскер түріне айналдырады. Сонымен бірге, моторлы атқыштар ескерлері өз құрамында танкілердін үлкен бөлігін иемденеді, бұл дегеніміз олардың күшін арттырады. Танкіге қарсы жіберілетін және басқарылатын реактивтік снарядтармен (ПТУРС) қаруланған моторлы атқыштар бөлімшелердің бөлімдерінің құрамына түгелдей моторландырылған артиллерияның инженерлік, химия, байланыс автомобиль және басқа бөлімшелері енген.
Моторлы атқыштар - жаяу әскерлердің мұрагерлері,
әскердің өте ежелгі түрі. Қазақстан жаяу әскерлері Ұлы Отан
соғысында Мәскеу түбінде және Ленинград, Сталинград шай-
қастарында, Днепрден өтуде өшпес даңққа бөленді. Бұл ай-
бынды жаяу ескерлердің әскери батырлық салттарын Қазақ-
станның қарулы күштерінің моторлы атқыштар әскерлері
жүректерінде ардақтап берік сақтайды және жауынгерлік
еңбектерімен қөбейтеді.
Танк әскерлері - салыстырмалы түрде жас әскер тарихы бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарынан басталды. Танк әскерлері - құрлық әскерлерінің басты екпінді күші. Олар көбінесе ең басты маңызды міндеттерді орындау бағыттарында қолданылады. Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің танк бөлімдері мен құрамаларының қару-жарағында орта және жеңіл жүретін танкілері бар жоғары жылжымалы броньдык қорғаныс - қазіргі заманғы қйру - жарақ. Түнде көретін приборларының және су түбіңде жүзуге арналғаң жабдықтарының болуы танкілерді қазіргі жағдайда ұрысқа тиімді құрал етеді. Өте мықты бронның болуына байланысты, олар ядролық закымдаушы факторларына, танкінің ішіне кіретін радиацияның, радиоактивтік жұқтырулардың әсеріне қарсы үлкен беріктікке ие болады. Жан-жақты дайындығы бар жастар жақсы танкист бола алады.
Қазіргі заманғы қару-жарақ, мықты двигатель, қүрделі жүйелер мен агрегаттар, жетілдірілген приборлар мен прицельдер - бұлардың барлығы техниканы жақсы күтетін және терең білімді адамдардың ғана бщігінде болады.
Ғылыми-техникалық прогреске байлаыысты, қазіргі жағдайда арнайы әскерлердің маңызы өлшеусіз өсті. Бұл бөлімшелер мен бөлімдер жас әскерлерден терең және жан-жақты білімді, дағдыны, тәртіптілікті, шыдамдылықты, бұлшық еттің жақсы дайындығын талап ететін қазіргі заман техникалармен жарақтанған.
Инженерлік әскерлер - құрлық өскерлерінің ұрыс ерекетін және тіршілік әрекетін толығымен қамтамасыз етуге арналған. Бірде-бір әскери мәселе йнженерлік қамтамасыз етусіз шешілмейді. Олар щабуылда әскерлердің жылжуын қамтамасыз етеді, жолдар салады, сулы тосқауылдардан өтуді жабдықтайды, қарсыластардың бөгеттеріне өткелдер жасайды, минасыздандырады. Қорғаныс кезіңде инженерлік әскерлер қорғаныстық шептерді және позицияларды тұрғызады, бөгеттер жасайды
Шекара әскерлері кұрлықтағы және жағалық қорғау күштері болып бөлінеді. Құрлықтағы шекара әскерлері әрдайым мемлекеттік шекараны қырағы күзетіп, оны қорғауға және жаудың шабуыл жасауына тойтарыс беруге қабілетті. Шекарашы әскерлердің жоғары әскери шеберлігі Отанымыздың аумақтык біртұтастуғын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Шекарашылардың қару-жарағында атыс қаруларынын барлық түрі, танкіге қарсы құралдар және казіргі заманға қажетті әскери техника, байланыс, бақылау құралдары бар.
Бүгінгі көптеген қазақстандық шекарашылар ТМД сыртқы шекараларын қорғауда өздерінің міндеттерін атқаруда. Жағалық қорғау күштері Каспий теңізіндегі шекараны қорғауда ауыр қызмет атқарады. Олардың басты міндеті -Қазақстанды теңізден болатьш агрессорлардың шабуылынан қорғау. Бүгіңде жағалық қорғау күштері құрылу сатысында тұр. Олар жаңа катерлермен, қару-жарақтардың жаңа түрімен толықтырылуда, Қазақстанның теңіз шекаралары өнімді қорғалуы үшін барын істеп жатқан қазақстандық теңіз әскери шеберлігі бүгінде шыңдала түсуде.
Қазақстан Республикасы Ұланының қатарында қызмет ету көптеген жастар үшін құрмет. Ұлттық Ұлан шетелдік делегацияларды қарсы алғанда, шығарып салғанда және басқа да маңызды шараларды орындайды, ұлан әскерлері өздерінін саптық бой түзеулері мен шеберліктерін көрсетеді, бұл арқылы біздің тәуелсіз мемлекетіміздің айбындылығын анықтайды.
Әзірге Республикамызда қылмыстық және баска да құқык бұзушылдық сақталып отырғанда, ішкі әскерлердін қажеттілігі маңызды болып қала береді. Ішкі әскерлер құқыктық тұрақтылыкты сақтауға, арнайы мемлекеттік объектілерді қорғауға және басқа да қызметтік-әскери міндеттерді орындауға арналған. Өздерінің әскери міндеттерін орындауда ішкі әскерлердің әскері жоғары саналылық пен жанкештілік көрсетуде. "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" заңның негізінде жинақталды. Ішкі әскерлердің әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің солдаттарына, сержанттарына, прапорщиктеріне, офицерлеріне тағайындалған барлық жеңілдіктер түрі мен құқықтарын пайдаланады.
Тақырып: Қазақстан армиясындағы негізгі проблемалар және оларды шешу жолдары.
Қазақстанның Қарулы Күштерін құрғаннан кейін Президент пен үкімет Қазақстан армиясын реформалаудың өзара байланысты басымдык жиынтығын жасады. Бұл дегеніміз - әскерлердің құрылымын өзгерту, әскери кадрларды дайындау, армияны қаруландыру, еуропалык қауымдастықтың ар-мияларымен қарым-қатынас жасау, әскери қызметтін мәртебесін көтеру, әскери ұжымдардағы ұлтаралық қатынастың проблемаларын шешу.
Армиядағы реформаларды айтар алдында, бірінші, басты проблеманы белгілеп алу қажет. Қарулы куштер - бұл мобильдік, жаттыққан, жабдықталған, елді қорғау міндетін атқаруға қабілетті әскерлер.
Екінші проблема әскери кадрлар болып табылады. Тарихтың жүздеген жылдарынан бері мемлекеттердің әскер ұстауының екі әдісі болды: өз еркімен жалдамалы тәртіптегі және әскери міндет түріндегі. Қазіргі кезде Қазақстан Қарулы Күштерінде офицерлер, прапорщиктер, мичмандар, мерзімнен тыс қызметтегі әскери қызметшілер және әскери қызметші әйелдер құрамын жинақтаудың аралас тәсілі қолданылады. Өз еркімен, жалдамалы түрде, шартпен (контрактімен) және мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері жалпыға бірдей әскери міндеттілік туралы заңға сәйкес шақырылады. Соңғы кездері "жалдамалы армия" термині "кәсіпқой армия" терминінің баламасы болып жүр, сонда да Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің негізі кәсіпқой кадрлардан тұрады деп айтуға болады.
Сонымен бірге, бұл проблеманың езіндік ерекшеліктері бар жене оларды әскери мамандықтардьщ санын еске түсіру арқылы түсінуге болады. 1990 ж. КСРО Қарулы Күштерінін тізіміне 4 мыңнан аса мамандықтар кірді. Қазакстанның алдында номенклатура бойьшша қажетті шамада әскери ма-мандар даярлауды қамтамасыз ету тұр. Жоғары кәсіпқой армия кұру үшін жеткілікті шамада әскери мамандар болуы керек және әскерлерді мамандар бірден-бір тиімді нұсқасы контрактілік жүйеге өту болып табылады. Әрбір өз еркімен келгендер мемлекетпен шарт жасасады, онда қызмет ететін уақыты, ерекше жагдайдағы қызметі үшін өтемақысының тәсілдері көрсетілуі керек. Армияға, сонымен бірге, қаржымен және басқа да материалдык ресурстармен қамтамасыз етудің толықтырылған жүйесі қажет, өскери қызметтің мәртебесін халық арасында көтеру керек. Бұл үшін бағдарламалық саясат қажет жөне армиялык қызметтің баспасөзде, кинода, теледидарда, видеороликтерде және т.б. жарнамасы болуы керек.
Үшінші проблема - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қару-жарақпен, техниканың жаңа түрлерімен жабдыктау. Қанша дегенмен, әзірге Қазақстанның өзінің жеткілікті қорғаныстық өңдірісінін болмауы оны бірінші кезекте Ресейдің әскери рыногынан алынған қару-жаракпен, әскери техникамен байланыстырады. Өйткені, бұрынғы КСРО-ның барлық қорғаныстық өндірісі, сонымен бірге Ұлттық қауіпсіздіктің ғылыми-өндірістік потенциалы Ресей Федерациясының аумағында жинақталған. Сондықтан Қазакстан қару-жарақ сатып алу саясатын жасағанда және ұлттық саясатын анықтағанда Ресейге бет бұруы керек, өйткені, ол қару-жарақ пен техниканы әлемдік стандарт дәрежесінде шығарады. Бірақ Қазақстанның қорғаныс қабілеті, қаншалықты достықта болса да, басқа мемлекетке тәуелді болмауы керек.
Төртінші проблема — Қазақстанның әскери кадрларын даярлаудағы Ресеймен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Тәжікстанмен, Беларусьпен, Украинамен және әлемдік қауымдастықтың басқа да мемлекеттерімен өзара тәуелді қарым-қатынаста болуы. Жас егеменді Қазақстанның қарулы күштерінің кұрылу және қалыптасу кезеңінде ұлттық офицер мамандардың жетіспеуі бірден-бір өткір проблема болды. Бірак бүгінде, Қарулы Күштердің сегіз жылдық өмірінде бұл проблема күн тәртібінен алынып тасталды. Қазақстан Республикасының құрылған және табысты жұмыс істеп жатқан жоғары әскери оқу мекемелерінің, азаматтық оқу мекемелеріндегі кен,тармақты әскери кафедралардың жүйесі қарулы күштерді жыл сайын қажетті мөлшерде билікті әскери мамандармен толықтыруға мүмкіндік береді. Әскери жөне ғылыми-педагогикялык кадрлардын қажеттілігін ескере отырып, 1997 ж. 11 акланыііда, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қіірулы Куштердің әскери Академиясы құрылды.
Бүгінде Қазақстан Респубдикасының Қарулы К.үштсрі даму және жетілу үстінде. Қазақстан Республикасынын Президенті Н.Ә.Назарбаев "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы" деген халыққа Жолдауында ұлттык қауіпсіздіктің және қарулы күштердің дамуы мен жетілуінін бағытын, әсіресе кәсіптік даярлықтың мөлшері көтерілуінін қажеттілігін және армияны қазіргі заманғы қару-жарак қүралдарымен қамтамасыз етуді ерекше атап айтты. Бұл мәселені шешудің бірден-бір тиімді тәсілі көрші мемлекеттермен қарым-қатынасты жақсарту болып табылады.
Әскери кадрларды даярлаудағы мәселеде маңызды орынды өзінің мықты әскери экономикалық және ғылыми потенциялымен, мүмкіндігімен Ресей Федерациясы алады. Қазақстан Ресеймен әскери-экономикалық және стратегиялық тығыз байланыста. Бұған дәлел жоғарғы дәрежеде әскери деле-гациялардын алмасуы және Қазақстан мен Ресейдің бірігіп, Самарада болған "Редут-97" сияқты жаттығулар өткізуі. 1992 ж. бастап, Ресейдің жоғарғы әскери орындары мен абыройлы әскери академиялары Қазақстан азаматтарынан курсанттар мен тыңдаушылар қабылдап келеді. Және қарулы күштерге өте қажет мамандықтар бойынша кадрлар даярлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |