Әскери өнер тарихы ” 5В010400 “Бастапқы әскери дайындық” мамандығы бойынша



бет2/15
Дата31.01.2018
өлшемі2,89 Mb.
#37168
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Дәріс.

Батыс түркілерінің мемлекетін құрған түргеш тайпасыньш көсемі Уч-Элиг (Үш-Елік) Он оқ елінің бірлестігін қалпына келтіріп, жаңа мемлекетке Түргеш (690-766 жж.) атын берді.

699-704 жылдары түргештердің қолбасшысы Үш-Елік Батыс қағаңдықта орын тепкен басқа түркі тайпаларын ығыстырып, Шаш (Ташкент) пен Турфан және Бешбалыққа (Шығыс Түркістанда) дейін өз билігін орнатты.

Батыс Түркі қағандығы құлағаннан кейін түргештер тез арада күшейіп, тарих сахнасына шығуға талпынды. Түргештердің көсемі өз ұлыстарын біріктіріп, басқару жүйесін қалыптастырды. Өзіне қарасты елді әрқайсысында 7 000 - нан тұрғыны бар 20 әкімшілік аймаққа бөлді. Бүкіл ел он канат, сол қанат болып, екі үлкен ұлысқа бөлінеді. Түргеш қағандығының ұлы астанасы Суяб қаласында, кіші астанасы Іле өзені жағасындағы Койлық (Күнгіт) қаласында болды. Тань патшалығының көне деректеріне қарағанда, ол кезде түргештердің қоныстанған жері "Шығыс - солтүстікте Шығыс Түркі қағандығымен қанаттас, батыс-оңтүстікте Соғдылармен, ал шығыс - оңтүстікте Шаш аймағымен шекаралас болды.

Үш - Еліктің мақсаты Тань империясыл Жетісуға шабуыл жасаудан мүлде үміт үздіріп, қытайлық басшыларды бағындырып алу еді. Ашық даладағы ұрыс барысында қытайлар бас көтере алмастай талқандалып, Аньси басшысы Нью Шицзян 1708 жылы қаза тапты.

Үш-Еліктен кейінгі Түргеш қағаны Сұлу (Сүлік) аз уақыттың ішінде шаңырағы шайқала бастаған Түргеш қағандығын қалпьша келтірумен бірге, екі майданда бірдей соғысты. Оның бірі батыстағы мықты жауы арабтар еді. Арабтардын жеңілу көрмеген әскеріне 714—715 жж. Сұлу (Сүлік) әскері Сырдариядан бірнеше рет өте шабуылдап, бірнеше рет шегініп қайтты. Акыры арабтарға қарсы күрескен жергілікті халықтың көмегіне сүйеніп, оларды Мауараннаһрдан Әмудария мен Сырдария ортасындағы жерге куып шықты. Ал екінші майдан Қытай тарапынан шықты. Олар Батыс Түркі кағанындағы ру бектерін желіктіріп, Сұлуға карсы күш ретінде пайдалануды көздеді. Бірақ Қытайдың жымысқы саясатынан еш нәтиже шықпады.

Түркі халықтарының тарихында Талас жеңісі өте маңызды болып саналады және арабтар әскери шабуылын тоқтатып, Орта Азия, Қазақстан, ІІІығыс Түркістанға бейбіт жолмен ислам мәдениетінің таратылуы шешілді. Сары түргештер мен қара түргештер арасында таққа таласушылық қытай әскерін жеңгеннен соң да жалғаса берді, Ілмін қаған (753-756 жж.), Ата Боиша қаған (756-766 жж.) билік жүргізді, бірақ өзара қырқыс тоқтамады.

Түргештер өздерін осылай әлсіретіп біткен кезде, күшейіп келе жатқан қарлұқтар (түркі тектес) 766 жылы оларды жаулап алып, біржола тәуелді етті - билік қарлұқтардың қолына кешті. Түргеш қағандығы 704 жылдан 766 жылға дейін өмір сүрді.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Түргеш қағандығының құрылуы?

  2. Түргеш қағандығының Қытай армиясымен соғысы?

  3. Түргеш қағандығының қағандары?



Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

7 Тақырып: «Моңғол» және «татар» атауларының қалыптасуы.



Дәріс мақсаты: «Моңғол» және «татар» атауларының қалыптасуы жайлы мағлұмат беру.
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. «Моңғол» атауының қалыптасуы?

  2. «Татар» атауының қалыптасуы?


Дәріс.

Шыңғыс хан империясының қарулы күштері мен соғыс өнеріне кіріспес бұрын "монғол" және "татар" деген сөздердің (халық атының) хатқа түсу тарихына тоқталайық.

Шыңғыс ханға дейін моңғол деген халық, ел, тіпті жеке
тайпа да болмаған. Байқал көлінің солтүстік - батысынан Ке-
руленге дейінгі аралықта өмір сүрген халықтарды қытайлық -
тар "татарлар" (жазылуы "тотар") деген. Олар өздерін "отыз
татар", "тоғыз татар" деген. Татарлар бірлескен үш үлкен
тайпаға бөлінген. Ол татар тайпалары
VIII ғасырдағы түрік-орхон жазбаларында кездеседі. Сонымен, моңғолдар немесе сол кезде өздерін татар деп атаған халықтар көпке дейін тайпаларға бөлінді. Қытайлықтар бұл татарларды мәдени белгісіне қарай үш топқа бөледі: ақ татарлар; қара татарлар, аңшы татарлар.

1. Ақ татарлар қытай корғаны жанында, Оңтүстік Монғолияда тұрған. Оларға қытай-түрік мемлекеттік өркениеті ықпал етті.

  1. Қара татарлар қазіргі Монғолияның үлкен бөлігін алып жатты. Олар түрік мәдениетті халықтардың ықпалында болды.

  2. Монғолдар "орман халықтары" деп атаған аңшы татарлар қазіргі Забайкалье облысы мен солтүстік - батыс Монғолияда рулық жағдайда өмір сүрді.

Жоғарыда аталған қара татарлар мен аңшы татарлар
иелігінің шекарасында, Онынның Делуін бұлтақ деген
жерінде, шамамен 1115 жылы қара татар жанұясында Тему-
жин (Шыңғыс хан) дүниеге келеді. Ол кезде қазіргі Монғолия
жерінде көптеген ұсақ ру нояндары жеке - жеке ру мен тайпаларды билеп, өзара үнемі бақталас, алыс - жұлыспен келген.
Бірін-бірі тонау, өлтіру ісі әдетке айналған.

Сонымен, ол кезде "татар" деген атпн түріктерді емес, кидандардың (қара кытайлардың) бір белігін атаған. Томсеннің айтуы бойынша, татарлар Байкал көлінін оңтүстік - батысынан Керуленге дейін өмір сүрген. Түріктер монғолдардың қазіргі жер аумағында өмір сүрген. Орхон жазбаларында Өтікен облысы түріктердің мекендеген жері делінген. Ал "қара татар" атанып жүрген халықтар осы түріктермен араласқан тайпалар.

Татарлардың кейбір бөлімдері түріктермен жакындасыл және батысқа қарай жылжып тұрған. Кейбір жасырын (құпия) жазбаларда Худут ал-алам (қараңыз: Туманский. Жаңа ашылған парсы географиясы. 121-бет) татарлар тугуз-гуздардан (ұйғырлардан) бөлінген делінген, ал Гордизиде (сонда, 82-бет) Ертіс жағалауьндағы қимақтардан бөлініп шықкан дейді". Кейбір шежірелерде 1203 ж. наймандар мен керейлер мемлекетін жеңгеннен соң, Темужин (Шыңғыс хан) өзін 1206 жылы тұңғыш рет Шьщғыс хан деп атады. Сол кезде Шыңғыс ханның өз гвардиясының түбірлі құрамы яғни онын билігінің негізгі тірегі құрылды. Әскердің негізі қара татарлар болды. Ол әскері "мың қол", ягаи мың адамнан құрылды. Шьңғыс ханның айтуынша, алғашында оған 13 мың кара татар отбасы (үй) бағынып, мың адам жинап берген. Енді Шьңғыс ханға табынған қара татарлар рулары Шыңғыс ханға мын адамнан әскер топтайтын болғандықтан, өздерің руларыньда атымен емес, топталған әскер атымен "мың қол" немесе "моңғол" деп атап қеткен. Сонымен, Шыңғыс хан заманынан қара татарларда "моңғол" деген ат қалыптасты, бірақ олардың арғы тегі татар аты жойылғаи жоқ. Олар өздерін монғол - татарлар-мыз деп жалғастыра берді

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Шыңғыс хан имлериясының қарулы күштері мен соғыс өнері?

  2. «Моңғол» және «татарлардың» орналасқан жерлері және қалыптасқан мерзімі?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

8 Тақырып: Шыңғысхан әскері мен саны.



Дәріс мақсаты: Шыңғысхан әскері мен саны туралы мәлімет беру.
Қарастырылған сұрақтар:

  1. Шыңғысхан әскері мен саны?


Дәріс.

Монғолдардың күші жөніндегі неғұрлым нақты деректерді
ХІУ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген нарсы тарихшысы Ра-
шид ад-Дин қалдырған. Ол Иранды билеген хулагидтердін
уәзірі болды да, бізге жетпеген монғол мәліметтерін пайда-
ланды. Ол Иран хандарының қазынасында сақталған "Алтын
дафтар" ("Алтын дәптер") деректеріне сүйенеді. Онын
мәліметі бойынша, Шыңғыс ханның өлер алдында (1227 ж.)
129 мың жауынгері болған. Бұл цифр 1240 жылы шыққан мон-
ғол эпосына қосымша дәлелденеді. Онда 1206 жылы Шыңғыс
ханның 95 мың әскері болды деп көрсетілген. Бұл мәліметтер
күмән келтірмейді, өйткені екеуінде әр мындықтар мьңбасы-
ның атымен қоса берілген. Ол туралы монғолдың "Құпия
шежіресінің" 202, 203 - тармақтарында: Ел-жұртты ұйымдас-
тырысқан ежелгі ер достарды туысын ноян етіп, қажымай күш
жұмсаған кайырымды жолдастарды мындық нояны болғызып,
уәлі сөзімді айтайын" деп жарлық етеді. Мындық нояндарын
тағайындаған өмірі:

1. Меңлік атай. 2. Боорчи. 3. Мухулай Гоуая. 4. Йлугай. 6. Жорчидай. 7. Хунан. 8. Хубилай. 9. Зэлмэ. 10. Тугэ. 11. Дэгэй. 12. Толун. 13. Үнгур.'14. Чулгэдэй. 15. Борохул. 16. Шигиху-туг. 17. Хучу. 18. Хохәчу. 19. Хоргасун. 20. Усун. 21. Хуйлдар. 22. Шилугөй. 23. Жңдай. 24. Тахай. 25. Цагаан гуа. 26. Алаг. 27. Сорхон-інара. 28. Булуган. 29. Харачар. 30. Хөхөчес. 31 Сүйхэту. 32. Ная. 33. Жунсу. 34. Хучхур. 35. Бала. 36. ОраНар-тай. 37. Дайр, 38. М-угэ. 39. Бужир. 40. Мүнгүүр. 41. Долоо-дой. 42. Бөрөн. 43. Худус. 44. Марал. 45. Жибгэ.'46. Юрүхан. 47. Хөхе. 48. Зэвэ. 49. Удутай. 50. Бала-Чэрби. 51. Хэтэ. 52. Сүбээдэй. 53. Мөнх. 54. Халжа. 55. Хурчахус. 56. Гэуги. 57. Бадай; 58. Хишйлиг. 59. Хэтэй. 60. Чаурхаи. 61. Хкнгиран. 62. Тогоон-төмөр. 63. Мэгэту. 64. Хадаан. 65. Мороха. 66. До-рибөхө. 67. Идухадай. 68. Ширахул. 69. Дауна. 70. Дамачи. 71. Хауран. 72. Алчи. 73. Тобсаха. 74. Тунхуйдай. 75. Тобуха. 76. Ажинай. 77. Түйдхэр. 78. Сачуур. 79. Жидэр. 80. Опар күйеу. 81. Хингиадай бұқа күйеу. 82. Хурил. 83; Ашиң күйеу. 84. Ха-лай күйеу. 85. Чигу күйеу. 86, 87, 88. Алчи күйеу, үш мын қоңырат. 89, 90. Буту күйеу, мың ихирэс. 91, 92,93; 94, 95 Он-гуудтық Алхушдигит хурй күйеу, бес мындық онгууд, орман жұртының сыртында, Монғолдың мыңдық нояндарын Чингис қаған тағайындағанда мыңдық нояндар 95 кісі болды.

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Шыңғысхан әскерінің жүздікке, мыңдыққа бөлінуі және оларды басқаратындар?



Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

9 Тақырып: Моңғол мемлекеті, оның қарулы күші және моңғол – түріктердің соғыс өнері.

Дәріс мақсаты: Моңғол мемлекеті, оның қарулы күші және моңғол – түріктердің соғыс өнері жайлы студенттердің түсініктерін қалыптастыру.
Қарастырылған сұрақтар:

  1. Моңғол мемлекетінің құрылуы?

  2. Моңғол – түріктердің соғыс өнері?


Дәріс.

Монғол тайпаларының қоғамдық даму ерекшелігіне карай, монғол соғыс өнерінің өзіндік сипаты болды.



Монғол тайпалары екі үлкен топқа жіктелді: орман таййпалары немесе аңшылар, дала тайпалары немесе мал өсірушілер. Аңшылар Байкал көлі жағалауында, Енисейдін жоғарғы жағы мен Ертіс бойында өмір сүрсе, малшы монғолдар Байкалдың оңтүстігіндегі таулы жайылымдардан Алтай тауының батыс сілемдеріне дейінгі аралықтағы жазық далаларда көшіп жүрді. Малшы-көшпенді тайпалардың саны мол болды, олар орта ғасыр тарихыңда маңызды рөл атқарды. Монғолдың "асыл сөздерінде" олар өздерін "киіз үйдегілер ұрпағы" деп атады.

XI—XIII ғасырларда монғолдардағы негізгі кәсібі аншылык пен мал шаруашылығы болды. "Олардың малы өте көп: түйе, сиыр, қой, ешкі және жылқы. Олардың малыныц көптігі сонша, біздің ойымызша, ондай мал бүкіл әлемде жоқ", — деп жазды Плано Карпини 1246 жылы монғолдарға барғаннан кейін.

Кейбір деректер бойынша, Монғолия жерінде алты мың жылдай бұрын, алғаш рет жылкы қолға үйретілген, жылқы үйірлері монғолдардың басты байлығы болып есептелді. Жылкы өте жоғары бағаланды, себебі далада жылқысыз іс бітіру мүмкін емес еді. "Кім аттан жығылса, - деді Шьщғыс хан, - ол қайтып шайқасқа кіре алмайды. Тіпті тұрып кеткен күннің өзінде, жаяу жүріп атты әскерді қалай жеңбекші?"

Көшпенді малшылар атты әскердің негізгі базасы болды. Монғолдардың әскери күші жылқы санымен анықталды. Негізгі міндеттері жылқыны аман сақтау болып табылады.

XI—-XIII ғасырларда монғолдар керуендермен - рулармен немесе ауылмен көшіп жүрді. Күрен - монғолдардың ру немесе тайпалық одағы. "Күреннің мәні, - деп жазады ежелті бір автор, - айналмалы дөңгелек болуында. Ежелгі уақытга белгілі бір тайпа бір жерге қоныстанғанда, дөңгелене орнала сатып болған. олардың ақсақалдары осы дөңгелектін орта тұсын мекендеген. Осыны олар күрен деп атаған. Қазіргі уақытта жау әскері жақындаған кезде бөтендерді арасына енгізбеу үшін осылай қоныстанады". Күренде бірнеше жүзден бірнеше мыңға дейін киіз үй болды.

Әскер ондыққа, жүздікке, мыңдыққа, он мыңдыққа (түмен) бөлінді. Оларды онбасы, жүзбасы-, мыңбасы ноян басқарды. Басшылар арнайы шатырлар, қосымша қару-жарақ, жылқы қорын ұстады. Шыңғыс хан қолбасыларды бейімділігіме қарай іріктеді: ақылдылар мен батылдарға әскер басқартты, шаруаға бейімділерге әскери жүк керуендері мен малды тапсырды.

Негізгі әскері атты әскер болды. Олар ауыр қару - жарақты және жеңіл қару-жарақты болып бөлінді. Ауыр қару-жарақты атты әскер жаудың негізгі күшімен шайқасты. Ал жеңіл қару-жарақты атты әскер күзет және барылау қызметтерін атқарды. Олар шайқас кезінде жауды жебенін астына алды. Монғолдар ат үстінен садақ тартудың шебері болды. Жеңіл қару - жарақты атты әскер жаудың соңына түскенде үлкен рөл атқарды. Атты әскер қосымша көп жылқы ұстады, мұның өзі олардың ұзақ қашықтыққа тез жетуіне көмектесті. Монғол әскерінің негізгі ерекшелігі арбалы жүк ұстамауында болды. Тек хан мен аса жоғары дәрежелі ақсуйектер ғана арбаны пайдаланды. Монғолдардың негізгі қару - жарағы садақ болды, ол ерекше бояумен боялды. Бұл бояу садақты дымқылданудан және қаңсып қалудан сақтады. Әрбір жауынгер бірнеше садақ және жебе салынған қорамсақ ұстады. Бұған қосымша ұшы темір найзасы болды. Онымен жауды аттан құлатты. Қисық қылышы, темірмен айқышталған бас киімі болды, ұзын сүңгі ұстады. Бұған қосымша жауынгерлер ұзын арқан ұстады, оны соғыста және аң аулағанда пайдаланды.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Моңғол мемлекетінің құрылуы?

Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

10 Тақырып: Моңғол – түріктердің Еуропаға жорығы. Моңғол – түріктердің соғыс өнері. Моңғол – түрік әскерінің барлау ісі және қарсыластарына іріткі ұйымдастыру тәсілдері.



Дәріс мақсаты: Моңғол – түріктердің Еуропаға жорығы. Моңғол – түріктердің соғыс өнері. Моңғол – түрік әскерінің барлау ісі және қарсыластарына іріткі ұйымдастыру тәсілдері жайлы мағлұматтар беру.
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Моңғол – түріктердің Еуропаға жорығы?

  2. Моңғол – түрік әскерінің барлау ісі және қарсыластарына іріткі ұйымдастыру тәсілдері?



Дәріс.

Монғолдар 1194-1206 жж. аралығында ІІІыңғыс ханнын басшылығымен Жапон теңізі мен Сары теңізден Ертіс өзеніне дейінгі аралықты, Сібірдің оңтүстігін, Қытай мен Манчжурияны басып алды. Осыдан олар Орта Азияға шабуыл жасап, Хорезм мемлекетін бағындырды. Сүбедей басқарған монғолдын аса күшті отряды Кавказға жетіп, Грузия мен Арменияны басып адды.

Әр елді басып алған сайын Шыңғыс хан басып алған жерлерінде халык санағын жүргізуді, егіннен түскен өнімнін оннан бірін, әр жүз бас малдан бір мал салық салуды өз щенеуніктеріне тапсырып отырды. Салық жинауда сол елдін ақсүйектерінің көмегіне сүйенді, оларға да салықтан үлес беріліп отырды. Сөйтіп, монғолдар жергілікті халық арасынан өздеріне тірек тапты.



Монғолдар Нючжей имиериясына (Солтүстік Қытай) салық төлеп тұрды. Бірақ 1210 жылы Шыңғыс хан салық төлеуден бас тартып, өз тайналарына Қытаймен соғысуға дайындалуға бұйрық берді.

1211 жылы ол өзінің ұлдары Жошы, Шағатай, Үгідай (Үгедей, Оқтай) жене Толының қолбасшылығымен, кеп әскер ертіп жорыққа шықты. Гоби даласынан откен монғолдар Солтүстік Қытайға қарай жылжыды. 1215 жылы олар Пекинді талқандады. 1216 жылы олар Мояғолияға қайтып оралып, Орта Азияға жорық жасауға дайындала бастады.



Орта Азияда бұл кезде екі үлкен мемлекет - Қарахан - Найман мемлекеті мен Хорезм мемлекеті өмір сүрді. Бұл мемлекеттер әр түрлі тайпалардан тұрды. Тайпалар өзара діни ала ауыздыкта болды. Саяси ала ауыздық бұл мемлекеттердін әскери күшін әлсіретті.

Шыңғыс хан осы мемлекеттердің әлсіздігін пайдаланып, өзіне бағындырмак болды. 1218 жылы ол үлкен құрылтай щақырып, Хорезммен соғысу жөнінде шешім қабылдап, дайындық жұмыстарын белгіледі. Монғол-түріктердің негізгі стратегиялық іс-қимылы негізгі шайқастардан жалтарып кету болып табылады.

Монғол - түрік әскерлерінің тактикасында өзіне ғана тән көптеген ерекшеліктері болды: жақсы ұйымдастырылған әскери барлау, өз әскерлерін тактикалық жағынан белу, маневрді дұрыс ұйымдастыру, шайқасты басқара білу.

Монғол-түріктер өздерінің бүкіл өмірін әскери қызметке арнады. Олар өте жақсы атты садақшылар болды. Шайқаста олар тас ататын машиналарды, түтіндеткіштерді қолданды. Күндізгі ұрыста белгі ретінде ысқыратын жебелерді, ал түнде түрлі түсті фонарларды пайдаланды. "Ақылға сыймастай шапшаң, табаңды ері үнсіз олар тек бұйрық арқылы ғана қимыл жасайтын сияқты", — деп жазды сол кезде өмір сүрген біреу.

Монғол-түріктер қолбасы іріктеуге де аса үлкен мән берді. Қолбасыны тандағанда ең алдымен қойылатын талап: олардың шығу тегі, жасы, қызметі емес, жеке бас қасиеті, әскери бейімділігі, басқару қабілеті есепке алынып отырды. Сүбедей 25-ке толғанда, он мың әскерге басшылық жасады, өз өмірінде 82 шайқасты табысты өткізіп, 65-інде жеңіске жетті. Шыңғыс хан былай деді: "Алғырлар мен табандыларды әскер басқаратын бек қылдым, сенімділер мен ептілерді табыншы қылдым, табанды еместерді, жасықтарды мал бағуға жібердім...'"



Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Моңғол – түріктердің соғыс өнері?

  2. Моңғол – түрік әскерінің барлау ісі және қарсыластарына іріткі ұйымдастыру тәсілдері?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Аманжолов К., Тасболатов А. «Қазақстанның әскери тарихы». – Алматы: «Білім», 1999.-312 бет, суретті.

11 Тақырып: Темірланның армиясы және оның соғыс өнері. Темірлан кезіндегі әскери өнердің дамуы.



Дәріс мақсаты: Темірланның армиясы және оның соғыс өнері. Темірлан кезіндегі әскери өнердің дамуы туралы мағлұмат беру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Темірланның армиясы және оның соғыс өнері?

  2. Темірлан кезіндегі әскери өнердің дамуы?


Дәріс.

Темірлан өзбектермен соғысу үшін қызу дайындық бастады. Ол түркмендерді өзбектерге қарсы үгіттеді. 1369 ж. Самарқандта халық көтерілісі болды. Темірлан қаланы басып алып, көтерілісшілерді талқаңдады да, өзбектерге қарсы соғыс бастады. Өзбектерді Тоғлұқтың ұлы басқарды. Оның жүз мыңдай әскері болды да, 80 мыны қамалдарда тұрды. Темірланның жасағында бар - жоғы 2 мындай адам болды. Өзбектердің күші бірікпегенін пайдаланып, Темірлан оларға бірнеше рет соққы берді 1370 жылға қарай өзбектер Сырдарияның ар жағына қарай шегінді. Темірлан Тоғлұқтың ұлы-ның атынан қамал басшыларына қамалдарын тастап, Сырдарияға щегінуге бұйрык берді. Осы қулықтың арқасында барлық қамалдар босатылды.

Темірлан өзін озбектердің құтқарушысы етіп көрсетуге тырысты. Сөйтіп 1370 ж. құрылтай шақырылып, онда бай және ақсүйек монғолдар Шьщғыс ханның тұқымы Қобыл - Шах Огланды хан етіп сайлады. Көп ұзамай Темірлан бұл ханды өлтіріп, өзін әмірші деп жариялады, Самарқан қаласын өзіне астана қылды. Содан кейін бірнеше әлсіз мемлекеттер жаулап алынды. Темірлан әскери басшылықта Шыңғыс хан мең түріктердің әскери тәжірибесін пайдаланды.



Өзінің Түркістанға таласуы кезінде үнемі қасыңда болған 313 адамның ішінең ол 100 адамды он басы, 100 адамды жүз басы, және 100 адамдымың басы етіп бекітті. Қалған - 13 адам жоғарғы қызметке ие болды. Басшы таңдауға үлкен мән берілді. "Таяқ пен қамшыдан билігі осал басшы басшы емес", — деді ол. Он басылар ондықтың ішінен іріктелді. Ал жүз басылар, мың басылар және одан жоғарғы басшылар жоғарыдан тағайындалды.

XIV ғ. түріктер, негізінен, Азияны жаулап алу саясатын жүргізді. 1371 жылы самарқандықтар Темірланның басшылығымен өзбектерге соққы берді. 1376 жылы ол ПІыңғыс ханның ұрпағы Тоқтамыстың қыпшақтарта хан болуына қолдау көрсетті.

1378 жылы Темірланды жақтаушылар Хорезмге қайта басып кіріп, оны жаулап алды. Одан кейін Ауғанстан басып алынды және Персия мен Кавказға шабуыл басталды. Содан соң Дербент-Тбилиси-Эрзерум бағытында шабуыл жасап, Грузияны басып алды. Грузин патшасы қолға түсті.

Грузиндердің Вардзия қамалы Темірлан әскеріне қатты қарсылық көрсетті. Қамалға тек үңгірде орналасқан арнайы есік арқылы ғана енуге болатын. Қамалды қорғаушылар үңгірге түскен жауларын жебе, тас, ыстық смоланың астына алды. Қамал жер асты жолдары арқылы Тмовги, Накалакеви, Ванис, Кваби қамалдарымен байііанысып жатты. Монғолдар бұл қамадды көрші таудан ұзын арқандар арқылы түсірілген қамал ұрғыш дөңбектердің күшімен алды. Темірлан әскерінде шабуылға инженерлік дайындық, жақсы жолға қойылды.



Темірлан басып альшған елдерден жүз елу мыңға Жуык
қолөнерші шеберді өз астанасы Самарқанға алып келді, онын
бұйрығы бойынша, қалада және қаланың сыртында көптеген
әсем сарайлар салынды. Сарайларда Темірланның жеңісті
жорықтары бейңелёңді...

1389 жылы Темірланның әскері Балқаш көлінің маңайына шабуыл жасады, ал 1391 жылы Тоқтамысқа қарсы жорық жасады. Тоқтамыс әскері Самара түбінде ауыр жеңіліске ұщырады.

1392-1398 жылдар аралығында Гтерсия мен Кавказды жаулап алу жалғастырылды. 1395 жылы Алтын Орда екінші рет талқандалды, сөйтіп, орыстардың тәуелсіз мемлекет құруына кәмектесті.

Темірлан әскерлерінің күші негізінен олардың рулық және тайпалық қатынастарында жатыр, бұл қатынастар ішкі бытыраңқылыққа ұшырағаң басқа елдерге қарағанда үлкен артыкшылыққа ие болды. (Орта Азиядан діни және тайпалық қақтығыстар, Еуропадағы феодалдық бытыраңқылық.) Саяси және әскери феодалдық бытыраңқылыққа бір орталыққа бағынған Темірлан мемлекеті қарсы тұрды. Бұл бытыраңқылық Темірланның оларға қарсы күресте ірі жеңістерге жетуіне себешпі болды.

Темірлан мемлекеті арабтар сияқты, ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен пайдаланды. Олар қытайлардан тек техника алып қана қойғаң жоқ, оқ-дәріні уйреңді, бұған қоса әскери ғылымын да меңгерді. Темірланның өз қарсыластарынаң ең басты артықшылығы - олардың жеңіл атты әскерінің шапшаң қимылында.

Темірлан қолбасшыларыңың саясаты ең алдымен қарсыластарының ішкі қайшылықтарына қарсы бағытталды, халык пен үқімет арасындағы кедіспеушілік қарсыластарының қорғаныс күшін әлсіретіп жіберді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет