Әскери өнер тарихы ” 5В010400 “Бастапқы әскери дайындық” мамандығы бойынша


СОӨЖ тапсырмасын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар



бет6/15
Дата31.01.2018
өлшемі2,89 Mb.
#37168
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

СОӨЖ тапсырмасын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.
1 Кіріспе Сақтар және олардың мекендеген жерлері

Сабақтың мақсаты: Сақтар және олардың мекендеген жерлері жайлы түсінік беру.

Сұрақтар: Сақ атауының пайда болуы, мекендеген жерлері?

Есеп беру түрі: Жазбаша

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999 кітабын оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998.
2 Сақтардың қаруы және әскери өнері.

Сабақтың мақсаты: Сақтардың қаруы және әскери өнері туралы түсініктерін жетілдіру.

Сұрақтар: Сақтардың қаруы мен әскери өнерінің дамуы?

Есеп беру түрі: Реферат

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999 кітабын оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998.

3



Сабақтың мақсаты: Сақтардың Александр Македонскиймен соғысы.

Сұрақтар: А.Македонскийдің сақтармен және басқа тайпалармен соғысы?

Есеп беру түрі: Ауызша

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999 кітабын оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998.
4 Хұн империясындағы әскери өнердің дамуы және олардың жорықтары

Сабақтың мақсаты: Хұн империясындағы әскери өнердің дамуы және олардың жорықтары туралы мәліметтер беру.

Сұрақтар:

  1. Хұн империясындағы әскери өнердің дамуы.

2. Хұн империясының жасаған жорықтары?

Есеп беру түрі: Реферат

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999 кітабын оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998.

5 Түрік империясының әскери құрылымы мен соғыс өнері (V-VIII ғғ.).



Сабақтың мақсаты: Түрік империясының әскери құрылымы мен соғыс өнері (V-VIII ғғ.) туралы айтып беру.

Сұрақтар: Түрік империясының әскери құрылымы мен соғыс өнерінің дамуы (V-VIII ғғ.).

Есеп беру түрі: Баяндама

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999 кітабын оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998.
6 Түргеш қағандығы және оның Талас шайқасында Қытай армиясын жеңуі.

Сабақтың мақсаты: Түргеш қағандығы және оның Талас шайқасында Қытай армиясын жеңуі жайлы мәліметтер беру.

Сұрақтар: 1. Түргеш қағандығының құрылуы?

2. Түргеш қағандығының Қытай армиясымен соғысы?

3. Түргеш қағандығының қағандары?

Есеп беру түрі: Конспект

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999 кітабын оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998.


7 «Моңғол» және «татар» атауларының қалыптасуы.

Сабақтың мақсаты: «Моңғол» және «татар» атауларының қалыптасуы жайлы түсіндіру.

Сұрақтар: «Моңғол» және «татар» тайпаларының қалыптасу тарихы?

Есеп беру түрі: Тест

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999 кітабын оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998.
8 Шыңғысхан әскері мен саны.

Сабақтың мақсаты: Шыңғысхан әскері мен саны саны жайлы студенттерге мәлімет беру.

Сұрақтар: Шыңғысхан әскерінің жүздікке, мыңдыққа бөлінуі және оларды басқаратындар?

Есеп беру түрі: Реферат

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999 кітабын оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998.
9 Моңғол мемлекеті, оның қарулы күші және моңғол – түріктердің соғыс өнері.

Сабақтың мақсаты: Моңғол мемлекеті, оның қарулы күші және моңғол – түріктердің соғыс өнері туралы мәлімет беру.

Сұрақтар: Моңғол мемлекетінің құрылуы?

Оның қарулы күші және соғыс өнері?



Есеп беру түрі: Конспект

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999 кітабын оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998.

10 Моңғол – түріктердің Еуропаға жорығы. Моңғол – түріктердің соғыс өнері. Моңғол – түрік әскерінің барлау ісі және қарсыластарына іріткі ұйымдастыру тәсілдері.



Сабақтың мақсаты: Моңғол – түріктердің Еуропаға жорығы. Моңғол – түріктердің соғыс өнері. Моңғол – түрік әскерінің барлау ісі және қарсыластарына іріткі ұйымдастыру тәсілдері жайлы мәлімет беру..

Сұрақтар: 1. Моңғол – түріктердің Еуропаға жорығы.

2. Моңғол – түріктердің соғыс өнері. Моңғол – түрік әскерінің барлау ісі және қарсыластарына іріткі ұйымдастыру тәсілдері.



Есеп беру түрі: Баяндама

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999 кітабын оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998.
11 Темірланның армиясы және оның соғыс өнері. Темірлан кезіндегі әскери өнердің дамуы.

Сабақтың мақсаты: Темірланның армиясы және оның соғыс өнері. Темірлан кезіндегі әскери өнердің дамуы туралы түсіндіру.

Сұрақтар: Темірланның армиясы және оның соғыс өнері?

Есеп беру түрі: Реферат

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999 кітабын оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998.

12 «Қазақ» атауының хатқа түсуі.



Сабақтың мақсаты: «Қазақ» атауының хатқа түсуі жайлы түсіндіру.

Сұрақтар: «Қазақ» атауының хатқа түсуін зерттеген ойшылдар?

Есеп беру түрі: Реферат

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999 кітабын оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер:
1.Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998.

13 Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы.

Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы жайлы мәлімет беру.

Сұрақтар: Қазақ хандығының алғашқы хандары және алып жатқан территориясы?

Есеп беру түрі: Баяндама

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999 кітабын оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998.
14 Қазақ хандарының әскери жорықтары және олардың қазақ мелекетін нығайтуға қосқан үлесі.

Сабақтың мақсаты: Қазақ хандарының әскери жорықтары және олардың қазақ мелекетін нығайтуға қосқан үлесі жайлы мәлімет беру.

Сұрақтар: Қазақ хандарының әскери жорықтары?

Есеп беру түрі: Тест

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999 кітабын оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998.
15 Қазақ хандарының жалпыға бірдей әскери міндет және әскери өнердің дамуы.

Сабақтың мақсаты: Қазақ хандарының жалпыға бірдей әскери міндет және әскери өнердің дамуы туралы түсіндіру.

Сұрақтар: Қазақ хандығындағы әскери өнердің дамуы?

Есеп беру түрі: Жазбаша

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999 кітабын оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер:
1.Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998.


Дәрістер бойынша қысқаша конспект
1 тақырып: Кіріспе

Дәріс мақсаты: Қазақ – жоңғар соғысы жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Қазақ – жоңғар соғысының негізгі салдары?

Дәріс.

Бүгінгі күні кеңестік империя ыдырап, коммунистік қағидалар келмеске кетіп, уақыт әр нәрсені өз орнына қойып жатқан заманда бұрын бұрмаланып келген қазақ-жоңғар соғысы туралы шындықты қалпына келтіру керек.

Қазақ елінің өткендегі тарихында елеулі із қалдырған, дүркін-дүркін үзілістермен 100 жылға жалғасқан қазақ-жоңғар соғысын жазуда оқушылардың қалың көшпілігіне арналған еңбектерде 1729 - 1730 жылдардағы Аңырақай - шайқасына дейінгі кезенде 1711, 1718, 1723 - 1727 жылдардағы қазақтардың жоңғарлармен соғысын жазғанда қазақтардың елін, жерін қорғауын, ерен ерліктерін төмендетуге тырысушылықтың бар екенін байқаймыз. Тіпті қазақтардың жеңісін бұрмалап, қазақтар халық ретінде жок болып құрып кетер еді деп жазғандар да болған. Қазақ хандығы Жойылды, қазақтар түгел босқын болды деп көрсетуге ыңғай білдіретін пиғылдар да болды. Мысалы, М.Тевкелев өзінің Ресейге жазған бір хабарламасында: "Қазақ елі Ресей империясының қарамағына алынғанша ит қуған қояндай кең далада безіп жүрген, - ешқашан тыныштық көрмеген еді. Қашып, босып жүріп, малынан да, кейде тіпті қатын-баласынан да айырылып, өз бастарын сақтау үшін бас паналайтын жаққа кетті. Жоңғар қалмақтары шапқандабылай қашты, башқұрттар шапқанда кері қашты. Ал Еділ бойындағы қалмақтар мен Жайық бойыйдағы орыс, Сібірдегі орыс-казактар бас салғанда, барар жёр,басар тау таппай қалды"- деген сөзі сақталып қалыпты.

Тевкелевтен кейін орыс тарихшылары қазақ-жоңғар соғысын жазғанда казақтардың мемлекеті жоқ болып кетті, қазақтар елін, жерін қорғаған халық емес, "Ресей империясының қарамағына алынғанша ит қуған қояндай кең далада безіп жүрген" деп, андарға теңеуден бастады.

Ал жалпы алғанда, бас-аяғы жарты ғасырға созылған қазақ-жоңғар соғысы, Тевкелевтің пікірінше, тек Ресейге қосылудың алғы шарты болды делінген, қазақтың өз алдына дербес өмір сүре алмайтынының бір белгісі ретінде ғана қарастырылады. Осы секілді жалған пікірлер Ш.Уәлихановтын еңбектеріңде де кездеседі. Қазақ-жоңғар сошстарының бірі болған 1723 ж. оқиғаны Ш. Уәлиханов тым әсірелеп: "Қан-құмар жоңғарлар өкшелей қуған қазақтар бейнебір үріккен киіктей жол бойы дүние-мүлкін, жүре алмай қалған жас балаларын, қарттарын, арық малдарын тастап... босып кетті..."1 -деп жазған еді.

Ал Қазақ ССР тарихьшың I томында; "1723 ж. жоңғар шап-қыншылығынан Орта жүз бен Үлы жүз руларының көпшілігі қатты күйзеліске ұшырап, мал-жандары қырыдды. Ел топ-топ болып бас сауғалап, Оңтүстік пен Шығысқа қарай қашты. Тек Ресеймен қарым-қатынастың күшеюі, орыстардың туысқандық қалтқысыз көмегі қазақ халқының азаттык күресіне көмектесіп, оларды жау тепкісінде қалу қаупінен құтқарып қатды", - дейді.

Жоғарыдағы материалдарды пайдаланған жапон ғалымы Зокота "Ресей және Орта Азия" деген кітабында сол құжат-тарға сүйеніп былай жазады: "Сол кезде жоңғарлар Орта Азия-дағы ірі сахара патшалығы болды. Оларға ұйғырлар қарсылықсыз бағынды, Қырғыздар бір мезет қарсылық көрсеткен-мен, сұрапыл тегеурінге төтеп бере алмады. Ал ұзақ жылдар бойына жоңғарлармен табан тірескен қазақтар ғана бодды. Жоңғарлар қазақ елінің Шығыс жәңе оңтұстік жағындағы бірсыпыра кең-байтағын басып алды".



Ф.А.Щербина қазақ батыры қамал бұзғыш Олжабайдын ерекше бір қасиеті жайында айта келе, мынандай қызықты дерек келтіреді: "Олжабайдың тастан қашалған бейнесі ретінде сақталған сол соғыстың ескерткіштері қазіргі' уақытқа дейін бар, Қазақтардың айтуынша, огіың жеңіске жеткен жеріне ескерткіш қоятын әдеті болған".
Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар.

  1. Қазақ – жоңғар соғысының негізгі себептері және аяқталуы?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998.

2 Тақырып: Қазақ-жоңғар хандығы арасындағы соғыс және жоңғар хандығының күйреуі (1635-1758). Қазақ жоңғар соғысының қысқаша тарихнамасы.



Дәріс мақсаты: Қазақ-жоңғар хандығы арасындағы соғыс және жоңғар хандығының күйреуі (1635-1758). Қазақ жоңғар соғысының қысқаша тарихнамасы жайлы студенттерге толық мәлімет беру.
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Қазақ-жоңғар хандығы арасындағы соғыс және жоңғар хандығының күйреуі (1635-1758)?

  2. Қазақ жоңғар соғысының қысқаша тарихнамасы ?


Дәріс.

Златкин И.Я. Русские архивные материалы об Амурсане. Филология и история монгольских народов. М., 1958.

Осы еңбектерге сүйеніп, қазақ тарихын жазған М.Тынышбаевтың айтуына қарағанда, барлық қазақтар біркелкі дәрежеде "Ақтабан шұбырындыға" ұшырамаған. Әсіресе, Ұлы жүздің ішінде коныс аудару болмаған. Өзінің жайлаған аймағында қалып қойған. Бұл өңірге щығыстан ығысып келген кейбір тайпалардың бөлігі ғана Сырдарияның төменгі жағына қарай қарақалпақтармен бірге кешкені белгілі дейді. Қазақтардың түгелдей босқынға ұшырамағанын, өз жерінде жаумен табан тіресе соғысқанын көреміз.

"Өтеген батыр" жырында Орта жүз бен Ұлы жүздегі дулат, жалайыр, албан, найман руларынан әскер жасақталғаны жайында айтылады. Дулаттардың біразы Сарысуға қоныс аударған кезінде Өтеген солармен бірге кетпекші болғанда, ақын Өтегенге арнап:

Ақтабан болган алыс жол,

Бұл сапардан сескенем.

Атыңның басын кейін бұр,

Күтеді көмек ел сенен,

деген халыктың сөзінен Өтеген шыға алмай мойынсұнады. Орта жүз Ұлы жүзге, үйсіндерге көмекке келеді.

Екі жүздің баласы Төмен қарай бір ықты.

Елін қоргап өлімнен,

Жауга қарай қол шықты.

Колды бастап, найза ұстап,

Өтеген батыр ол шықты, —

дейді. Қазақтардың жоңғарлармен соғысын айта келе, белгілі ғалым

У.Шалекенов өз еңбегінде: "1723 ж."Актабан шұбырынды, алқакөл сұламаға" көбірек ұшыраған Қазакстанның оңтүстігі болып, осы жерге шығыстан ығыстырылып келген кейбір қазақ тайпалары Сырдарияны төмендей көшіп, Мұғалжар тауына дейін барған". Олар онша көп болған жоқ деген корытынды жасайды.

Шындығына келсек, 1723 ж. жоңғарларға іргелес отырған найман, керей, үйсін руларының ішінара жоңғарларға бағынуы қазақ елінің болашағына қатер бұлтын төндіргенімен, бірак ол алғашқы кезеңде ел тағдырын шешетіндей басты оқиға бола алған жок. Өйткені 1723 ж. көктемде дулат, шымыр, жаныс рулары әлі қыскы қыстауында еді, дәлірек айтканда, олардың қыстаулары Ташкент төңірегіндегі Сарыағаш маңайы болған. Қарақамыс аталатын жерде де шымырлар, жаныстар кыстаған еді. Ал Ұлы жүздің жаз жайлауы — Билікел, Ақкөл, Шу маңайы. Арқадағы Ұлытауға дейін әлі көшіп келе қойған жоқ болатын.

Қазақ хандығының жасақтары (ескерлері) 1723 ж. Түркістан, Ташкентті тастап шегінгенімен, қазак хандығы жойылған жоқ, казақтар өздерінің мемлекеттігін сақтап қалды. Ал Ш.Уәлиханов айтқан "...Шошынған ел (қазақтар) сайғақтың үйіріндей дүние-мүлкі мен мал-жанын тастап, түстікке қашканы, Орта жүз Самарқан маңына, Кіші жүз Хиуа мен Бұхараға дейін барып тоқтағаны" туралы құжат жоқ. Ал Ш.Уәлихановтың бұл сөзі тарихи шындык емес, Ұлы жүз бен Орта жүз негізінен, өздерінің ата қонысында жоңғар шапқыншылығы кезінде де қала берді. Сондағы аңғарғанымыз - 1723 ж. жоңғарлардың алғашқы шабуылында Ш.Уәлиханов айтқандай, Орта жүз Самарқан, Кіші жүз Хиуа мен Бұхара маңына шегінбеген, өздерінің ата конысындағы қыстауында болып, әлі жайлауға көшпеген.



Тағы бір көңіл аударар мәселе, ол тарихшылардың тілге тиек етіп жүрген "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" сөз тіркесі мен "Елім-ай" өлеңі. "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" тіркесін жер аты жок мақал-мәтелдерге ұқсас пайдаланады. Ал "Елім-ай" жыр-өлеңіне келсек, ол ел бірлігін сақтап, азаттык жолында күш біріктіру, мемлекетті сактау идеясы. Өлең Түркістанды қорғау кезінде шыққан көрінеді. Сонымен бұл өлең қазақтың "ит қуған қояндай қашқанын" емес, Отанды, жерді, мемлекетті, елді корғауға шақырған үндеуі еді. Осындай Отанды жаудан қорғауға шакырған үндеулердің басқа түрлері де болған. Батырларды, азаматтарды жауға қарсы тұрар ерлікке шақырып, бірлікті дәріптеу, батырларды намыска шакыру үндеулері көп болған

Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар.

1. Қазақ-жоңғар хандығы арасындағы соғыс және жоңғар хандығының күйреуі?



Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998.

3 Тақырып: Жоңғар, ойрат, қалмақ сөздерінің қалыптасуы мен жоңғар хандығының құрылуы және сыртқы саясаты.



Дәріс мақсаты: Жоңғар, ойрат, қалмақ сөздерінің қалыптасуы мен жоңғар хандығының құрылуы және сыртқы саясаты жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Жоңғар сөзінің қалыптасуы?

  2. Ойрат, қалмақ сөздерінің қалыптасуы?


Дәріс.

Қазақ және жоңғар хандықтары арасындағы соғыстарды баяндаудан бұрын жоңғарлар, ойраттар, қалмақтар кімдер, одардың шығу тегі, ата мекені, қазақ шекарасына келу тарихы, ұлт болып қалыптасып, мемлекет құру тарихына, даму кезеңдеріне біраз тоқталып өткеніміз жөн болар деп есептейміз.



Қазақша қалмақ, ойрат, қытайша элюттер, орысша зюнгар (жоңғар) деген атауяардың бәрі — бір халык. Қалмақ деп түркілер батыс монғолдарды айтатын болған. Олар өздерін ойраттар дейді, қытай кітаптарында элюттер деп аталады. Қалмақ деген сөз В.В Бартольдтің тұжырымдауынша, мұсылман кітаптары ішінде Шараф-ад-Дин Иаздінің 1425 ж. жазылып біткен Зарафнамасында, мукадимасында бұл сөз түркілердін "қалу" дегеннен шыққан, ойраттардың отқа табынушылар қатарында қалғаньша байланысты сияқты.

Айналып келгенде, қалмақ, ойрат, элют және жоңғар (сол қанаттағы адамдар) деген сөздер чорос, хошауыт, торғауыт, дөрбәт деген батыс монғолдардың аттары: Олар XIV ғ. 2-жартысында "ойраттар одағын" құрып, монғол хандығының қол астынан кетіп, өз тайпаларыньщ баскаруында бол-ды.



И.Я.Златкиннің айтуынша, сол уақытта олар шығысында Хангай тауының батыс жоталары, оңтүстігінде Гоби шөлі, батысында Моғолстан, терістігінде Ертіс пен Енисей аралығындағы онша үлкен емес аймақты жайлаған. Батыс монғол тайпалары өзара қақтығысатын еді, кейде бастары бірігіп қалатын, сондай күшейген кездері көршілерін шабатын. Олардан кеп шапқыншылыққа ұшырайтын Монғолия еді. XV ғасырдың ортасында қалмақтарды қайратты да іскер Тоған (1438--1440), оның ұлы Эсен тайша (1440—1455 ж.) басқарды. Ол ой-рат тайпаларын біріктіріп қана қоймай, өз билігін бүкіл Шығыс Монғолияға таратты. Эсен тайша өлгеннен кейін (1455 ж.) олардың саяси қуаты да уақытша таусылды. Алайда ойрат бйлігі онша ұзакка созылған жоқ. XV ғ. 2-жартысында Монғолиядағы билігінен айырылды.

Шығыс Монғолияның қалқа тайпаларынан жеңілген ойрат тайпалары өздерінің бұрынғы өріс-қоныстарынан айырылып, топ-топ болып қоныс аударуға мәжбүр болды. Олар бірте-бірте қазақ даласына - Ертіс, Іле, Жетісу, Алтай, Тарбағатай - өңіріне ене бастады. Бұл арадағы жайылымдық жерлер үшін жергілікті тайпалармен қактығысты. Бұл кезде бытыраңкы ойрат тайпалары казақ хандарынын шапқыншылығына ұшырады.



Өздерінің алғашқы шабуылдарында сәтсіздікке ұшырап, казақ хандығынан жеңілген ойрат тайпаларының бір белігі XVI ғ. қазақ хандығына бағынып, тәуелді болды. 1598 ж. Тәуекел өзін қазак жене қалмақ ханы деп жариялады.

Сонымен, ойраттар алғашқы кезде Енисейдің бас жағында тұрды. Қырғыздардың жақын көршісі болды және одақ қүрды. Ойраттар мен қырғыздардың Моғолстанға (Жетісуға) жорығы 1470 ж. болды. Осы қозғалысқа қатысқан қырғыздар сол кезде Моғолстанның оңтүстік бөлігінде Тянь-Шань тауында орналасты және осында коныстанып қалды. Қырғыздардың қазақтармен жақындасуы оларда ислам дінінің орнығуына әсерін тигізді және қырғыздар ойраттардан қол үзді.

Ойраттардың жоңғар хандығы деп аталатын саяси бірлестігі 1635-1758 жылдары өмір сүрді. XVI ғасырдын ақырында ойраттар торғауыт, дөрбіт, хошоут, вюрс деп аталатын төрт ірі тайпалық бірлестіктен құралды. Торғауыттар Тарбағатай тауынан шығысқа қарай созылған жерлерді, дөрбіттер Ертіс өзенінің батыс жағын, хошауыттар қазіргі Үрімші маңын, ал шорстар Іле өзенінің бойын (бас жағын) қоныстанды. Олар әсіресе, орыстармен қатынасын жақсартқаннан кейін, Сібірдегі орыс қалалары мен бекіністеріне айырбас сауда жасап, олардан қару-жарақ сатып альш отырды.

XVII ғасырдың басында ғана ойраттар ішінде қайратты, жауынгер басшылар шыға бастады. Олардың ішіндегі біріншісі чорстың Қарақұла (Хара-Хула) тайшасы еді. Қарақұла барлық ойраттарды қазақтарды шабуға біріктірді, ақыр аяғы Жоңғар хандығы пайда болды. 1634 ж. Қарақұла өлгенде билік оның ұлы Батыр хонтайшыға кешті, ғьшымда осы 1635 ж. Жоңғар хандығы құрылған жыл деп есептеледі.

Қазақ жерін жаулау баяу және бірте-бірте жүргізілді. Әскери қақтығыстар мен бітімге келу қалмақтардың алдыңғы топтарының қазақ хандары мен сұлтандарының қол астына өтуімен кезектесіп отырды. 1598 ж. Тәуекел орыс патшасына өзін қазақ және қалмақ ханы деп жазады.



XVII ғасырдың басыңда қалмақтардың алдыңғы топтарының батысқа ұзағаны сонша, Хорезмге шабуыл жасай бастады. 1603-1604 жылдардың қысында қалмақ ескері келіп, Қожакелден бастап Түк бекінісіне дейінгі аралықта өзен жағасында отырған елге бүлік салып, Бүрлі арқылы (Әмудын оң жағында Түйе мойын маңы) жетті деп жазады Әбілғазы. Хиуалықтардың басшысы Арабхан қалмақтарды қуып жетіп, тұтқыңдар мен алған олжаларын қайтарады. Бұл қалмақтардың Хорезмге бірінші жорығы еді, - дейді Әбілғазы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет